Қысқа мерзімді сабақ жоспары
|
САБАҚ: қазақ тілі №1-сабақ |
Мектеп: «Aisaf-Almaty гимназия» ЖМ |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Күні: 08.09.2023 жыл |
Мұғалімнің аты-жөні: Атагелдиева Ботагөз Сейтімбекқызы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сынып: 6 |
Қатысқан оқушылар саны: 12 |
Қатыспағандар: |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Көркем табиғат және көрікті жерлер |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың мақсаттары |
6.2.6.1 оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, рөлге бөліп оқу; 6.4.1.1 тақырып бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазу; |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Кәсіби мақсаты |
Оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың сабақты меңгеруіне ықпал ету |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Жетістік критерийлері |
Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді Мәтін мазмұнын түсінеді Комментарий жасай алады Орфографиялық нормаға сай сөздерді ажыратып жаза алады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Тілдік дағдылар |
Жұбыммен/топпен ақылдасып, осылай шештік т.б. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыс: |
Жаратылыстану, әдебиет |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
АКТ-ны қолдану дағдылары: |
Презентация |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Құндылықтар |
Құрмет, сүйіспеншілік, патриотизм. Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың топтаса және жұппен отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу,өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Осыған дейін меңгерілген білім |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Жоспар |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Жоспарланатын уақыт |
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер |
Дереккөздер |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы 3 минут |
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру; Қызығушылықты ояту: Сабақтың тақырыбын болжау. Топқа бөлу:
Түрткі сұрақтар: 1. Балалар бұл суреттерде не бейнеленулі? 2. Бұлар нені білдіреді деп ойлайсыңдар? 3. Суреттер арасында өзара ұқсастық бар ма? 4.Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар? Бағалау: сұрақтарға жауап беру барысында ерекше ой-пікір айтқан оқушыларға мұғалім тарапынан мақтау, қолдау сөздері айтылады Сабақтың мақсаты мен жетістік критерийлерімен таныстыру; |
Суреттер Слайд 1 Слайд 2 |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы 3 минут 20 минут 12 минут |
Оқылым алды сұрақтар: 1. Табиғатымызда қандай көрікті жерлерді білесіздер? 2. Табиғатты көркем етіп тұратын не нәрсе деп ойлайсыздар? 3. Көркемдік сізге қалай әсер етеді? 4. «Табиғатты аялау» дегенді қалай түсінесіз? Бағалау: сұрақтарға жауап беру барысында ерекше ой-пікір айтқан оқушыларға мұғалім тарапынан мақтау, қолдау сөздері айтылады. Оқылым тапсырмасы «Орфография» деген сөз «дұрыс жазамын» дегенді білдіреді. Орфография – сөзді бірізді жазудың тәсілдерін белгілейтін ереже. Орфография дыбыстарды қандай әріппен беруді, сөздерді, оның бөлшектерін бірге, бөлек немесе дефис арқылы жазуды, бас әріптердің қолданылуын, тасымал тәртібін белгілейді. Дефис арқылы жазылатын сөздер, бірге жазылатын сөздер, бөлек жазылатын сөздер туралы түсіндіріледі. . «Джигсо» әдісі Топтарға 3 түрлі мәтін тапсырамын. Оқып болғаннан кейін әр топтан бір оқушы басқа топқа «елшілікке» барады. Оқыған мәтіннің мазмұнымен таныстырады. Тыңдаған топ мәтін мазмұны негізінде өз комментарийлерін жазады. Сұрақ дайындайды. Сұрақтарын «елші» өз тобына апарып, тобымен ақылдаса отырып, жауап береді. Сұрақ құрастырған топтар критерийге сүйеніп, баға береді. Жетістік критерийі: Мәтін мазмұнын түсінеді Комментарий жаза алады. Нақты жауап бере алады. Әр топ бір-бірін «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалайды. 1-мәтін Көлсай Бұл көздің жауын алған жауһар дүние - Көлсай теңіз деңгейінен 1800-3500 метр биіктікте орналасқан. Көлсайдың тамаша өңірі жануарлар мен өсімдік әлеміне бай. Тіпті ғажайып мекенде сирек әрі жоғалып бара жатқан табиғат дүниесі мен жануарлар ұшырасып жатады. Ұлттық парк аумағында 40 түрлі жабайы жеміс-жидектің жеуге жарамдысы өседі. Олар: шетен, барбарис, таңқурай, қой қарақат, ит мұрын, шырғанақ, қой бүлдірген, рауғаш, жабайы пияз, сарымсақ, тағы басқалар. Мұнда емдік қасиеті бар жұпаргүл, уқорғасын, томар дәрі, қондық шавель, қалақай, мың тамыр, пижма, кипрей, жалбыз, өгей шөп, қылқан жапырақ өседі. Ақ жаңбырлардан кейін көркін, бар тұлғасын аша жайнап тұратын өсімдік әлемінің дені емдік қасиетке толы. Жаңбырдан кейінгі жұпар шашқан түрлі иісіне не жетсін, шіркін?! Көлсай өңірінде 226-ға тарта жан-жануарлар кездеседі. Жалпы алғанда, Қазақстандағы жануарлардың 21 пайызын дәл осы өңір құрайды. Аталған жан-жануарлардың ішінде Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген сүт қоректілердің 6 түрі, құстардың 13 түрі бар. ҚР Қызыл кітабына енген жануарлар түрлерінің 17 пайызы осында. Қанат БІРЖАНСАЛ 2-мәтін Бұқтырма Шығыс Қазақстан облысы аумағымен ағып өтетін өзен, Ертістің оңтүстік саласы. Бұл өзенде су қоймасы орналасқан, ол әлемдегі жасанды су қоймаларының ішіндегі ең ірілерінің бірі. Бұқтырма су қоймасы Ертіс өзенімен жүретін кемелерге ыңғайлы жол салады, сонымен қатар балық шаруашылын кең дамытқан. Екі бөліктен тұрады: Ертіс өзенінің бойы мен Зайсан көлі. Бұқтырма су қоймасының жағасында Өскемен қаласынан 101 шақырымда Оңтүстік Алтай бауырында Жаңа Бұқтырма кенті орналасқан. Ол Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданына кіреді. Бұқтырманың оңтүстік және солтүстік жағалаулары туристердің сүйікті орны, сондықтан демалыс аймағы болып табылады. Сол жағалауы енжар туризмге арналса, оң жағалауы белсенді демалыс үшін өте ыңғайлы. 3-мәтін Хан тәңірі шыңы Айналасындағы өзгелерден әлдеқайда биік тұрған пирамида тәріздес бұл шың - Тәңір тауында. Оңтүстік-шығыс жағында Чапаев шыңы, шығысында Саладин шыңы тұр. Шың бойымен батысқа, одан кейін Сарыжаз жотасындағы Семенов шыңына апаратын солтүстік-батыс бағытпен Қазақстан мен Қытай арасындағы мемлекеттік шекара өтеді. Таудың Қазақстанға тиесілі солтүстік беткейлері Солтүстік Иныльчек мұздығының циркіне кіреді. Оңтүстік беткейлері Оңтүстік Иныльчек пен Семенов мұздығына, шығыс беткейлері Разорванный мұздығына (Оңтүстік Иныльчек мұздығының циркі) қарайды. 1857 жылы П.П. Семенов–Тянь-Шанский Тянь-Шань биік таулы тобын зерттей келе былай деп жазды: «Біз күндізгі сағат бірлер шамасында таулы өткел үстіне жеткенімізде көз шағылысардай күтпеген көрініске тап болдық. Біздің тура оңтүстігімізден өз басым бұрын-соңды көрмеген ең үлкен жотаны көрдім. Жотада төбесін қар басқан оқшау алыптар жатыр. Соның ішінде пирамида тәрізді үшкіл ақ басты шың басқалардан екі есе биік көрінді…». Бұл – аңызға айналған Хан Тәңірі шыңы болатын. Ымырт түсе қан-қызыл күн сәулесіне шомылатын осынау заңғар да маңғаз шың еріксіз назар аудартады. Тапсырма №2 Жұптық жұмыс. Берілген мәтіннен орфографиялық нормаға сай жазылған сөздерді, бірге жазылған сөздерді, дефис арқылы жазылған сөздерді теріп жазады. Уақыт аяқталған соң, жұптағы бір оқушы тұрып, оқиды. Өзге жұптар дұрыс/бұрысын тауып, баға береді. Жетістік критерийі: Берілген тақырып бойынша бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жаза алады. Оқушылар «Бас бармақ» әдісі арқылы баға береді. |
http://massaget.kz/layfstayl/bilim/zharatylystanu/12244/ Слайд 3 Слайд 4
Слайд 5 |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың соңы 2 минут |
«Таңдау» әдісі.
Рефлексия қызықты ___________ қызықсыз болды деп
ойлаймын. Үйге тапсырма: Табиғаттағы өзге де көрікті жер туралы жазылған мәтіннен, орфографиялық нормаға сай жазылған сөздерді тауып жазып келу. |
Слайд 6 |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Қосымша ақпарат |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? |
Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? |
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен
байланыс |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
ДЖИГСО әдісі негізінде орындалатын тапсырма қолдауды қажет ететін оқушыларға да, қабілеті жоғары оқушыларға да арнайы құрылған. |
Сабақ барысында бағалаудың төрт түрі жүзеге асырылады: 1) Мұғалім тарапынан болған бағалау; 2) Бағдаршам әдісі арқылы топтық бағалау; 3) «Бас бармақ» арқылы жұптық бағалау. 4) Таңдау әдісі арқылы оқушылар бүгінгі сабаққа бағасын береді. |
Жаратылыстану, әдебиет пәндерімен тығыз байланысты. Сабақтың өне бойы құндылыққа толы |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Рефлексия Сабақ соңында айқындалған мақсатқа, күтілген нәтижелерге қол жеткізілді. Сабақ өз уақытында аяқталды, әр тапсырма белгіленген уақытта бітті. Алайда сабақ барысында сәтті шыққан да, қиындық туғызған да тұстар болды. Сәтті шыққан тұстары:
Кәсіби мақсатқа бағытталған топтық жұмыс барысында оқушылардың көңілінен шығып, жалығуға жол бермеді.
ЖИ арқылы жасау
ЖИ арқылы жасау
Бөлісу 1 - айлық Материал тарифі-96% жеңілдік 00 05 00 ҚМЖ
Ашық сабақ
Тәрбие сағаты
Презентация
БЖБ, ТЖБ тесттер
Көрнекіліктер
Балабақшаға арнарлған құжаттар
Мақала, Эссе
Дидактикалық ойындар
және тағы басқа 400 000 материал
Барлық 400 000 материалдарды шексіз жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз 1 990 ₸ 49 000₸ 1 айға қосылу Материалға шағымдану Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз Жариялаған: Атагелдиева Ботагөз СейтімбекқызыШағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз 6-сынып, Көркем табиғат және көрікті жерлер
Тақырып бойынша 11 материал табылды
6-сынып, Көркем табиғат және көрікті жерлерМатериал туралы қысқаша түсінік
- Сабақтың тақырыбын болжату мақсатында қойылған сұрақтар, айтылған пікірлер оқушылардың сыни тұрғыда ойлау қабілеттерін арттыра түссе, бір жағынан оқушылар өз ойларымен бөлісу үшін жарыса қол көтерді;
- Оқушыларға ұсынылған мәтін мазмұны қызықты болған соң және оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес болғандықтан оқушылардың бойынан мәтін бойынша ұсынылған тапсырмаларды орындауда жалығу сезімі байқалмады;
- Мәтіннің тақырыбы жеңіл болғандықтан, әрі тілі қарапайым болғандықтан, оқушылар «ДЖИГСО» әдісі барысында бірден түсінісіп алды;
- «ДЖИГСО» әдісі барысында әуелі қолдауды қажет ететін оқушылар мәтін мазмұнын түсінуге мүмкіндік алды, ал өкіл болып, көшбасшылық танытқан қабілеті жоғары оқушылар барынша еркін әрі нақты, жүйелі түрде түсіндіруге мүмкіндік алды;
Кәсіби мақсатқа бағытталған топтық жұмыс барысында оқушылардың көңілінен шығып, жалығуға жол бермеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы Қысқа мерзімді сабақ жоспары
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
















