Тақырып бойынша 31 материал табылды

6-сынып олимпиада қазақ тілі

Материал туралы қысқаша түсінік
Олимпиада 6-сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

6 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА

ОЛИМПИАДАНЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІ

(МЕТЕПІШІЛІК)


1-15 тапсырмалар ( әр дұрыс жауап үшін 1 ұпай беріледі)


1.Антоним сөздерді табыңыз

А. шыдам,төзім

В. сәл,азғантай

С. өкіну, қуану

Д. ренжу,рақмет

Е.сұрау,айту


2. Қатаң дауыссыз дыбыстардан тұратын сөзді анықтаңыз

А. сәлем

В. тіл

С. оқушы

Д. арман

Е. жүз

3. Сапалық сын есімді табыңыз

А.  малды ауыл

В. сүтті сиыр

С. еріншек бала

Д. үлкен үй

Е. балалы әйел


4. Бітеу буынды сөзді табыңыз

А. ала

В. іле

С. бас

Д.ана

Е. терезе

5. Омоним қатысқан сөйлемді тап

А. Сүтсіз сиыр сүзеген

В.Азғын бұзау-жүдеу бұзау.

С.Мал баққанға бітеді.

Д.Атты адам,аңды атты.

Е. Жақсы сөз - жары ырыс.


6. Архаизм сөзді тап

А.Тасаттық

В. Жағалау

С.Антоним

Д.Жалған

Е. Интернет


7. Ғылым мен техниканың белгілі бір саласына байланысты қолданылатын сөздерді қалай атаймыз?

А. Омоним

В. Фонетика

С. Лексика

Д. Термин

Е. Фразиологизм


8. «Азанда» диалектісінің әдеби тілдегі баламасын тап

А.Күз

В.Түс

С.Таңертең

Д. Кеш

Е. Екінті


9. Қай сөз грек тілінде «сыпайы сөйлеймін» деген мағына береді?

А. Эвфемизм

В. Дисфемизм

С. Табу.

Д. Антоним

Е. Лексика


10. Тура мағыналы сөзді көрсетіңіз.
А жылы жүрек 

В жылы лебіз
С жылы жүз  

Д жылы су 

Е жылы сөз


11. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.
А дəрі, дəріхана, аурухана  

В ауыл, дала, аймақ  

С үй, мектеп, баспана

D жас, құрдас, көрші

Е ауру, сырқат, кесел


12. Тұрақты сөз тіркесін көрсетіңіз.
А ырыс алды – ынтымақ  

В бойшаң қыз  

С түйме тағу   
D ат ізін салмау

 Е туған жер


13. – м, -ң, -ым, -ім ненің жалғаулары?

А. көптік жалғауы

В. тәуелдік жалғауы

С. жіктік жалғауы

Д. септік жалғауы

Е. Ілік септік


14. Септік жалғауы бар есімдік

А. бізден

В. сіздер

С. олар

Д. менікі

Е. біздер


15. Қазақ тіліне тән дыбыстар бар сөздерді көрсетіңіз

А. ауыл,аудан

В. Отан,жалау

С. бала,ата

Д. сіңлі,ұл

Е. Терезе, отау


16-25 тапсырмалар ( әр дұрыс жауап үшін 2 ұпай беріледі)


16. Бағыныңқы сөз сын есімнен болған тіркесті көрсетіңіз.

А) оқыған жан

В) бозторғай

С) ызғырық жел

D) таусылмайтын кен

Е) жапырақ сарғайды


17. Сапалық сын есімнен жасалған баяндауышты табыңыз.

А) Өнерлі бала сүйкімді.

В) Көз сөз-күміс.

С) Ел жасымен көрікті.

D) Халық сөзі-қаһарлы.

Е) Отан оттан да ыстық.


18. Сұрау есімдігінің соңғы қосымшасы қандай?
Қонақты сағат нешеге шақырдың?
А) Көптік жалғау.

В) Жұрнақ .

С) Септік жалғау.

Д) Тәуелдік жалғау.

Е) Жіктік жалғау.


19. Болымсыз етістікті табыңыз.
А) Алмады.

В) Қызғанды.

С) Жылады.

Д) Күлді.

Е) Жуынды.


20. Өткен шақтағы етістікті табыңыз.
А) Ақша.

В) Көрмеу.

С) Ақшыл.

Д) Келе жатыр.

Е) Бітірді.

21. Туынды түбірді анықтаңыз.
А) Жол.

В) Тазалық.

С) Сынып.

Д) Жаңа.

Е) Бол.

22. Етістіктен жасалған туынды зат есімді табыңыз.
А) Белдік.

В) Сағат.

С) Білім.

Д) Кітап.

Е) Қызметкер.


23.Реттік сан есім қосымшасын табыңыз.

А) –ау, -еу

В) –ау, -тан

С) –еу, -інші

Д) –ау, -ыншы

Е) –інші, -ыншы


24. Дұрыс жазылған есімдіктер қатарын табыңыз.
А) Еш уақытта, еш қашан

В) Әлде кім, әр адам

С) Әркім, ешқайда
Д) Кей ағаң, кей біреу

Е) Бүгін, еш теңе


25. Баяндауыш қай сөз табынан жасалғанын көрсетіңіз.
Нағыз теңіз романтикасы деген осы.


А) Зат есім.

В) Одағай.

С) Есімдік.

Д) Үстеу.

Е) Етістік.



26-30 тапсырмалар ( әр дұрыс жауап үшін 3 ұпай беріледі)


Табиғат – ана деп текке айтылмаса керек. Табиғаттың адамға берері көп. Тек соны түсіне білу керек. Мысалы, табиғаттан жақсы қасиеттерді үйренуге болады. Топырақ, тау, жаңбыр, құмырсқа, бал арасы, аққу және басқалары – бәрі ғибратқа толы.

Топырақтан кішіпейіл болуды үйрен. Ол – бүкіл тіршілік атаулының қайнар бұлағы, бірақ аяқ астында жатыр. Құлпырған гүл де, жайқалған орман да топырақтан өсіп шығады. Мынаны ұмытпа: топыраққа не ексең, сол шығады.



Қ.Ибрагимов
26.«Топыраққа не ексең, сол шығады» сөйлемінің мағынасын анықта.

А) Топырақсыз өмір жоқ.

В) Топырақ – байлық көзі.

С) Әркім өз еңбегінің жемісін жейді.

Д) Жамандық та, жақсылық та топырақтан шығады.

27. Автордың ойынша, табиғат:

А) Сақтандырушы

В) Қорғаушы

С) Емдеуші

Д) Үйретуші

28. «Ғибрат» сөзінің мағынасын тап?

А) үлгі–өнеге

В) жамандық

С) өмірге

Д) тіршілік

29. Мәтінге атау беріңіз

А. Адам мен табиғат

В. Топырақ

С. Өсімдіктер

Д. Ғибрат

Е. Жақсы қасиеттер

30. Мәтін мазмұнына сәйкес келетін мақалды табыңыз

А. Жақсы мінез – сүйінтер,
Жаман мінез – күйінтер.

В. Ағаш тамырымен мықты,
Адам дос - жарымен мықты.

С. Адам мен табиғаттың тілдескені - өмірдің үндескені.

Д. Жақсылық – күн жылынғандай..













1.с

2.с

3.д

4.с

5.д

6.а

7.д

8.с

9.а

10.д

11. е

12.д

13.в

14.а

15.д

16.е

17.е

18.с

19.а

20.е

21.в

22.с

23.е

24.с

25.с

26.с

27.д

28.а

29.а

30.с




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.10.2024
835
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12