15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
6-сынып Ойынның сценарийін әзірлеу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп: Компьютерлік ойынды құру Мұғалімнің аты-жөні: Күні: Қатысқандар: Сыныбы: 6 Қатыспағандар:
|
|||||||||||
Сабақтың тақырыбы |
Ойынның сценарийін әзірлеу |
||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
6.3.2.2 – блок-схема түріндегі қадамды ұсыну |
||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар үшін: ойын сценарийін әзірлеуде блок-схема түрінде қадамдарды құру Көпшілік оқушылар үшін: ойын сценарийін әзірлеу және қадамдарын талдау Кейбір оқушылар: Scrath программасында ойын сценарийі мен блок-схемасын құру. |
||||||||||
Ойлау деңгейлері |
Қолдану, құру |
||||||||||
Бағалау критерийі |
|
||||||||||
Тілдік мақсат |
Лексика және терминология: компьютерлік ойын, ойынның идеясы, Лого Scratch (скретч), блок-схема. |
||||||||||
Құндылықтарға баулу |
Балалар бірін-бірі бағалау және топпен жұмыс жасау арқылы азаматтық жауапкершілік, бірін-біріне құрмет, ынтымақтастық, қасиеттерін бойына сіңіреді. Оқушылар өз идеяларын бір-біріне бөліскенде шығармашылық қабілеті артып, өз ойындағы қиялын жүзеге асыруға дағдыланады. |
||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Математика, орыс тілі, көркем еңбек |
||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім |
Ойынның идеясын анықтау
|
||||||||||
Сабақ барысы |
|||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
|||||||||
Сабақтың басы 3 мин |
Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеу «Шеңберге шақыру» -ынтымақтастық атмосферасын құру. Бір-біріне жақсы көңіл күй тілейді. Топқа біріктіру: қазақтың ұлттық ойындары бейнеленген қиынды қағаздар арқылы Үй тапсырмасын тексеру: «Ашық микрофон» әдісі. Оқушы өтілген тақырып бойынша немесе үй жұмысына байланысты сұрақ қояды, екінші оқушы жауап береді. 1. Scratch программасын қалай іске қосамыз? 2. Неліктен программалау ортасында скриптілерді қолданамыз? 3. Ойын ортасында программалау алгоритмін құра аласың ба? 4. Ойынның идеясын қалай анықтаймыз? «Мадақтау» әдісі бойынша бағалау |
Қиынды қағаздар
|
|||||||||
абақтың ортасы
12 мин
5мин
7 мин
8 мин
|
«Борт журналы» әдісі бойынша жаңа тақырып бойынша оқушылар «Бұрыннан білетінім» бағанын толтырады
Жаңа сабақ түсіндіру Жаңа сабақты түсіндіру барысында сценарий туралы оқушыларға шағын бейне жазба көрсету.
1-тапсырма. Жеке жұмыс (дәптермен жұмыс) Өздеріңнің компьтерлік ойындарыңның сценарийлерін келтіріңдер
Дескриптор:
ҚБ.Бағалау: «Көршіңді бағалау» әдісі бойынша бағалайды.
2-тапсырма. Жеке жұмыс (дәптермен жұмыс) «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» ертегісінің ойын сценарийлерін өз қалауларыңызмен жасаңдар.Оның алгоритмін блок схемада ұсыныңдар.
Дескриптор:
ҚБ.Бағалау: «Бағдаршам» әдісі арқылы жұптар бірін-бірі бағалайды.(Толықтай түсінсе,сенімді болса-жасыл түс,түсінуге жақын болса,-сары түс, түсінбесе,сенімді болмаса- қызыл түс)
3-тапсырма. Жұптық жұмыс «Менің алғашқы ойыным»-«Футболшы мен доп» ойынының сценарийі қалай жасалады. 1.Ойында кім, не қатысты немесе кейіпкерлері кім? Кім?-Футболшы Не?-доп
Алгоритмін блок схемада ұсыныңдар? 2.кейіпкерлер оқиғалар қайда болады? Сахнада. 3.Кіммен әрекеттестікке түседі? Доп тінтуірмен,футболшы доппен. 4.Объектілер (кейіпкерлер) қалай озара әрекеттеседі? Доп тінтуірмен бірге қозғалады,футболшы доқа қарай жүгіреді Сызба түрінде ойынның сценарийі мына түрде бейнеленеді
Дескриптор:
ҚБ.Бағалау: «Бағдаршам» әдісі арқылы жұптық бірін-бірі бағалайды.(Толықтай түсінсе,сенімді болса-жасыл түс,түсінуге жақын болса,-сары түс, түсінбесе,сенімді болмаса- қызыл түс)
|
Оқулық 6 сынып Бейне жазба
Оқулық дәптер
Оқулық дәптер
|
|||||||||
Сабақтың соңы 5 мин |
Кері байланыс. «Борт журналы» өтілген тақырып бойынша оқушылар кесте толтырады
Үй тапсырмасы: Scratch ойын бағдарламалық ортасында циклдік, тармақталу блоктарды қолданып нысанды қозғалту бағдарламасын жасау. |
Борт журналы |
|||||||||
Саралау –Сіз қандай тәсілмен көбірек көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау-Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
|||||||||
Оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып, деңгейлік тапсырмалар, сәйкестендіру кестесін, жеке, топтық тапсырмаларды орындайды.
|
Ойын программасында әр блоктың командаларымен танысып,«Футболшы мен доп» ойынының сценарийін құрып, фон беріп программада қадам санын енгізіп, өзгертіп үйрендік. Scratch ортасында блоктармен конструктор жинағандай блоктарды құрастырып программа жасадық. |
Компьютермен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік техника ережелерін сақтау, көзге арналған жаттығулар орындау. |
|||||||||
Сабақ барысында түрлі әдістерді қолдану арқылы жетістікке жетемін. Шаттық шеңбері арқылы ынтымақтсатық атмосферасын қалыптастырамын. Үй жұмысын «Ашық микрофон» әдісі әдісі арқылы еске түсіреді. «Мадақтау» әдісі бойынша бағалаймын. «Борт журналы» әдісі бойынша жаңа тақырып бойынша оқушылар «Бұрыннан білетінім» бағанын толтырады. Жаңа сабақты түсіндіру барысында сценарий туралы оқушыларға шағын бейне жазба көрсетемін. Тақырыпқа байланысты тапсырма беріледі. «Бағдаршам» әдісі арқылы топтар бірін-бірі бағалайды. Практикалық тапсырманы орындаған оқушылар ойынға арнап сценарий жасайды және Scrach программасында орындайды. «Борт журналы» тәсілі бойынша өтілген тақырыпты қаншалықты меңгергендігін анықтаймын. |
«Ашық микрофон» арқылы өтілген тақырыптар бойынша кері байланыс орнату. «Мадақтау» әдісі бойынша бағалау «Бағдаршам» әдісі арқылы топтар бірін-бірі бағалау «Борт журналы» тәсілі бойынша өтілген тақырыпты қаншалықты меңгергендігіне кері байланыс алу. |
Компьютер сыныбында техника қауыпсіздігін сақтауды үнемі ескерту
|
|||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген