Материалдар / 6-сынып. Қазақ тілі. ТЖБ. 2-тоқсан. Жауаптарымен

6-сынып. Қазақ тілі. ТЖБ. 2-тоқсан. Жауаптарымен

Материал туралы қысқаша түсінік
6-сынып. Қазақ тілі. ТЖБ. 2-тоқсан. Жауаптарымен
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Қазақ тілі пәні бойынша 2-тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары

6-сынып

Бөлім

Оқу мақсаттары

Тапсырма түрлері

Балл

Тыңдалым және айтылым

6.1.5.1 - тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беру, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыру;

6.1.6.1 - коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысу, ойын анық жеткізу;

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

10

Оқылым және әдеби тіл

нормалары

6.2.3.1 - ауызекі сөйлеу этикеттері мен көркем сөйлеудің құрылымдық және жанрлық ерекшеліктерін ажырату

6.2.4.1 - ауызекі және ресми стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мазмұнын, тілдік ерекшелігін салыстыру

6.4.3.1 неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу.

Көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін сұрақтар

10

Жазылым және əдеби

тіл нормалары

6.3.2.1 -жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып, өмірбаян құрастырып жазу

6.4.3.1 көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, табу сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу.

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар.

10


Барлығы

45 минут

30


Тыңдалым және айтылым

Мәтінді мұқият тыңдап, мазмұнын жұпта талқылаңыз. /10/

Астана - мәдениет пен өнер ордасы.

Астана - Еуразияның қақ ортасында орналасқан еліміздің бас қаласы. Бұрынғы аты - Ақмола, Елбасымыздың 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Астана қаласы болып өзгертілді. 1999 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша "әлем қаласы" атағын алды.

Жаңа қала Астана қарқынды дамып келеді. Небәрі жиырма жылдың ішінде қалада қаншама зәулім үйлер мен ғимараттар бой көтерді. Халық саны басында 270 мыңнан қазір миллион тұрғынға жетті. Елордада халықаралық, мемлекеттік ұйымдардың бас филиалдары орналасқан. 2011 жылы Астанада 7-ші Азия ойындары өткізілген болатын, ал 2017 жылы Халықаралық EXPO 2017 көрмесі өткізілді.

Елордамыз әлемдік қартада өзіндік ерекше орны бар, қайталанбас тарихы мен мәдениеті бар астана ретінде танылған. Астана қаласында түрлі театрлар мен мәдениет сарайлары бар. Елордамызда түрлі мәдени іс - шаралар өткізіліп тұрады.

Қазіргі таңда астанамыз әлемдік, іскерлік байланыстың күре тамырына айналып отыр. Оның өзі Елбасының ізгі саясаты, көрегендігі мен кемеңгер ойының жемісі, арманы, мақсаты, халқының тарихынан нәр алғандығы шығар. Астанамыздың шаңырағы биікке көтеріліп, уығы нық қадалып, керегесі келісті жайылды деуге болады. Астана қазірдің өзінде азиялық байтақтардың арасындағы ең бір еуропалық қала. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Еуразиялық ел екенін, оның астанасының орасан зор қос құрлықтың өкпе тұсында орналасқанын, демек келешекте қаланың осынау ұлан-ғайыр кеңістіктің қуатты желілері тоғысқан торабына, 21 ғасырдағы экономикалық, технологиялық, ақпараттар тасқынының арнасына айналатынын атап көрсеткен болатын.


2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз. (сұрақтарға ауызша жауап беріңіз)

  • Ақмола қаласы қай жылы Астана болып өзгертілді?

  • Жаңа Астанамызда қандай іс-шаралар өткізілді?

  • Халықаралық EXPO 2017 көрмесі қандай деңгейде өткізілді?

  • Қазіргі таңда астанамыз әлемдік, іскерлік байланыс жасап жатыр ма?


Оқылым

Мәтінді оқып,тапсырмаларды орындаңыз

Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры 1991 жылы Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері-Ақтоқты» трагедиясымен ашылған. Театрдың ұйымдастырушысы, көркемдік жетекшісі әрі бас режиссері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жақып Омаров болды. Алғашқы қойылымды да өзі сахналаған. Театр өзінің алғашқы жүлдесін 1996 жылы Уфа қаласында түркітілдес мемлекеттер арасында өткен халықаралық «Туғанлық» театр фестивалінде алды. Онда Ш.Құсайыновтың «Алдаркөсе» музыкалық комедиясы лауреат атанды. 1996 жылы театрға КСРО Халық әртісі, КСРО мемлекеттік сыйлығының иегері Қалибек Қуанышбаевтың есімі берілді.

  1. Мәтінде есімі аталған КСРО халық әртісі /1 балл/

А) Жақып Омаров

Ә)Қалибек Қуанышбаев
Б) Ғ.Мүсірепов

В)Ш.Құсайынов

  1. Мәтін қай стильде жазылған? /1 балл/

А) ауызша

Ә) көркем

Б) жазбаша

В) ауызша және жазбаша

  1. Мәтіндегі термин сөздерді теріп жазып,қай салаға жататынын ажыратыңыз /4 балл/


Терминдер

Ғылым,өнер саласы

1.


2.


3.


4.


5.



  1. Мәтін мазмұнындағы ақпараттарды ретімен сәйкестендіріңіз /4 балл/

1. 1991 жылы


А) Жақып Омаров

2.Театрдың ұйымдастырушысы, көркемдік жетекшісі

Ә)Қалибек Қуанышбаевтың есімі берілді

3. Театр өзінің алғашқы жүлдесін алды

Б) театр фестивалі

4.«Туғанлық»

В) «Алдаркөсе» музыкалық комедиясы лауреат атанды

5. Ш.Құсайыновтың

Г)1996 жылы Уфа қаласында

6. 1996 жылы

Д) театр ашылды

А. 1-Ә; 2-Б; 3-В; 4-А; 5-Г; 6-Д.

В. 1-Д; 2-А; 3-Г; 4-Б ; 5-В; 6-Ә.

С. 1-А; 2-Г; 3-Б; 4-Ә; 5-В; 6-Д.

Д. 1-Б; 2-В; 3-Ә; 4-А; 5-Г; 6-Д.



Жазылым

Тапсырма.

  1. Өмірбаянға қойылатын талаптарды сақтай отырып, Абай Құнанбайұлының өмірбаянын жазыңыз. Жазба жұмысында көнерген сөздерді қолданыңыз. Сөз саны - 90-100 сөз

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________/10 балл/



Балл қою кестесі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Тыңдалым және айтылым

1

- тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап береді;


1

1

-мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырады;

1

1

- коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен тіркестерді орынды қолданады;

1

1

- диалогке қатысады, ойын анық жеткізеді.

1

1

-сұрақтарға жүйелі жауап береді.

1

1


10

Оқылым

1

Ә

1

2

Б

1

3

- терминдерді табады

1

-қай салаға жататынын анықтайды

1

-термин сөздердің ерекшелігін біледі

2

4

В. 1-Д; 2-А; 3-Г; 4-Б ; 5-В; 6-Ә.


2

2



10

Жазылым

1

-өмірбаян құрылымын сақтайды

1

-талаптарын біледі

1

-көнерген сөздерді қолданады

1

-автор туралы ақпараттарды біледі

1

-хронологиялық реттілікті сақтайды

1

-сөздерді орынды қолданады

1

-орфографиялық норманы сақтайды

1

-логикалық бірізділік сақталады

1

-өз ойын дәлелдей алады

1

-сөз санын сақтайды

1



10

Барлығы – 30 балл

Ықтимал жауаптар

Тыңдалым және айтылым

Мәтінді мұқият тыңдап, мазмұнын жұпта талқылаңыз. /10/

Астана - мәдениет пен өнер ордасы.

Астана - Еуразияның қақ ортасында орналасқан еліміздің бас қаласы. Бұрынғы аты - Ақмола, Елбасымыздың 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Астана қаласы болып өзгертілді. 1999 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша "әлем қаласы" атағын алды.

Жаңа қала Астана қарқынды дамып келеді. Небәрі жиырма жылдың ішінде қалада қаншама зәулім үйлер мен ғимараттар бой көтерді. Халық саны басында 270 мыңнан қазір миллион тұрғынға жетті. Елордада халықаралық, мемлекеттік ұйымдардың бас филиалдары орналасқан. 2011 жылы Астанада 7-ші Азия ойындары өткізілген болатын, ал 2017 жылы Халықаралық EXPO 2017 көрмесі өткізілді.

Елордамыз әлемдік қартада өзіндік ерекше орны бар, қайталанбас тарихы мен мәдениеті бар астана ретінде танылған. Астана қаласында түрлі театрлар мен мәдениет сарайлары бар. Елордамызда түрлі мәдени іс - шаралар өткізіліп тұрады.

Қазіргі таңда астанамыз әлемдік, іскерлік байланыстың күре тамырына айналып отыр. Оның өзі Елбасының ізгі саясаты, көрегендігі мен кемеңгер ойының жемісі, арманы, мақсаты, халқының тарихынан нәр алғандығы шығар. Астанамыздың шаңырағы биікке көтеріліп, уығы нық қадалып, керегесі келісті жайылды деуге болады. Астана қазірдің өзінде азиялық байтақтардың арасындағы ең бір еуропалық қала. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Еуразиялық ел екенін, оның астанасының орасан зор қос құрлықтың өкпе тұсында орналасқанын, демек келешекте қаланың осынау ұлан-ғайыр кеңістіктің қуатты желілері тоғысқан торабына, 21 ғасырдағы экономикалық, технологиялық, ақпараттар тасқынының арнасына айналатынын атап көрсеткен болатын.


2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз. (сұрақтарға ауызша жауап беріңіз)

  • Ақмола қаласы қай жылы Астана болып өзгертілді?

  • Жаңа Астанамызда қандай іс-шаралар өткізілді?

  • Халықаралық EXPO 2017 көрмесі қандай деңгейде өткізілді?

  • Қазіргі таңда астанамыз әлемдік, іскерлік байланыс жасап жатыр ма?


Оқылым

Мәтінді оқып,тапсырмаларды орындаңыз

Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры 1991 жылы Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері-Ақтоқты» трагедиясымен ашылған. Театрдың ұйымдастырушысы, көркемдік жетекшісі әрі бас режиссері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жақып Омаров болды. Алғашқы қойылымды да өзі сахналаған. Театр өзінің алғашқы жүлдесін 1996 жылы Уфа қаласында түркітілдес мемлекеттер арасында өткен халықаралық «Туғанлық» театр фестивалінде алды. Онда Ш.Құсайыновтың «Алдаркөсе» музыкалық комедиясы лауреат атанды. 1996 жылы театрға КСРО Халық әртісі, КСРО мемлекеттік сыйлығының иегері Қалибек Қуанышбаевтың есімі берілді.

  1. Мәтінде есімі аталған КСРО халық әртісі /1 балл/

А) Жақып Омаров

Ә)Қалибек Қуанышбаев
Б) Ғ.Мүсірепов

В)Ш.Құсайынов

  1. Мәтін қай стильде жазылған? /1 балл/

А) ауызша

Ә) көркем

Б) жазбаша

В) ауызша және жазбаша

  1. Мәтіндегі термин сөздерді теріп жазып,қай салаға жататынын ажыратыңыз /4 балл/


Терминдер

Ғылым,өнер саласы

1. драма театр

Театр өнері

2. трагедия

Театр өнері

3. режиссер

Театр өнері

4. сахна

Театр өнері

5. комедия

Театр өнері


  1. Мәтін мазмұнындағы ақпараттарды ретімен сәйкестендіріңіз /4 балл/

1. 1991 жылы


А) Жақып Омаров

2.Театрдың ұйымдастырушысы, көркемдік жетекшісі

Ә)Қалибек Қуанышбаевтың есімі берілді

3. Театр өзінің алғашқы жүлдесін алды

Б) театр фестивалі

4.«Туғанлық»

В) «Алдаркөсе» музыкалық комедиясы лауреат атанды

5. Ш.Құсайыновтың

Г)1996 жылы Уфа қаласында

6. 1996 жылы

Д) театр ашылды

А. 1-Ә; 2-Б; 3-В; 4-А; 5-Г; 6-Д.

В. 1-Д; 2-А; 3-Г; 4-Б ; 5-В; 6-Ә.

С. 1-А; 2-Г; 3-Б; 4-Ә; 5-В; 6-Д.

Д. 1-Б; 2-В; 3-Ә; 4-А; 5-Г; 6-Д.



Жазылым

Тапсырма.

  1. Өмірбаянға қойылатын талаптарды сақтай отырып, Абай Құнанбайұлының өмірбаянын жазыңыз. Жазба жұмысында көнерген сөздерді қолданыңыз. Сөз саны - 90-100 сөз

Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы – Абай Құнанбайұлы 1845 жылы Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келді. Абай атақты Тобықты руының Ырғызбай деген тобынан тарайды. Ол ауыл молдасынан оқып жүрген кішкентай кезінен-ақ зеректігімен көзге түседі. Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медресе тәрбиесін алады.

Абай көпті көрген әжесі Зеренің тәрбиесінде болды. Шешесі Ұлжан да ақылды ананың бірі болған. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы тобықты руының беделді биі. Құнанбай өз заманында ел басқарған адам болды. Ол ел билеу ісіне балаларының ішінде Абайды баулып, араластырды.

Әке-шешесінің қасында жүрсе де жас Абай оқудан қол үзбейді, бос уақытында қазақтың мәдениетін, араб, парсы, шағатай тілдерін үйренеді. Шығыс әдебиетінің алыптары Низами, Хожа Хафиз, Науаи, Физули т. б. ақындарының өлеңін жаттап өседі. Кейін ол орыс әдебиеті мен тілін өздігінен үйреніп, орыстың ұлы ойшылдары Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Щедрин, Некрасов т. б. шығармаларымен танысады. Сонымен бірге ағылшын ғалымы Дарвиннің, Шекспирдің шығармаларын да оқиды. Соның арқасында дүниетанымын кеңітіп, білімін шыңдай береді.

Туған халқын сүйіп, оны қасіреттен құтқаруды, бодандыққа қарсы Абай халқын оятып, береке-бірлікке шақырды. Туған халқы да Абайын сүйіп, қатты құрметтеді. Өмірлік мағынасы зор өлеңдерін жатқа айтып, тұмардай сақтады. Шынында әр сөзі теңіздің тереңіне тартқандай мың батпан ойдан туған, кісіге берер шабыты мен шапағаты мол Абай әр қазақтың бағдаршамы іспетті.















ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
.
18 Желтоқсан 2024
1001
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі