400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

6 сынып.Мұхиттағы тіршілік

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал география пәні мұғалімдері мен оқушыларға керек. Суық және жылы ағыстардың пайда болуы жайлы түсінік беру. Кескін картаға ағыстарды түсіруді жалғастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы қыз балалар «Білім-Инновация» лицейі

география пәні мұғалімі

Кенжебаева Жанна Онгарбековна


6 сынып

Мұхит ағыстары.

Сабақтың мақсаты:

Суық және жылы ағыстардың пайда болуы жайлы түсінік беру.

Кескін картаға ағыстарды түсіруді жалғастыру.

Көрнекілік:

Жарты-шарлар картасы. Қызыл, көк бағыттағыштар. Электронды оқулық.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Заңдылықтар мен түсініктердің меңгерілуін анықтайтын тапсырмалар.

  • Жерорта теңізінің қай бөлігінің тұздылығы жоғары. Жауабыңды түсіндір.

  • Не себептен Балтық теңізінің тұздығы әртүрлі

  • Не себептен толысу пайда болады? Ең жоғары толысу толқыны болатын жерлерге мысал келтір.

  • Ақ теңіздің тұздылығы неге төмен? (Балтық теңізінде)

а) буланудың аз болуы

б) құятын өщендердің көп болуы

в) жауын-шашынның көп болуы

- Ненің әсерінен цунамидың пайда болатынын көрсет. Цунами неге

қауіпті?

  • Көбік атқан жалдар қалай пайда болады?

  • Толқын элементтері туралы айту. Толқын элементтерін көрсететін сызба сызу. Судың қозғалысына толқындар қалай әсер етеді?

Біліктілігін тексеруге арналған тапсырма.

  • Егер цунамидің жылдамдығы сағатына 800км болса, Камчатка жағалауында басталған цунами қанша уақытта Калифорния жағалауына жететінін қалай анықтауға болады?

  • Қызыл теңіздің 3 суынан қанша тұз алуға болады?

Оқушылар тақтада берілген тапсырманы орындап жатқанда басқалардан үй тапсырмасын сұрауға болады.

ІІІ. Жаңа сабақ

  • Сонымен толқындағы судың тербеле отырып қозғалатынын байқадық. Толқынның жалында отырған шағала бір шамадан кейін толқынның табанына түсіп кетеді.

  • Көпшілігіңе Ж.Верннің «Капитан Грантаның балалары»- атты шығарма немесе фильм таныс болар. «Дункан» шхунасының командасы акуланы ұстап алғанда оның ішінен бөтелке тауып алады. Шөлмектің ішіндегі жазылған жазбаны оқығаннан кейін капитан Грантаның балалары әкелерін іздеп қауіпті жолға шығады. Шөлмек «құпиялы аралдың» кейіпкерлеріне адам аяғы баспаған аралда қылмыскер Айртон өзінің істеген ісіне қатты өкініп, өзінің өмірінің соңғы күндерін өткізіп жатқанын хабарлаған. Көпшілік кезде осындай хабарламалар шөлмекке салынып, лақтырылған. Шөлмек почтасы тек елдің ьбастан кешкендерін суреттейтін жағдайда көрсетеді. Шет елдерде осындай шөлмектерді жинап алатын көптеген клубтар бар. Ол клуб мүшелері мүмкіндігінше жабылған шөлмектерді жағадан көптеп табуға тырысады. Тіпті ағылшын сарайларында мұхиттан ауланған шөлмектерді ашушы мамандар тағайындалған.

  • Бұдан қандай сұрақ туындайды? Қарама-қайшылық неде?

Оқушылар, толқынның тербелмелі қозғалыста болатынын, ал шөлмек почтасы горизанталь қозғалысын пайдаланатынын айтады.

  • Қандай қорытынды жасауға болады? (Мұхитта толқынмен бірге тағы да горизанталь қозғалыс болады).

  • Оқулықты ашып, мұхиттағы судың горизанталь қозғалысың қалай аталатынын анықтандар.

Оқушылар тауып оқып, оның ағыс екенін айтады. Гидрологтар сөздігіне «ағыс» туралы жазып қояды.

  • Ал кәне, тағы бір рет ағыс дегеніміз не? (Ағыс-судың горизанталь бағыттағы қозғалысы).

Мұғалім ағыстың желдік және ағындық түрін түсіндіреді: (Оқушылар дәптеріне сызбаны орындайды).

Shape1

Ағыстар (пайда болуына байланысты)


Shape5 Shape4 Shape3 Shape2

ағынды

желдік






  • Желдік ағыстар картада қалай белгіленеді?

  • Олар не себептен пайда болады? (Тұрақты желдердің әсерінен)

  • Пайда болуына байланысты толқындардың ағыстардан айырмашылығы қандай? (Тұрақты желдерден ағыстар пайда болады)

  • Ағынды ағыстар қай жерде белгіленеді? Олар қалай пайда болады? (Олар жағалау бойымен қозғалады да желдің бағытына тәуелді болады).

  • Атластарыңнан ағыстардың немен белгіленетінін анықтаңдар (бағыттағыштармен)

  • Бағыттағыштар қандай болады? (көк және қызыл)

  • Не себептен олар түрлі-түсті бағыттағыштармен көрсетіледі?(Суық және жылы)

  • Скандинавия жағалауында Гольфстримнің t˚+4˚с. Бұл қандай ағыс? (Солтүстік Атлант ағысы-жылы)

  • Африка жағалауындағы Канар ағысының t˚+23˚с. ОЛ қандай ағыс. (суық ағыс)

  • Қандай қарама-қайшылық бар? (+4˚с-жылы, +23˚с-суық)

  • Бұдан қандай сұрақ туындайды. (қандай ағыстар жылы, қандай ағыстар суық деп аталады)

  • Оқулық мәтінін пайдаланып, өздерің қойған сұраққа жауап табыңдар. (Егер ағыстың жан-жағында су суық болса,онда ол ағыс жылы, ал егер қоршаған су температурасы жылы болса, онда ол суық ағыс болғаны).

  • Сонымен не себептен t˚+23˚с бола тұра Канар ағысы-суық, ал Гольфстрим суының t˚+4˚с болса да-жылы?

Интерактивті тақтаға ең маңызды жылы және суық ағыстар шығады.

Жылы ағыс Суық ағыс

Гольфстрим Батыс желдер

Солтүстік Атлант Канар

Куросио Лабрадор

Солтүстік Тынық Перуан

Мозамбик Бенгель

Бразилия Самали

Гвиана Калифорния

Антиль Фолькленд

Муссон

  • Кескін картамен жұмыс.

Жылы ағыстарды –қызыл, суық ағыстарды-көк бағдаршамен белгілейді.

Орындалған жұмысқа талдау жасау.

Оқушылардың қызыл бағдаршалардың экваторға бағытталғанын көруі керек.

Дәптерге (интерактивті тақтаға) сызба сызу қажет.


Shape7 Shape6 суық жылы

ағыс ағыс

Shape10 Shape9 Shape8 экватор

жылы суық

ағыс ағыс


Жылы ағыстар экватордағы жылы суды полюстерге, ал суық ағыстар полюстен экваторға алып келеді.

  • Ал енді, сендер нағыз маман-ғалым-гидрологтар болсаңдар, бүгінгі сабақ нәтижесі бойынша қандай екі заңдылықты таптыңдар.

  1. Ағыс бағыттары ағыс температурасына байланысты

  2. Желдің әсерінен пайда болған ағыстар, желдің бағытына байланысты, ал ағынды ағыстар жаға бойымен қозғалады.


«Гольфстрим» жайлы хабарлама

«Кариб теңізінен басталған Гольфстрим ағысы, АҚШ жағалауына шығып, жағалау бойымен жылжи отырып, шығысқа қарай бұрылып,, мұхитты кесіп өтеді. Гольфстрим жағадан қашықта өз күшін жоғалтып алады». Оның жүрген жалыүнемі өзгеріп, тез бұрылыстар жасайды. Кей кезде тұйық шеңбер құрып 3-5жыл бойы өз-өзімен араласып оңтүстікке қарай баяу жылжиды. Гольфстримнің ені 125-175км, ал жылдамдығы орта кездерінде 10км дейін жетеді. Теңіз өзені өте жылдам қозғалғанда секундына 30-100млн суды алып өтеді.

Гольфстрим жайлы алғашқы мәлімдемені 1769 жылы американың ірі ғалымы Бенджамин Франклин хабарлаған болатын. Ол Англияның почта министрлігіне жазған хатында киттердің Гольфстрим шекарасына көп жиналатындығын жазған. Ол ағыстың өте қуатты екендігін , оның Флорида шығанағынан басталатындығын хабарлаған. (Гольфстрим ағылшын тілінен аударғанда «шығанақтан шыққан ағыс» деген сөз).

Табиғаттың осындай ерекше жағдайына Франклин 1769 жылы көңіл бөлген. Ол кезде почта министрінің орынбасары болып қызмет атқарған Франклинге Атлант мұхиты арқылы Фалдмуттан (Англия) Нью-Йоркке жіберілген почта бумасының не себептен жеті аптада жеткендігіне жауап беруі қажет болады. Өйткені ауыр жүк тиелген сауда кемелері Род-Айленд штатынан Лондонға бес аптада жететін болған. Мэтью Мори өзінің 1860 жылы шыққан «теңіздің физикалық георграфиясы»кітабында Гальфстримді былай сипаттайды: «Мұхитта бір өзен бар. Қандай аптап ыстық болса да, оның суы таусылмайды, қандай су тасқыны болса даол арнасынан аспайды. оның жағалауы мен түбі қалыптасқан.»

  • Не себептен Европадан Америкаға қарай жіберілген жеңіл жүктер 7 күн, ал ауыр жүк тиелген кеме Америкадан Европаға 5 күн жүзген?

  • - Сонымен «Мұхитта кезедсетін үлкен өзен, оның суы ыстықта азаймайды, ешқашансву тасымайды. Оның жағалауы мен түбін қалыптасқан өзгермейді,түбінде суық су бетінде жылы су болады». Қандай ағыс жылы айтылады. (Жылы бұл Гольфстрин және солтүстік Атлант ағысы)



Интерактивті тақтаға сызба шығады.

  • Мына екі сызбаға қарай отырып, сұраққа жауап беру қажет. Қай сызбада жағалаудағы су жылы ал қай жерде суық болады? Желдің қай бағытында суға шомылуға болады?

әртүрлі жағдайларда (версия) қарастыруға болады. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту барысында өздеріне ой сала отырып,өздеріне жауап бергізуге тырысу. Қай жерде жылы, судың бетінде ме, әлде түбінде ме?



  • Срнымен қорытынды жасау. Желдің бағыты судың араласуы мен температурасы арасындағы байланысты анықтау.

IV. Сабақтың қорытындысы.

- Куба аралынан солға отырған саяхатшылар қандай жерде кездеседі?

- Не себептен Перуан теңізі суық?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 наурыз
708
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі