400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

6 сынып Ортағасырлар түсінігі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары


Сабақ : №1

Мектеп:

Күні:

Мұғалім:

Сынып: 6

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы:

Орта ғасырлар» түсінігі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

6.3.1.2 – VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау;

Сабақ мақсаты:

Барлық оқушылар: Тарих туралы түсінік. Тарихтың қалыптасуы және дамуы. Тарих ғылымы туралы мағлұмат беру.

Оқушылардың басым бөлігі: Тарих ұғымымен және тарихи кезедермен таныса отырып,топтасып жұмыс істеуге бір – бірімен ой бөлісіп қорытынды жасауды, ойларын ашық және толық жеткізуге үйренеді.

Кейбір оқушылар: Оқушылар тарих ұғымының қалай қалыптасып дамуы туралы заттай және жазбаша деректермен таныса келе тарих пәні ұғымының негізін түсінеді

Құндылықтарды игерту:

Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен амандасуында, сыпайы, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, сабақты уақытында бастап, аяқтауда, тапсырмаларды нұсқалық бойынша орындауда, бір-біріне қолдау көрсетуінде көрініс табады. Патриотизм мен азаматтық жауапкершілік уақытты пайдамен өткізу қажеттігін түсіну арқылы жүзеге асырылады. Өмір бойы оқу қағидасы ақпаратты өздігінен табу, сабақ мақсатын білуде, кері байланыс беруде, рефлексия жасауда, алған білімінің практикалық мәнін түсінуде көрініс табады. Ашықтық оқушыларға ақпаратты алуында бірдей мүмкіндіктер беруде, сабақ мақсатын бірге құрастыруда, бағалау мен кері байланыс беруде, бірнеше көзқарастың бар екенін түсінуде орын алады. Еңбексүйгіштік жұмыс орынын таза сақтауда, оқушылардың белсенді жұмысында, ал шығармашылық жаңа идеяларды ұсынуда көрініс табады.

Осыған дейін меңгерілген білім

Кім біледі.

  1. Қалай ойлайсындар алғашқы адамдар қанша жас өмір сүрген?

  2. Қазақстанның астанасы қай қала, ол бұрын қалай аталған?

  3. Абылай хан дегеніміз кім?

  4. Қазақ билерің білесің бе?

  5. Қандай қазақ батырларын білесіндер?


АКТ-ны қолдану дағдылары:

PowerPoint таныстырылымы, аудиофайл..

Тілдік мақсат:

Оқушылар: Жеке жұмыс, топтық әңгіме, гипотеза жасауға, оны қорғауға, сынақтан өткізуге және құруға уақыт бөлуді үйреніп істей алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер.

Тарих, Герадот, Тарихи кезеңдер, палеолит, мезолит, неолит


«Елу жылда ел жаңа» мақалына көзқарасын білдіріп, эссе жазды.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақ басы

5 мин


Қызығушылықты ояту үшін миға шабуыл.

Жұпта тақырыпқа ену үшін сұрақтарға жауап береді:

4

Жетістік критерийлерін болжайды;

Жетістік критерийлерімен және дескрипторлармен танысады.

Слайд 1-5





Сабақ ортасы

5 мин







5 мин



15 мин






10 мин

Тапсырма №1:

Сөздер мен суреттерді сәйкестендіріңіз.

Жауаптарыңыздың дұрыстығын жұпта тексеріңіз.

Жауаптарыңыздың дұрыстығын слайдтағы нұсқамен тексеріңіз.

Орта ғасырлар тарихы адамзат өмірінің аса маңызды кезеңінің бірі болды. Орта ғасырлар құл иеленушілік құрылыстың жойылуынан, оның орнына феодалдық құрылыстың келуінен басталды. Феодалдық құрылыс бұрынғы құл иеленушілікке қарағанда озық құрылыс болды. Қоғамның негізгі өндіргіш күші - еңбекші халық бұқарасының еңбек өнімділігін арттыра түсуге деген ынтасы феодалдық құрылыс кезінде әлдеқайда өсе түсті. Орта ғасырлар кезінде әлем халықтарының өмірге, оның мән-мақсатына деген ой-пікірін, көзқарасын тұжырымдауға зор үлес қосқан жаңа христиан және ислам діндері қалыптасты. Христиан дінінің басшылары күпірлерді қудалауға ұшыратты. Батыс Еуропа халықтарын Шығыс елдеріне айдап салып отырды.

Орта ғасырларда католик шіркеуін түбірімен қайта құруға бағытталған қозғалыс - реформация өріс алды. Оның жақтастары папалардың діндарларды басқару құқын мойындаудан бас тартты. Шіркеу жерлерін тартып алуды, монастырьларды жабуды, икондар мен әулиелерге табынуды жоюды, индульгенция сатуға тыйым салуды, киелі кітапты адамдардың бәріне бірдей оқуға рұқсат берілуін талап етті. Реформация Еуропаның көптеген елдерінде (Солтүстік Германияда, Швейцарияда, Нидерланд мен Англияда, Дания мен Швецияда т. б.) жеңіске жетті.

Орта ғасырларда адамға деген жаңа көзқарастан туындаған гуманистік идея өмірге келіп, нығая түсті.

Орта ғасырларда Осман түріктері Византия империясын басып алып, еуропалықтардың Шығысқа баратын жолын жауып тастады. Еуропалықтар өз қазыналарын молайтып отыру үшін Шығысқа теңіз арқылы бет түзеді. Соның арқасында ұлы географиялық ашулар жасалды. Оның нәтижесінде еуропалықтардың әлем туралы, оның халықтары жайлы білімдері, ой өрістері кеңейе түсті. Орта ғасырларда адамзат тарихындағы ұлы жаңалықтардың бірі - кітап басып шығару өмірге келді. Ол білімнің, ғылымның, өнердің кең қанат жаюына мүмкіндік туғызды. Жоғары оқу орындары - университеттер ашылды. Мәдениет қалың халық бұқарасының игілігіне айнала бастады. Көптеген таңғажайып ортағасырлық өнер туындылары дүниеге келді. Ғылым-білімнің дамуы сағат, су двигателі, домна пеші, оқ-дәрімен атылатын қару сияқты құрал-саймандардың өмірге келуіне себеп болды.

Орта ғасырларда мемлекеттік биліктің демократиялық жүйесі өмірге келіп, қалыптаса бастады. Бұл жүйе адам құқықтарына негізделген заңдар жиынтығын (Юстиниан кодексі, «Яса» т.б.) қалыптастырды.

Орта ғасырларда халықтар мен мемлекеттердің бәрінің даму деңгейі бірдей болмады. Ерте орта ғасырлар мен дамыған феодализм кезінде Шығыс елдері шаруашылығы мен медениетінің дамуы жағынан Еуропа елдерінен едәуір алда болып келсе, кейінгі орта ғасырларда, әсіресе қайта өркендеу дәуірінде даму жағынан Еуропа алға озып шықты. Батыс Еуропа елдері жаңа, капиталистік қатынастарға аяқ басқанда Шығыста феодализм үстемдік қүра берді. Ал Африка мен Австралиядағы, Америка мен Азиядағы көптеген елдерде алғашқы қауымдық құрылыс сақталып қалды. Қорыта айтқанда, орта ғасырлар адамзат тарихындағы шаруашылық пен мәдениеттің қарышты қадаммен алға жылжу кезеңі болды.

  • 6-сыныпта өтілген Ежелгі дүние тарихы материалдарына шолу жасау.

  • Египет

  • Рим

  • Қосөзен

  • Грекия

  • Қытай

  • Жапония

  • Шумер және Аккад т.б.


Блум таксономиясы бойынша тапсырмалар

1-топ

Герцогтер


Тақырып-тың мәнін түсіну


Шаруалардың ортағасырлық қоғамдағы орны, шаруалардың жікке бөлінуі

Дінбасылар, мырзалар, шаруалардың өзара байланысы, шаруалардың рөлі, басыбайлы, ерікті шаруалар туралы ашып айту

2-топ

Барондар


Талдау


Шаруалардың міндеткерлігі


Шаруалардың феодалға өтейтін міндеткерліктері, оброк, барщина

3-топ

Рыцарьлар


Қолдану


Шаруалардың тұрмысы, феодалдармен күресі

Тұрғын үйлері, киімдері, феодалдарға қарсы күресу тәсілдері туралы түсіндіру



Дидактикалық материалдар №1






Дидактикалық материалдар №2-3,

Аудио жазба






Сабақ соңы

5 мин


Рефлексия. Оқушылар қиық қағаздарға жазып береді.

Сабақта маған не пайдалы болды?
Сабақта маған не қызықты болды?
Сабақта маған не қиын болды?


Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциация үш түрде іске асады:

1- үлгерімі төмен оқушыларға сөздік беру немесе сабақ материалымен алдын ала танысуға мүмкіндік беру арқылы қолдау көрсетіледі.

2 –оқушылардың тапсырмасынан күтілетін нәтиже дифференциацияланған.


Оқушылар бір-бірін дискрипторлар тұсына «+» белгісін қоя отырып, бағалайды. Сол арқылы кері байланыс беріледі.

Сабақ философияға қатысты болғандықтан, белсенді азаматтық позициясын қалыптастыруға септігін тигізеді. Сабақта оқушылардың өміріне қауіпті ештеңе пайдаланылмайды. PowerPoint таныстырылымы, аудиофайл тыңдау үшін компьютер қолданылады.

Ойлану




Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?


Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?



Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақ талаптарға сай өтті. Оқушылар сөздік қорын молайтты. Жұпта бір-біріне қолдау көрсетіп, қарым-қатынас жасады.

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2..

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.


Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
10 ұстаз жүктеп алған
4 наурыз
1870
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі