жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
6-сыныптарға арналған Математикалық сауаттылық курсынан бағдарлама
«Жезқазған қаласының білім бөлімі» ММ
«Жезқазған қаласының білім бөлімінің Қ.И.Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейі» КММ
КЕЛІСІЛДІ ______________ БЕКІТЕМІН ______________
Қалалық білім беру бөлімінің Қ.И.Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицей
басшысы Ж.Е.Альмаганбетов директоры К.Б.Мукашева
« ___» _______ 2019 ж. «___» _______ 2019 ж.
6-сынып оқушыларына арналған
«Математикалық сауаттылық» оқу курсының бағдарламасы
Құрастырушы автор: математика пәнінің мұғалімі
Юсупова Аманкул Жумановна
ЖЕЗҚАЗҒАН, 2019-2020
Авторы:
Қ.И.Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейінің математика пәнінің мұғалімі Юсупова Аманкул Жумановна
Пікір жазушылар:
Мурзахметова Д.У. - біліктілігі жоғары деңгейдегі математика пәні мұғалімі
Математикалық үлгілеу және жобалау кафедра отырысында талқыланды, бекітуге ұсынылды
№_____хаттама «_____» ______________2019 ж.
Хатшы ________ Г.С.Бектасова
Қ.И.Сәтбаев атындағы №7 МЛ әдістемелік Кеңесі ұсынды
№_____хаттама «_____» ______________2019 ж.
қолы
Кеңес төрағасы (төрайымы) ________ К.Б.Мукашева
қолы
Қалалық эксперттік топтың хаттамасы негізінде білім бөлімінің әдістемелік кеңесі бекітуге ұсынды
№_____хаттама «_____» ______________2019 ж.
Хатшы ________
Білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі
_________________ А.С.Жакенова
қолы
« _____» ______2019 ж.__
Түсініктеме хат
«Математикалық сауаттылық» курсы 6-сынып оқушыларының математикалық сауаттылығын қалыптастыру үшін және болашақтағы бейіндік оқуға алдын ала дайындау үшін математикалық есептерді мейлінше логикалық тұрғыдан қарастыру арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуға арналады. Курсты құрастыруда оқушылардың жас ерекшеліктері мен қызығушылықтары ескерілді.
Курс математиканың базалық курсын кеңейтеді және оқушыларға математиканың практикалық құндылығын сезінуге, өздерінің математикалық қабілеттерін тексеруге, оқушылардың танымдық белсенділігін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
Курста қарастырылатын сұрақтар негізгі математикалық курспен тығыз байланысады және бұл таңдау курсы мектеп бағдарламасында көрсетілген маңызды математикалық білім мен дағдыларын жетілдіруге және дамытуға әсер етеді.
Ұсынылып отырған курс бұрынғы алынған бағдарламалық білімдер жүйесін дамыту болып табылады. Математиканың әлемдегі ролін анықтау және түсіну, әр түрлі формада берілген сандық ақпараттарды оқу, талдау, түсіндіріп беру дұрыс негізделген.
Курс оқушыларға қарапайым және белгілі математикалық есептеулердің өмірдегі кең қолданысын көрсетеді. Есептер шығару кезінде химиямен, физикамен, экономикамен пәнаралық байланыс айқын көрінеді, бұл оқушылардың оқу мотивациясын көтеруге, математикалық сауаттылықтарын нығайтуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар курс мазмұны әрбір оқушыға оқу-танымдық үдеріске белсенді түрде енуге және функционалдық сауаттылықтарын нығайтып, өзін-өзі жоғары деңгейде көрсетуге мүмкіндік береді.
Курстың мақсаты:
Оқушылардың математикалық және логикалық есептеулер туралы біліктерін өмірлік тәжірибені әр түрлі мәселелер спектрімен байыту есебінен кеңейту; болашақ оқу бейінін дұрыс сезініп таңдауға әсер ету; математикалық сауаттылығын нығайту арқылы құзіреттілік деңгейлерін көтеру.
Курстың міндеттері:
Алған білімдерін іс жүзінде пайдалана білуге үйрету;
Ізденімпаздық, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
Математикалық білім, білік дағдыларының белгілі жүйелерін меңгерту;
Ізденушілік, зерттеушілік жұмыстарын ұйымдастыру;
Әртүрлі әдістермен логикалық есептерді шешуге үйрету;
Есептердегі олардың практикалық маңыздылығын көрсету.
Курстың өзектілігі:
Оқушылардың функционалдық математикалық сауаттылығын қалыптастыра отырып, математикалық және логикалық есептерді өз бетімен шығара алатын қабілеттерін қалыптастыру.
Курстан күтілетін нәтиже:
Өз бетінше есеп шығарудың сан қилы жолын іздестіреді;
Өз бетінше білім алу дағдыларына негіз салады;
Математикалық білім деңгейлерін тереңдетеді;
Өмір мен қоғамға аса қажетті мәселелерді математика ғылымына тән жан-жақты талдайды;
Қоғамдық прогрестің дамуы үшін жалпы адамзат мәдениетінің бір бөлігі болатын математиканың маңызын түсінеді.
Курстың мазмұны
I Сандар және проценттер (12 сағ)
Сандар теориясы, проценттерге есептер, салыстыруға берілген есептер, кестелермен берілген есептер, графиктермен берілген есептер, диаграммамен берілген есептер, шамалар мен олардың мүмкін мәндерінің арасындағы сәйкестік, тест жұмысы
II Логикалық есептер (10 сағ)
Соңынан кері қарай шығаруға есептер, тең бөліктер, сандық ребустар, Сиқырлы шаршылар, палиндром, заңдылықтар, комбинаторика және ықтималдыққа есептер, әр түрлі логикалық есептер
III Логикалық ойындар (5 сағ)
Сангоку, судоку, рубик кубигі
IV Геометриялық мағынадағы есептер (6 сағ)
Қашықтыққа берілген есептер, аудандарға қатысты есептер, бұрыштарға қатысты есептер, тест жұмысы
V Қорытынды сабақ (1 сағ)
Курстың оқу-тақырыптық жоспары
№ |
Сабақтың тақырыбы |
Сағат саны |
Түрі, әдісі |
Өткізетін күні |
|
Сандар және проценттер |
12 |
|
|
1 |
Сандар теориясы |
1 |
|
|
2 |
Сандар теориясы |
1 |
Практикалық жұмыс |
|
3 |
Проценттерге есептер |
1 |
Практикалық жұмыс |
|
4 |
Проценттерге есептер |
1 |
Практикалық жұмыс |
|
5 |
Кестелермен берілген есептер |
1 |
Практикалық жұмыс |
|
6 |
Кестелермен берілген есептер |
1 |
Практикалық жұмыс |
|
7 |
Графиктермен берілген есептер |
1 |
Практикалық жұмыс |
|
8 |
Диаграммамен берілген есептер |
1 |
Практикалық жұмыс |
|
9 |
Диаграммамен берілген есептер |
1 |
Практикалық жұмыс |
|
10 |
Комбинаторика және ықтималдыққа есептер |
1 |
Практикалық жұмыс |
|
11 |
Комбинаторика және ықтималдыққа есептер |
1 |
Практикалық жұмыс |
|
12 |
Тест жұмысы |
1 |
Сынақ |
|
|
|
|
|
|
|
Логикалық есептер |
10 |
|
|
13 |
Соңынан кері қарай шығаруға есептер |
1 |
Практикалық жұмыс |
|
14 |
Сандық ребустар |
1 |
Практикалық жұмыс |
|
15 |
Сандық ребустар |
1 |
Практикалық жұмыс |
|
16 |
Сиқырлы шаршылар |
1 |
Практикалық жұмыс |
|
17 |
Палиндром |
1 |
Практикалық жұмыс |
|
18 |
Палиндром |
1 |
Практикалық жұмыс |
|
19 |
Заңдылықтар |
1 |
Практикалық жұмыс |
|
20 |
Таразыда өлшеу |
1 |
Практикалық жұмыс |
|
21 |
Құюға берілген есептер |
1 |
Практикалық жұмыс |
|
22 |
Пентамино |
1 |
Практикалық жұмыс |
|
|
Логикалық ойындар |
5 |
|
|
23 |
Сангоку |
1 |
Практикалық жұмыс |
|
24 |
Судоку |
1 |
Практикалық жұмыс |
|
25 |
Судоку |
1 |
Практикалық жұмыс |
|
26 |
Рубик кубигі |
1 |
Түсіндірмелі иллюстративтік |
|
27 |
Рубик кубигі |
1 |
Сайыс сабғағы |
|
28 |
Танграм |
1 |
Ойын сабағы |
|
29 |
Шахмат, дойбы, домино элементтері |
1 |
Ойын сабағы |
|
|
Геометриялық мағынадағы есептер |
5 |
|
|
30 |
Қашықтыққа берілген есептер |
1 |
Практикалық жұмыс |
|
31 |
Аудандарға қатысты есептер |
1 |
Практикалық жұмыс |
|
32 |
Бұрыштарға қатысты есептер |
1 |
Практикалық жұмыс |
|
33 |
Бұрыштарға қатысты есептер |
1 |
Практикалық жұмыс |
|
34 |
Тест жұмысы. Қорытынды сабақ |
1 |
Практикалық жұмыс |
|
Қолданылған әдебиеттер
1. Ы.Мәуіт, Қ.Қапатұлы, Ә.Қайсаұлы, Н.Бәзікей. Математикалық сауаттылық. Астана-2017
2. Қ.Бекболат, А.Сералы. Математикалық сауаттылық Астана-2017
3.Ұ.Б.Жанасбаева, К.Б. Жанасбаев. Математикалық сауаттылық Алматы-2017
4.Т.А.Алдамұратова. 5 сынып математика Алматы «Атамұра» 2002
5. Математикалық сауаттылық. ІІІ.ІV Қ. Ахметова 2018ж
6. Математикалық сауаттылық. І.ІІ. Жанасбаева Ұ.Б,Жанасбаев К.Б 2017ж

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген