Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

6 сыныпқа арналған тәрбие сағаты "Мен - өз елімнің патриотымын! "

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал 6 сыныпқа арналған тәрбие сағаты "Мен - өз елімнің патриотымын! "
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы:


«Мен – өз елімнің патриотымын!»


Мақсаты:

  1. Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге,өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу, «Мәңгілік ел» патриоттық актімен таныстыру.

  2. Оқушылардың таным белсенділіктерін,қызығушылықтарын дамыту.

  3. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.

Көрнекілігі: маркер, флипчарт, суреттер, слайд


Жүру барысы:

  1. Ұйымдастыру.

Тренинг «Жылы лебіз» -шеңберге тұрып, қолдарынан ұстап, жаңа оқу жылына бір біріне тілек айтады.

  1. Топқа бөлу(санау арқылы)

Сынып топқа бөлінеді

  1. «Ойлан. Жұптас. Бөліс» әдісі.

Ресурс бойынша постер жасау, қорғау, қысқаша әңгімелеу.

ОDrawObject3 DrawObject2 DrawObject1 танды сүю Қазақ тілде сөйлеу



DrawObject4

DrawObject6 DrawObject5 Салт дәстүрлерді сақтау

Елінің мәртебесін көтеру Жерді қорғау



4 Дискуссия

«Қазіргі заман патриоттары кімдер?»



  1. «Мәліметтер жәшігі»



2014 жылы 17 қаңтарда Президентіміз нені жолдады? Мәңгілік ел патриоттық актісі

-Иә, балалар, елбасы жыл сайынғы дәстүрлі Қазақстан халқына Жолдауын жолдады.

 «Мәңгілік Ел» - бұл Қазақстанның әлемдік саяси картада тәуелсіз, гүлденген мемлекет ретінде мәңгі өмір сүру идеясы, еліміздің тұрақты дамуын, сондай-ақ әр азаматтың жақсы өмір сүруін қамтамасыз ету үшін қажет құндылықтар, оларды сақтау мен насихаттау идеясы.

«Мәңгілік ел» патриоттық актіден үзінді

Біз, Қазақстан азаматтары, Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи «Тәуелсіздік толғауын» негізге ала отырып, Болашағы Біртұтас Ел - Мәңгілік Елді құру жолында біргеміз.

Мәңгілік Елдің өзегінде қарапайым, түсінікті және біздің әрқайсымыз үшін ең қымбат ақиқаттар - отбасымыздың амандығы, қонақжайлық және еңбексүйгіштік, тұрақтылық, қауіпсіздік және бірлік, ертеңгі күнге деген сенім ұғымдары орныққан.

Біз Мәңгілік Елдің мызғымас Жеті тұғы­рын нығайтуға, сақтауға және ұрпақтан ұрпаққа аманат етуге шақырамыз.

Мәңгілік Ел, бұл-Тәуелсіздік және Астана.

Біз Тәуелсіздікті нығайтудың тарихи ұлы миссия­сына адал боламыз.

Біз Астананы халқымыздың гүлденуі мен қуа­тының жарқын белгісі ретінде әрқашан мақтан тұтатын боламыз.

Мәңгілік Ел, бұл - Жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.

Біздің Отанымыз бір, ол - Тәуелсіз Қазақстан, біздің еліміз бір - тағдырымыз ортақ.

Бейбітшілік пен келісімнің ұлы ісіне адал халықтың ғұмыры мыңжылдықтарға жалғасады.

Мәңгілік Ел, бұл -Зайырлы Мемлекет және Жоғары Руханият.

Азаматтық және рухани құндылықтардың бірлігі бізге өз жолымызды табуға және өзімізді бүкіл әлемге мәшһүр етуге мүмкіндік берді.

Біз еліміздің бірегей рухани келбетін айқындайтын діндер мен өркениеттердің жаһандық үнқатысуын одан әрі жан-жақты дамытатын боламыз.

Мәңгілік Ел, бұл -Инновация негізіндегі тұрақты Экономикалық Өсім.

Біз мемлекеттің индустриялық және инновациялық күш-қуатын дамытып, табиғи ресурстар мен қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарап, қоғамда білім мен ғалымдық культін елдің зияткерлік іргетасы ретінде бекітетін боламыз.







Мәңгілік Ел, бұл - Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.

Елдің барлық табыстары мен жетістіктері - барша қазақстандықтардың күн сайынғы қажырлы еңбегінің нәтижесі.

Біз елдің әрбір азаматының жасампаздық әлеуетін жүзеге асыру үшін жағдай жасай отырып, еңбексүйгіштік және жауапкершілік, Еңбек Адамына құрмет сынды құндылықтарымызды нығайтамыз.

Мәңгілік Ел, бұл -Тарихтың, Мәдениет пен Тілдің ортақтығы.

Біз ортақ тарихи мұрамызды мұқият сақтайтын боламыз.

Біз Қазақстан халқының мәдени әралуандығын арттыра түсеміз.

Біз мемлекеттік тілді қоғамды біріктірудің негізі, үштілділікті Елдің бәсекеге қабілеттілігінің басты шарты ретінде дамыту қағидатын ұстанатын боламыз.

Біз - Үлкен Ел - Үлкен Отбасымыз.

Мәңгілік Ел, бұл - Ұлттық қауіпсіздік және Қазақстанның жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.

Біз өз жетістіктерімізді қорғауға тиіспіз.

Ұлттық қауіпсіздікті нығайту әрбір азаматтың, өз елі патриотының қасиетті парызы болып саналады.

Біз бейбітшілік пен келісім идеясын ілгерілете отырып, еліміздің халықаралық аренада мойындалған беделін нығайта түсетін боламыз.

Біз Мәңгілік Елдің қастерлі құндылықтарын басшылыққа аламыз.

Біз Отанымыздың көк байрағын асқақтата көтеріп, еліміз жеткен жаңа биіктерде желбірететін боламыз.

Бұл - біздің болашақ ұрпақ үшін, Қазақстан халқының амандығы мен гүлденуі үшін жасаған саналы таңдауымыз!

  1. «Мен өз елімнің патриотымын, себебі...» тренингі

Әр оқушы өз елінің патриоты екенін айтып, мысалмен дәлелдеу керек.


Қортынды:

Мұғалім- Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев: Өткеніңді еске алсаң, Өскеніңнің белгісі. Өткеніңді ұмытсаң, Өшкеніңнің белгісі, - деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары!



1 жалпы орта білім беретін мектеп













DrawObject7















Өткізген: Р.Дюсенбекова











2018ж.

























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
09.11.2018
1807
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12