400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 30 материал табылды

6-сыныпқа арналған қазақ тілі мен әдебиет пәнінен олимпиада тапсырмасы 2-кезең

Материал туралы қысқаша түсінік
6-сыныпқа арналған қазақ тілі мен әдебиет пәнінен олимпиада тапсырмасы 2-кезең
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ

2 КЕЗЕҢ

6-СЫНЫП

Мен жастарға сенемін

Арыстандай айбатты, 

Жолбарыстай қайратты - 

Қырандай күшті қанатты. 

Мен жастарға сенемін! 

Көздерінде от ойнар, 

Сөздерінде жалын бар, 

Жаннан қымбат оларға ар, 

Мен жастарға сенемін! 

Жас қырандар – балапан, 

Жайылып қанат ұмтылған. 

Көздегені көк аспан. 

Мен жастарға сенемін! 

Жұмсақ мінез жібектер, 

Сүттей таза жүректер, 

Қасиетті тілектер – 

Мен жастарға сенемін! 

Тау суындай гүрілдер, 

Айбынды Алаш елім дер, 

Алтын арқа жерім дер, 

Мен жастарға сенемін! 

Қажу барма тұлпарға, 

Талу барма сұңқарға, 

Иман күшті оларда, 

Мен жастарға сенемін! 

Мен сенемін жастарға, 

Алаш атын аспанға 

Шығарар олар бір таңда, 

Мен жастарға сенемін! (М. Жұмабаев) 

!? 1. Ақын өлеңі идеясының ерекшелігін жазыңдар. Ақын өлеңінде жастардың болашағытуралы қандай сенім, үміт бар? Өлең тақырыбы мен идеясымен сабақтастыра осысұраққажауап жазыңдар. 

2. Өлеңдегі лирикалық кейіпкерге мінездеме беріңдер. 

3. «Жас қырандар – балапан, Жайылып қанат ұмтылған. Көздегені көк аспан» жолдарынқалайтүсінесіңдер ? Өз ойларыңды 5-6 сөйлеммен жазыңдар. 

4. Өлеңге талдау жасаңдар. 

1) өлеңнің тақырыбы; 

2) идеясы; 

3) қоғаммен байланысы, жазылған кездегі, қазіргі;

4) лирикалық кейіпкер ерекшеліктері; 

5) ақын тілінің көркемдік құралдар қолданысы. 

2. а) «Қажу барма тұлпарға, Талу барма сұңқарға» жолдарына лексикалық талдау жасаңдар. ә) Өлеңдегі суындай, гүрілдер, жайылып, көздегені сөздеріне морфологиялық талдаужасаңдар. 

3. «Алдыңғы ұрпақ қазіргі жастарға қандай үміт артады?» деген тақырыпта эссе жазыңдар. Сөзсаны – 60-70 сөз 

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
14 ұстаз жүктеп алған
12 желтоқсан
603
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі