Материалдар / 6 сынып Қазақстан тарихынан тақырыптық тест.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

6 сынып Қазақстан тарихынан тақырыптық тест.

Материал туралы қысқаша түсінік
6 сынып Қазақстан тарихынан тақырыптық тест. Қазақ хандығы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Желтоқсан 2023
981
4 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақ хандығының негізін қалаған хандар:

A) Әбілхайыр мен Әбілмәмбет

B) Жәнібек пен Жолбарыс

C) Керей мен Жәнібек

D) Есім мен Тұрсын

E)Қасым мен Тұрсын

Дұрыс жауап: С

{Сложность}=A



Керей мен Жәнібек сұлтандарды құшақ жая қарсы алған:

A) Есенбұға хан

B) Есім хан

C) Әбілхайыр хан

D) Орыс хан

E) Мұстафа хан

Дұрыс жауап: A



«Қазақ сұлтандары хижраның 870 жылдары (1465-1466) билей бастады»

деген мәлімет келтірілген тарихи шығарма:

A) Мұхаммед Хайдар Дулати «Та’рих-и-Рашиди»

B) Оғызнама

C) Кодекс куманикус

D) Шежірелер жинағы

E) Тарих-и-Абулхаир-хани

Дұрыс жауап: A



Қазақ хандығының алғашқы территориясы:

A) Іле өзені

B) Жайық өзені

C) Шу мен Талас өзендері маңы

D) Дешті Қыпшақ жері

E) Сарыарқа

Дұрыс жауап: С



Керей мен Жәнібек хандардың маңына көшіп келген халықтың саны:

A) 350 мың

B)370 мың

C) 400 мың

D) 200 мың

E) 150 мың

Дұрыс жауап: D



Қазақ хандығы үшін саяси-эканомикалық және әскери-стратегиялық жағынан маңызы зор болған қалалар :

A) Сыр бойындағы

B) Жетісу аймағындағы

C) Шу өзені бойындағы

D) Іле аймағындағы

E) Талас өзені бойындағы

Дұрыс жауап: A



XV ғасырдың аяғындағы Қазақ хандығының негізгі қарсыласы:

A) Көшім

B) Шайбани хан

C) Жүніс хан

D) Әмір Темір

E) Уайс хан

Дұрыс жауап: B



Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы мына жағдайды тоқтатты:

A) Қақтығыстарды

B) Тайпалардың қоныс аударуын

C) Ішкі феодалдық қырқыстар мен талас тартыстарды

D) Хандардың озбырлығын

E) Билік үшін талас тартысты

Дұрыс жауап: С



Қазақ хандығының құрылған уақыты

А) 1458-1460 ж.

В) 1465-1466 ж.

С) 1466-1467 ж.

D) 1468-1469 ж.

Е) 1470-1471 ж.

Дұрыс жауап: В



XV ғ-ң соңына қарай Қазақ хандығына енген қалалар

А) Созақ, Сығанақ

В) Яссы, Үзгент

С) Отырар, Аркөк

D) Шаш, Ашнас

Е) Суяб, Бозкент

Дұрыс жауап: А



Қазақ хандығының негізін қалағандар

А) Әбілқайыр

В) Мұхаммед

С) Керей, Жәнібек

D) Қасым, Бұрындық

Е) Қасым Хақназар

Дұрыс жауап: С



Керей мен Жәнібекті қарсы алған Моғолстан ханы

А) Мұхаммед

В) Абд ар-Рашид

С) Есен бұға

D) Қара ескен

Е) Жүніс

Дұрыс жауап: С



Қазақ хандығының құрылуы жайында айтқан тарихшы

А) Әл-Морвизи

В) Ж.Баласағұни

С) Әл-Фараби

D) Мұхаммед Хайдар Дулати

Е) А.Яссауи

Дұрыс жауап: D



Моғолстан ханы Есен-бұға қайтыс болған жыл

А) 1450 ж.

В) 1552 ж.

С) 1555 ж.

D) 1462 ж.

Е) 1465 ж.

Дұрыс жауап: D



XV ғ. 50-70 жж. Керей мен Жәнібек хандарға қосылған адам саны

А) 200 мың

В) 250 мың

С) 300 мың

D) 350 мың

Е) 400 мың

Дұрыс жауап: В



XV ғасырдың 70 жылдарында қазақ хандарының басып алған жерлері

А) Сырдария мен Қаратау өңірі

В) Сібір хандығының жерін

С) Қазан хандығын

D) Астрахан жерін

Е) Моғолстанды

Дұрыс жауап: А



XVI ғасырдың бас кезінде Қазақ хандығын билеген Жәнібек ханның ұлы:

A) Бұрындық хан

B) Қасым хан

C) Хақназар хан

D) Есім хан

E) Тақыр хан

Дұрыс жауап: B

{Сложность}=B



Бұрындық хан билеген жылдар:

A) 1479-1510 жж.

B) 1480-1505 жж.

C) 1480-1511 жж.

D) 1482-1511 жж.

E) 1483-1512 жж.

Дұрыс жауап: C



Қасым хан тұсындағы бастапқы астана Сығанақ қаласы болды, одан кейін көшірілді:

A) Түркістан қаласына

B) Суяб қаласына

C) Ташкент қаласына

D) Сауран қаласына

E) Сайрам қаласына

Дұрыс жауап: A



билігі жүрген жоқ:

A) Қырғыздарға

B) Көшпелі өзбектерге

C) Үйсіндерге

D) Дулаттарға

E) Наймандарға

Дұрыс жауап: A



XVI ғасырдың бас кезінде Қазақ хандығының Сыр бойына билік жүргізуіне бөгет жасаған хан:

A) Саид хан

B) Әбілхайыр хан

C) Мұхаммед Шайбани

D) Әмір Темір

E) Ұбайдаллах

Дұрыс жауап: C



«Түркістан халқы қазақ саудагерлерімен ешқандай сауда келісімдерін жасамайтын болсын, олармен осы жерлердің тұрғындары арасында қарым-қатынас болмасын» деп жарлық шығарған хан:

A) Мұхаммед Шайбани хан

B) Қасым хан

C) Жаныш сұлтан

D) Хақназар хан

E) Орыс хан

Дұрыс жауап: A



Шайбани ханның қазақ даласына жорық жасаған жылдары:

A) 1501,1503,1505 жылдар

B) 1503,1505,1506 жылдар

C) 1509,1510,1511 жылдар

D) 1510,1511,1512 жылдар

E) 1514,1516,1517 жылдар

Дұрыс жауап: B



Шайбани хан ұрпақтарының арасындағы хандық билікке өзара таластың басталуына әсер етті:

A) Шайбанидың әлсіздігі

B) Шайбанидың қаза болуы

C) Қазақ хандарының күшейуі

D) Феодалдық қырқыстар

E) Ішкі талас-тартыстар

Дұрыс жауап: B



XVI ғасырдың I жартысындағы Қазақ хандығы тәуелсіз, дербес мемлекет есебінде белгілі болды:

A) Ресейге

B) Орта Азияға

C) Орта Азия мен Шығыс Еуропаға

D) Шығыс Еуропаға

E) Иран шахына

Дұрыс жауап: C



Хақназар хан билеген жылдар:

A) 1480-1511

B) 1523-1532

C) 1524-1537

D) 1532-1538

E) 1538-1580

Дұрыс жауап: E



XVI ғасырдың II жартысында Қазақ хандығының күш-қуатын беделін арттырған, жерін кеңейтуге себеп болған тарихи оқиға:

A) Мәскеуге қосылуды жақтаған Ноғай ұлыстарын талқандап, өзіне қосып алуы

B) Моғол ханын талқандауы

C) Ішкі талас тартыстардың тоқтатылуы

D) Өзбек хандығын талқандауы

E) Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға қадам жасауы

Дұрыс жауап: A



Моғолстан ханы Жетісу мен Ыстық көлдің маңындағы жерлерді басып алу үшін Қазақ хандығына қарсы үлкен соғыс бастаған кезең:

A) XVI ғасырдың I жартысы

B) XVI ғасырдың 30 жылдары

C) XVI ғасырдың 50-60 жылдары

D) XVI ғасырдың 70 жылдары

E) XVII ғасырдың басы

Дұрыс жауап: C



XVI ғасырдың II жартысында Жетісу қазақтарының жағдайын ауырлатқан оқиға:

A) Ойраттардың тонаушылық жорықтары

B) Моғол хандарының жиі шабуылы

C) Хақназар ханның қатыгездігі

D) Салықтардың көбеюі

E) Шұрайлы жерлерінен айырылуы

Дұрыс жауап: A



Хақназар ханның сыртқы саясаттағы бағытын өзгертуге әсер етті:

A) Шайбани ұрпақтарының жиі шабуыл жасауы

B) Сібір ханы мен Моғолстан билеушілерінің шапқыншылық жорықтары

C) Бұхар ханының наразылығы

D) Ташкент билеушісі Баба сұлтанның екі жүзді саясаты

E) Өзбек ханы Абдаллахтың күшейуі

Дұрыс жауап: B



Баба сұтанның астыртын жіберген адамдарды Хақназар ханды, оның туыстарын өлтірген жыл:

A) 1578

B) 1579

C) 1580

D) 1582

E) 1589

Дұрыс жауап: C



Хақназар хан өлгеннен кейін хан тағына отырған Жәнібек ханның немере інісі сексенге келген:

A) Шығай хан

B) Тәуекел хан

C) Есім хан

D) Тұрсын хан

E) Тәуке хан

Дұрыс жауап: A

{Сложность}=B



Баба сұлтанға қарсы жорықта Шығай хан қайтыс болған жыл:

A) 1581

B) 1582

C) 1583

D) 1584

E) 1585

Дұрыс жауап: B



1583 жылы «Ант беріскен шартты » бұзып, Тәуекел хан Өзбек ханнан қайтарып алған қалалар:

A) Сауран, Түркістан, Отырар, Сайрам

B) Суяб, Ташкент, Түркістан, Отырар

C) Қойлық, Үзгент, Сығанақ

D) Суяб, Сығанақ, Ташкент

E) Отырар, Сайрам; Сауран

Дұрыс жауап: A



Тәуекел хан Мәуреннахрға баса көктеп кірген жыл:

A) 1588

B) 1590

C) 1596

D) 1598

E) 1599

Дұрыс жауап: D



1598 жылғы шайқаста екі жақтың билеушісі де қаза болып, екі хандық хансыз қалды, бұл хандықтар:

A) Моғолстан мен Өзбек хандығы

B) Қазақ хандығы мен Өзбек хандығы

C) Ташкент билеушісі мен Қазақ хандығы

D) Шайбани хандығы мен Моғол хандығы

E) Қазақ хандығы мен Бұхар хандығы

Дұрыс жауап: B



Тәуекел ханның беделін және күш-қуатын арттырған жеңіс:

A) Сыр бойы қалаларын қайтарып алуы

B) Ташкент қаласының түбіндегі Абдаллах ханды талқандауы

C) Баба сұлтанды жеңуі

D) Түркістан қаласының түбіндегі жеңіс

E) Жетісу жерін қайтарып алуы

Дұрыс жауап: B



Қазақ хандығы мен Өзбек хандығы арасындағы ұзақ жылдар жүргізілген соғыстың нәтижесі:

A) Қазақ хандығының жеңілуі

B) Сыр бойындағы қалалардан айырылуы

C) Қазақ хандығының жеңіске жетіп, Ташкентті қосып алуы

D) Сауран, Түркістан, Отрар, Сайрам қалаларын қайтарып алуы

E) Қазақ хандығы экономикалық жағынан әлсіреді

Дұрыс жауап: C



Есім ханның билік құрған жылдары:

A) 1511-1518

B) 1523-1532

C) 1532-1537

D) 1598-1628

E) 1580-1582

Дұрыс жауап: D



XVIІ ғасырдың басында Қазақ хандығында бір мезгілде билік құрған екі хан:

A) Есім, Тұрсын

B) Тәуекел, Шығай

C) Тәуке; Тұрсын

D) Жәңгір, Тәуке

E) Хақназар, Тәуекел

Дұрыс жауап: A



Есім ханның басты мақсаты:

A) Қазақ хандығының әскери күш-қуатын арттыру

B) Хандықты бір орталыққа бағындырған мемлекет етіп құру

C) Билер кеңесін құру

D) Сыртқы саясатын нығайту

E) Өзбек хандығын талқандау

Дұрыс жауап: B



1603 жылы бірінші қазақ-бұхар шайқасы болған жер:

A) Айғыржар

B) Самарқан

C) Ташкент

D) Жаркент

E) Аспара

Дұрыс жауап: A



Қазақ-бұхар соғысында Есім хан қолданған ұтымды соғыс тәсілі:

A) Шабуыл жасау

B) Қорғанысты шайқас

C) Партизандық әдіс

D) Барлау әдісі

E) Окоптық тәсіл

Дұрыс жауап: B



Тұрсын сұлтан өзін хан, Ташкент қаласының билеушісі деп жариялаған жыл:

A) 1612

B) 1613

C) 1615

D) 1617

E) 1618

Дұрыс жауап: B



Тұрсын ханның сенімді тірегі:

A) Саны көп қатаған руы

B) Сансыз көп әскер

C) Ақсүйектер

D) Жақын туыстары

E) Батырлары

Дұрыс жауап: A



Тұрсын хан тәуелсіздіктің белгісі ретінде шығарды:

A) Жарлық

B) Ақша

C) Кітап

D) Жинақ

E) Заңдар

Дұрыс жауап: B



Есім ханның қалмақтарды талқандаған уақыты:

A) 1625

B) 1626

C) 1627

D) 1629

E) 1630

Дұрыс жауап: C



Тұрсын ханның бүлігі:

A) «Қатаған қырғыны»

B) «Қалмақ қырғыны»

C) «Найман қырғыны»

D) Хан бүлігі

E) Қырғыз бүлігі

Дұрыс жауап: A



Қазақ хандығының құрылымы сатыдан ... тұрады:

A) төрт

B) бес

C) алты

D) жеті

E) сегіз

Дұрыс жауап: D



XVI-XVII ғғ. Қазақ хандығында ата- аймақты басқарды:

A) Ақсақал

B) Рубасы

C) Би

D) Ауылбасы

E) Сұлтан

Дұрыс жауап: A



Қазақ хандығында он немесе он бес аймақтан құралған:

A) ауыл

B) ру

C) арыс

D) ұлыс

E) жүз

Дұрыс жауап: B



Қазақ хандығындағы ұлыстың билеушісі:

A) рубасы

B) би

C) сұлтан

D) ақсақал

E) ауылбасы

Дұрыс жауап: C



Орта жүзге жататын рулар:

A) табын, тама қаракесек, төртқара

B) жалайыр, албан, суан, дулат

C) арғын, найман, уақ, керей, қыпшақ

D) қоңырат,керей, албан, ысты

E) жалайыр, шапырашты, қыпшақ

Дұрыс жауап: C



Хан сайлаудың басты шарты:

A) малының көп болуы

B) ақсүйек тұқымынан шығуы

C) бидің тұқымынан шығуы

D) Шыңғыстың ұрпағы болуы

E) феодалдар тобынан шығуы

Дұрыс жауап: D



Сайланған ханның мал-мүлкін бөліп алу дәстүрі:

A) «Ханталас»

B) «Ханталапай»

C) «Бөліп алу»

D) «Ханталау»

E) «Бөліске салу»

Дұрыс жауап: B



Бейбітшілік жағдайда ханның рұқсатынсыз жол берілмейді:

A) Көшіп-қонуға

B) Соғысты бастауға

C) Салықты көбейтуге

D) Егінді жинауға

E) Жайылымды белгілеуге

Дұрыс жауап: A



450 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!