Материалдар / 6-сыныпқа арналған бақылау жұмысы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

6-сыныпқа арналған бақылау жұмысы

Материал туралы қысқаша түсінік
материал 6-сынып оқушылары мен ұстаздарға көмекші құрал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Желтоқсан 2019
2852
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақ тілінен 6-сыныпқа арналған 2-тоқсандық бақылау жұмысы

Мақсаты: оқылым әрекеті арқылы берілген мәтіннің негізгі ойын,мазмұнын түсініп,сұрақтарға жауап беру;

Мәтінмен жұмыс Байлық дегеніміз не?

Алтыншы сыныпта "Байлық дегеніміз не?" атты ашық сабақ жүріп жатты. Оқушылар бір-бірімен әңгімелесіп, өз ойларын айту үшін дайындалып жатыр.

-Балалар, байлық дегеніміз не?

Бірінші партада отырған Сәбит қолын көтерді. -Байлық дегеніміз- көп ақша, жаңа машина,-деп ойланып қалды. -Отыр,Сәбит. Тағы кім жауап береді? Кезек Алмасқа тиді. -Байлыққа қора-қора мал, үйір-үйір жылқы және алты бөлмелі әдемі үй жатады. Мұғалім бұл жауаптарға көңілі толмағанын білдірді.

-Қане, кім қалай жауап береді? Иә, Сайлыбек, сен айта қойшы! - Байлық дегеніміз- кітап, білім,- деп жауап айтты. -Жарайды, отыра ғой. Жақсы жауап. Бір кезде оның көзі артқы партада өзімен-өзі отырған Аманжолға түсті. -Апай, мен бай емеспін. Мен үшін ең үлкен байлық- әкем мен анам,-деп жауап берді. Мұғалімге оқушы жауабы қатты ұнады. -Көрдіңдер ме, балалар, байлық деген тек ақша емес. Сендердің ең бірінші байлықтарың- Аманжол айтқандай, ата-аналарың мен бауырларың, туысқандарың. Сондықтан отбасыларың аман болсын. Міне, байлық деген осы.

Оқушылар ойланып қалды.

Мәтінге тапсырма

1.Мәтінге ат қойыңыз. А)Байлық дегеніміз- ақша. B)Байлық дегеніміз- кітап. С)Байлық дегеніміз- үйір- үйір жылқы. D)Басты байлық-отбасы Е)Басты байлық-жақсы өмір

2.Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз? А) Байлық дегеніміз не? B) Отбасы тәрбиесі қандай?

С) Қалай бай болуға болады? D) Ашық сабақ қалай өтті? Е)Отбасы мүшелерінің қарым-қатынасы

3.Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз. А) Аманжолдың ата-анасы. B) Отбасы басты байлық болып саналады. С)Өмірде ең басты байлық- білім D)Адам үшін бірінші байлық-алты бөлмелі үй Е)Қызықты сұрақ

4.Мәтіндегі «бай» сөзіне антоним болатын сөз А)бақытты В)кедей С)байлық Д)ақша Е)білім

5.Мәтінде кездеспейтін ақпарат А)оқушылардың жауабы В)мұғалімнің сөзі С)ашық сабақ

Д)баланың арманы Е)ең үлкен байлық

6.Кімдердің жауабына мұғалімнің көңілі толмады? А)Аманжолдың В)Сайлыбек пен Сәбиттің С)Сәбит пен Алмастың Д)Аманжол мен Сәбиттің Е)Сайлыбектің

7. «Шәкірт» сөзі мәтіндегі қай сөзге синоним бола алады? А)отбасы В)мұғалім С)байлық Д)оқушы Е)кітап

8.Мәтіндегі күрделі сөздер А)Аманжол,қора-қора В)үйір-үйір,байлық С)балалар,ата-ана

Д)бірінші,Аманжол Е)ата-ана,мұғалім

9.Көпше түрде тәуелденіп тұрған сөздер А)ойларын,жауабы В)ата-аналарың,отбасыларың

С)бауырларың,байлығың Д)жауабы,көңілі Е)байлықтарың,сабақ

10.Мәтінде кездесетін есімдіктер А)сен,кітап В)бір,партада С)бұл,сен,осы Д)бірінші,білім

Е)мен,балалар

Лексика-грамматикалық тест

(1-10 сұрақтар бір дұрыс жауаппен,11-20сұрақтар екі дұрыс жауаппен)

1.Мектеп тәртіп ережелерінің бірін анықта А)Барлық сабаққа спорт киіммен келу В)Мектеп мүлкіне зиян келтіру С)Тәртіп пен тазалықты сақтау Д)Сабаққа кешігу Е)Үзілісте жүгіру

2. «Оқуға алғыр бол,Ойлауға даңғыл бол...» Қай автордың өлеңінен үзінді?

А)М.Әлімбаев В)Ы.Алтынсарин С)М.Жұмабаев Д)М.Дулатов Е)А.Құнанбаев

3.Бала неше жасқа толғанда бір мүшел деп қайырады?А)12жас В)13жас С)10жас Д)11жас Е)14жас

4.Қуыршапқ театрының түрлері А)Киілмелі,белсенді В)сылдырмақты,киілмелі С)сылдырмақты,арнайы Д)негізгі,киілмелі Е)жүлделі

5. «Қойылым» сөзінің аудармасы А)персонаж В)кружок С)постановка Д)свободное время Е)кукла

6.Жатыс септікте тұрған сөзді тап А)ережесінде В)үйірменің С)хормен Д)балығын Е)ермегім

7.Асты сызылған сөз қандай сөйлем мүшесі борлады? Мектеп сыныптары заманауи оқу құралдарымен жабдықталған А)бастауыш В)баяндауыш С)толықтауыш Д)пысықтауыш Е)анықтауыш

8.Өткен шақта тұрған етістіктер А)көмектесті,үйренді В)үйренеді,айналысты С)қатысады Д)асырады,өсіреді Е)кешікпейді

9.рақ,рек,ырақ,ірек-ненің жұрнақтары? А)келер шақтың В)зат есім тудырушы С)жинақтық сан есімнің Д)салыстырмалы шырайдың Е)күшейтпелі шырайдың

10.Керекті сөзді қой: Гүлдер адамдарға көтеріңкі ... сыйлайды. А)кітап В)көңіл-күй С)сый-сияпат Д)шыдамдылық Е)ойын

11.Сурет салатын адамға қандай қасиет өте қажет? А)табиғатқа шығу В)шыдамдылық С)альбом Д)төзімділік Е)бояу

12.Мемлекеттік елтаңбаның авторлары А)Ш.Ниязбеков В)Ж.Нәжімиденов С)Ш.Қалдаяқов Д)Ш.Уәлиханов Е)Ж.Мәлібеков

13.Үй балығы аквариумына қажетті заттар А)жарық бергіш құрал В)топырақ С)бояу Е)жылытқыш Е)ылғалдылық

14.Ы.Алтынсариннің алғашқы мектептері қашан және қайда ашылды? А)Алматыда В)1890ж С)Атырауда Д)1864ж Е)Торғайда

15.Мақалды толықтыр: Мектеп-..., білім- ... . А)оқу В)кеме С)өзен Д)теңіз Е)шаңырақ

16.Пысықтауыштың сұрақтары А)қалай? В)кімнің? С)қандай? Д)қашан? Е)кімге?

17.Жұрнақ жалғанған сөздер А)тәуелсіздік В)өнерпаз С)мерекені Д)балығым Е)ережелері

18.Қатыстық сын есімі бар тіркестер А)әдемі гүл В)бақытты бала С)жақсы мінез Д)компьютерлік кабинет Е)мектеп формасы

19.Мына сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін көрсет: Біздің мектеп экологиялық таза ауданда орналасқан.

А)біздің В)мектеп С) экологиялық Д)орналасқан Е)ауданда

20.Болжалдық сан есімді тап А)жетеу В)ондаған С)жиырма шақты Д)оныншы Е)бесе

«Қарлығаштың ұясы» аудиомәтіні бойынша тест сұрақтары

Мақсаты: аудиотыңдалым әрекеті арқылы берілген мәтіннің негізгі ойын,мазмұнын түсініп,сұрақтарға жауап беру;

1.Қыздардың отбасы Шымкентке көшуге нені күтті? А)сабақ басталуын В)жаз мезгілін С)оқу жылының аяқталуын Д)оқу жылының басталуын Е)қыс мезгілін

2.Әкесіне үй жиһаздарын көлікке салуға кім көмектесті? А)көршілері В)туыстары С)жақындары Д)жолдастары Е)ұлдары

3.Қарлығаштың ұясын бірінші кім көрді? А)Ботагөз В)Қарагөз С)Әкесі Д)анасы Е)ағасы

4.Ұя қайда орналасқан? А)терезе жақтауында В)ағашта С)үйдің шатырында Д)еденде Е)қабырғада

5.Мәтінде кездеспейтін ақпарат А)қыздардың қуанышы В)отбасының көшуі С)әкесінің ақылы Д)қарлығаштың ұясы Е)балалардың ұяны бұзуы

6.Мәтінде жоқ отбасы мүшелерін анықта А)әкесі, қыздары,ұлы В)анасы,қыздары,әкесі С)апасы,сіңлісі,анасы Д)сіңлісі,апасы,әкесі Е)әкесі,анасы

7.Қай тіркес мәтінге сай А)үлкен ағаш В)қанатты достар С)таза өзен Д)туған жер Е)кішкентай торғай

8.Әкесінің сөзін тап А)Қарлығаш адамның досы В) Қарлығаш адамға ең жақын құс С)Қарлығаш адал құс Д)Қарлығаш әдемі құс Е)Қарлығаш біздің досымыз

9.Көлік қайда келіп тоқтады? А)Биік үйдің ауласына В)Әсем үйдің ауласына С)Көп қабатты үйдің ауласына Д)Жаңа үйдің ауласына Е)Үлкен үйдің ауласына

10.Мәтінде кездесетін жалқы есімдер А)Шымкент,Қарлығаш В)Ботагөз,Шымкент,Қарагөз С)Ботагөз,Әкесі,Анасы Д)Жолдасы,Анасы Е)Қарлығаш,Ботагөз,Қарагөз















Қарлығаштың ұясы

Ботагөз бен Қарагөз апалы-сіңлілі.Олар отбасымен Шымкентке көшуге дайындалды.Оқу жылының аяқталуын күтіп жүрген.Міне,көптен күткен күн де келді.Олардың әкесі жолдастарымен үй жиһаздарын көлікке сала бастады. Ботагөз бен Қарагөз де жүктерді тасуға көмектесті.Олар жолға шықты.Бірер сағатта көлікпен әсем үйдің ауласына келіп тоқтады.

-Міне,біздің үйіміз осы,-деді аналары. Ботагөз бен Қарагөз жаңа үйді тамашалады.Бір кезде Қарагөз терезе жақтауындағы қарлығаштың ұясын көріп:-Алақай!-деп қуана айқайлады.Ботагөз сіңлісіне жүгіріп келді.Екеуі қарлығаштың ұясын көріп өте қуанды.Ішінде қарлығаш балапан басып отыр.

Әкесі: -Қарлығаш адамға ең жақын құс.Ұясына тимеңдер.Балапандары шықса қамқор болыңдар,-деді.Осыдан кейін екеуі қарлығашқа жем,су әкелетін болды.Балапандарына да қамқор болды.





Жауаптары

Мәтінмен жұмыс

1.Д 2.А 3.В 4.В 5.Д 6.С 7.Д 8.А 9.В 10.С

Лексика-грам.тест

1.С 2.А 3.В 4.В 5.С 6.А 7.Е 8.А 9.Д 10.В 11.В;Д 12.Д,Е 13.А,Е 14.Д,Е 15.В,Д 16.А,Д

17.А,В 18.В,Д 19.В,Д 20.В,С

Аудиомәтінмен жұмыс

1.С 2.Д 3.В 4.А 5.Е 6.А 7.В 8.В 9.В 10.В

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!