Материалдар / 6-сынып ТЖБ. қазақ тілі.6-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

6-сынып ТЖБ. қазақ тілі.6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
6-сынып қазақ тілінен 1-тоқсандық жиынтық бағалау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қазан 2024
666
18 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

6-сыныпқа арналған «Қазақ тілі» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Қазақстандағы көрікті жерлер. Лексикография

Ұлттық және отбасылық құндылықтар. Фонетика

Әлемнің жеті кереметі. Лексикография

Бөлім

Оқу мақсаттары

Тапсырма түрлері

Балл

Тыңдалым және айтылым

6.1.4.1 -мәтіннің құрылымдық ерекшелігіне назар аудара отырып, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау.


6.1.2.1 - әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (құттықтау, интервью) көтерілген мәселені талдау.

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

10

Оқылым және әдеби тіл

нормалары

6.2.1.1 - мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтау, түсіндіру


6.2.2.1 -ауызекі сөйлеу және көркем сөйлеудің стильдік ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану


6.4.1.1 - тақырып бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазу

Көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін сұрақтар

10

Жазылым және əдеби

тіл нормалары

6.3.1.1 -әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, қарапайым жоспар құру


6.3.2.1 -жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып мінездеме, құттықтау құрастырып жазу


6.3.4.1 - эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу («келісу, келіспеу» эссесі)


6.4.1.1 -тақырып бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазу

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар.

10


Барлығы

45 минут

30

Тыңдалым мен айтылым

Тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдаңыз, мәтінде көтерілген мәселені анықтап, жұпта талқылаңыз және құрылымдық ерекшелігіне назар аударып, сұрақтарға жауап беріңіз.

Қазіргі таңда республикамызда туризмнің барлық түрлері дамып келеді. Сондықтан болар, демалуға қолайлы ел ретінде Қазақстанның танымалдылығы күн санап артуда. Сонымен еліміздің қай жерлерін міндетті түрде көру керек?

Бірінші орында кіші Швейцария – Бурабай. Ол республикамыздағы ең танымал туристік бағыт саналады. Бұл жердің әсем табиғаты, көптеген қонақүйлері, шипажайлары мен дамыған инфрақұрылымы демалушыларға ұмытылмас әсер сыйлайды. Сондықтан болар бұл жер халық арасында екінші Швейцария деп аталып кеткен. Бұл жерде демалып қана қоймай, ем қабылдауға да бар жағдай жасалған. Бурабайда демалып үлгерсеңіз, онда Ұлы Жібек жолы бойымен экскурсиялық саяхатқа аттануға болады. Бұл бағыт ең танымал және тарихи маңызды орындар арқылы өтеді. Жол бойында қазақ халқының бірегей сәулет және археологиялық ескерткіштері, атап айтсақ, Айша-Бибі, Бабаджа қатын, Қарахан кесенелері орналасқан. Осы жерлерден ерекше рухани күш алуға болады.

Қазақстанда көз тартар көрікті жерлер, тарихи мекендер жеткілікті. Атап айтсақ, Шарын шатқалы мен Шарын өзені, Ақсай шатқалы, Алакөл мен Балқаш көлдері, Шымбұлақ курорты, Қорғалжын қорығы, Зайсан көлі, Марқакөл қорығы, Қатон-Қарағай ұлттық саябағы, Жидебай-Бөрілі қорық-мұражайы. Әрине, бұл тізімді жалғастыра беруге болады. Халқымыздың пейілі сияқты кең, көңілі сияқты дархан даламызда жабайы табиғатпен қауышып, рухани азық алып, жері, суы мен ауасының шипасын көруге мүмкіндік бар. Одан

басқа не керек?

1. Мәтін қанша бөлімнен тұрады? /3/

A)І

B) ІІ

C) ІІІ

D)ІV

2. Мәтіннің кіріспе бөлімінде не туралы айтылады? /3/

A)Демалушыларға жасалған жағдай туралы

B) Еліміздің әлемге әйгілі сұлу жерлері туралы

C) Еліміздің саяхат саласының өркендеуі туралы

D)Тарихи маңызды орындардың өркендеуі туралы

3. Мәтіннің негізгі ойы қандай? /3/

A)Ем қабылдайтын демалыс орындарын жетілдіру керек.

B) Жер аумағы халқымыздың ниеті тәрізді өте кең.

C) Қазақ елінде демалатын әсем жерлер баршылық.

D)Тарихи жәдігерлерді қалпына келтіруге көмек қажет.


Мәтіндегі көтерілген мәселені анықтаңыз. /1/

___________________________________________________________________________________________

Оқылым

Тапсырма.

  1. Мәтіндерді мұқият оқып, стилін ондағы сөздер арқылы анықтап, дәлелдеңіз. Асты сызылған сөздер мен мағынасы таныс емес сөздердің мағыналарын ажырату арқылы мәтіндерді түсініп оқы. Берілген сөздер қандай стильге тән?

А мәтіні.

Үй іші қоңыр салқындау екен. Әжем қос сабаумен тулақты кезек-кезек тарсылдатып жүн сабап отыр. Сабау дыбысына құлақ тоссаң, әлдебір әуен сазы сезіледі. Екі әпкем мен жиен қызымыз біреуі жүн тасып, екіншісі тулаққа төсеп, үшіншісі ұршық иіріп, көмектесіп жүр... Мен дүниені көшіріп жіберердей ентелей келіп, әжемнің иығынан сілкілей беріппін.

- Әже, әже-е-е, не үйренгенімді айтып берейінші-і-і.

- Әу, құлыным –ау-у, сабыр етші. Мен жүнімді сабап болайын. Сонан соң асықпай тыңдаймын ғой,- деді әжем еркелетіп. Енді менің екпінім бәсеңдеп, әжемнің қасына отыра кеттім де, жүн шашып ойнай бастадым.

Ә мәтіні.

Әжем менімен кішкене күнімнен сырлас. Екеуміз оңаша қалғанымызда өткен-кеткенімізді айтып, үш ұл, бір қызды қалай адам ғып өсіргенін әңгімелейтін. Мен әжемнің көрген бейнетіне, кереметтей төзімділігіне жаным аши отырып, сүйсінемін. Сондайда қолымна келсе, әжемді үлде мен бүлдеге орап, тырп еткізбестен төрге төрт қабат көрпенің үстіне отырғызып қойсам деп арман етуші едім. Менің осы ойымды жақсы ұғатын әжем: -Қозым, қозы-ы-ым... Сенің осы айтқаныңның өзі –ақ маған үлде мен бүлде емес пе?! Айналды-ы-ым сенен! Басқасы тегіс жиналып бір төбе болғанда, сен өзің бір төбе емессің бе маған?!- деп еміренетін.

/3/

Мәтіннен мысалдар

Мағынасы

Қандай стильде қолданылған?

Қоңыр салқындау




- Әже, әже-е-е




- Әу, құлыным –ау-у, сабыр етші.




Жаным аши отырып, сүйсінемін




Үлде мен бүлдеге орап




-Қозым, қозы-ы-ым...




Айналды-ы-ым сенен!




Сен өзің бір төбе емессің бе маған?!-




  1. Сұрақтарға жауап беру арқылы детальді ақпараттарды анықтап, түсіндіріңіз. /3/


  • Қоңыр салқын үйде әжесі қандай іспен айналысып отыр? _______________________________________

___________________________________________________________________________________________

  • Әжесіне кімдер көмектесіп жүр?____________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________

  • Әжесі екеуі оңаша қалғанда не туралы әңгіме қылатын?________________________________________

___________________________________________________________________________________________

  • Ол не себепті әжесіне жаны ашып, сүйсінетін?________________________________________________

___________________________________________________________________________________________

  1. Берілген түбір сөздерден біріккен сөз жасаңдар. /4/

Зейнет, баспа, кәсіп, ит, сегіз, көз, сүт, ас, мұрын, қазан, тоқ, қашан, бет, ашар, қатынас, орын, ақы, қоректілер, сөз, еш, ара, соқыр, инфра, теке, сақал, қызыл, ақ, ішек. ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________

Жазылым


Жағдаятты мұқият оқып, отбасы мүшесінің біріне арнап құттықтау жазыңыз. Құттықтаудың

стильдік ерекшелігін, құрылымын еске түсіріңіз. Тақырып бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазыңыз. [10]

Әке, ана, бауырларыңыз - сіздің отбасыңыздағы ең құрметті жандар. Олардың үйде орындары да ерекше. Бір қызығы, бүгін сіздің үйде бірнеше адамның туған күні қатар келіп тұр. Сіз біреуіне қолдан сыйлық жасасаңыз, біреуіне арнап құттықтау жазамын деп шештіңіз. Ендеше іске сәт!

Балл қою кестесі

Тыңдалым және айтылым

Балл

Коммуникативтік құзыреттілік

Грамматикалық құзыреттілік

10-9

Мәтінде көтерілген мәселені терең түсінгендігін көрсетеді, көтерілген мәселені анықтап, жұпта талқылайды және құрылымдық ерекшелігіне назар аударып, сұрақтарға жауап береді. Сұрақтарға жауап беруде өз жауабын мәтінмен, басқа да дереккөздердегі ақпараттармен байланыстырып, ұтымды жеткізеді.

Ойын аяқталған, толық сөйлемдермен жеткізеді. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық дағдыны өте жақсы қолданады. Сөздік қоры мол. Паразит сөздер мен қайталаулары жоқ. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді өте орынды, тиімді пайдаланады.

8-7

Мәтінде көтерілген мәселені жақсы түсінгендігін көрсетеді, көтерілген мәселені анықтап, жұпта талқылайды және құрылымдық ерекшелігіне назар аударып, сұрақтарға жауап береді. Сұрақтарға жауап беруде өз жауабын мәтінмен, басқа да дереккөздердегі ақпараттармен байланыстырып, ұтымды жеткізеді.

Ойын аяқталған, толық сөйлемдермен жеткізеді. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық дағдыны жақсы қолданады. Сөздік қоры жеткілікті. Паразит сөздер мен қайталаулар аздап кездеседі. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді орынды пайдаланады.

6-5

Мәтінде көтерілген мәселені орташа түсінгендігін көрсетеді, көтерілген мәселені анықтап, жұпта талқылауда белсенділігі төмен. Мәтіннің құрылымдық ерекшелігін талдайды, сұрақтарға жауап беруде қиналады.

Ойын кейде аяқталған, аракідік синтаксистік құрылымы сақталмаған сөйлемдермен жеткізеді. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық қателері кездеседі. Сөздік қоры қанағаттанарлық. Паразит сөздер мен қайталаулары кездеседі. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді орынды, орынсыз пайдаланады.

4-3

Мәтінде көтерілген мәселені орташа түсінгендігін көрсетеді, көтерілген мәселені анықтауда қиналады, жұпта құрылымдық ерекшелігіне талқылау жасайды, сұрақтарға жауап беруде қиналады. Жауабын жүйесіз жеткізеді.

Ойын көп жағдайда аяқтамайды, жай сөйлемдерді, қарапайым синтаксистік құрылымдарды қолданады. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық қателері жиі кездеседі. Сөздік қоры күнделікті ауызекі лексикадан тұрады. Паразит сөздер мен қайталаулары жиі кездеседі. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді орынсыз пайдалануы жиі кездеседі.

2-1

Мәтінде көтерілген мәселені мүлдем түсінбеген, көтерілген мәселені анықтауда қиналады, жұпта құрылымдық ерекшелігіне талқылау жасай алмайды, сұрақтарға жауап беруде қиналады. Жауабын жүйесіз жеткізеді.

Ойын аяқтамайды, қарапайым синтаксистік құрылымдармен шектеледі. Грамматикалық дағдылары жетіспегендіктен, ой мен ойы байланыспайды, жүйе жоқ. Паразит сөздер мен қайталаулары негізгі лексикадан басым.


Оқылым

1-тапсырманың балл қою кестесі

Р/С

Мәтінге қарапайым жоспар құру

Балл

1

Мәтіндерді мұқият оқып, стилін ондағы сөздер арқылы анықтап, дәлелдейді.

1

2

Асты сызылған сөздер мен мағынасы таныс емес сөздердің мағыналарын ажыратады.

1

3

Берілген сөздердің стилін анықтайды.

1

4

Сұрақтарға жауап беру арқылы детальді ақпараттарды анықтайды.

1

1

1

5

Берілген түбір сөздерден біріккен сөз жасайды.

1

1

1

1


Барлығы

10





Жазылым

Балл

Сипаттамасы

9-10

Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен көркем тіл құралдары орынды қолданылған. Ойын еркін әрі толық жеткізеді, күрделі әсерлерді жеткізе алады, техникалық қателерді жібермейді.

7-8

Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен тіл құралдары үйлесімді түрде қолданылған. Ойын анық әрі еркін білдіруі тиісті әсерді береді, жіберілген кейбір техникалық қателер түсінуді қиындатпайды.

5-6

Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен кейбір сипаттау құралдары қолданылған.

Ойын анық білдіреді, бірақ бір сарыннан шықпайды, техникалық қателер (мәтіндегі сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) жалпы әсерді бұзады.

3-4

Құрылымы жүйесіз немесе анық емес, нақты суреттеу мен қарама- қайшылықтарды баяндау қабілеті жетіспейді.

Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады, жиі техникалық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) жібереді.

1-2

Көркем тіл құралдары аз қолданылған немесе мүлдем қолданылмаған.

Сөздер кейде анық емес, техникалық және құрылымдық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді.



Дұрыс жауаптар


Тыңдалым мен айтылым

Тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдаңыз, мәтінде көтерілген мәселені анықтап, жұпта талқылаңыз және құрылымдық ерекшелігіне назар аударып, сұрақтарға жауап беріңіз.

Қазіргі таңда республикамызда туризмнің барлық түрлері дамып келеді. Сондықтан болар, демалуға қолайлы ел ретінде Қазақстанның танымалдылығы күн санап артуда. Сонымен еліміздің қай жерлерін міндетті түрде көру керек?

Бірінші орында кіші Швейцария – Бурабай. Ол республикамыздағы ең танымал туристік бағыт саналады. Бұл жердің әсем табиғаты, көптеген қонақүйлері, шипажайлары мен дамыған инфрақұрылымы демалушыларға ұмытылмас әсер сыйлайды. Сондықтан болар бұл жер халық арасында екінші Швейцария деп аталып кеткен. Бұл жерде демалып қана қоймай, ем қабылдауға да бар жағдай жасалған. Бурабайда демалып үлгерсеңіз, онда Ұлы Жібек жолы бойымен экскурсиялық саяхатқа аттануға болады. Бұл бағыт ең танымал және тарихи маңызды орындар арқылы өтеді. Жол бойында қазақ халқының бірегей сәулет және археологиялық ескерткіштері, атап айтсақ, Айша-Бибі, Бабаджа қатын, Қарахан кесенелері орналасқан. Осы жерлерден ерекше рухани күш алуға болады.

Қазақстанда көз тартар көрікті жерлер, тарихи мекендер жеткілікті. Атап айтсақ, Шарын шатқалы мен Шарын өзені, Ақсай шатқалы, Алакөл мен Балқаш көлдері, Шымбұлақ курорты, Қорғалжын қорығы, Зайсан көлі, Марқакөл қорығы, Қатон-Қарағай ұлттық саябағы, Жидебай-Бөрілі қорық-мұражайы. Әрине, бұл тізімді жалғастыра беруге болады. Халқымыздың пейілі сияқты кең, көңілі сияқты дархан даламызда жабайы табиғатпен қауышып, рухани азық алып, жері, суы мен ауасының шипасын көруге мүмкіндік бар. Одан

басқа не керек?

1. Мәтін қанша бөлімнен тұрады? /3/

A)І

B) ІІ

C) ІІІ

D)ІV

2. Мәтіннің кіріспе бөлімінде не туралы айтылады? /3/

A)Демалушыларға жасалған жағдай туралы

B) Еліміздің әлемге әйгілі сұлу жерлері туралы

C) Еліміздің саяхат саласының өркендеуі туралы

D)Тарихи маңызды орындардың өркендеуі туралы

3. Мәтіннің негізгі ойы қандай? /3/

A)Ем қабылдайтын демалыс орындарын жетілдіру керек.

B) Жер аумағы халқымыздың ниеті тәрізді өте кең.

C) Қазақ елінде демалатын әсем жерлер баршылық.

D)Тарихи жәдігерлерді қалпына келтіруге көмек қажет.


Жауаптары:

1-D

2-C

3-C

Мәтіндегі көтерілген мәселені анықтаңыз. /1/

Еліміздегі танымал туристік бағыттар.

Оқылым

Тапсырма.

  1. Мәтіндерді мұқият оқып, стилін ондағы сөздер арқылы анықтап, дәлелдеңіз. Асты сызылған сөздер мен мағынасы таныс емес сөздердің мағыналарын ажырату арқылы мәтіндерді түсініп оқы. Берілген сөздер қандай стильге тән?

А мәтіні.

Үй іші қоңыр салқындау екен. Әжем қос сабаумен тулақты кезек-кезек тарсылдатып жүн сабап отыр. Сабау дыбысына құлақ тоссаң, әлдебір әуен сазы сезіледі. Екі әпкем мен жиен қызымыз біреуі жүн тасып, екіншісі тулаққа төсеп, үшіншісі ұршық иіріп, көмектесіп жүр... Мен дүниені көшіріп жіберердей ентелей келіп, әжемнің иығынан сілкілей беріппін.

- Әже, әже-е-е, не үйренгенімді айтып берейінші-і-і.

- Әу, құлыным –ау-у, сабыр етші. Мен жүнімді сабап болайын. Сонан соң асықпай тыңдаймын ғой,- деді әжем еркелетіп. Енді менің екпінім бәсеңдеп, әжемнің қасына отыра кеттім де, жүн шашып ойнай бастадым.

Ә мәтіні.

Әжем менімен кішкене күнімнен сырлас. Екеуміз оңаша қалғанымызда өткен-кеткенімізді айтып, үш ұл, бір қызды қалай адам ғып өсіргенін әңгімелейтін. Мен әжемнің көрген бейнетіне, кереметтей төзімділігіне жаным аши отырып, сүйсінемін. Сондайда қолымна келсе, әжемді үлде мен бүлдеге орап, тырп еткізбестен төрге төрт қабат көрпенің үстіне отырғызып қойсам деп арман етуші едім. Менің осы ойымды жақсы ұғатын әжем: -Қозым, қозы-ы-ым... Сенің осы айтқаныңның өзі –ақ маған үлде мен бүлде емес пе?! Айналды-ы-ым сенен! Басқасы тегіс жиналып бір төбе болғанда, сен өзің бір төбе емессің бе маған?!- деп еміренетін.

/3/

Мәтіннен мысалдар

Мағынасы

Қандай стильде қолданылған?

Қоңыр салқындау

Көңілге жағымды салқын

Көркем сөйлеу

- Әже, әже-е-е

Дыбыс интонациясы қолданылу арқылы қолданылған қаратпа сөз.

Ауызекі сөйлеу стилі

- Әу, құлыным –ау-у, сабыр етші.

Немересін еркелету мақсатында «құлыным» деген қаратпа сөзді қолданған.

Ауызекі сөйлеу стилі

Жаным аши отырып, сүйсінемін

«Жаны ашу» тұрақты тіркес аяушылық деген мағынаны білдіреді.

Көркем сөйлеу

Үлде мен бүлдеге орап

барынша жақсы киіндіріп, әлпештеп бақты.

Көркем сөйлеу

-Қозым, қозы-ы-ым...

Немересін еркелету мақсатында «қөзым» деген қаратпа сөзді қолданған.

Ауызекі сөйлеу стилі

Айналды-ы-ым сенен!

Еркелету, аялау.

Ауызекі сөйлеу стилі

Сен өзің бір төбе емессің бе маған?!-

Мен үшін сенің орның бөлек деген мағынада.

Көркем сөйлеу


  1. Сұрақтарға жауап беру арқылы детальді ақпараттарды анықтап, түсіндіріңіз. /3/


  • Қоңыр салқын үйде әжесі қандай іспен айналысып отыр? _______________________________________

___________________________________________________________________________________________

  • Әжесіне кімдер көмектесіп жүр?____________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________

  • Әжесі екеуі оңаша қалғанда не туралы әңгіме қылатын?________________________________________

___________________________________________________________________________________________

  • Ол не себепті әжесіне жаны ашып, сүйсінетін?________________________________________________

___________________________________________________________________________________________

  1. Берілген түбір сөздерден біріккен сөз жасаңдар. /4/

Зейнет, баспа, кәсіп, ит, сегіз, көз, сүт, ас, мұрын, қазан, тоқ, қашан, бет, ашар, қатынас, орын, ақы, қоректілер, сөз, еш, ара, соқыр, инфра, теке, сақал, қызыл, ақ, ішек.

Ақсақал, соқыртеке, зейнетақы, баспасөз, кәсіпорын, итмұрын, сегізкөз, сүтқоректілер, асқазан, асқазан, тоқішек, ешқашан, беташар, арақатынас, инфрақызыл.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Жазылым


Жағдаятты мұқият оқып, отбасы мүшесінің біріне арнап құттықтау жазыңыз. Құттықтаудың

стильдік ерекшелігін, құрылымын еске түсіріңіз. Тақырып бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазыңыз. [10]

Әке, ана, бауырларыңыз - сіздің отбасыңыздағы ең құрметті жандар. Олардың үйде орындары да ерекше. Бір қызығы, бүгін сіздің үйде бірнеше адамның туған күні қатар келіп тұр. Сіз біреуіне қолдан сыйлық жасасаңыз, біреуіне арнап құттықтау жазамын деп шештіңіз. Ендеше іске сәт!

Құрметті ...

Сені туған күніңмен шын жүректен құттықтаймын, ойлаған арманыңа жетуіңе тілектеспін. Сені тек биіктерден көрейік. Қадамыңа - гүл, келбетiңе - нұр, қиялыңа қанат бiтсiн! Саған құт-береке, бейбiт күннің арайлы шуағы мейлiнше төгiле түссiн, басыңа - амандық, денiңе - саулық, ұзақ ғұмыр тiлеймiн, арманың - асқақ, шығар биiгің асқаралы болсын! Әрдайым құшағың - гүлге, қадамың нұрға тола берсiн! Бақытты өмiр сүруiңе шын жүректен тiлектеспiн!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!