жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
6 сыныпқа арналған жаратылыстану пәніне жазылған Макроәлем қолданбалы курс жұмысы
Барлығы ─ 34 сағат, аптасына ─ 1 сағат
№№ № |
Сабақтың тақырыбы |
Жүргізілу түрі |
Сағат саны |
Мерзімі |
|||||
Барлығы |
Теориялық |
Практи калық |
|||||||
І Тарау Табиғат және ғылым |
|||||||||
1 |
Адам А Адам өміріндегі ғылымның маңызы |
Оқушының ойлау қабілетін арттыруға арналған тапсырмалар |
1 |
1 |
|
|
|||
2 |
Жердің пайда болуы туралы болжамдар |
Қосымша мәліметтер |
1 |
1 |
|
|
|||
3 |
Қазақтың ұлы ғалымы ─ Ш.Уәлиханов |
Қосымша мәліметтер |
1 |
1 |
|
|
|||
4 |
Картаны жасаған картографтар |
Қосымша мәліметтер |
1 |
1 |
|
|
|||
5 |
Нәсілдер |
Қосымша мәліметтер |
1 |
1 |
|
|
|||
6 |
Табиғат құбылыстары |
Оқушының ойлау қабілетін арттыруға арналған тапсырмалар |
1 |
1 |
|
|
|||
7 |
«Туған жерге саяхат» Түркістан қаласындағы тарихи-мәдени-этнографиялық мұражай |
Топсеруен |
1 |
|
1 |
|
|||
8 |
Тест |
Жазбаша |
1 |
1 |
|
|
|||
ІІ Тарау. Карта және саяхат |
|||||||||
9 |
Жергілікті жердің планын түсіру |
Сұрақтар мен тапсырмалар |
1 |
1 |
|
|
|||
10 |
«Үш теңіздің ар жағына саяхат» атты кітабы |
Оқушының ойлау қабілетін арттыруға арналған тапсырмалар |
1 |
1 |
|
|
|||
11 |
Географияның атасы – Эротосфен |
Оқушының ойлау қабілетін арттыруға арналған тапсырмалар |
1 |
1 |
|
|
|||
12 |
Васко да Гаманың саяхаты |
Қосымша мәліметтер |
1 |
1 |
|
|
|||
13 |
«Туған жерге саяхат» Ескі Сауран қаласы |
Топсеруен |
|
|
1 |
|
|||
14 |
Қ. Сатпаевтың еңбектері |
Оқушының ойлау қабілетін арттыруға арналған тапсырмалар |
1 |
1 |
|
|
|||
15 |
Тест |
Жазбаша |
1 |
1 |
|
|
|||
ІІІ тарау Зат және дене |
|||||||||
16 |
Таза зат пен қоспаның айырмашылығы |
Оқушының ойлау қабілетін арттыруға арналған тапсырмалар |
1 |
1 |
|
|
|||
17 |
Қоспаны бөлу |
Сұрақтар мен тапсырмалар |
1 |
1 |
|
|
|||
18 |
Фотосинтез |
Сұрақтар мен тапсырмалар |
1 |
1 |
|
|
|||
19 |
«Туған жерге саяхат» Арыстан баб кесенесі |
Топсеруен |
1 |
1 |
|
|
|||
20 |
Нанотехнология бүкіл әлемде |
Қосымша мәліметтер |
1 |
1 |
|
|
|||
21 |
Металдар және бейметалдар |
Қосымша мәліметтер |
1 |
|
1 |
|
|||
22 |
Табиғи талшық |
Қосымша мәліметтер |
1 |
1 |
|
|
|||
23 |
Тест |
Жазбаша |
1 |
1 |
|
|
|||
24 |
Жасанды заттар |
Сұрақтар мен тапсырмалар |
1 |
1 |
|
|
|||
25 |
Адамдағы энергияның қандай түрлері |
Сұрақтар мен тапсырмалар |
1 |
1 |
|
|
|||
26 |
Денелердің қозғалысы |
Оқушының ойлау қабілетін арттыруға арналған тапсырмалар |
1 |
1 |
|
|
|||
27 |
Жылудың ұлғаюы |
Оқушының ойлау қабілетін арттыруға арналған тапсырмалар |
1 |
1 |
|
|
|||
28 |
«Туған жерге саяхат» Қарашық өзені |
Топсеруен |
1 |
|
1 |
|
|||
ІV Тарау. Қазіргі Қазақстан |
|||||||||
29 |
Біздің аймақта қандай экологиялық мәселелер |
Оқушының ойлау қабілетін арттыруға арналған тапсырмалар |
1 |
1 |
|
|
|||
30 |
Қазақстан халықаралық ұйымдарға мүше ел |
Қосымша мәліметтер |
1 |
1 |
|
|
|||
31 |
Ғарышты бағындырған -Қазақстан |
Қосымша мәліметтер |
1 |
1 |
|
|
|||
32 |
Кентау қаласындағы Қаратау қорығына саяхат |
Қосымша мәліметтер, топсеруен |
1 |
|
1 |
|
|||
33 |
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі |
Қосымша мәліметтер |
1 |
1 |
|
|
|||
34 |
Қорытынды тест |
Жазбаша |
1 |
1 |
|
|
|||
Мазмұны
Сендер табиғаттың макроәлеміне саяхат жасайсыңдар. Адам өміріндегі ғылымның маңызын, міндеттері мен ғылым түрлерімен, әлемге әйгілі Әбу Насыр әл-Фараби, Исаак Ньютон туралы мәліметтермен танысасыңдар.
Ежелгі адамдар Жер шары Күннен және басқа жұлдыздардан да үлкен деп ойлаған. Неміс философы Иммануил Кант Жер шаң бөлшектерінен тұратын, бір-бірімен тартылыс пен итеріс арқылы шеңбер бойынша жылжитын тұманнан пайда болды деген болжамды ұсынған. Жердің қалыптасуна Күннің қатысы жоқ деген.
Қазақтың ұлы ғалымы ─ Ш.Уәлиханов. Қазақстан аумағын зерттеуде айрықша үлесін қосқан ғалым туралы көптеген мағлұматтар аласың.
Географиялық жаңалықтар ашу тарихы ─ бұл тек әуесқой, батыл зерттеушілердің ерлігі ғана емес. Ежелгі гректерге белгілі әлем, финикиялықтардың Африканы айналып жүзуі, Герадот саяхаттарының бағыты, үш теңізді кесіп өткен саяхатшы туралы білеміз.
Қазақстан Республикасы ─ көпұлтты мемлекет. Онда тұратын халықтардың өкілдері өздерінің тілдік, тарихи, мәдени құндылықтарын сақтайды, өзге ұлт өкілдеріне құрметпен қарайды.
Қоршаған орта үнемі өзгеріп отырады. Мысалы, су буланады, қар ериді, күн шуағын шашады, таулар шөгеді, найзағай жарқылдайды.
«Туған жер» бағдарламасы бойынша Түркістан қаласындағы тарихи-мәдени- этнографиялық музейге саяхат жасап, оқушылардың танымдық көзқарастарын оятып, мұражай экспонаттарымен таныстыру.
Тарау аяқталған соң, ғылым, жердің пайда болуы туралы, ғалымдар мен картографтар, нәсіл және нәсілшілдік, табиғат құбылыстары тақырыптары бойынша қорытынды тест тапсырмасы орындалады.
Адамның қолында бүкіл Жер беті мен оның жекелеген аумақтары бейнесінің болуы өте маңызды. Бұл табиғатты зерттеу және шаруашылық жүргізу үшін қажет. Жер бетінің жеке аумақтарын жазықтықта бірнеше тәсілмен: фотосурет, аэрофотосурет, жергілікті аумақ планында, картада көрсетуге болады.
1466 жылы жас саудагер Афанаси Никитин үш жылға созылған Үндістанға саяхатын жасады.
Ол Жердің көлемін анықтаған алғашқы ғалым болды. Географияның жекелеген ғылымдарын бөліп көрсеткені үшін оны «географияның атасы» деп атаған.
Васко де Гама ─ португал жиһанкезі, Үндістанға теңіз арқылы саяхат жасаған тұңғыш еуропалық ретінде тарихта қалды.
Сауран ─ ХІІ ғасырда ірі сауда орталығы ретінде іргетасы қаланған. Түркістанның солтүстік – батыс жағындағы 30 шақырым жерде орналасқан орта ғасырдағ қалалардың бірі.
Сатпаевтың геологиядан басқа ғылымдарда, мәдениет саласында, тарихта қалдырған еңбекері мол. Ш.Уәлиханов жазып алған «Едіге» жырының мәтініндегі қазақ оқырмандарына түсініксіз араб, татар сөздерінен тазартып, қазақ тілінің жаңа орографиясының негізінде қайтадан дайындаған.
Осы тарауда өткен зерттеуші ғалымдар, географардың өмірбаяны, ғылым жолындағы еңбектері, саяхаттары, атқарған қызметтері туралы жинақтап, тест тапсырмасын алынады.
Кез келген таза заттың өзіне тән белгілі бір қасиеттері болады. Қандай жолмен алынса да, таза заттың қасиеттері бірдей болады. Таза заттарды арнайы зертханада олардың қасиетін зерттеу үшін алады. Тәжірибе көрсетіледі.
Су мен қанттың қопасы ұзақ уақыт өзгеріссіз тұруы мүмкін. Табиғи қоспа – сүт жылы жерде біраз тұрғаннан кейін компоненттерге бөліне бастайды.
Фотосинтез - өсімдік жапырағында күн жарықта жүретін үдеріс. Үдеріс кезінде көмірқышқыл газ бен судан органикалық заттар мен оттегі пайда болады.
Арыстан баб кесенесі – көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші. Түркістан қаласының арасында мұсылман дінін таратушы Қожа Ахмет Иасауидің ұстазы болған Арыстан баб ата қабірінің басына салынған.
Нанотехнология бұл көзге көрінбейтін атомдарды біріктіріп бөлшекті құрау. Қазіргі кезде ең жақсы зерттеліп жатқан сала осы Нанотехнология мен Нейрожелі, Жасанды интелект жақсы қолға алынып жатыр. Қазіргі заманауи «сандық» технологиялармен үйлесімді жұмыс істейтін электронды құрылғылар – осы нанотехнологияның жемісі.
Біздің өмірімізде металдар барлық жерде кездеседі. Ежелгі адамдар металдың ерекше қасиетін: оларды ерітуге және әртүрлі қалыпқа келтіруге болатынын байқаған.
Табиғи талшық өсімдіктен, жануарлардан (жүн, табиғи жібек) немесе минералдан алынған талшықтар.
Таза зат пен қоспа, фотосинтез, нанотехнология, металдар және бейметалдар, табиғи талшықтар тақырыбын қорытынды ретінде жазбаша жұмыс алынады.
Металдар мен ағаштар үшін жақсы алмастырғыш – пластмасса түрлері. Пластмассаның тығыздығы жақсы әрі тот баспайды, жеңіл болады.
Адамның энергияны қажет етуі килокалориямен (ккал) өлшенеді. Энергия өзінен өзі жоғалып кетпейді немесе пайда болмайды, олтек өзгереді. Ғалымдар энергияны «жанды күш» деп атаған. Энергияның арқасында механизмдер мен құрылғылар жұмыс істейді.
Күн жүйесінде сегіз ғаламшар кіреді. Олар өз орбитасы бойымен Күнді айналады. Күнге ең жақынынан бастап олар: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун деп аталады. Ауырлық күші, серпімділік күші деген не?
Жылудың ұлғаюы дене температурасының көтерілуіне байланысты тиісінше дене өлшемі мен көлемінің артуы.
Қарашық өзеніне саяхат жасап, оның географиялық орнымен танысады.
Қоршаған ортаның ластануы – бұл литосфераға, атмосфераға, өсімдік пен жануарлар әлеміне, ғимарат пен материалдарға, адамның өзіне зиянды әсер беретін әртүрлі антропогендік қосылыстар мен заттардың түсуі әсерінен оның құрамдарының өзгеруі.
Қазақстан сияқты жас мемлекет үшін БҰҰ, ЕҚЫҰ (Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Халықаралық Еуропалық даму және қайта құру банктері, Халықаралық валюта қоры, ЮНИСЕФ, ЮНЕСКО т.б сияқт ірі халықаралық ұйымдарға мүше.
Байқоңыр әлемдегі ең ірі жер беті ғылыми ғарыш полигоны болып табылады.
Қаратау қорығы Оңтүстік Қазақстан облысы Қаратау жотасының орталық бөлігінде, Кентау қаласнан 17 км жерде орналасқан мемлекеттік қорық.
ЭКСПО -2017 – Қазақстанның елордасы Астана қаласында Халықаралық көрме бюросымен ұйымдастырылатын Халықаралық көрме.
Осы тарау бойынша жалпылама жазбаша жұмыс алынады.
Бағдарламаның мақсаты
Адам өміріндегі ғылымның маңызын түсіндіру;
Туған жерге саяхат жасау арқылы оқушылардың ой-танымдық, патриоттық тәрбие беру қажет;
Табиғат пен адам өміріндегі байланысты меңгерту;
Тәжірибе жасау арқылы оқушылардың ойлау қабілетерін дамыту;
Зертханалық жағдайда ғылыми зертеулер жүргізу не үшін керек екенін білу қажет.
Бағдарламаның міндеті:
Жеке тұлғаның шығармашылықпен жұмыс жасауына қолайлы жағдай туғызу;
Оқушының дарынын, қабілетін ашу және дамыту;
Ғылыми зертеулерді қалай жүргізуді білу;
Макроәлемнің нысандарын ерекшеліктерін білу.
Түсінік хат
«Қазақстан – 2030» Бағдарламасында Елбасы Н.Ә.Назарбаев «2030 жылы Қазақстан мөлдір сулы, жасыл желекті, ауасы таза аймаққа айналады. Өндіріс қалдықтары мен радиация бұдан былай біздің үйіміз бен бақтарымызға енбейтін болады. Біздің балаларымыз кінаратсыз толыққанды өмір сүретін болады», - деп атап көрсеткен еді.
«Макроәлем» 5 –сыныпқа арналған қазіргі заманғы оқу-тәрбие үрдісінде жаратылыстану пәні негізінде жасалған таңдау курсы болып табылады. Тапсырмалардың мазмұны оқушылардың оқу ерекшеліктері мен мүмкіндікерін ескере отырып жоспарлы түрде оқушыларға «макроәлемдегі» адам мен табиғаттың бағыттарын тиімді пайдалануға, сонымен қатар тәжирибе жасау жұмыстарын жүргізу жаратылыстану пәні үшін маңызды болып табылады.
Табиғат туралы ғылыми білім ұзақ уақыт бойы жинақталды, сараланды, жүйеленді. Ғасырлар бойы бұл білім ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, толықтырылып, жаңарып отырды. Адам мен табиғат арасындағы ажырамас байланыс барын түсініп, оны танып-білу барысында табиғаттың бір компоненті өзгерсе, басқа бөліктері де міндетті түрде өзгеріске ұшырайтынын ұғады.
Табиғатты қорғау - әр адамның парызы екенін ұғасың!
Пәнаралық байланыс: география, биология, химия, физика, көркем еңбек.
Күтілетін нәтиже: Оқушының Отанын, туған жерін, білім мен ғылымын, табиғатын қорғайтын, өз үлесін қосатын, географиялық білімді бойына сіңірген, өзінің жеке ой-пікірі, көзқарасы бар жеке тұлғаны қалыптастыру.
«Макроәлем» бағдарламасының 5-сынып бойынша жіктелуі барлығы – 34 сағат, аптасына – 1 сағат. 3 тараудан тұрады, оның ішінде әр тарау бойынша тест мен эссе жазу тапсырмалары, «Туған жерге саяхат» атты праутикалық жұмыстар берілген. Тапсырмалар балалардың жас ерекшелігіне негізделіп құрылған.
Пайдаланылған әдебиеттер
Жаратылыстану: жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған оқу бағдарламасы/ Р.А.Қаратабанов, Р.К.Миъалев, Г.А.Куанышева, Н.И.Бережная. Ы.Алынсарин атындағы ҰБА, Астана, 2013.
Жаратылыстану циклі бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту ерекшеліктері. Әдістемелік құрал. – Астана, Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2013.
География және табиғат ғылыми-педагогикалық журналы, 2017ж
http: //sanamaq.kz/
http: //ziyatker.kz
http: //1001vopros.com
http: //uznaisam.ru
http: //geo-sote.ru
Бекітемін
мектеп директоры
....................Г.К.Утеуова
Жаратылыстану пәнінен
«Макроәлем»
қолданбалы курсы
( 6 сыныпқа арналған бағдарлама)
Жылдық сағат саны: 34 сағат
Бағдарламаның авторы: А.Раманкулова
2018 – 2019 оқу жылы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген