жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
6-сынып.Қысқарған сөздер
Сыныбы: 6-сынып
Сабақтың тақырыбы: Қысқарған сөздер. Сабақтың мақсаты:
а) білімділік - күрделі сөздердің бір түрі қысқарған сөздің жасалу жолдарын және емлесін түсіндіру, алған білімдерін пысықтау, тексеру, бағалау;
ә) дамытушылық - оқушылардың білім дағдыларын жинақтау, деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту;
б)тәрбиелік -оқушыларды елжандылыққа, инабаттылыққа, әдемілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сүрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: интер.тақта,дид. материалдар, кеспе қағаздары, тірек
сызбалар, газеттер,карта,ООМ
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жүмыс
жүргізу.
Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты
түсіндіру, қорытындылау, бағалау.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
-
Сәлемдесу.
-
Кезекші мәлімдемесі.
-
Жаңа сабаққа дайындық.
ә) Үй тапсырмасын сұрау.
-
Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.
Дәптерлерін алмастыру. 3 оқушыны оқытқызу (5мин)
-
Өткен сабақта өтілген ережені сұрау.
-
Сөздер құрмына қарай қалай бөлінеді? Дара сөз дегеніміз не?
-
Күрделі сөз дегеніміз не? Қандай түрлері бар?
-
Біріккен сөз деген не? Қалай жасалады?
-
Қос сөз деген не? Қос сөздердің түрлері. (3 мин)
-
Тест сұрақтары (3мин)
1. Біріккен сөзді табыңыз.
а) ұзынды-қысқалы ә) итмұрын б)демеуші
2. Туынды сөзді көрсетіңіз.
а) алыстан ә) үсті б) қуырдақ
3. Күрделі сөзді көрсетіңіз.
а) білім ә) жаздай б) биыл
4. Қос сөздің жасалу жолын табыңыз.
а) шылау арқылы ә) сөздің тіркесуі арқылы б) сөздің қайталануы арқылы
5. Қос сөз - қай сөз
табы, табыңыз.
Ақиқат өзін-өзі ақтап алар (орыс
мақалы).
а) зат
есім ә)
есімдік б)
есімше
6.Жұрнақ арқылы жасалған туынды
сөзді табыңыз.
а)
зейнетпен ә) зейнетті 6)
зейнеткер
7. Бірге жазылатын
күрделі сөзді
көрсетіңіз.
а) Балқаш
көлі ә) тас бақа б) бала
шаға
б) Жаңа сабақты түсіндіру. (5 мин)
сұрақтар:
-
Біздің мектеп қалай аталады? НМ
-
30 қыркүйек күні 193 елдің басшылары Нью Йорк қаласында неге жиналды? БҰҰ
Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Қысқарған сөздер» тақырыбы жайлы түсіндіремін.
Кейбір күрделі атаулар, мемлекет, мекеме, ұйым аттары бірнеше сөздің тіркесінен құралып, кейде қысқартылып та қолданыла береді. Мысалы: Қазақстан Республикасы - ҚР болып, т.б. қысқартылып та жүмсала береді. Осындай күрделі атаулардың белгілі бір тәсілдермен қысқартылып алынуын қысқарған сөздер дейміз.
Күрделі атаулар әр түрлі жолдармен қысқартылады:
-
Күрделі атау құрамындағы сөздердің бас әріптерінен құралады. Мысалы: БҰҰ— Біріккен Ұлттар Ұйымы, т.б. Мұндай қысқарған сөздер бас әріппен жазылады да, қосымша дефис (-) арқылы жалғанады. Мысалы: БҰҰ-ның, т.б.
-
Күрделі атау құрамындағы бірінші сөздің басты буыны мен кейінгі сөздердің бас әріптерінен құралады. Мысалы: Қаз МИ—Қазақстан медицина институты, т.б. Мұндай қысқарған сөздердің бірінші буынындағы бірінші әріп пен кейінгі сөздерден қысқартылып алынған бірінші әріптері бас әріппен жазылады да, оларға қосылатын қосымша дефис арқылы жалғанады. Мысалы: АлМУ-дың, т.б.
-
Күрделі атаулардың құрамындағы сөздердің бірінші буындарынан немесе бірінші сөздің басқы буыны мен келесі сөз тұтас қалпында бірігіп құралады. Мұндай қысқарған сөздер кіші әріппен және оған қосымша де-фиссіз қосылып жазылады. Мысалы: педколледжге түсті, т.б.
-
ГАЗ-51, ТК-154, ИЛ-86, АН-24 тәрізді техника түрлерінің (үшақ, машина, трактор, т.б.) маркаларын көрсету үшін алынған шартты белгілер де қысқарған сөздер болып табылады. Мұндай қысқарған сөздер бас әріп-пен жазылады да, қосымша дефис арқылы жалғанады. Мысалы: ТУ-154-пен ұшып келді, т.б.
-
Әр түрлі өлшемнің атауы болып табылатын м (метр), см (санти-метр), кг (килограмм), т (тонна), га (гектар), ц (центнер), т.б. тәрізді белгі-лер де қысқарған сөздер болып табылады. Бұлар кіші әріппен жазылады да, оларға қосымша дефис арқылы жалғанады. Мысалы: 50 кг-ға дейін,т.б
Сабақты бекіту.
І.Сөздердің бас дыбыстары алынады СЭС-санитарлық эпидемиялық станция, ЖЭС -жылу электр станциясы.
2.Бірінші сөздің буыны мен қалған сөздердің бас дыбыстары алынады: ҚарМУ, ҚазМИ.
З.Сөздердің бас буындары алынады немесе бірінші сөздің бас буынына қалған сөз өзгертілмей қосылып алынады: Қазпошта, партком.
4.Техника: Ан-86, Газ-51.
5.Өлшем бірліктері: см., км., мм., т., кг.
Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жұмыстарын орындатамын
-
63-жаттығу (6мин) Ауданыдық, облыстық, республикалық басылымдарды қолдарына таратып белгіленген мәтіннен қысқарған сөздерді табу. Мағынасын түсіндіріп дәптерлеріне жазып алу.
Газетпен жұмыс
«Адасқан әріптер» орнын тап.
1.Біріккен ҰлттарҰйымы БҰҰ
е.р.і.б.к.н.і.к.
2.Ішкі істер министрлігі ІІМ
р.і.т.е.с.
3.Америка Құрама Штаттары АҚШ
а.р.ұ.м.қ.а
4.Қазақстан Республикасы ҚР
а.с.қ.т.н.а.а.з.қ.
-
64-жаттығу (10мин)
Мәтінді 2 бөлікке бөліп оқыту, түсінік айту. Қосымша ізденген материалдарды меңгерту
Қысқарған сөздерді тауып жазу. Толық атауына түсініктеме беру.
-
Сабақтың қорытындысы:
-
Семантикалық картамен сабақты қорытындылаймын.(3мин)
|
|
Бас әріптерінен құралған |
Басқы буыны+бірінші әрпі |
Бірінші буындарынан |
Өлшем атаулары |
Бірінші буыны + тұтас сөз |
Техника маркаларын білдіретін буындар мен сандар |
|
ТМД |
|
|
|
|
|
|
|
см |
|
|
|
|
|
|
|
ТарМУ |
|
|
|
|
|
|
|
Педколледж |
|
|
|
|
|
|
|
Филфак |
|
|
|
|
|
|
|
АН-24 |
|
|
|
|
|
|
|
ҰБТ |
|
|
|
|
|
|
-
Бағалау
Үйге тапсырма: Қазақстандағы өзіңе ұнаған ескерткіштердің бірі туралы ақпарат жинаңдар

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген