Материалдар / 6-сынып олимпиада қазақ тілі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

6-сынып олимпиада қазақ тілі

Материал туралы қысқаша түсінік
6-сынып олимпиада тест сұрақтары. Нақты келетін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қазан 2024
1320
2 рет жүктелген
1300 ₸
Бүгін алсаңыз
+65 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +65 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

6 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА

ОЛИМПИАДАНЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІ

(МЕТЕПІШІЛІК)


1-15 тапсырмалар ( әр дұрыс жауап үшін 1 ұпай беріледі)


  1. Қазақша аударылған кірме сөзді табыңыз
    A) Ақа.
    B) Кебеже.
    C) Хан.
    D) Диалект.
    E) Тікұшақ.

  2. «Көзді ашып - жұмғанша» тұрақты сөз мағынасын белгілеңіз.
    A) Әдемі.
    B) Жай жүру.
    C) Лезде.
    D) Алыс жер.
    E) Момын.

  3. Омоним бола алмайтын сөзді көрсетіңіз.
    A) Өзек.
    B) От.
    C) Кітап.
    D) Қазы.
    E) Шаш.

  4. Қаратпа сөзді табыңыз.
    A) Мүмкін, сәл кідіре тұрарсыз?
    B) Сөйтіп, ол Домалақ ана аталды.
    C) Немене, риза емеспісің?
    D) Амал қанша, осылай болды.
    E) Алма, алманы әкел.

  5. Антоним сөзді табыңыз.
    A) Жуан - жіңішке.
    B) Анда - санда.
    C) Майдан – соғыс.
    D) Сарт - сұрт.
    E) Моншақ – моншақ.

  6. Ашық дауысты дыбыстар қатарын табыңыз.
    A) Ү, А, Ө, Э.
    B) О, Ы, Э, І.
    C) А, Ә, Ө, Е.
    D) У, Ә, І, Ұ.
    E) Е, И, І, О.

  7.  « Әлде» сөзінің қай сөзбен бірге жазылатынын көрсетіңіз.
    A) Әлде ( адам), әлде (мал).
    B) Әлде( кісі).
    C) Әлде( он), әлде ( жиырма).
    D) Әлде (көп), әлде (аз).
    E) Әлде(кім), әлде (қашан).

  8. Көңіл - күй одағайын табыңыз.
    A) Кә - кә.
    B) Рас.
    C) Әрине.
    D) Демек.
    E) Әттеген - ай.

  9. Сауатты жазуды ретке келтіретін сөздікті табыңыз.
    A) Терминологиялық сөздік.
    B) Аударма сөздік.
    C) Орфоэпиялық сөздік.
    D) Орфографиялық сөздік.
    E) Синонимдік сөздік.

  10. Архаизм сөзді табыңыз.
    A) Саяжай.
    B) Бетеге.
    C) Маржан.
    D) Адырна.
    E) Шаңырақ.

  11. Үтірдің қойылу себебін белгілеңіз.
    Бұл үйден ешкіні, лақты, шыбышты, тушаны – бәрін көруге болады.
    A) Айқындауыш.
    B) Оқшау сөз.
    C) Бірыңғай толықтауыш.
    D) Құмалас сөйлем.
    E) Қымтырма сөз.

  12. Сөздің ауыспалы мағынасын табыңыз.

A) Қарындашын ұштау.
B) Найзаны ұштау.
C) Қайланы ұштау.
D) Шеберлікті ұштау.
E) Таяқты ұшта

13. “Жалығу” сөзінің синонимін көрсетіңіз.

A) Зерігу, құмар болу.
B) Еріну, кешіру.
C) Жалтару, қорғану.
D) Зерігу, іш пысу.
E) Ығыр болу, көңілі қалу

14. Термин сөздерді көрсетіңіз.

A) Жақсы, жаман.
B) Бастауыш, аммиак.
C) Сәлемдесу, амандасу.
D) Тез, жылдам.
E) Ажар, көрік.

15.Қысаң дауыстылары бар сөзді көрсетіңіз.

A) Әділет.
B) Жауырын.
C) Ғылыми.
D) Төсек.
E) Іңкәр.


16-25 тапсырмалар ( әр дұрыс жауап үшін 2 ұпай беріледі)

16.Архаизмді көрсетіңіз.

A) Хан.
B) Патша.
C) Уәзір.
D) Патсайы.
E) Садақ.

17. Кірме сөздерді көрсетіңіз.

A) Құдағай, құдағи.
B) Тыңла, тыңда.
C) Бөтелке, кереует.
D) Маңлай, нән.
E) Таңла, кілт.

18. Диалект сөзді табыңыз.

A) Тұқым, сым.
B) Космос, ғарыш.
C) Саяжай, кеден.
D) Лашық, күпі.
E) Сәукеле, шиден.

19. Бірыңғай түбір сөздері бар қатарды көрсетіңіз.

A) Кітап, тасымал, аулы.
B) Дана, даналық, ауылға.
C) Отанды, өміршең, айшықты.
D) Ыдыс, әңгіме, терезе.
E) Балажан, әкесі, кенші.

20.Ашық жуан буынды белгілеңіз.

A) Аз, босат.
B) Ұқ, ұт.
C) Аға, бала.
D) Бел, бол.
E) Бөл, нан.

21.Тұйық буынды табыңыз.

A) Бақ, зор.
B) Ұқ, үн.
C) Аға, бала.
D) Бөс, жоқ.
E) Кел, бар.

22.Сингармонизм заңына бағынбайтын сөзді анықтаңыз.

A) Балалық.
B) Әуезов.
C) Жігерлі.
D) Құрманғазы.
E) Балалар.

23.Буын үндестігіне сай қосымша сөзге қалай үндесетінін көрсетіңіз.

A) Буынның жуан-жіңішкелігіне қарай.
B) Дауыссыз дыбысқа қарай.
C) Тұйық буынға қарай.
D) Тек жіңішке буынға қарай.
E) Тек жуан буынға қарай.

24.Кейінді ықпал заңдылығына байланысты сөзді табыңыз.

A) Ұшқышсың.
B) Тал ек.
C) Әлдеқашан.
D) Жанбады.
E) Ешқашан.

25.Ілгерінді ықпалды сөзді табыңыз.

A) Беру.
B) Жабу.
C) Секіру.
D) Ашса.
E) Ашу.


26-30 тапсырмалар ( әр дұрыс жауап үшін 3 ұпай беріледі)


Отбасы мүшелерінің арасында сыйластық пен махаббат орнаса, ол отбасы ең бақытты жанұя болып саналады. Әр жексенбі және түрлі мейрамдар сайын отбасы мүшелері ата мен әженің шаңырағындағы мол дастарқан басына жиналып бір-бірлеріне деген құттықтауларын білдіреді. Себебі оларды отбасылық рухани құндылықтар біріктіреді.

Жанұяның қонақ күту рәсімі ұлтына, салт-дәстүріне, мәдениетіне байланысты әртүрлі болады. Қазақ халқы қонақжай халық болғандықтан, келген қонақты төрге шығарып, ақ дастарқан жайған.

Қазақ отбасында үлкенге құрмет көрсету, кішіге қамқор болу, мерекелерді қара шаңырақта қарсы алу ... отбасылық дәстүрлер ертеден қалыптасқан. Бала дүниеге келгенде, шілдехана, бесік той, тұсаукесер, сүндет той сияқты мерекелерді туған-туысқандарымен бірге тойлайды.

Отбасылық дәстүр мен мейрамдар жанұядағы адамдардың бір-біріне деген сенімділігін әрі құрметін нығайтады. Ол болашақ ұрпақ тәрбиесінде де маңызды рөл атқарады.

26. Мәтін мазмұнына қай мақал сәйкес?

А) Туған жерге туың тік.

В) Отан отбасынан басталады

С) Отан үшін отқа түс, күймейсің,

Арың үшін алыссаң, өлмейсің.

Д) Батыр туса,ел ырысы.

Е) Ана көрген тон пішер

27. Көп нүктенің орнына қай сөз қойылады?

А) болмаса

В) әйтпесе

С) сияқты

Д) сондықтан

Е) өйткені
28. Соңғы абзацтағы қарамен берілген сөзді қай сөзбен алмастыруға болады?

А) балалардың

В) ұрпақтардың

С) ағалардың

Д) кісілердің

Е) сәби

29. Тұсаукесер рәсәмінде қолданылатын зат

А) ала жіп

В) бесік

С) сырға

Д) ашамай

Е) от

30. Отбасылық дәстүр мен мейрамдар жанұядағы адамдардың бір-біріне деген сенімділігін әрі құрметін нығайтады. Сөйлемнен қос сөзді табыңыз.

А) отбасылық дәстүр

В) құрметін нығайтады

С) дәстүр мен мейрам

Д) бір-біріне

Е) жанұядағы адамдар





















1. е

2. с

3. с

4. е

5. а

6. с

7. е

8. е

9. д

10. д

11.с

12. д

13. д

14. в

15.с

16. д

17.с

18. а

19. д

20. с

21.в

22.в

23.а

24. д

25.д

26.в

27.с

28. а

29. а

30.д






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!