400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 23 материал табылды

6-сынып оқушыларына арналған қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінен олимпиада тапсырмасы

Материал туралы қысқаша түсінік
6-сынып оқушыларына арналған қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінен олимпиада тапсырмасы 2024-2025
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінен олимпиада тапсырмасы

І ТУР, 1 КЕЗЕҢ

6-СЫНЫП

Ертеде Мадан деген хан болыпты. Хан болған соң, оның қырық уәзірі болады ғой. Бір күні хан уәзірлерімен мәжілістес болып отырып:

– Уәзірлерім! Сендер қырқың да, асып туған ақылды, данышпанедіңдер. Мен сендерді бір жұмысқа жұмсаймын, сендер маған дүниедегіадамның жаманын және шөптің жаманын, құстың жаманын тауып келіңдер.Он бір ай уақыт беремін. Сол он бір айдың ішінде тауып келмесеңдер,жазалы боласыңдар! – деді. Хан бұйырған соң, амал жоқ! Уәзірлері өзараақылдасып, іздеуге кіріседі. Көп іздеп, азап шегіп, шеңгел деген шөпті тауып:

«Өзі– тікен, арасынан жүрсе, киім жыртады, мал жемейді екен, шөптіңжаманы осы ғой»,– деп, шеңгелді алады. Қырғауыл деген құсты тауып:

«Үстінде жүні жоқ, ұсқыны келіссіз, құстың жаманы осы екен»,– деп,қырғауылды атып алады. Енді адамның жаманын таба алмай, қырық уәзіркеле жатса, таудың етегінде, үстінде жыртық тоны, басында тері тымағы бар,бір адам бес-он қойды бағып жүр. Уәзірлер: «Адамның жаманы, сірә, осы болар-ау», – деп тұрганда, әлгі адам:

– Уа, мырзалар, жол болсын!– деді. Уәзірлер ханның сондай бір жұмысқа жұмсағанын, шөптің, құстың жаманын тауып, ал адамның жаманын таба алмай жүргендерін айтады. Жаман тұрып:

– Түсінікті! Адамның жаманы керек болса, мен боламын, – дейді.

– Олай болса, жарайды, – деп, Жаманды атына мінгестіріп алып ханға жөнеледі.

1. Ертегі қалай аталады? Қырық уәзір әкелген Жаман адам туралы оқиға қалай өрбиді?

2. Қырық уәзір адамның, шөптің, құстың жаманын қалай таңдайды? Жаман адам, құс, шөп жаманы туралы не дейді?

3. Хан неліктен адамның, құстың, шөптің жақсысын емес, жаманын іздетті деп ойлайсыңдар.

4. Сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын жазыңдар.

Мәжілістес-

Ұсқыны келіссіз –

Мінгестріп –

Қырғауыл –

Шеңгел –

5. Ертегіні толық оқып, Аяз би мен Мадан ханға мінездеме беріңдер.

6. «Адамның тізгіні – ақыл» деген тақырыпта эссе жазыңдар. 70-80 сөз.

7. Сөйлемге морфологиялық талдау жасаңдар.

Уәзірлер ханның сондай бір жұмысқа жұмсағанын, шөптің, құстың жаманын тауып, ал адамның жаманын таба алмай жүргендерін айтады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
10 ұстаз жүктеп алған
8 желтоқсан
209
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі