400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

6-сынып қазақ тілі нөлдік срез 0-дік срез 2024-2025

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілінен нөлдік срез тапсырмалары , нөлдік бақылау тапсырмалары 6-сынып 0 дік бақылау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі пәні бойынша кірме кесінді жұмыс

6-сынып

Оқу мақсаты

5.2.3.1 хабарлама құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату

5.3.2.1 жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, хабарландыру құрастырып жазу

5.2.5.1 мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру


І нұсқа

1-тапсырма.

Мәтінді оқып, оның жалпы мазмұнына қатысты 1 сұрақ, мәтіндегі нақты ақпараттарға қатысты 2 сұрақ құрастырыңыз.


Жалпы мазмұнға қатысты 1 сұрақ

1)_________________________________________________________________


Нақты ақпараттарға қатысты 2 сұрақ

1)_________________________________________________________________

2)_________________________________________________________________


1-Мәтін

Қазақтың ұлттық киімдері


Қашанда қазақ халқы ұлттық киімді қадір тұтқан. Қазақ қыздарының ұлттық киімін - баршын, торғын, шәйі, қырмызы сияқты жұмсақ нәзік маталарды пайдалана отырып, бүрмелі етек, бүрмелі жеңін аса кең етіп көлбеңдете тіккенінде қазақтың бүкіл тұрмыс-салты жатыр емес пе?! Қыз балалардың, әйел адамдардың киімін жұмсақ, нәзік матадан тігетіні нәзіктігі мен әдептілігі үстіндегі киімінен-ақ көрініп тұрған ғой. Етек-жеңінің кең болатыны – қазақтың дархандығын, үрімді-бұтақты екендігін, мейірімін, қонақжайлылығын, даладай кең пейілін, қолының жомарттығын білдіреді. Кең етектің қабат-қабат бүрмесі жеті сатыдан тұрады. Жеті қазына, жеті кие, жеті қат жер, жеті ата тазалығы осы ұғымға сыйып тұр. Әйел ұлтты тәрбиелейді, келген қонаққа ілтипат көрсетіп, дәмін ұсынған әйел атаулының киген киімдері арқылы бұрынғы бабаларымыз елдігімізді таныған.


2-тапсырма


  1. Ң әрпі қойылатын сөзді тап

А) Тұма...ға

Ә) Қазы...а

Б) Жа...быр

С)Орма...ға


  1. Орфоэпия бойынша жазылан сөзді тап

А) Үйрек

Ә)Жүрек

Б)Үнсіз

С) Құлұн


  1. Бітеу буынды сөздерді тап.

А) Ал, ол

Ә) Ата, аға

Б) Тастан, жастан

С)Күміс, алтын


  1. Жеті қазына сөзін буынға бөліп, буын түрлерін анықтап жаз.




Бағалау критерийі

№

тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтіннің жалпы мазмұны мен нақты ақпараттарға қатысты сұрақтар құрастырады





1

Жалпы мазмұнға қатысты 1 сұрақ құрастырады:

1-сұрақ;



2

Нақты ақпараттарға қатысты 2 сұрақ құрастырады:

1-сұрақ;

2-сұрақ;




3


Сұрақтарға жауап беріп, буын түрлерін ажыратады

2

Сұрақтарға жауап береді

3



Сөзді буынға бөліп буын түрлерін жазады

2

Барлығы

10



























ІІ нұсқа

1-тапсырма

Хабарландыруды оқып, оның құрылымы мен рәсімделуі, тілдік ерекшеліктерін көрсетіңіз.


Хабарландыру!!!

Құрметті қала тұрғындары!

2019 ж. 6 шілде күні қала күніне орай «Нұр-Сұлтан қаласы менің көзіммен…» тақырыбында әуесқой суретшілердің шығармашылық байқауы өткізілетіндігін хабарлаймыз!

Байқауға 11-16 жас аралығындағы мектеп оқушылары қатыса алады.

Байқаудың өтетін орны: Нұр-Cұлтан қаласы, Орталық саябақ

Басталуы: сағат 10.00-де.

Қажетті құрал-жабдықтар ұйымдастырушылар тарапынан ұсынылады.

Жеңімпаздар жас ерекшеліктеріне қарай әртүрлі номинацияларда анықталады және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Байқауға қатысу үшін төмендегі телефон нөмірлеріне хабарласып, алдын ала тіркелу қажеттігін ескертеміз. Байланыс тел.: 8 747 565-66-87, 8 701 550-49-65.


Мәтіннің құрылымынан қандай ерекшеліктерді байқадыңыз?


Мәтін қалай ресімелген?


Мәтінде хабарландыруға тән қандай тілдік қолданыстар кездеседі? Кемінеде 2 мысал келтіріңіз.



2- тапсырма. Жоғарыдағы хабарландыру мәтініне сүйене отырып, қала тұрғындарының ермегі мен бос уақыттарын шығармашалықпен өткізулеріне арналған қандай да бір шараның хабарландыру мәтінін құрастырыңыз.






Бағалау критерийі

№

тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Құрылымы мен ресімделуіне сүйеніп хабарландырудың жанрлық ерекшеліктерін ажыратады

1

Құрылымдық ерекшеліктерін көрсетеді;

1

Ресімделудегі ерекшеліктерді көрсетеді;

1

Жанрға тән тілдік қолданыстардан мысал келтіреді:

1-мысал;

2-мысал;



2

2

Ресімделуі мен құрылымы бойынша жанрлық ерекшеліктерін ескеріп, хабарландыру жазады


Белгілі бір шараны негізге алады;

Жанрлық ерекшеліктерді сақтайды;

Жанрға сай ресімдейді.

1

2

1

Барлығы

10



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
48 ұстаз жүктеп алған
2 қыркүйек
3207
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі