400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

6 сыныпқа әзірлеген ББЖБ, 8 сыныпқа әзірлеген ТБЖБ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал мұғалімдерге өте пайдалы деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кощегулова Майра Каримбековна Мұғалім портфолиосы А,В бөлімі

«ПШО» ЖМ «Бағалау тапсырмаларын әзірлеу және сараптау» курсы

Көкшетау филиалы


А бөлімі

Бөлім ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


Бөлімі «Абайды оқы, таңырқа!»



Сөйлеу әрекетінің түрлері



Тыңдалым

Айтылым


Оқу мақсаты


6.1.5.1. Тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтау

6.2.6.1. Тірек сөздерге сүйеніп, сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастыру


Бағалау критерийі


• Мәтін тақырыбы, тірек сөздер, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды

• Тірек сөздерді қолданып, сурет бойынша әңгіме құрастырады


Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану


Орындау уақыты

15-20 минут


Тапсырма

Төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Абай «Жаз»

Жаздыгүн шілде болғанда,

Көкорай шалғын, бәйшешек,

Ұзарып өсіп толғанда;

Күркіреп жатқан өзенге,

Көшіп ауыл қонғанда;

Шұрқырап жатқан жылқының

Шалғыннан жоны қылтылдап,

Ат, айғырлар, биелер

Бүйірі шығып, ыңқылдап,

Суда тұрып шыбындап,

Құйрығымен шылпылдап,

Арасында құлын-тай

Айнала шауып бұлтылдап.

Жоғары-төмен үйрек, қаз

Ұшып тұрса сымпылдап,

Қыз-келіншек үй тігер,

Бұрала басып былқылдап,

Ақ білегін сыбанып,

Әзілдесіп сыңқылдап.

Сабадан қымыз құйдырып,

Ортасына қойдырып,

Жасы үлкендер бір бөлек

Кеңесіп, күліп сылқылдап.

Көлеңке қылып басына,

Кілем төсеп астына,

Салтанатты байлардың

Самаурына бұрқылдап.

Мылтық атқан, құс салан

Жас бозбала бір бөлек

Су жағалап қутындап...

https://www.zharar.com/kz/olen/1158-jaz.html

1. Мәтіннен жаз мезгілінің сипатын білдіретін 3 тірек сөзді анықтаңыз.

ӨShape2 Shape1 леңдегі негізгі ойды бір сөйлеммен жазыңыз.




Shape3

Shape4








2. Сұрақтарға өлең мазмұны бойынша жауап беріңіз:


Сұрақ

Жауап

Үлкендер немен айналысады


Қыз-келіншектер үйді қандай көңіл-күймен тігеді?


Бозбалалар жазда немен айналысады?








3. Суреттер бойынша әңгіме құрастырыңыз.

Тірек сөздер: ағынды су, тамаша табиғат, киіз үй құру, дастарқан мол, әңгімелесу,атқа міну






Бағалау критерий

Тапсырма

№

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтін тақырыбы, тірек сөздер, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды


1

жаз мезгіліне байланысты 3 тірек сөзді анықтайды

1

1

1

өлеңдегі ойды 1 сөйлеммен жазады

1

2

өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді

1

1

1

Тірек сөздерді қолданып, сурет бойынша әңгіме құрастырады

3

сурет пен тірек сөздер арқылы әңгіме құрастырады

1

1

Барлық балл



9



«Абайды оқы, таңырқа!», «Өлкені сипаттау өнері» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика


Білім алушының аты-жөні ___________________________________



Бағалау

критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Мәтін тақырыбы, тірек сөздер, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды

ӨShape5 леңнің негізгі ойын тірек сөздер арқылы анықтауға сұрақтарға жауап беруде қиналады

ӨShape6 леңнің негізгі ойын тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы анықтауда қателеседі

ӨShape7 леңнің негізгі ойын тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы дұрыс анықтайды


Тірек сөздерді қолданып, сурет бойынша әңгіме құрастырады

ТShape8 ірек сөздерді қолданып, сурет бойынша әңгіме құрауда қиналады

ТShape9 ірек сөздерді қолданып, сурет бойынша әңгіме құрастыруда қателеседі

ТShape10 ірек сөздерді қолданып, сурет бойынша әңгіме дұрыс құрастырады














В бөлімі

4-тоқсанның жиынтық бағалау спецификациясы

4-тоқсанның жиынтық бағалауына шолу

Ұзақтығы-40 минут

Тыңдалым-10 минут

Оқылым-10 минут

Жазылым-20 минут

Айтылым сабақтан тыс тексеріледі (әр білім алушыға 2 минут беріледі)

Балл саны-30

Тапсырма түрлері

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

Көп таңдауы бар сұрақтар

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 компонеттен тұрады. Бірінші компонент – тыңдалым, екінші компонент – оқылым, үшінші компонент – жазылым және тілдік бағдар, төртінші компонент – айтылым дағдыларын тексеруге арналған.

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы


Тап

сырма

Қамтылатын мақсаттар

Тапсырмаларға сипаттама

Тапсырмалар түрлері

Орындау уақыты, мин

Балл

1

8.1.2.1 - тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, детальді ақпараттарды анықтау

8.1.6.1 - тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде деректерді келтіре отырып, дәлелді жауап бер

Тапсырма жеке орындалады.

Оқушы тақырыпқа қатысты 149 сөзден тұратын тыңдалым мәтінін 2 рет тыңдайды.

Мәтінді тыңдау барысында оқушы бірінші, екінші тапсырмада тест, үшінші тапсырмада сәйкестендіру, төртінші тапсырмада бос орынға қажетті сөзді қояды, бесінші тапсырмада сұраққа жауап береді. Мұғалім оқушының мәтін мазмұнын түсінгенін бағалайды.

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

2

1

2

2

1

3



4

5

Көп таңдауы бар сұрақтар

2

1


2

1

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

2

1



1

8.3.1.1- перифраз түрінде берілген сұрақ арқылы қажетті ақпаратты анықтау

8.3.6.1 тақырып бойынша бірнеше мәтінде көтерілген мәселелерді салыстыра

отырып, баға беру


Тапсырма жеке орындалады. Оқушы тақырыпқа қатысты 200 сөзден тұратын мәтінді оқиды.

Бірінші тапсырмада дұрыс жауапты анықтайды, екінші тапсырмада мәтіндерді өзара салыстырады,

үшінші тапсырмада берілген сөйлемді өз сөзімен жазады, төртінші тапсырмада оқушы айтыскердің бойындағы қасиеттерді атап, бағалайды.

Көп таңдауы бар сұрақтар





Қысқа жауапты

қажет ететін сұрақтар.


Толық жауапты қажет ететін сұрақтар


2

1

2

4

2

3

2

1

4

2

1




1

8.4.1.1 - мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, шағын мақала, пікір, интервью жазу

8.5.2.1 – жазба жұмыстарында себеп-салдар, талғаулы, кезектес салалас құрмалас сөйлемдерді құрастыру

Тапсырма жеке орындалады. Оқушы берілген екі тапсырманың бірін таңдап, пікір немесе мақала жазады. Мұғалім оқушының жазба жұмысында стильді сақтауын қадағалап, салалас құрмалас сөйлемдерді орынды қолдануын бағалайды.

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

20

10

2

8.2.1.1 - тұрақты тіркестер мен көркемдегіш құралдарды қолданып, ауызша мәтіндер құрау

8.2.6.1 - кесте, диаграмма, нұсқаулық шартты белгілер мен сызбаларда берілген ақпаратты талдау, баға беру

Тапсырма жеке орындалады. Оқушыға өткен бөлімдер бойынша тақырып беріледі. Монолог 8-10 сөйлемнен тұруы қажет.

Мұғалім оқушының берілген тақырыпты түсініп, нақты жауап беруі, грамматикалық құрылымдарды сақталуы бағаланады.


Ауызша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Айтылым сабақтан тыс тексеріледі










10


















40 мин

30




«Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Тыңдалым

Әлемнің бірде-бір елі өзінің алдында дәл осындай қысқа мерзімде мұндай өршіл міндет қойған емес. Алайда күндердің күнінде дәл осының біздің жол деп атайтынына мен сенемін.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Қазақстан әртүрлі қиын жағдайларға қарамастан,тау асуларымен тайсалмай жүріп келе жатқан жолаушының жағдайын көзге елестететін.

Алғашқы қадам - өте күрделі. Жаңа мемлекетімізді құруға кіріскенде, ең алдымен, біздің үйіміздің мықты іргетасы, негіздердің негізі - жаңа Конституция керек екенін түсіндік.

«Дүниені өзгерткің келсе – өзіңнен баста» деген қанатты сөзді басшылыққа ала отырып, біздің әрқайсысымыз бәсекеге түсуге және жеңіп шығуға үйренуіміз керек. Ал біздің жалпы бәсекеге қабілеттілігіміз, түпкі нәтижеде, халықтың жақсы тұрмысына жеткізуі тиіс. Экономиканың өркендеуімен бірге, соның ізінше мәдениет пен өнердің, қазақ тілінің, халқымыздың дәстүрлері мен өмірлік философиясының гүлденуі жүруге тиіс.

...Табысты болуды ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінщі орында тұруы щарт. Себебі құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді...

Н.Назарбаев «Қазақстан жолы»


1. Жаңа мемлекетті құруға кіріскенде не керек екенін түсіндік?

А) Ата Заң

В) Бұйрық

С) Келісімшарт

Д) Құжат (1)


2. Табысты болуды ең басты факторы не?

А) Білім

В) Демалыс

С) Еңбек

Д) Саяхат (1)



3. Берілген ақпараттарды мәтін мазмұныны сай сәйкестендіріңіз. Тірек сөздер мен иллюстрациялар арқылы болжаңыз.


р/с

Ақпараттар

р/с

Ақпараттар

Сәйкестенді

ру жауабы

А

1

Жаңа мемлекетімізді құруға кіріскенде, ең алдымен, жаңа Конституция керек екенін түсіндік.


В

2

Алғашқы қадам - өте күрделі


С

3

«Дүниені өзгерткің келсе – өзіңнен баста»



(1)

4. Бос орынға тыңдалған мәтін мағынасына қарай қажетті сөздермен толықтырыңыз.

Экономиканың өркендеуімен бірге, соның ізінше мәдениет пен өнердің, ________________, халқымыздың дәстүрлері мен өмірлік философиясының гүлденуі жүруге тиіс. (1)

5. Берілген сұраққа тыңдалым мәтіні бойынша жауап беріңіз.

Әрқайсысымыз неге үйренуіміз керек?

_________________________________________________________(1)


Оқылым

1-мәтін

Айтыс – халық ауыз әдебиетінің осы түрі – ХІХ ғасырда пайда болды және өздігінен халық шығармашылығы іспетті дами бастады. Бұл кезең халықтың негізгі музыкалық дәстүрі – инструменталдық, ән-күй, ақындық жанрының гүлденуіне мүмкіндік жасалған ұлттың шын мәнінде рухани қайта өрлеу дәуірі болды.

Айтыс – халық арасында ақын деп аталатын екі суырыпсалма жыршы арасындағы сайыс. «Сөзбен айқасу бәрінен де күшті» деп халық бекер айтпаса керек. Айтыс кезінде ақындар кез келген еркін тақырыпты өлеңмен өрнектейді. Фольклордың басқа нысандарынан ерекшелігі – Айтыс жиналған халықтың алдында өткізіледі. Айтыскер ақындар алдын ала дайындықсыз сайысқа

қатысады, жауапты өлеңмен ойдан шығарып кезек-кезек қайтарып отырады. Бұл сайыс алғырлықты, терең ойды, жылдамдықты талап етеді.

https://www.zharar.com/kz/shygarma/112-aytys.html



2-мәтін

Теледидар ХХ-ғасырда халық тұрмысына дендеп енген құбылыс болды.

Ол болып жатқан оқиғаны экран арқылы көрсетіп, сол оқиғаның мән-мағынасын көру және есту арқылы түйсініп, санада қорытуға мүмкіндік берді.

Осындай хабарлардың бірі – «Айтыс». Қазақтың өзіне ғана ұлттық маржаны, төл өнері теледидар арқылы шағын аудитория шеңберінен шығып, айтыс десе ішкен асын жерге қойып тыңдайтын, қызыға тамашалайтын мыңдаған адамдардың мінберіне айналды. Бұрын ауыздан-ауызға тарап тыңдаушыға бастапқы күйінен өзгеріп жетсе, қазіргі теледидар бір мезгілде бірден айтысты сол өзгермен нұсқасында миллиондаған аудиторияға жеткізуге мүмкіндік берді. Демек теледидар – белгілі бір орталықтарда ғасырлар бойы жинақталған, сұрыпталып сараланған ғылым мен өнердің асыл қазыналарын бүкіл еліміздегі барлық адамдардың игілігіне айналуына жол ашқан өнер түрі.

https://bigox.kz/kazirgi-kezdegi-kazak-ajtysy/

1. Қай тақырып екі мәтінге ортақ ?

А) Қазақ әдебиетінің қалыптасуы

В) Өлең туралы ақпарат

С) Айтыс туралы түсінік

Д) Мәтін түрлері (1)


2. Екі мәтінді мұқият оқып, бұрыңғы айтыс пен қазіргі айтысты салыстырыңыз.


Бұрыңғы айтыс

Қазіргі айтыс





(2)

3. Берілген сөйлемді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз (перифраза)

Айтыс-халық арасында ақын деп аталатын екі суырыпсалма жыршы арасындағы айтыс.

Айтыс- _________________________________________________________(1)


4. Айтыскер адамның бойындағы қасиеттерді атап, бағалайды.

________________________________________________________________(1)



Жазылым

Берілген 2 тақырыптың біреуін таңдап, жауапты тиісті стильге келтіріп жазыңыз. Таңдаған шаршыға қанат белгісін ( ) қойыңыз.

Shape11 Shape12

1 2

1. Қазақстан – Байқоңыр - Ғарыш

«Байқоңыр – жер кіндігі» тақырыбына өз пікіріңізді жазыңыз. Жазылымда орфографиялық, пунктуациялық норманы, себеп-салдар, талғаулы, кезектес салалас құрмалас сөйлемдерді орынды қолданыңыз.

2. «Мәңгілік елдің нұрлы жолы!»

«Қазақстан жолы» атты кітабының үзіндісімен таныса отырып, «Қазақстан-менің Елім» тақырыбы бойынша шағын мақала жазыңыз. Жазылымда орфографиялық, пунктуациялық норманы, салалас құрмалас сөйлемдерді орынды қолданыңыз.

(10)

Айтылым

Берілген сызба бойынша «Мәңгілік Ел-менің Елім» атты монолог дайындаңыз (8-10 сөйлем). Тұрақты тіркестер мен көркемдегіш құралдарды қолданыңыз.

(10)














Балл қою кестесі

Тыңдалым

Сұрақ

Жауап

Балл

Жалпы балл

Қосымша ақпарат

1

А

1

5


2

А

1


3

А-3, В-1, С-2

1


4

Қазақ тілінің

1


5

Әрқайсысымыз бәсекеге түсуге және жеңіп шығуға үйренуіміз керек.

1

Оқушының ықтимал жауабы ескеріледі

Оқылым

Сұрақ

Жауап

Балл

Жалпы балл

Қосымша ақпарат

1

С

1

5


2

Оқушы жауабы бағаланады

2

Оқушының ықтимал жауабы қабылданады

3

Оқушы жауабы бағаланады

1

Оқушының ықтимал жауабы қабылданады

4

Оқушы жауабы бағаланады

1

Оқушының ықтимал жауабы қабылданады.

Жазылым

Балл

Мазмұны мен дұрыс жазылуы

(5 балл)

Тіл (5 балл)

5

Өте жақсы

Жауап толық, нақты негізделген және өте жақсы суреттелген, қарапайым және күрделі идеяларды тиімді ашады.

Пікір мен мақаланың құрылымы мен жазылуы жоғары деңгейде, орфографиялық пен пунктуация нормалары сақталған, мысал ретінде аргументтері байланысқан және мазмұнын ашады.

Өте жақсы

Салалас құрмалас сөйлемдерді дұрыс және сәйкес келтіріп жазған, сөздік қоры мол, пікір мен мақаланың стильдік ерекшеліктері сақталған, стильдік қолданысы өте дұрыс.

Нақты және жүйелі, елеусіз қателері бар

4

Жақсы

Көптеген түрлі мысалдар мен сілтемелерді қолданған жауап, қарапайым және кейбір күрделі идеяларды ашады.

Жалпы пікірдің және мақаланың идеясында жүйелі дамуы жақсы жазылған, аргументтерді қолдануы мен қорытынды жасау қабілеті көрінеді

Жақсы

Грамматикалық формаларды көбіне сәйкесінше жақсы қолданады.

Түрлі лексикалық минимумды қолдануға тырысады, сөздік қоры жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс.

3

Қанағаттанарлық

Жауапта бірнеше мысалдар келтірілген

бірақ барлық жағдайда негізді емес, қарапайым идеяларды ашқанымен, суреттеуі аз.

Пікір мен мақала дұрыс жазылған, бірақ кей кезде аргументтері логикалық жағынан дамытылмаған.

Қанағаттанарлық

Қарапайым грамматикалық формалар мен күнделікті лексикалық минимумды қолданады, сөздік қоры жеткілікті, стильдік қолданысы көп жағдайда дұрыс. Көбіне қателері бар, бірақ ақпарат беруге кедергі келтірмейді.

2

Төмен

Негізгі тақырыпты ашуға тырысады, бірақ көптеген қателіктер мен сәйкессіздіктер келтіреді, тек қарапайым идеяларды ашады. Пікір мен мақаланың құрылымы шектеулі, аргументтері дамымаған.

Төмен

Сөздік қоры шектеулі, жай сөйлемдерді қолданады, қайталаулар көп, сөздік қоры мен стильдік қолданысы жеткіліксіз.

Орфография мен негізгі грамматикалық формалар қате қолданылған, салалас құрмалас сөйлемдер қолданылмаған.

1

Өте төмен

Жауап түсініксіз, тақырыпқа байланысты сілтемелер аз, сұраққа жауап бермеді.

Мақаланың және пікірдің құрылымы мен аргументтерді қолдануы төмен деңгейде, идеялары жүйесіз

Өте төмен

Тек қарапайым сөйлемдер мен шектеулі сөздік қорды қолданады, көп құрылымдары аяқталмаған және қате.

Көптеген қателіктер келтірген, түсінуге қиындық келтіреді.

0

Жауап жоқ

Жауап жоқ




Айтылым

Балл

Негізгі ойда ашуы (5 балл)

Сөз қолданысы

5

Күрделі идеялар мен тұжырымдамаларды өте жақсы түсіндіреді және ашады.

Өз көзқарасын жүйелі және нақты дәлелдермен көрсетеді. Қажетті ақпаратқа дұрыс талдау жасайды және бағалайды.

Жауабы нақты және орынды. Кездейсоқ немесе кішігірім қателіктер келтіреді. Сол қателіктер түсінуге кедергі келтірмейді.

4

Күрделі идеялар мен тұжырымдамаларды нақты тауып ашады және түсіндіреді. Өз көзқарасын көбіне жақсы дәлелдермен келтіреді. Қажетті ақпаратты жалпы алғанда талдайды және бағалайды.

Жауабы көбіне нақты, тіл қолданысында кездейсоқ қателіктер келтіреді, бірақ олар түсінуге кедергі келтірмейді.

3

Қарапайым идеяларды ашады және түсіндіреді. Өз көзқарасын дәлелдеуге негіз шамалы. Қажетті ақпаратты талдау мен бағалауы қанағатсыз.

Жауабы нақты, тіл қолданысында қателіктер келтіреді. Жалпы қателіктер түсінуге кедергі келтірмейді.

2

Қарапайым ойларды түсіндіреді, негізгі ойды ашуы шектеулі. Өз көзқарасын бірнеше дәлелмен немесе дәлелсіз жеткізеді.Қажетті ақпаратты бағала алмайды.

Қарапайым сөз қолданысында анық қателіктерді келтіреді. Қателіктер түсінуге біршама кедергі келтіреді.

1

Өте аз ой жеткізеді, түсініксіз немесе негізгі ойлар ашылмаған. Тек негізгі ақпаратты береді.Көбіне ақпарат қажетсіз.

Жиі қате келтіреді. Қателіктер түсінуге кедергі келтіреді.

0

Идеясын, ойын жеткізе алмайды.

Сөз қолданысы сәйкес емес.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
31 қазан
660
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі