6-сынып қазақ тілі ТЖБ 1 тоқсан

Тақырып бойынша 11 материал табылды

6-сынып қазақ тілі ТЖБ 1 тоқсан

Материал туралы қысқаша түсінік
6-сынып оқушыларына қазақ тілі пәнінен ТЖБ жұмысы. 1 тоқсан
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқушының аты-жөні...................................................Күні: ..........................Сыныбы:...........

«Қазақ тілі » пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

6-сынып

Оқылым

Тапсырма .Мәтінді оқып, төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз. [10]

Отбасы – Отанымыздың ошағы. Қазақ отбасында баланың ерте есеюіне көп көңіл бөлген. Баланы ерте жастан-ақ жауапты іс-әрекетке тартып отырған. Мысалы, бес жасында атқа мінгізіп, бәйгеге қосу, қозы баққызу, үлкендердің арасындағы дауды шешу, келіссөз жүргізу т.с.с. істерге бірге ертіп жүрген. Сондай-ақ қазақ отбасындағы бала тәрбиесін ұл тәрбиесі, қыз тәрбиесі деп жеке-жеке мән беріп қарастыруда оның өзіндік ерекшеліктерінің ішіндегі маңыздысының бірі. Үлкенді құрметтеу отбасы мүшелерінің бір-бірінің тәрбиесіне жауапкершілік, борыштылық, адамгершілік сезімдерін туғызған. Қазақ отбасындағы арнайы жазылып бекітілмеген «заңдары» әке мен ұлдың, шеше мен қыз баланың, әке мен қыздың, қыз бен жеңгенің, келінмен ененің, келін мен атаның, нағашы мен жиеннің, бажа, жезде, бөлелердің арасындағы өзара қарым-қатынастары әрқайсысын әдептілікке тәрбиелеудің ерекше қымбат үлгісі іспетті. Егер жапон халқы басқалар үшін тұйық халық болса, онда ағылшын халқы басқаларды қойып, өз ішінде тұйық халық. Олардың отбасындағы әр адам жеке өмірінің құпия болғанын қалайды. Бір сөзбен айтсақ, ағылшындықтардың жаны - өз үйінен де жақын, яғни берік қамалмен тең. Басқа халықтар үшін жанұя қиыншылық пен қуанышты бірге бөлісетін ең басты байлық болса, ағылшын халқы қиыншылық кезінде жақындарынан көмек күте қоймайды. Тіпті жақындарына көмек көрсетуді өз жауапкершіліктеріне алмайды.

1.Мәтінде неше елдің тәрбиесі туралы мәлімет бар? [1]

A) 1 B) 2 C) 3 D) 4


2.Мәтін мазмұнына қатысты мақал-мәтелді табыңыз. [1]

А) Үй ішінен жау шықса, Тұра қашып құтылмассың.

В) Інісі бардың тынысы бар, Ағасы бардың жағасы бар.

С) «Сіз», «біз» - деген жылы сөз, Ағайынға жарасар.

D) Ұяда не көрсең, Ұшқанда соны ілерсің.

3.Берілген сөздердің синонимін мәтіннен тауып жазыңыз. [2]

жанұя ___________________________

жанжал _________________________

өзгешелік _______________________

тумалар _________________________


4.Берілген сөздерді ережеге сай (к/г, қ/ғ) жазыңыз. [3]

  • күзді (?) үні-

  • қысты (?)үні-

  • Марқа (?)өл-

  • Әй(?)ерім-

  • Ақ(?)ұлақ-

  • Тоқта(?)ұл-

  • Ала(?)өл-

  • Талды(?)орған-

  • Қара(?)өз-



5.Бағандағы сөздер орфографиялық нормаға сай жазылса «+»белгісін,бөлек жазылса, «-»белгісін қойып,кестені толтырыңыз. . [3]

Көк



шөп

төбе

дәрі

-

+


Ел



басы

орда

қатарлы




Бес



аспап

білезік

жүз





Жазылым

Төменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Жазылым жұмысында тақырыптан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көркемдегіш құралдарды орынды қолданып, тақырып бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазыңыз. [10]

1. Қазақстанның кез келген көрікті жерін шет елдік досыңызға суреттеп бергеніңізді жазыңыз.

2. Сіздің ойыңызша, «Бақытты отбасы» қандай болуы керек деп ойлайсыз? Ойыңызды өрбітіп, аталған тақырыпқа эссе жазыңыз.

........................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

Тыңдалым/айтылым-

Оқылым-

Жазылым-


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.10.2024
771
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі