400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

6-сыныпқа арналған бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Материал туралы қысқаша түсінік
6-сыныпқа арналған бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары қазақ тілі пән мұғалімдеріне көмекші құрал ретінде ұсынылып отыр.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кусева С.Ж. «Қазақ тілі» пәні бойынша «Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері» Морфология» бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау»

ПШО ЖМ филиалы Тараз қ. мұғалім портфолиосы



БЖБ

Бөлім атауы

Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері. Морфология

Оқу мақсаты

6.2.5.1 –мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру;

6.4.4.3 – үстеудің мағыналық түрлерін ажырату, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдану.

Бағалау критерийі

  • Мәтіннің мазмұнындағы көтерілген мәселені анықтайды.

  • Үстеудің мағыналық түрлерін ажыратып, синонимдік қатарларды табады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Уақыты

20 минут

Тапсырмалар

1-тапсырма. Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты анықтап, мәтін мазмұнын ашатын 3 нақтылау сұрағын құрастырыңыз.


Жақсы сөз – жарым ырыс

Халқымыз «Батамен ел көгерер, жаңбырмен жер көгерер», «Жақсы сөз – жарым ырыс» деп бекер айтпаған. Адамның адамдығын тілеуіне, пейіліне қарап өлшейтін қазақ баласы айтылған сөзге, тілеген тілекке, берілген батаға ерекше мән беріп, зор жауапкершілікпен қараған. Сондықтан той-томалақта, келелі жоралғыларда бір-біріне тілек тілеп, қадірлі қариядан бата алу дәстүрімізге  айналып, тұрмыс-тіршілігімізбен біте қайнасып кетті. Қазақ халқы бата арқылы ұрпағын үнемі адамгершілікке, имандылыққа, ақылдылық мен парасаттылыққа, шешендікке баулыған. Ұлы мақсатқа талпынғанда, алыс сапарға аттанғанда әрбір азамат ата-аналары мен ауыл ақсақалдарынан, сондай-ақ ауылдағы аузы дуалы, елге қадірлі, инабатты кісілерден міндетті түрде арнайы алдарына барып бата алып отырған.  Дуалы ауыз қариядан алған ақ бата адамға рух беріп, жігерлендіріп, ілгері жетелеп отырған.
Алты алаштың ардақтысы болған би-шешендеріміздің  берген баталары ерте заманнан бүгінгі күнге дейін ел аузында сақталып, халық мұрасына айналып, қазақ фольклорының дербес, шағын жанры ретінде қалыптасты. Қазақ халқы бата-тілектердің өзгеше сипатына қарай батаны ақ бата, теріс бата деп екіге бөлген. Ақ бата игі ниеттен туғандықтан ел аузында сақталып, жаңғырып дамып отырды да, жақсылыққа ғана құштар халқымыз теріс батаны ұмытуға тырысты. Сондықтан ақ батаның – нәрестеге бата, асқа бата, ұлға бата, қызға бата, келінге бата, жолаушыға бата, жастарға бата, сүндет той батасы, наурыз батасы, ораза айт батасы,  жарапазан батасы ас қайыру батасы сияқты түрлері көп.  Бата үлгілеріне В.Радлов, Ш.Уәлиханов, А.Васильев, Г.Потанин, сияқты көптеген зерттеушілер назар аударып, жинастырды.
http://m.alashainasy.kz/



1.

2.

3.

­­­­­­­­­­­­­




2-тапсырма. Мәтіннен үстеудің мағыналық түрлерін тауып, оларды кестеге жіктеңіз.

№

Үстеудің мағыналық

түрлері

Мезгіл

Мақсат

Мөлшер

Сын-қимыл

1






2






3






4






5






6






7






8








3-тапсырма. Мәтіндегі үстеулерді тауып, орнын синонимдік қатарларымен ауыстырып қайта жазыңыз.





_____________________________________________________________________________









Бағалау критерийлері

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтіннің мазмұнындағы көтерілген мәселені анықтайды, негізі және қосымша ақпаратты ажыратады


1

-мәтіндегі негізгі ақпараттарды анықтайды

1

-қосымша ақпаратты ажыратады

1

-мәтін мазмұнын ашатын 3 нақтылау сұрағын құрастырады

3

-мәтін мазмұнын ашатын 2 нақтылау сұрағын құрастырады

2

-мәтін мазмұнын ашатын 1 нақтылау сұрағын құрастырады

1

Үстеудің мағыналық түрлерін ажыратып, синонимдік қатарларды табады

2

үстеудің мағыналық түрлерін ажыратады

1

үстеуді мағыналық түрлеріне қарай жіктейді

1

3

үстеудің синонимдік қатарын табады

1

синонимдердің орнын алмастырып қолданады

1


Барлық балл

12





«Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері. Морфология» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика


Білім алушының аты-жөні ___________________________________________


Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орташа

Жоғары

Мәтіннің мазмұнындағы көтерілген мәселені анықтайды.


МПрямоугольник 2 әтіннен негізгі және қосымша ақпараттарды анықтап, мәтін мазмұнын ашатын нақтылау сұрақтарын құрастыруда қиналады

МПрямоугольник 1 әтіннен негізгі және қосымша ақпараттарды анықтап, мәтін мазмұнын ашатын нақтылау сұрақтарын құрастыруда қателеседі

Мәтіннен негізгі және қосымша ақпараттарды анықтап, мәтін мазмұнын ашатын нақтылау сұрақтарын құрастырады



Үстеудің мағыналық түрлерін ажыратып, синонимдік қатарларды табады

М әтіннен үстеудің мағыналық түрлерін табуда, оларды мағыналық түрлеріне жіктеуде қиналады.

Мәтіннен үстеудің мағыналық түрлерін табуда, оларды мағыналық түрлеріне жіктеуде қателеседі



Мәтіннен үстеудің мағыналық түрлерін табуда, оларды мағыналық түрлеріне жіктейді







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 қаңтар
1451
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі