400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 27 материал табылды

6 сыныпқа математикадан ашық сабақ "Рационал сандар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика пәнінен ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарды азайту. Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығы.


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Рационал сандарды азайту ережесін үйрету, азайту тәсілдерін меңгерту, рационал сандарды азайту біліктілігін қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың бұрынғы біліміне сүйене отырып, жаңа білім алу қызығушылығын ояту. Жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаланып оқушылардың танымын кеңістікке шығару.
Тәрбиелілік: Математикалық тілде сауатты сөйлей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ.


Қолданылған көрнекіліктер және сабақ технологиясы: кеспе қағаздар, плакаттар, слайдтар, білім алушылар білімін бағалауға арналған өзін-өзі бағалау парағы.


Пайдаланылған әдіс-тәсілдер: түсіндіру,баяндау, ойландыру, сұрақ-жауап, , жартылай ізденушілік.


Сабақ өткізу формалары: топтық, жеке, жұптық, бірін-бірі тексеру, өзін-өзі тексеру, деңгейлік оқыту.


Пәнаралық байланыс: психология, тарих, информатика, қазақ тілі.

Сабақтың барысы:


DrawObject1 DrawObject2 І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
Қызығушылық ояту сәті.

9 6 8 12

18 24


18 24
Білім алушылар жақсы баға алу үшін бір-бірімен сайысқа түсіп, жарыса отырып сабаққа қатысулары тиіс. Алған ұпайларын өзін-өзі бағалау парақшаларына қойып отырады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Интерактивті тақтадан дұрыс жауабы бойынша әр жұп бірін-бірі тексереді.
№479
2)36+(-60) =-24
3)41+(-73) = -32
5)130+(-203) = -73
7)300+(-39) =261


№487 Теңдеуді шеш:
3) -у=42,74-56,3
-у= -13,56
у=13,56
Жауабы: 13,56.


№483

Берілгені:
Алғашқы тереңдігі 7 м

Арна суының деңгейі өзгерді (-0,8м)

Соңғы тереңдігі неше метр болды?

Шешуі: - 7+(-0,8)= -7,8

Жауабы: 7,8 м тереңдік


ІІІ. Өтілген материалды қайталау.

«Мен дұрыс ойлап тұрмын ба?»


Дұрыс болса 1, дұрыс емес болса 0 -мен белгіле

1.      Екі теріс санның қосындысы – теріс сан 1

2.      Берілген санға координаталық түзуде екі нүкте сәйкес келеді. 0

3.      Екі теріс санды қосу үшін, олардың модульдерін қосу керек. 1.

4.      Екі санның бөліндісі қатынас деп аталады 1

5.      Теріс сандардың қосындысы қосылғыштардың әрқайсысынан үлкен болады 0

6.      Санды нөлге бөлуге болмайды. 1

7.      Кез келген теріс сан оң саннан кіші және 0-ден үлкен 0

Жауабы: 1011010

ІV. Жаңа сабақты түсіндіру

Азайту екі қосылғыштың қосындысы және қосылғыштардың біреуі бойынша екінші қосылғышты (белгісіз) табу амалы.
в+х=а, х- белгісіз қосылғыш.
х=а-в немесе х=а+(-в) қарама-қарсы сандар

Өткен шақ Осы шақ

8+х=20 +8 + х= + 20

Х=20-8 х=20- (+8)

Х=12 х= 12

Таңбалар ережесін әрқашан жақшаны ашуда пайдаланып отырамыз:

+ (+)= +

+ (-)= -

- (+)= -

- (-)= +


Рационал сандарды азайтуды азайғышқа азайтқышқа қарама-қарсы санды қосып, азайтуды қосу амалымен есептеуге болады екен. Рационал сандарды азайту амалы азайғыш азайтқыштан кіші (кем) болғанда да орындалады.
Мысалдар:
1) 4-9=4+(-9) =-5 немесе 4-9 =-5
2) 8-(-5) =8+5=13
3) -9-(-12) =-9+12=3

Бір саннан екінші санды азайту үшін , азайғышқа азайтқышқа қарама-қарсы санды қосу керек.
а-в=а+(-в)


Егер азайғыш пен азайтқыштың таңбалары әртүрлі болса, онда рационал сандарды азайту таңбалары бірдей сандарды қосу «ережесі бойынша» орындалады.

1-кесте.
Азайғыш ---------Азайтқыш------------------ -Жазылуы -------------------Айырма
6--------------------- -2 -------------------------------6-(-2) =6+2=8 ----------------- 8
-7--------------------- +3------------------------- -7-(+3) =-7-3=-10----------------- -10
1,8-------------------2,7--------------------1,8-(-2,7) =1,8+2,7=4,5 ----------------- 4,5
Егер азайғыш пен азайтқыштың таңбалары бірдей болса, онда рационал сандарды азайту таңбалары әртүрлі сандарды қосу ережесі бойынша орындалады.

2-кесте.
Азайғыш ---------------Азайтқыш -----------------------Жазылуы ------------------------Айырма
-9-------------------------- -3-------------------------------- -9-(-3) =-9+3=-6-------------------- -6
-2-------------------------- -5-------------------------------- -2-(-5) =-2+5=3---------- 3


Азайту амалының ерекше жағдайлары:
а-а=0
0-а=-а
а-0=а
Мысалы:
-5-(-5) =-5+5=0
0-2,7=-2,7
-4,1-0=-4,1
Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығы.
Мысал:Координаталық түзудегі шеткі нүктелері А(-4) және В(3) болатын АВ кесіндісінің ұзындығын (бірлік есінді есебімен) табайық.
Координаталық түзудегі АВ кесіндісінің ұзындығын табу үшін:
1) А(-4) және В(3) нүктелерін координаталық түзуде белгілеу керек.
2) А(-4) және В(3) нүктелерінің арасында неше бірлік кесінді бар екенін табу керек.
3) АВ=3-(-4) =3+4=7. АВ=7 (бірлік кесінді)
Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығын табу үшін оның оң жақ шеткі нүктесінің координатасынан сол жақ шеткі нүктесінің координатасын азайту керек.


V. Ауызша есептер шығару.

№ 492

№ 493

№502


VІ. Сабақты бекіту. Тапсырмалар орындау.

А тобы:

№494. Айырманы табыңдар:
1)-2-10=
-(2+10) =-12
-14-20=- (14+20)= - 34

=





№497. Жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдырып, азайтуды орында:

1)

2) 0,75 – ( )=0,75+0,2=0,95

№499 Теңдеуді шеш:

  1. Х+ (-5)=2 14,3 + х= - 8

Х=2+5 х=-8-14,3

Х=7 х=-22,3


7+(-5)=2 14,3+ (-22,3)=-8


№500

Координаталық түзудегі АВ кесіндісінің ұзындығын тап. Бірлік кесінді – 1 см

А (-7); В(2)

Шешуі:

АВ = 2- (-7)= 2 + 7 =9(см)

Жауабы: 9 см

В - тобы
№504. Есептеңдер:
1)1,37-4,9= - (4,9-1,37)
=-3,53
2)3,8-5,35 =- (5,35-3,8)
= - 1,55

3) - - 0,25= -

№506 Теңдеуді шеш:

  1. -13,7 –(-х)= -4,9 6,1 – (-у)= - 5,2

-13,7+х=-4,9 6,1+у= - 5,2

Х= -4,9+13,7 у= - 5,2-6,1

X= 8,8 у= -11,3

-13,7 –(-8,8)= -4,9 6,1 – (-(-11,3))= - 5,2


№509

Бірлік кесіндісі 2 см – ге тең координаталық түзудегі АВ кесіндісінің А нүктесіне -2,5 саны сәйкес келсе, оған қарама – қарсы сан В нүктесіне сәйкес келеді. АВ кесіндісінің ұзындығын тап

Шешуі:

А(-2,5) және В (2,5)

АВ= 2,5- (-2,5)= 2,5+2,5= 5

Бірлік кесінді 2 см болғандықтан АВ= 5*2=10 см

Жауабы: 10 см

VІ. «Кім жылдам» топтық ойыны


VIІ. Сабақты пысықтау

Семантикалық карта №1

жауабы

тапсырмалар

8

2

6

9

3

-8+y=-6

Г

Б

А

Е

Н

a+4,3=12,3

І

О

Ж

П

Т

-1,9-x= -10,9

С

Ш

М

Л

Ю

b+(-2)=1

Р

Ы

У

Щ

І

6,5-x=0,5

Ч

Ф

М

Э

Қ

Б І Л І М

VІІ. Сабақты қорытындылау.


АDrawObject3 малдарды орындап,бос орындарға тиісті рационал сандарды қойыңдар:.

DrawObject4 DrawObject14 DrawObject13 DrawObject12 DrawObject11 DrawObject10 DrawObject9 DrawObject8 DrawObject7 DrawObject6 DrawObject5 DrawObject15

DrawObject16

-2 +5

-7

-9

DrawObject17 -4 -15







ІX. Үйге тапсырма:


1 деңгей №498,№499 (4-6) №500 (ә)

2 деңгей №505 (3,4), №506 (5,6) №508,


X. Бағалау.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 қаңтар
817
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі