400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

6 сынып. VI – IX ғғ. Қазақстан_Қимақ қағанаты

Материал туралы қысқаша түсінік
• Қала мәдениетінің қалыптасуына әсер ететін негізгі факторларды сипаттау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ тақырыбы: Қимақ қағанаты (2-сабақ)


Зерттеу сұрағы: Қимақтарда қалалық мәдениетінің дамуын қандай деректер дәлелдейді?

Мектеп: «Облыстық туберкулезге қарсы диспансер» ШЖҚ МКК жанындағы шағын-жинақталған мектебі

Уақыты:

Мұғалімнің аты - жөні:Алдабергенова Мейрамгул Сериккалиевна

Сынып:

Қатысқан оқушылар саны: 15

Қатыспағандар:0

Сабақтың

мақсаты

Оқушылар:

  • Ұлы Жібек жолының қала мәдениетіне тигізген ықпалын сипаттайды;

Осы сабақ арқылы

жүзеге

асырылатын оқу

мақсаттары

6.4.2.1 Ұлы Жібек жолының қала мәдениетінің дамуына әсерін анықтау;

6.4.1.1 көшпелілер мен отырықшылар арасындағы өзара экономикалық байланыстарын анықтау


Бағалау критерилері

  • Қала мәдениетінің қалыптасуына әсер ететін негізгі факторларды сипаттау;

  • Көшпелілерде дамыған қолөнер мен сауданың түрлерін анықтау;

Тілдік мақсаттар


«Ерте және орта ғасырлардағы қазақ жерінде қала мәдениеті болған» бейнебаянын қарайды және талқылайды (тыңдалым және айтылым дағдысы);

Мәтін мен дерекке қойылатын сұрақтарға жауабын анықтайды (оқылым дағдысы);

«Көшпелі мен қала мәдениетінің айырмашылығы неде?» тақырыбына шағын эссе жазады (жазылым дағдысы).

Ақпараттық мәтіндер мен тарихи деректерді зерттеу жұмысын жүргізу барысында топта жұмыс жасайды, және де сонымен бірге, сынып алдында ауызша түрде өз жұмысының нәтижесін (оқылым дағдысы, айтылым, тыңдалым және жазылым дағдысы).

Пәндік лексика мен терминология:

Көшпелі, Ұлы Жібек жолы, шикізат, киіз, ябғу, айырбас, сауда.

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Дерекөздің негізінде келесі қорытынды жасауға болады:...

Бірқатар факторлар келесі факторларға әсер етті, мысалы...

Ең басты өзгерістер болды…

оған қарағанда маңыздырақ болды, өйткені…

Бұл оқиға /өзгеріс маңызды болды / айтарлықтай, өйткені…

Біздің анықтағанымыз...

Қорытындысында...

Біздің тобымыздың ойынша....

…оқиға мен үшін маңызды өйткені…

Тарихи маңыздылықтың критерийлеріне кіреді: атақты / есте қалатын / жаңғырық /нәтижелі / айрықша, мәнді.

Қандай фактілер, дәйектер мұны дәлелдей алады?

Құндылықтарды дарыту

Құндылықтар:

- патриотизм

- ұлттық сана-сезім

- тәуелсіздік

- қазақ зиялыларын мақтан тұту.

АКТ

дағдыларының дамуы

Ақпарат іздеу мақсатында интернет сайттарымен жұмыс жасау

Пәнаралық

байланыс

Қимақтардың сыртқы саясатын талдау барысында Дүние тарихы пәнінен алынған білім пайдаланылады. Кескін картаға Қимақ қағанатының қалалары мен территориясын енгізген кезде география пәнінен алынған білімдерін пайдаланады;

Алдыңғы меңгерілген білім


Оқушылар өткен сабақта Қимақ қағанатының ішкі және сыртқы саясатын зерттеген болатын. Сонымен бірге, олар қимақтардың этникалық құрамын, территориясын, шаруашылығы мен мәдениетін қарастырған болатын.

Сабақ барысы

Сабақтың қезеңдері

Сабақта орындалатын іс - әрекеттер


Оқыту ресурстары

Басы


10 минут

БЫМ Оқушылардың назарына «Ерте және орта ғасырлардағы қазақ жерінде қала мәдениеті болған» атты жаңалықтар бейнематериалына аудартыңыз. Сыныппен бейнебаян төңірегінде талқылау жүргізіп, оларға жаңа тақырыпқа жетелейтін сұрақтар қойыңыз:

  • Қандай мәселе бейнематериалда қарастырылды?

  • Қандй ой-түйін жасауға болады?

  • Көшпелілерде қала мәдениетінің болғандығына қандай дәлелдер келтіруге болады?

Б Оқушылар өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді.

М Презентацияның көмегімен оқушыларды жаңа тақырыппен, оқу мақсаттарымен және бағалау критерилерімен таныстырыңыз.

«Ерте және орта ғасырлардағы қазақ жерінде қала мәдениеті болған» бейнематериал https://www.youtube.com/watch?v=6mffe6clV1Y



Презентация



Ортасы


20 минут



ЗЕРТТЕУ және ТАЛДАУ

Зерттеу сұрақтары:

  • Көшпелі қимақтарда қала мәдениетінің дамуына әсер еткен қандай факторлар бар?

М Зерттеу жұмысын іске асыру үшін сыныпты 3 топқа бөліп, түпдеректермен жұмысты ұйымдастырыңыз.

Т Топтарға Қимақ қағанатындағы сауда мен қала мәдениетінің дамуы жөніндегі мәтін таратылады (Қосымша 1). Әрбір топ мәтіндегі берілген деректерге байланысты келесі тапсырмаларды орындайды:

Мәтінге арналған сұрақтар:

1. Көшпелі өмір салтын отырықшыдан айыратын 2-3 факторды анықтаңыз.

2. Қазақстан жеріндегі ортағасырлық дәуірдегі қала мәдениетінің дамуына ықпал еткен кем дегенде 3 дәлелді келтіріңіз.

3. Ортағасырлық қимақтардың тұрмысының ерекшеліктерін анықтаңыз.

Т Топтар өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушылар бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады. Мұғалім кері байланыс жасайды.

Интерпретация

Тапсырма №2.

Ж Келесі кезеңде оқушыларға деректерден үзінділер келтіріп, талдау жасауды өтініңіз. Әрбір топқа деректі ұсыныңыз (Қосымша 2). Пирамиданы (Қосымша 3) толтыру арқылы дерекке талдау жасайды:

1. Деректің мазмұны. 1 сөйлемнің көлемінде қысқаша сипаттама.

2. Негізгі оқиғалар

3. Негізгі ой

4. Тұлғалардың есімдері

5. Өңірлердің атаулары/географиялық түсіндірулер

6. Қорытынды

7. Сұрақтар.

М Әрбір топ өз жұмысының нәтижесін келтіреді. Сұрақ-жауап ұйымдастырыңыз. Оқушылар бір-бірінің жауаптарын толықтырып отыруына мүмкіндік беріңіз.


Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінгі дейін). Бес томдық. ІІ т. – Алматы: «Атамұра», 2010 ж.


Қазақстан тарихы туралы Қытай деректемелері. IV-том. Әулеттік тарихи жылнамалар. 2-бөлім. –  Алматы: Дайк –Пресс, 2006. – 480 б.


Бичурин  Н.Я.   Собрание  сведений  о  народах,

обитавших в Средней Азии  в  древние  времена.

(Научное  издание)  -  Т.1. -  ТОО  «Жалын  баспасы», 1998.


Байпаков  К. М. Средневековая

городская  культура  Южного

Казахстана  и

Семиречья  (VI— начало  XIII  в.).—Алма-Ата,  Наука  КазССР, 1986.

Соңы

10 минут


Рефлексия

«Табыс сатысы» әдісі:

1-баспалдақ. Мен...........білемін

2-баспалдақ. Мен............түсіндім

3-баспалдақ. Мен............жасай аламын

Үй жұмысы

«Көшпелі мен қала мәдениетінің айырмашылығы неде?» тақырыбына шағын эссе (50-60 сөз) жазады.

Стикерлер

Қосымша ақпарат

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-ны қолдану

Құндылықтармен байланыс

(тәрбие элементі)


Коммуникативті дағдыларын дамыту мақсатында құрылған топтар/жұптар қабілеті төмен оқушыларды қабілеті жоғары оқушылардың қолдау көрсетуін меңзейді. Мұғалім талқылау үрдісі кезінде барлық оқушылардың бірегей қатысуын қадағалау тиіс.

Дәйекті дәлелдерге ғана негізделген қорытындыға жетудің мағынасының мәні, сыныптағы қабілеті төмен оқушы дәлелдерге негізделе отырып кем дегенде өзінің ойын білдіре алады, ал қабілеті жоғары оқушы тәуелсіз, негізгі жауап береді.


Топтар арасында жұмыс жасау, талқылауды тыңдау немесе талқылауға көмек беру, қажетіне қарай топтар немесе жеке оқушыларға қолдау көрсету.


Талқылауды бақылауда оқушылардың Қимақ қағанаты туралы деректердің маңызын түсінудің деңгейін бағалау



Қимақ қағанатын зерттеу арқылы оқушылардың бойында патриотизм, ұлтжандылық қасиеттері қалыптастырылады.

Рефлексия


Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақ бағанда келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:


2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 ақпан
710
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі