Сынып
сағаты
Тақырыбы:
«Елбасы күні –елдікке
құрмет»
Күні: 26.11.2020ж
Мақсаты: «1-желтоқсан-Тұңғыш Президент
күні» мерекесінің мәнін ашу, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
өмір жолы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері
туралы мағлұмат беру; Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз
азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу;оқушылардың бойында
Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін
қалыптастыру;
Көрнекілігі: слайдты презентациялар,
үнтаспа, Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті, Қазақстан Республикасының
рәміздері, шарлар.
Барысы: Қазақстан Республикасының әнұраны орындалсын.(Әнұран
қосылады)
Жүргізуші: Құрметті оқушылар және ұстаздар! Барша Қазақстан
халқы 1-желтоқсанда Тұңғыш Президент күні мерекесін тойлауға
дайындалып жатыр.Осыған орай біз де
«Елбасы күні –елдікке
құрмет» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз.
Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш президенті күніне арналған мерекелік
ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат
етіңіздер!
- Неліктен Тұңғыш Президент
күні мерекесі 1-желтоқсанда аталып
отыр?
(1991 жылы 1-желтоқсанда
республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты
Қазақстан Президенті етіп
сайланды)
Жүргізуші:
Бар әлемге шын танылдық
міне,біз,
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан-Нұрсұлтан,
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр
егіз.
Күнге беттеп бара жатыр көш
жүріп,
Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.
Елбасыны құрметтейтін ерекше,
Армысыздар,ақ пейілді көпшілік!
Жүргізуші:
Ал енді бәріміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
туралы бейнероликті тамашалайық!
Жүргізуші: Ал енді,
Жиенбай Нұрайдың мәнерлеп
оқуы.
Қара жер жаралғалы
қазағымның,
Шын сүйіп, шын түсінген азабын кім?
Жүрекке қолды қойып ниет қылдым,
Жеті деп тарихымды жазатын күн.
Уақыттың диірмендей тасы айналад...
Ұл туса бауырыңа бас аймалап.
Тағдырды Алла ғана нәсіп етсіп,
Тарихты тұлға ғана жасай алмақ!
Жанардың жәудіретіп нұрын ала,
Бұл күнді күтті қанша Ұлы Дала.
Ұл туды бір Анасы Алты Алаштың,
Күн шықты арай шашып құбылаға.
Күн шықты арай шашып аспаныма,
Дүния кілт айналды басқа ағымға.
Ол Ана ұл тумапты,нұр туыпты
Бүгінгі өзек болар дастаныма.
Ол ұлдың заты-Нұрдан, аты-Сұлтан!
Кеш туған зарықтырып уақытынан.
Жаралған жан әлемі Күлтегіндей
Халықтың арман, тілек, бақытынан.
Ел үшін Жерді шарлап ұшқан ұлы,
Ұлт үшін аямаған күш-дарынын.
Қазақта Ер тумайды енді Сіздей,
Жарылып кетсе де өті дұшпанымның.
Бабалар армандаған ізгі үмітпен,
Арылды дана халық жүз күдіктен.
Жүргізуші:
Бір басында кемеңгерлік, даналық,
Елін сүйген елі үшін жаралып.
Сол кісідей болса - болсын әр алып
Адамдықтың аласармас үлгісі
Бір өзінен жатқаны шын таралып
Жүргізуші: Ал енді орталық балаларының
тақпақтарын қабыл
алыңыздар!
Ердос
Бар әлемге шын танылдық міне
біз
Елді сүйген елбасы деп
білеміз
Тең аталып Қазақстан
Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр
егіз
Күнге беттеп бара жатыр көш
шығып.
Елдің даңқы бар жақанға
естіліп
Ел басына құрметтейтін
ерекше
Армысыздар кеңпейілді
көпшілік.
Қорған:
Елбасымыз жолдайды,Халқы оны
қолдайды.
Ешқашанда орынсыз,шешімдері
болмайды.
Елбасы елді қорғайды,халық қамын
ойлайды.
Осындай жақсы адамның жақсылығы
тарайды.
Жайна
Нұр ағамыз нұрындай боп
қазақтын,
Нұр сыйлаған көк тәіңірім ғажапсың.
Нұрын шашып жібергенде Елбасым,
Ізі қалмай кетеді бастан кешкен
азаптың.
Қалдырмай әрбір ауыл,әр
ошақты,
Өшпейтін бұл өмірдің шамын жақты.
Айқындап көз алдына әкеп отыр,
Тап басып тамыршыдай
болашақты.
Дамир
Менің тұңғыш Президентім –
мақтаным
Ес білгеннен есімін оның жаттады
Елбасының саясаты арқасы –
Оңнан туса бүгін менің ақ
таңым
Бақытнұр
Барынша қабілетті болған
елдер,
Білеміз тек еңбекпен кемелденер.
Айтып тұр Елбасымыз,сасар түк жоқ,
Бұл деген тірлік екен қолдан
келер.
Самира
Қадамы мықты елміз алға
басқан,
Сондықтан кем болмаймыз бақ-ырыстан.
Ап шықты Елбасымыз жолын тауып
Кешегі төніп келген
дағдарыстан.
Бойында күш-жігерін аяп
қалмай,
Оятқан елімізді таң аттырмай.
Нұрсұлтан бұл ғасырдың ғұламасы,
Ап шыққан жұрт соңында шаң
қаптырмай.
Мейіржан:
Шалқытып ақын жүрек толғасын
да,
Көшбасшың адастырмасбар қасыңда.
Жол тартты Жаңа әлемге Қазақстан
Көреген Елбасының арқасында.
Көрінер осыдан-ақ озғаны
әрі,
Сірескен сеңді бұзып қозғағаны.
Қаймықпас қара дауыл,борандардан,
Ол-елдің қыран
бүркіт,мұзбалағы.
Арай:
Жақсының айтады ел жақсы
атын,
Тұнық боп тұмасынан басталатын.
Елінің ертеңіне көз жіберген,
Талмасын,Қыран Бүркіт,қос
қанатың!
Кенеліп мол табысқа
ұлан-ғасыр,
Жасап ап кереметтер келер асыл,
Жүрейік биік ұстап еңсемізді,
Таң қалып жатсын бізге мына
Ғасыр!
Жүргізуші:
Ал, енді викториналық
сұрақтарға жауап беріп
көрейік:
1. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
кім? Ол қашан, қай жерде
туды? (1940 жылы, 6-шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы,
Шамалған ауылында)
2. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
алғашқы еңбек жолын қайда
бастады? (1960 жылы Теміртау қаласындағы металлургия тресінде
жұмысшы болып
бастады)
3. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
қашан президент болып
сайланды?(1991 жылы
1-желтоқсанда)
4. Біздің еліміз қашан
тәуелсіздігін алды? (1991 жылы
16-желтоқсанда)
5. Астана қаласының
тұсаукесері қашан
болды? (10-маусым 1998
жылы)
6. Нұрсұлтан Назарбаевтың
қандай жеке еңбектері бар? («Еуразия жүрегінде», «Тарих толқынында», «Ғасырлар
тоғысында», «Бейбітшілік кіндігі», «Тәуелсіздік белестері»,
«Сындарлы жыл»)
7. Қазақстан Республикасының
мемлекеттік рәміздеріне нелер
жатады? (Елтаңба,Әнұран,Ту)
8. Ту мен Елтаңбаға сипаттама
беріңдер. (Елтаңбада шаңырақ, қос тұлпар бейнесі, бес жұлдыз,
«Қазақстан» сөзі бар. Туда қыран, күн, қазақтың ою өрнегі
бар).
9. Әнұран қашан
қабылданды? (2006 жылы
7-қаңтарда)
10. Авторы
кімдер? (Әні Шәмші Қалдаяқовтікі, сөзі Жұмекен Нәжімеденов пен
Нұрсұлтан
Назарбаевтікі)
Жүргізуші:
Күй: «Мен
Қазақпын»
Жүргізуші:
Елімнің атын айтсам -
Қазақстан,
Жерімнің атын айтсам - Қазақстан!
Қойнауы қазынаға толған мекен,
Байлығын атын айтсам –
Қазақстан!
Ел тарихы, жер
тарихы-өзіміз,
Болашақтың қасиетті көзіміз.
Барлық ұлтпен бауырласып жетерміз,
Ақ-қараны тіліп тұрса
сөзіміз.
Ауыр күнді артымызға
тастауы-
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім,дінім,ұлтым қайта көтерген,
Елбасымыз Нұрағаңның
бастауы.
Туды ұстап тура жолға
түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім,жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау
кісілік!
Жүргізуші:
Біз бүгін ұлтымыздың кемеңгер
данышпанына айналған білімді, ақылды, өзінің ұстанған саясаты бар
Нұрсұлтан Назарбаев туралы бар білгенімізді ортаға салдық.
Президент біз үшін ұлы тұлға. Біз Елбасымен мақтана аламыз, мақтай
да аламыз.
Еліміздің тәуелсіздігі мәңгі
болып, қазақ елі ертегідей күн кешіп,татулық пен тұрақтылықты ту
етіп келеді. Сондықтан егемендігіміз баянды болып, халқымыз аман,
ел жұртымыз тыныш болсын деп ашық тәрбие сағатымызды
аяқтаймыз.
Ашық тәрбие
сағатымызды «Көк тудың
желбірегені» әнімен
аяқтасақ.