400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

6 сынып "Таңғалдырған кереметтер әлемі"

Материал туралы қысқаша түсінік
6 сынып оқытушыларына, студенттерге сабақ жоспарын құруға көмектеседі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Бөлімнің атауы:

Әлемнің жеті кереметі

Мектеп: «Омар Молдағожин атындағы» орта мектебі КММ


Күні: 29.10.2020 ж

Машықкердің аты жөні: Құнанбайқызы Аида


Сынып: 6 Пәні: қазақ тілі

Қатысқандар:


Қатыспағандар:



Сабақтың тақырыбы

Таңғалдырған кереметтер әлемі


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.1.1 мәтіннен негізгі және қосымша детальді ақпаратты анықтау, түсіндіру;

6..4.1.1 тақырып бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазу.


Сабақ мақсаттары



Барлық оқушылар орындай алады: Бейнематериалды көріп, сұрақтарға жауап береді, мәтіннен негізгі және қосымша детальді ақпаратты анықтап, түсіндіре алады;


Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Бейнематериалды көріп, сұрақтарға өз пікірін білдіріп, жауап береді, мәтіннен негізгі және қосымша детальді ақпаратты анықтап, бірге жазылатын, бөлек жазылатын, дефис арқылы жазылатын сөздерді таба алады;


Кейбір оқушылар орындай алады: мәтіннен негізгі және қосымша детальді ақпаратты анықтап, түсіндіреді, тақырып бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жаза алады;


Бағалау критерийі


  • Бейнематериалды көріп, сұрақтарға өз пікірін білдіріп, жауап береді;

  • Мәтіннен негізгі және қосымша детальді ақпаратты анықтап, түсіндіреді;

  • Тақырып бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазады


Тілдік мақсат

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдері:
Біріккен сөздер, керемет, Бурдж Халифа, Айша бибі кесенесі



Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Барлық жәдігерлерді керемет деп атауға бола ма?

  • Айша бибі кесенесінің құндылығы неде деп ойлайсыз?


Құндылықтарды игеру

Қазақстанның ғажайып мұраларымен таныстыру арқылы ұлттық құндылықтарымызды құрметтеуге баулу.


Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті, тарих


АКТ –ны қолдану дағдылары

https://youtu.be/1rmw5d2G7c0 «еліміздің көрікті жерлері» бейнематериал, https://drive.google.com/file/d/1AJ3b4M41MhnQiVqOSGzAYkCU-2yRnKH7/view?usp=drivesdk тыңдалым мәтіні


Алдыңғы білім

Әлемнің жеті кереметі


Жоспар


Сабақтың

басы

Жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар


5 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

А) Оқушылармен амандасу

Б) Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру

С) Оқушыларды түгендеу

Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі

https://youtu.be/1rmw5d2G7c0 сілтемеге кіріп, «еліміздің ең көрікті жерлері» атты бейнематериалды көреді. Берілген сұрақтарға «whatsApp» желісінің аудио қосымшасымен жауап береді.

  • «Қарасаң көз тоймайтын», «көз тартар әсем табиғат» деген ұғымарды қалай түсінесіз?

  • Еліміздің тағы қандай көрікті жерлерін білесіздер ?

  • Міне, сіздер Қазақстанның таңқаларлық керемет жерлерімен таңыстыңыздар. Ендігі кезекте әлем бойынша таңылған таңқаларлық жерлерге кезек берейік.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таңыстырылады.



https://youtu.be/1rmw5d2G7c0




Сабақтың

ортасы


5 минут






4 минут












5 минут


































15 минут






















5 минут
























1 минут

1-тапсырма. Сілтемеге кіріп, мәтінді тыңдаңыз. Ондағы негізгі ойды анықтаңыз.

https://drive.google.com/file/d/1AJ3b4M41MhnQiVqOSGzAYkCU-2yRnKH7/view?usp=drivesdk


Дескриптор:

  • Мәтіңді тыңдайды;

  • Мәтіндегі негізгі ойды аңықтайды;


2-тапсырма. Әлемдегі ең биік ғимарат туралы ойды төмендегі мәліметтермен сәйкестендіріп айтып беріңіз.


Әлемдегі ең биік ғимарат, ән салатын субұрқақ, қонақүйлер мен кеңселер, жаттығу залдары.


Дескриптор:

  • Берілген мәліметтерді тыңдалым мәтінімен сәйкестеңдіреді;

  • Сәйкестендірілген мәліметті айтып береді;



3-тапсырма. «Сканерлеп оқу» әдісі бойынша мәтінді оқыңыз. Бірге, бөлек, дефис арқылы жазылған сөздерді табыңыз.

Айша бибі кесенесі

Ертеде Қарахан атты батыр өмір сүрген деседі. Ол Айша бибі деген қызға ғашық болыпты. Бірақ Айша бибінің әкесі мен Қарахан батыр бір-біріне қас екен. Сол себептен де қызды қолдан алуға үміт етпеген Қарахан бір күні Айша бибіні алып қашады. Сонда әкесі жендеттерін жіберіп, екеуін де өлтіруге бұйырады. Қос ғашық қуғыннан қашып, ұзақ шабады. Шаба-шаба шаршаған Айша бала кезінен өскен жері Аса өзеніне шомылмақ болып, суға түседі. Осы кезде қыздың әкесі жіберген жендеттер Айшаның сәукелесіне улы жылан салып жібереді. Суға шомылып, көңілі шаттанған Айша сәукелесін киген кезде жылан шағып, есінен танып, әлсірей бастайды. Қарахан Айшаны көтеріп алып, жақын маңдағы ауылға апарып, молдаға некесін қидырады. Айша бибінің демі бітіп, батырдың қолында көз жұмады.

Кейін Айша бибінің қайтыс болған жеріне кесене тұрғызылады. Соның қасына батыр да өзіне кесене салғызып, орын қалдыртады. Айша бибі кесенесі XX ғасырдың басында Әулиеата атанған қазіргі Тараз (бұрынғы Жамбыл) қаласының маңында тұр.

(«Ежелгі Қазақстан аңыздары» кітабынан)



Дескриптор:

  • Мәтінді оқиды;

  • Мәтіннен бірге жазылған, бөлек жазылған, дефис арқылы жазылған сөздерді табады;



4-тапсырма. Оқылым мәтінің пайдаланып, берілген кестені толтыр.


Дескриптор:

  • Оқылым мәтінің пайдаланып, берілген кестені толтырады;

  • Кестеге мәтіннің мазмұнынан детальді ақпарат пен қосымша ақпаратты анықтап, шынайы өмірмен байланыстырып жазады;


5-тапсырма

«Қатені тап» әдісі бойынша берілген сөздердегі қателерді тауып, орфографиялық нормасын сақтай отырып, тиісті орындарға жазыңыз.


Айшабибі, Қара хан, кесене, Жұмбақ тас, ТәжМахал, ұлттықсаябақ, Бурабай – көлі, Алакөлкөлі, Ала тау,Рио –де Жанейро, көл, су бұрқақ, биік Ғимарат, кеңсе, жап жасыл, Бурджхалифа.


Жеке жазылатын сөздер

Бірге жазылатын сөздер

Бөлек жазылатын сөздер

Дефис арқылы жазылатын сөздер








Дескриптор:

  • Берілген сөздердегі қателерді табады;

  • Сөздерді орфографиялық нормасын сақтай отырып, тиісті орындарға жазады;


Үйге тапсырма

Оқулықтың 55- бетіндегі 7- тапсырманы орындау.


https://drive.google.com/file/d/1AJ3b4M41MhnQiVqOSGzAYkCU-2yRnKH7/view?usp=drivesdk (тыңдалым)





Оқулық, 54- бет

Қазақ тілі 6 сынып.pdf











Оқулық, 54-55 бет

Қазақ тілі 6 сынып.pdf

































Оқулық, 55- бет

Қазақ тілі 6 сынып.pdf










































Оқулық, 55-бет

Қазақ тілі 6 сынып.pdf





Сабақтың

соңы

5 мин




Рефлексия. «5-5-1» әдісі


Оқушылар сабақ кезінде нені меңгергендері жайлы 5 сөйлем жазады. Одан кейін сол 5 сөйлемді 5 сөзге дейін қысқартады. Соңында 5 сөзді 1сөзге қысқартады. Оқушылар өзінің түйінді сөзін бүкіл сыныппен бөліседі.




Өзіндік талдау:

Күні

Пән,

<

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
5 қаңтар
1440
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі