400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

6 сынып Математика ҚМЖ

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақты тақырыптық жоспарлау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.1А

Қатынастар және пропорциялар

Мектеп:

Сабақ :

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Екі санның қатынасы, екі санның пайыздық қатынасы

Осы сабақта қолжеткізілетін оқумақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.1.1 екі санның қатынасы нені көрсететінін түсіну

6.5.2.1 екі санның қатынасын оқу және жазу

Сабақ мақсаттары

1. Екі санның қатынасы нені көрсететінін түсіну, екі санның қатынасын оқу және жазу

2. Екі санның қатынасын оқу және жазуды тапсырмалар орындауда көрсету

3. Шамалар арасындағы байланысты қатынас арқылы қарастыру және мәнін табу

Бағалау критерийлері

  • екі санның қатынасы нені көрсететінін анықтайды

  • сандардың қатынасын оқиды және жазады

  • шамалар арасындағы байланысты қатынас арқылы қарастырады және мәнін табады

Тілдік мақсаттар

Тілдік мақсаты: Екі санның қатынасының анықтамасы мен қасиетін тұжырымдайды. Өз ойын басқаларға жеткізеді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология: қатынас, қатынастың мәні, а немесе

Диалог үшін пайдаланылатын сөздер мен тіркестер: Екі санның бөліндісі, екі сансанның қатынасы, қатынастың мүшелері,алдыңғы мүше, соңғы мүше, қатынастың мағмағынасын түсіндір, қатынастың мәнін есепте

Құндылықтарға баулу

Зайырлы қоғам және жоғары руханият:

Бірлесу, ынтымақтастық, өрлеу, табысты болу және зайырлылық

Пәнаралық

байланыстар

Жаратылыстану пәнімен: шамалардың арасындағы байланысты қатынас арқылы өрнектеуде, кесінділерді сызып бейнелеу және жұмыс өнімділігін, заттың бағасын есептеуде

Алдыңғы білім

5 сынып курсын қайталау. Бөлшек сандарға амалдар қолдану

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарлан ған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа қатысы мен дайындығын қадағалау. Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру

(Ұ) Ширату жаттығулары: «Шеңбер» әдісімен ұйымдастырылады.

Оқушылар шеңбер құрады және 1, 2 сандарын санайды. 2 санын айтқан оқушылар 1 санын айтқан оқушыларға қарама- қарсы тұрады. Сонда 1 санын таңдаған оқушы шеңбердің сыртында, 2 санын таңдаған оқушы шеңбердің ішінде қалады. Сұрақ қоятын оқушыларға түрлі-түсті стикерлер таратылады. Дұрыс жауап берген оқушы стикерді алады. Сұраққа жауап берген оқушы келесі сұраққа орындарын жылжыту арқылы жауап береді. Дұрыс таба алмаған жағдайда стикер ала алмайды.

1. Санды өрнек дегеніміз не?

2. Әріпті өрнек дегеніміз не?

3. Санды өрнек пен әріпті өрнектің айырмашылығы неде?

4. Өрнектің ықшамдалған түрінің оның алғашқы түрінен айырмашылығы неде?

5. Қосудың қасиеттерін пайдаланып, өрнекті қалай ықшамдауға болады?

6. Көбейтудің үлестірімділік қасиетін пайдаланып, 20х+9х өрнектерін қалай ықшамдауға болады?

Ішкі және сыртқы шеңбердегі оқушылардың берілген сұрақтарға жауабын саралау. Сыртқы шеңбердегі оқушыларды 1- топқа, ішкі шеңбердегі оқушыларды 2-топқа отырғызамын.

Мұғалім ОМ анықтайды.




Сұрақтар жиынтығы

Сабақтың ортасы







































«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісімен жаңа сабақты өздігінен оқып үйренеді. Оқушы жеке оқып, жұпта ой бөлісіп, топта талқылайды.

ҚБ:

(Ж)Тапсырма-1: Ұзындығы 14 см АВ кесіндісін ұзындығы 7 см СД кесіндісімен салыстырыңдар (1.1 - сурет)

А В


С Д

(1.1 - сурет)

Сұрақтарға жауап беріңдер:

1) 14 қатынасының мағынасын түсіндір?

2) 7 қатынасының мағынасын түсіндір?

Тапсырманы «Сұрақ-жауап» әдісімен орындайды.Жұпта білмегенін сұрап, толықтырып отырады.

Дескриптор:

  • АВ кесіндісінде 14 бірлік кесінді, СД кесіндісінде 7 бірлік кесінді барын анықтайды;

  • қатынастың мәнін табады

Саралаудың «Бағалау» тәсілімен тақтадағы дұрыс жауапқа қарапбағаланады.


(Ө) Тапсырма – 2:Оқушы тапсырманы жеке отырып орындайды.Себебі оқушылар оқу стандартына сай меңгеруге тиіс тапсырма.

а)

Қатынасты жазыңдар

9-дың 4-ке


15-тің 8-ге


0,8-ның 2-ге


0,75-тің 5-ке


4,9-дың 7-ге


0,8-дің 0,4-ке


ә)

қатынас

Қатынастың оқылуы

Қатынастың мәні

91







144




Дескриптор: -қатынастың мүшелерін ажыратады

-қатынас түрінде жазады

-қатынасты оқиды

-қатынастың мәнін табады

Саралаудың «Тапсырма» тәсіліне сәйкес талданады.

Тапсырманың дұрыс жауабы интербелсенді тақтаға шығарылып, Бағдаршам түсімен бағаланады.


(Т) Тапсырма-3: 1.а)Мына формулаларды «қатынас» сөзін пайдаланып, оқыңдар


V=

2.ә) Пойыз 3 сағатта 255 км жол жүрді. Пойыздың жылдамдығын қатынас

түрінде жазыңыз.

б) Принтер 12 минутта 108 бетті шығарды. Принтердің жұмыс

өнімділігінқатынас түрінде жазыңыз.

в) 4кг кәмпиттің құны 1500 теңге. Кәмпиттің бағасын қатынас түрінде

жазыңыз.

Дескриптор:

-формуданы «қатынас» сөзін пайдаланып, оқиды

-жылдамдық - қашықтықтың уақытқа қатынасы екенін біледі

-жұмыс өнімділігі – өнімнің уақытқа қатынасы екенін біледі

-баға – құнның зат мөлшеріне қатынасы екенін біледі

Бұл тапсырма«Галереяны шарлау» әдісімен орындалады және бағаланады. Оқушылар сыныптастарымен топта тапсырманы талқылап, бірге орындайды. Сараптама жасау арқылы өз білімін, түсінігін кеңейтеді. Постерлер ілініп, топтар кабинет ішінде қозғалысқа түседі, постерлерді қарайды, сараптайды, талдайды және стикерге пікірін немесе сұрағын жабыстырып кетеді. Галереяға саяхат аяқталған соң, топтар жұмыстарға шолу жасап, өз постерлеріне жазылған сыныптастарының пікірін сараптайды, сұрақтарға жауап береді, қорытынды жасайды. Саралаудың «Қарқын» тәсілін таңдадым, себебі кейбір оқушылар тапсырманы жылдам орындайды, ал кейбіреулері уақыт қажет етеді. (стикерлер арқылы топтар бір-бірін бағалайды).

Оқулық, 6 сынып

Оқулықтағы жаттығулар














Үлестірме материалдар


































Сабақтың соңы

2 мин.



Сабақты «Ыстық орындық» әдісімен қорытындылаймын. Оқушылар «Иә» немесе «Жоқ» тәсілімен бағалайды.

«Сұрақтары бар қорап» әдісі

Кабинетте қорап қойылып, оған оқушылар сабақтың соңында өз сұрақтарын қалдыра алады. Бұл сұрақтар келесі сабақтың басында талқыланады.



Үйге тапсырма:№

Қосымша: №


Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз?

Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы

Ширату жаттығуларында (Ұ) «Шеңбер», жаңа сабақты оқып үйренуде «Ойлан, жұптас, бөліс», 1-тапсырмада (Ж) «Сұрақ-жауап», 3-тапсырмада (Т) «Галереяны шарлау» және сабақты қорытындылауда «Ыстық орындық» белсенді әдістері қолданылады.

«Өзін-өзі бағалау», «Бағдаршам», стикерлер және «Иә» және «жоқ»,

Денсаулық сақтау технологиялары.

Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау. Сабақта белсенді оқыту әдіс-тәсілдері қолданылатындықтан, оқушылар сыныпта еркін қозғалады.

Қысқа мерзімді жоспарлау

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 6.1А Қатынастар және пропорциялар


Күні

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:6-сынып

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Тура пропорционалдық тәуелділік. Кері пропорционалдық тәуелділік.

Оқу мақсаты

6.1.1.2 қандай шамалар тура пропорционалды болатынын түсіну және оларға мысалдар келтіру, есептер шығару;

Сабақтың мақсаты

  1. Тура пропорционал шамалар анықтамасын білу, тура пропорционалдыққа мысалдар келтіру, есептер шығару;

  2. Тура пропорционалдықты дәлелдеу, қасиетін талдау;

  3. Математикалық тілде тұжырымдау.

Бағалау критерийі

  • тура пропорционал шамалардың анықтамасын біледі;

  • қозғалыс тұрақты болғанда, жол жылдамдыққа пропорционал болатындығын анықтайды;

  • есептер шығаруда тура пропорционалдықты қолданады.

Тілдік мақсаттар

Оқытудың тілдік мақсаты: екі санның қатынасын, қатынасқа кері қатынасты, тең қатынастар қасиеттерін академиялық тілде айтады, бір – бірімен ақпарат алмасады (оқылым және айтылым)

Пән лексикасы мен терминологиясы: «тура пропорционал шамалар» деген терминді сауатты айта және жаза алады.

Диалог/жазу үшін қарапайым тіл: математикалық тұжырымдарды жазады.

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық құндылықтарды дарыту.Топта өз пікірін дәлелдеу негізінде азаматтық көзқарас қалыптасады;

Ақпаратты табу, талдау, жинақтау біліктілігі артады.

Пәнаралық байланыс

Химия (ерітіндінің концентрациясы)

Алдыңғы білім

Екі санның қатынасы. Пропорция. Пропорцияның негізгі қасиеті.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы


«Өзіңізге тілегенді – басқаларға да тіле» ойсергек арқылы ынтымақтастық атмосферасын құру.

Ширату жаттығуларын беру: «Кубизм» әдісі

  1. Екі санның бөліндісі қалай аталады?

  2. Екі санның қатынасы қалай аталады?

  3. Екі қатынастың теңдігі қалай аталады?

  4. Пропорцияның негізгі қасиеті қандай?

  5. 2*3 қатынас бола ма?

  6. 12/4=9/х х – ті тап.

1-мысал: 1 дәптер 90г қағаздан дайындалса, 2,3,4... 8 дәптер неше грамм қағаздан дайындалады?

2-мысал: 5 жұмысшы жұмысты 15 сағатта аяқтайды. 10,15 жұмысшы жұмысты неше сағатта аяқтайды?

Осы мысалдар арқылы оқушылар сандар арасындағы заңдылықты байқап, сабақтың мақсатын анықтайды.

Кубик, интербел

сенді тақта,

слайд 1

Сабақтың ортасы


«Детектив» әдісі арқылы оқушылар екі топқа бөлініп, тура пропорционалдық тақырыбы бойынша мәлімет жинақтайды. «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы оқушылар осы мәтінді толық меңгеріп, негізгі түйінін табады. Талқыланған ақпараттармен жұмыс істеу туралы ой бөліседі.

Анықтама: Егер екі шаманың біреуін бірнеше есе арттырғанда (кеміткенде), екіншісі сонша есе артса (кемісе), онда мұндай шамалар тура пропорционал шамалар деп аталады.

Тура пропорционалдықты әріптермен жазсақ:

немесе

Тура пропорционал екі шаманың біреуінің мәндерінің қатынасы екіншісінің сәйкес мәндерінің қатынасына тең. Мысалы, тура пропорционал шамалар:

  • Заттың бағасы тұрақты болғандағы оның құны мен мөлшері(массасы, ұзындығы, саны);

  • Тұрақты жылдамдықпен жүргендегі жол мен уақыт;

  • Квадраттың қабырғасының ұзындығы мен оның периметрі;

  • Затың көлемі мен массасы.

Мысалы, x-дәптер саны, у-құны. Кестедегі бос орындарды толықтыр.

x

3

4

6

8

9

12

15

y

12

16

24

32

36

48

60

  1. Дәптер саны мен құны арасындағы тәуелділік тура пропорционал бола ма? (ия,жоқ)

  2. Жылдамдық тұрақты болғанда жол мен уақыт тура пропорционал шамалар бола ма? (ия,жоқ)

(Ж) Тапсырма 1 «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы әрбір оқушы жеке жұмыс жасай отырып өз ойын қорытып, жұп болып пікірлерімен бөлісу.

Тура пропорционал шама болатынын дәлелде. Массасы 300г, концентрациясы 15% қантты су ерітіндісіне 60г таза су құйылды.Соңғы ерітіндінің концентрациясы неше процент?

Дескриптор:

  • тура пропорционал болатынын анықтау;

  • пропорцияның қасиетін қолданып шешу.

ҚБ«Бас бармақ» тәсілі арқылы өз-өзін бағалайды.

(Т) Тапсырма 2«Сұрақтар жаңбыры» әдісі арқылы сыныпта оқушылар бір – біріне сұрақтар «лақтыру»арқылы тақырыптың түсіну деңгейін арттыру.

Жүк пойызы 80км/сағ жылдамдықпен 720км жол жүрді. Осы уақытта жылдамдығы 60км/сағ жүрдек пойызы қанша жол жүреді?

Дескриптор:

  • қағаз қиындыларынан мәтінді құрасту;

  • есептің қысқаша шартын жазу;

  • пропорционал қасиетін қолданып, есепті шығару.

ҚБ «Серпілген сауал» белсенді тәсілі арқылы парақтарға сұрақтар жазып, бір топ басқа топтарға лақтырады. Сол топ сұрақтың жауабын жазып кері лақтырады. Жауап жазылған парақты қағып алған оқушы сол жауаптан сұрақ тудырып, ары лақтыру арқылы бірін-бірі бағалайды.

(Т) Тапсырма 3 «Паб куиз» әдісі арқылы әр топ тапсырмаға байланысты сұрақтар дайындау. Оқушылар шеңбер құра отырып, бір - бірімен кезекпен сұрақтарын қойып, жауап беру.

Астана қаласына қыдырып келген Әмір төмендегі кестені пайдаланып, екі күнге автомобильді жалға алу үшін, ең тиімдісін (арзанын) есептеп алды. Егер Әмір күніне 100 км жүрген болса, онда қанша ақша төлегенін анықтаңыз.

Жанармай түрі

1л жанармайдың бағасы (теңге)

100км.ге жұмсалатын жанармай (литр)

1 тәулікке жалға алу бағасы (теңге)

Дизель

108

5

19500

Бензин

125

11

18500

Газ

55

16

19000

Шешуі:

Жанармай түрі

200км.ге жұмсалатын жанармай бағасы,тг

2 тәулікке жалға алу бағасы,тг

Барлық төлем, тг

Дизель

1080

39000

40080

Бензин

2750

37000

39750

Газ

1760

38000

39760

Дескриптор:

  • 2 күнге жүретін жолды анықтайды;

  • жанармай түріне байланысты барлық төлемді есептейді;

  • жанармайдың ең арзан түрін анықтайды;

  • қанша ақша төлегенін табады.

ҚБ «ТӨДК» тәсілі арқылы сыныптастардың пікірін тыңдай отырып, оқушылар берілген пікірді «ТОЛЫҚТЫРЫП, ӨЗГЕРТІП, ДАМЫТЫП немесе КҮРДЕЛЕНДІРІП» отырады.

Постер, слайд 2,

6-сынып математика оқулығы,

карточка, bilimland сайты.

Сабақтың соңы



«Өрмекші торы» әдісі арқылы тақырыптың түйінді идеяларын ой елегінен өткізеді. Сыни ойлауы дамиды.

Рефлексия: «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі арқылы сабақты қорытындылайды.




Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау.

1-тапсырма саралаудың «қорытынды» тәсілі арқылы дұрыс жауабын тақтада көрсетіп, қате жауаптарды өздері түзетеді.

2-тапсырма саралаудың «қарқын» тәсілімен жауаптарын тексереді, «диалог және қолдау» тәсілі арқылы олқылықтарды толықтырады.

3-тапсырмада саралаудың «диалог және қолдау көрсету» тәсілі арқылы оқушыларға тапсырманы орындау барысында мұғалім бір қатар жауаптар алу үшін, алдын-ала дайындалған сұрақтар қоя отырып, оқушыларды қолдау көрсету арқылы ынталандырады.

ҚБ «Бас бармақ», «Серпілген сауал», «ТӨДК» тәсілі.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
61 ұстаз жүктеп алған
6 наурыз
6519
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі