(с) Алдыңғы сабақтарда
оқушылар бұйымның нобайын дайындады. Өздігінен маталарды таңдап,
техниканы таңдады.
Сұрақтарға жауап
бер.
-
Ине салғыш не үшін
қажет?
-
Оймақ не үшін
қолданылады?
-
Ылғалды жылумен өңдеу не үшін
қажет?
Мұғалім түрлі
қуыршақтардың лекалоларын қарастыруды ұсынады.
Пішу туралы
бейнематериал тамашалау.
Бүгінгі сабақта
оқушылар пішудің түрлерімен танысып, жұмыс істейді. Практикалық
тапсырма.
Сұрақтарға жауап
бер:
Практикалық
тапсырма.
Оқушылар
жұмыстың жалпы жоспарына сай жұмысты бастайды.
Жасау
технологиясы:
-
Матаны қажетінше бүктейміз.
Бүктелген маталар жылжып кетпес үшін оларды инемен шаншып
қоямыз.
-
Пішімді матаға қарындашпен
басамыз.
-
Тігіске 0,5-0,7 см қалдырып,
пішілген бұйымның бөлшектерін кесіп
аламыз.
-
Ойыншықтың бөлшектерін
аударып, тігуге дайындау.
Техника қауіпсіздігі
ережесі
1. Жұмыс орнына жарық сол жақтан немесе
алдыңғы жақтан түсу керек.
2. Отыратын орындық пен тігін машинасының ара
қашықтығы 10-15 см болу керек.
3. Тігін машинасының айналатын бөлшектеріне
тым жақындамаңдар.
4. Іске шашты жинап, женді қайырып немесе
түймелеп кірісу қажет.
5. Жұмысқа кірісуден бұрын машина
платформасындағы қажет емес заттарды тазалап, оның аяғының нық
тұрғанына, инелерінің дұрыс орналасқандығына көз жеткізу
керек.
6. Машина жұмыс істеп тұрғанда, машинаның
қозғалып тұрған бөлшектеріне жақын еңкеюге
болмайды.
7. Қол саусақтарын машинаның табанымен инеге
жақындатпау керек.
8. Тігін машинасымен жұмыс істегенде
машинаның қозғалысынан және айналып тұрған бөлшектерінен
сақтан.
9. Жұмыс кезінде арнайы киім: алжапқыш, басқа
орамал тарту керек.
10. Аяқтаған соң жұмыс орнын
тазалау.
|