жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
6 сынып.Мұхит суының қозғалысы.
Алматы қыз балалар «Білім-Инновация» лицейі
география пәні мұғалімі
Кенжебаева Жанна Онгарбековна
6 сынып
Мұхит суының қозғалысы. Мұхит ағыстары.
Сабақ мазмұны: Мұхиттвғы су қозғалысы. Мұхиттағы жылы және суық ағыстар. Картадағы ағыстардың бейнеленуі.
Мақсаты: Жылы және суық ағыстарға түсінік беру. Толқындардың негізгі түрлерімен таныстыру. Толысу қайту толқындарының пайда болу себебін түсіндіру.
Көрнекілік: Жарты-шарлар картасы. Глобус. Эоектронды оқулық. Желдеткіш. Су құйылған жайпақ ыдыс, температура мен тұздылық белгілері жазылған белгілер.
Сабақ барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Түсініктер мен заңдылықтарды ұғынуға арналған тапсырма
Тұздылыққа әсер ететін факторларды ата
Картаға әртүрлі мұхиттағы, әртүрлі ендіктегі температура мен тұздылықтарды көрсететін белгілерді ілу: (карта осы жерге келеді)
а) Атлант мұхитындағы, Үнді, Тынық мұхиттарындағы экватор бойындағы температура мен тұздылық қандай?
ә) Тропиктік белдеудегі тұздылық пен температураны белгіле.
Қызыл теңіз бен Парсы шығанағындағы температура мен тұздылықтың ерекшелігі неде?
Қоңыржай белдеудегі Тынық және Атлант мұхитындағы температура мен тұздылықты көрсет.
Солтүстік мұзды мұхит пен Оңтүстік поляр шеңберіндегі температура мен тұздылық қандай?
Жерорта теңізінің қай бөлігінде тұздылық жоғары, қай бөлігінде төмен, себебі?
Қара және Қызыл теңіздегі тұздылықтың әртүрлі болу себебі?
Не себептен экваторлық белдеуде мұхит түбінде температура төмен? Ең түбінде t˚ үнемі 0˚. Себебі поляр маңындағы суық су төмен түсіп, барлық түбіне полюстерден жкваторға қарай таралады.
Зеректілікті тексеру үшін арналған тапсырма.
Есептеп шығар. Егер теңіз суының 10 тоннасынан 250кг тұз алынса, онла 1т теңіз суында қанша грамм тұз бар?
Жалпылама сұрақ.
Балалар ойларын жинақтап болғанша, барлығымыз бірігіп жұмыс істеп көрелік.
Тақтаға сөздер жазылады (немесе экранға шығады)
Тұздылық
Промилле
Мұз
Пайыз
Теңіз суы
Оқушының оқыған жауабынан осы сөздерге сәйкес анықтаманың жауабын табыңдар.
Кез келген шаманың мыңнан бір бөлігі (промилле)
Полярлықтар ауыз су ретінде пайдаланады (мұз)
Суда еріген тұз мөлшері (тұздылық)
Қанша шөлдесенде ішуге келмейтін су (теңіз суы)
Жана сабақ
Бүгін біз толқындар жайлы, оның пайда болуы және түрлері туралы айтамыз. Толқын дегеніміз не?
Дәптерлеріңе қарындашпен толқынның суретін салыңдар
Енді оқулықтағы толқынның суретімен салыстырыңдар.
Өздеріңнің суреттерінде не жетіспейді? (Әрине атаулары, яғни толқынның жалы, толқын биіктігі, толқын табаны, толқынның ұзындығы)
Суреттеріңе белгілеп жазып койыңдар.
Өз сөздеріңмен анықтама беруге тырысыңдар. «жал», «табан», «толқын ұзындығы»-? (Толқын қыры немесе жалы толқынның ең биік нүктесі, яғни төбесі толқын табаны-толқынның ең төменгі нүктесі, толқын ұзындығы-іргелес екі жалы немесе іргелес екі толқын табаны арасындағы қашықтық, толқын биіктігі- толқын жалы мен толқын табаны арасындағы қашықтық)
Толқын қалай пайда болады?
Бұл жағдайда көз алдымызға келтіру үшін су құйылған ыдысты алып тәжірибе жасалық . Бұл ыдыстағы су-мұхит немесе теңіз. Енді не істеу қажет? (Үрлеу қажет)
Мұғалім желдеткішті қосады. Су бетіндегі шымырлаған бұйра толқындар пайда болады. Бұдан толқынның пайда болуы желге байланыстылығы жайлы қорытынды шығаруға болады. Шымырлай мен көбік ашқан жалдар желдің әрекетінен пайда болады. Желдің күші артқан сайын, оның толқындары күшейеді.
Су бетінің тыныштығын бұзу үшін не істеуіміз қажет. (Алақанмен соғу қажет)
Атмосфералық қысымның айырмасынан ірі толқындар пайда болады.
Тағы да қандай қандай судың қозғалысын туғызады (ыдысты шайқау)
Қандай табиғи құбылыс дәл осындай толқын тудырады? (жер сілкіну)
Бұндай толқындар қалай аталады? (цунами)
Цунами: жапон тілінде "цу"-толқын, "нами" –қайнау яғни,қайнауға соғылған толқын.
Оқулықтағы мәтінді пайдалана отырып, мынадай сұрақтарға жауап беріңдер: Цунами қандай жылдамдықпен қозғалады? Ол қандай апаттар туғызады?
Сендер бір ешкім тұрмайтын аралда отырмыз деп есептеңдер. Жағалаудың барлығын айналып өтпекші болдыңдар. Енді өздерің көргендеріңді, яғни толқынның жағалауға байланысты қалай қозғалып жатқанын сызып көрсетіңдер
Жел қайда соғады? Ерекшенені байқадыңдар? (Жел бірбағытта,ал толқынадар
жағаға қараға қозғалады.)Не себептен? Бұнда толқындар қалай аталады?
(соқпа толқын)
Толқынның төменгі жағы теңіз түбіне тиеді де бөгеледі, ал жоғарғы жағы жағаға соғылады. (соқпа толқын)
Мұғалім тақтаға сурет салып түсіндіреді.
Теңіз толқынының жалы
Егер толқын үстіне жеңіл, суға батпайтын зат тастаса, ал су бетінде жоғары төмен қозғалып бір орында тұрады. Одан қорытынды толқындар бірінің орнын бірі басқанымен, жалпы су массасы араласпайды.
Тапқышбектер үшін сұрақ
Егер толқындағы су жоғары төмен ғана қозғалса, яғни горизанталь бағытта қозғалмаса, онда Робинзон Крузо болған аралдың жағасына ұста құралдары салынған сандық қалай жетті? (Соқпа толқынның әсерінен)
Ал енді келесі толқынның түрін білу үшін хабарлама тыңдап көремін.
Оқушылар хабарламасы.
Экранға сурет шығады. (75 бет «Жер ғаламшары)
Мұхиттың кейбір бөліктерінде тәулік ішінде екі рет су жағалауды басып ілгері жылжиды, екі рет керісінше су 10-20 см-ге кейін шегініп, су астындағы тастар су бетіне шығып, су жағалауындағы жартастардың түбі көрініп жатады. Ертегілердегідей бейне бір дәу суды ұрттап сорып алып, қайта жіберіп жатқандай, немесе теңіз кеудесін керіп дем алып, ауаны жұтып кейін шығарып жатқандай. Бұдан 2000 жыл бұрын адамдар судың бұндай құбылысын Айдың жаңарып, толу фазаларына сәйкестірген, ал 1687 жылы Исаак Ньютон әлемнің тартылыс күшін анықтаған ғылыми тұрғыда дәлелдеді. Бұл заң бойынша барлық денелер бір-біріне тартылады, Ай мұхит суын өзіне тартқанда, жердің Айға қараған жағыда тарту күші көп, судың толысу құбылысы байқалады.
Ең биік толысу Күн, Ай және Жер бірдей деңгейде болғанда пайда болады. Бұл аспан денелерін қосатын сызық тік бұрыш құраған кезде толысудың ең төменгі белгісі анықталады.
Оқулықтан Жер бетінде қай жерде ең биік толысу толқыны болатынын тауып оқыңдар.
IV.Бекіту.
Бүгінгі сабақта ең қызық, таң қаларлық қандай жағдайлар болды?
Кестені толтырыңдар. (Жауабына + немесе – қойыңдар)
№ |
Сипаттама |
толысу |
қайту |
тайфун |
цунами |
Соқпа толқын |
1 |
Айдың тарту күшіне байланысты |
+ |
+ |
- |
- |
- |
2 |
Үнемі қайталанып отырады |
- |
- |
- |
- |
+ |
3 |
Жер сілкінуден пайда болады |
- |
- |
- |
+ |
- |
4 |
Апатты жағдайларға ұшыратады |
- |
- |
+ |
+ |
- |
5 |
Сейсмикалық белсенді белдеуде пайда болады |
- |
- |
- |
+ |
- |
6 |
Жағалауда ғана пайда болады |
- |
- |
- |
- |
+ |
Сөз жұмбақты шеш
Ж
ағалауға соғылған толқын Жер сілкінуден пайда болатын толқын
Тынық мұхитында пайда болатын сұрапыл дауыл
Толқынның ең биік төбесі
Ең үлкен су айдыны
Зерекшілерге сұрақ
Толысу және қайту кезінде жағалауда қандай өзгеріс болады?
Үйге тапсырма: §41. 118 беттегі сұрақтарға жауап беру.
Қосымша материал
Цунами
Цунамидің пайда болуына су астындағы (су түбіндегі) жер сілкіну әсер етеді. Ең үлкен – қуатты цунами Ява және Суматра арасына орналасқан Крокатас аралындағы жанартаудың атқылауынан болса керек.
1883 жылы 27 тамызда өте қуатты жанартаудың атқылауынан арал бірнеше бөлшекке бөлініп кетті. Жарылыстың дауысы бірнеше мыңдаған шақырымға естілді. Жарылыстың әсерінен пайда болған толқын биіктігі 30м жетіп маңайындағы аралдардың 36 мың тұрғындарын шығынға ұшыратты.
Цунами толқынының жауыздығы мен зұлымдығы ашық мұхитта онша білінбейді, ол жерде толқын биіктігі 30-60 см аспайды, ал саз жерге келгенде толқын күші тез ұлғайып 20-30 метрге жетеді. Толқындар жарысқа түскендей бірінен кейін бірі, тіпті топталып жағаға жойқын күшпен соғылады.
1946 ж 1-сәуірде Унимак Амут аралдар тобының оңтүстігін мұхит түбінде болған жер сілкінудің әсеріне үлкен долы толқын 30 метрлік биіктікте жар басында тұрған екі қабатты шам-шырақты түп орнымен шайып өтті. Амут аралдарында халық көп тұрмайтындықтан адам өлімі болған жоқ.
амут аралдарынан ұзындығы 185 км-лік толқын 800км/сағ жылдамдықпеен 4 сағаттың ішінде Гавай архипелогінің Хило аралына жетті. Жағалауда тұрған кеме капитаны келіп жеткен толқынды байқамай да қалды. Бірақ көзді ашып жұмғанша жағаға биіктігі 17 метрлік толқын соғылып, санаулы секундтар ішінде жағалаудағы аймақ құрылымдары мен үйлерді қиратып кетті. 173 адам қаза тапты.
Мәтінге байланысты сұрақтар:
Цунами толқыны қандай жылдамдықпен қозғалады?
Не себептен кеме капитаны цунамиді байқама қалды?
Не себептен Амут аралдары маңында цунами пайда болды?

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген