400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

6 сынып математика ашық сабақ Көбейтудің ауыстырфмдылық және терімділік қасиеттері

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға сабақ жоспарлауға көмегі тиер
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.2А Рационал сандарға амалдар қолдану

Мектеп: №12 орта мектеп

Күні:12.11.2018ж

Мұғалімнің аты-жөні: Булекулова Д.А

Сынып: 6 Ғ

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Рационал сандарды қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.2.17

рационал сандарды қосу мен көбейтудің қасиеттерін қолдану.

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • рационал сандарды қосудың қасиеттерін қолданады;

  • рационал сандарды көбейтудің қасиеттерін қолданады;

  • ауызша көбейте білу машықтарын дамытады.

Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • рационал сандарды көбейтуді орындайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушы:

  • берілген сабақтың математикалық терминологиясын қолданады;

  • рационал сандарды көбейтуді ауызша айқындайды;

  • рационал сандарды көбейту ережелерін тұжырымдайды;

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • оң сан;

  • теріс сан;

  • бүтін сан;

  • рационал сан;

  • санның модулі;

  • таңбалары бірдей сандар;

  • таңбалары әртүрлі сандар;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • таңбалары әртүрлі сандарды қосу үшін;

  • таңбалары бірдей сандарды қосу үшін;

  • таңбалары әртүрлі сандарды көбейту үшін;

  • таңбалары бірдей сандарды көбейту үшін;

  • қосудың ауыстырымдылық қасиеті;

  • қосудың терімділік қасиеті;

  • көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті;

  • көбейтудің терімділік қасиеті.

Құндылықтарды дарыту

Бір-бірін сыйлауға, тындауға, өзара мәдениеттілікке және жұппен жұмыс істей білуге, ұжымдылыққа, шыдамдылыққа, жауапкершілікке, әділдікке тәрбиелеу.

Бастапқы білім

Оқушылар жай бөлшек, бүтін сан, рационал сан ұғымдарын біледі; рационал сандарды қосу мен азайту амалдарын орындай алады.







Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.

1) Оқушылардың сабаққа қатысуын, сабаққа дайындығын тексеру.

2) Сабақтың мақсаттарымен, күтілетін нәтижелермен таныстыру.

Оқушыларды ортаға шақыру дөңгелек болып тұрады оқушылар. Ал енді оқушылар сабағымызды жақсы-көңіл күймен бастайықшы.

Сыныптастар алға

Биіктерге самға

Біліміміз барда

Жүреміз тек алда. Енді стөл үстіндегі қима қағаздарды алып топқа бөлінеміз.

1топ Мәңгілік Ел

2 топ Кемел келешек

3 топ Дарынды ұрпақ

4 топ Жарқын болашақ

4) Үй тапсырмасын тексеру. Сөйлейтін қалам әдісімен тексеру

№500 есеп №503 есеп

  1. -4·а·5=-20·а 1) (-7) ·(-0.5) ·(-3) ·(-2)=21

2) 8·в·(-3)= -24·b 2) (-1.25) ·5·(-8) ·(-6)=-300

3) (-5·c) ·2=-10·c 3) 0.2·(-25) ·(-5) ·4=100

4) 4·x·(-3)=-12·x 4) 0.5·(-20) ·(-4) ·(-8)=-320

5) 9y·(-5)=-45·y

6) (-7m) ·(-8)=56m

7) m·(-3) ·(-5)=15m

8) n·7·(-2)=-14·n

9) (-k) ·5·(-3)=15k

Үй тапсырмасын тексеріп болсақ мен сендерге күлегештерді беремін егер барлық тапсырмалар дұрыс болса өз-өзімізді күлегештер арқылы бағалаймыз.


Слайдтар 4-5


Сабақтың ортасы

Өтілген материалды бекіту

Оқу мақсаттарына жету үшін тапсырмалар орындаймыз.

Топтық тапсырма

1топқа №506 есеп №1

2 топқа №506 есеп №2

3 топқа №506 есеп №3

4 топқа №506 есеп №4

Дескриптор

  1. Көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін пайдаланады. 1

  2. Бөлшекті қысқартады 1

  3. Жауабы жазады 1

№506 есеп жауабы

  1. -1/8 немесе 0,125

  2. ½ немесе 0,5

  3. -0,7

  4. 2/5 немесе 0,4


Топта орындаған тапсырмаларды бағдаршам әдісі арқылы бағалау

Келесі тапсырмамыз. Жұптық тапсырма. Жұптық тапсырмада Жылы жүрек әдісі бойынша өзімізге жақын деген аты айтып тұрғандай топтың ішінде жұптасамыз. Сол есепті шығарамыз сосын талдаймыз.


№507 есеп Өрнектегі сd=7 болғанда өрнектің мәнін табыңдар.

1. ((-3c)·2.5) ·(-4d)= 30 ·c·d=30·7=210

2. 1,5с·((-8d) ·7)=84·c·d= 84·7=-588

3. (c·(-5)) ·0.4d=-2·c·d=-2·7=-14

4. ((-0.3c) ·(-2)) ·(10d)= 6·c·d=6·7=42

Дескриптор


1. Сандарды бір топқа, әріптерді бір топқа көбейтеді.

2. Өрнекті ықшамдайды

3. Өрнектің мәнін қойып есептейді

4.Жауабын жазады.


Стикер тарату.

Жұпта отырғандықтан Өз-өзімізді және өзгені де бағалау яғни жұпта отырған оқушыны да бағалау. жұпта отырған оқушыдан нені үйрендім. Жұпта көмектескен оқушыларға өз пікірлерінді жазыңдар. Бұл әдіс стикердегі диалог деп аталады.

Сергіту жаттығуы Көз жаттығуы

Келесі тапсырмамыз

1 топқа swot кестесіне сипаттайды. Рационал сандарды көбейтудің ауыстырымдылық терімділік қасиеті

2 топқа Класстер жасау. Рационал сандарды қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті.

3 топқа Венн диаграммасына. Рационал сандарды қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық қасиеттерін салыстырады

4 топқа Рационал сандарды көбейтудің ауыстырымдылық терімділік қасиетіне мысалмен есеп көрсетеді




Слайдтар 6-8














Слайд 10-11




Сабақтың соңы

Сабақты қорытындылау. Оқушыларға сұрақтар қою.

  • Қосуды тиімді тәсілмен орындау үшін қосудың қандай қасиеттері пайдаланылады?

  • Көбейтуді тиімді тәсілмен орындау үшін көбейтудің қандай қасиеттері пайдаланылады?

Үйге тапсырма беру, түсіндіру. №502 есеп

Оқушылар білімін бағалау. Сабақ бойынша әрбір оқушы рефлексия жасайды. Рефлексияны ауызша/жазбаша жүргізу.

Рефлексия

  • Сабақта мен ... жұмыс істедім

  • Сабақта мен өз жұмысыммен … .

  • Сабақта мен үлгердім … .

  • Менің көңіл-күйім ... .

Үй жұмысы менің ойымша … .

Слайдтар


Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

АКТ-мен байланыстар

Оқушылар сабақ бойы топтық және жұпта жұмыс жасайды. Сабақта әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар беру арқылы саралау қарастырылған.

Әрбір оқушы өзін өзі бағалайды және бір-бірін жұпта бағалайды.

Сабақта сергіту сәті көз жаттығуы қарастырылған.

Сабақта сыныпта қозғалып жүруге арналған белсенді іс-әрекет түрлері қарастырылған.


4

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қараша
903
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі