400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

№6 зертханалық жұмыс: «Архимед заңын зерделеу»

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа бағдарлама бойынша 7 сыныпта сабақ беретін мұғалімдер үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Бөлім : Қысым


Күні:


Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

№6 зертханалық жұмыс: «Архимед заңын зерделеу»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

7.3.1.11 кері итеруші күшті анықтау және оның сұйыққа батырылған дененің көлеміне тәуелділігін зерттеу

Сабақ мақсаттары

-Fы ығыстырушы күш ығыстырылған су салмағына тең екендігін анықтау;

-Fы ығыстырушы күштің дене көлеміне байланысты екенін тексеру;

-Fы ығыстырушы күштің ρс сұйық тығыздығына байланысты екенін тексеру.

Бағалау критерийлері


-Кері итеруші күш ұғымын түсінеді;

-Архимед заңын түсінеді;

-Архимед күші қандай шамаларға тәуелді екенін біледі;

- негізгі физикалық терминдерді, ұғымдарды біледі.

-Архимед заңын түсіне отырып есептер шығара алады;

-Архимед заңының тұжырымдалуын және физикалық мағынасын түсінеді;

-эксперимент арқылы Архимед күшін анықтап, ауырлық күшімен салыстырып, жауаптарын дәлелдей алады.

Тілдік мақсаттар


Арнайы пәндік лексика және терминология: ығыстырылып шығарылған сұйық көлемі, сұйық тығыздығы, Архимед күші

Диалог үшін пайдалы баянды сөйлемдер:

Архимед күші- бұл сұйыққа немесе газға түсірілген денелерді … күш.

Архимед күші - … физикалық шамаларға тәуелді.

Құндылықтарды дарыту


Жалпыға бірдей еңбек қоғамы құндылықтары (эксперимент жүргізу арқылы)

Пәнаралық байланыстар

Есептеулер жүргізу және формулаларды қорыту кезінде, өлшем бірліктерді ХБЖ-не келтіру арқылы оқушылардың математикалық (дене көлемін анықтау кезінде) дағдыларына назар аудару.

Бастапқы білім

Қысым,Паскаль заңы,күш,тығыздық.






Сабақ барысы





Сабақтың жоспарланған кезеңдері




Сабақтағы жопарланған жаттығулар түрлері




Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин








5 мин




































Зертханалық жұмыс

25 мин



































































































































































































5 минут

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгендеу

Үй жұмысын тексеру, өткен тақырыпқа қорытынды жасау.


(W) (F) Миға шабуыл

  1. Архимед күшінің математикалық формуласы қандай?

  2. Архимед күші қандай физикалық шамаларға тәуелді?

  3. Архимед заңын пайдалана отырып, дененің тығыздығын,дене көлемін қалай анықтауға болады?

  4. Сұйық өзіне батырылған денеге неліктен төменнен жоғары қарай бағытталған қысым түсіреді?

  5. Архимед заңын қандай жерлерде кездестіруге болады?




Сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушыларды ескеріп оларға жетондар таратылады.

Топқа бөлу «Пазлдар» арқылы.Судағы денеге әсер ететін кері итеруші күш Архимед күші , кері итеруші күш қандай физикалық шамаға тәуелділігін анықтау бойынша үш топқа бөлінеді. Топ басшысын және тайм-киперді сайлау.


Бөлінген топтарға үш түрлі тапсырма беріледі.
















Сабақта пайдаланған құрал-жабдықтар: суы бар ыдыс, массасы әр түрлі жүктер, динамометр, мензурка, жіп, мектеп таразысы, көлемдері әр түрлі жүктер және тығыздығы әр түрлі сұйық (су, сұйық май)


(G) (Е)

І топ

1-тапсырма: Су ішінде массасы 100г денеге әрекет ететін ығыстырушы күшті өлшеу

Жұмыстың барысы:

1. Мензурка көлемімен жүктің көлемін анықтау

2. Дененің өлшеген Vд көлемі мен су ρсу тығыздығы бойынша ығыстырылған су салмағын табу. Р0= ρсу Vд g

Vд=V2-V1

V1-судың бастапқы көлемі

V2- дене суға салынғаннан кейінгі көлемі

3. Денені жіпке байлап, динамометр ілгегіне іліп , оған әрекет етеін ауырлық күшінің (дененің ауадағы салмағын) мәнін табыңдар.

Р-?

4. Динамометрге ілінген жүкті түгелімен суға батырып, оның су ішіндегі салмағын анықтаңдар. Р1-?

5. Ығыстырушы күш ығыстырылған су салмағына тең бе? деген сұраққа жауап беріңдер

6. Тәжірибені басқа денелермен жасаңыздар

7. Кестеге алынған мәліметтерді толық жазыныздар


Жұмыстарды орындап, есептеулерді ретімен жазып, шыққан қорытындыларды тұжырымдай білуге үйретуге тырысамын.


Тәжірибе реті

Дененің көлемі, vд , м3

Дене ығыстырған сұйық салмағы

Ро, Н

Дененің ауадағы салмағы Р, Н

Сұйықтықтағы дене салмағы

Р1, Н

Ығыстырушы күш

Fы =Р- Р1, Н

























Оқушылар зертханалық жұмысты жасаған соң өздері қорытындылаулары керек.

Қорытындылау:

  1. Ығыстырушы күш, дене ығыстырып шығарған судың салмағына тең

  2. Сұйықтыққа салынған денеге кері итеруші күш әсер етеді












Бағалау критериі

Дескрипторлар

Fы ығыстырушы күш ығыстырылған су салмағына тең екендігін анықтайды

1. Мензурка көлемімен жүктің көлемін анықтайды

2. Дененің өлшеген Vд көлемі мен су ρсу тығыздығы бойынша ығыстырылған су салмағын табады

3. Денені жіпке байлап, динамометр ілгегіне іліп және оған әрекет етеін ауырлық күшін (дененің ауадағы салмағын) мәнін табады.

4. Динамометрге ілінген жүкті түгелімен суға батырып, оның су ішіндегі салмағын анықтайды


5. Кестеге алынған мәліметтерді жазады






















(G) (Е)

ІІ топ

2-тапсырма Сұйыққа батырылған денеге әрекет ететін Fыығыстырушы күштің дене көлеміне байланысты екенін тексеру

Құрал – жабдықтар: мектеп таразысы, массасы 100 грамм болатын көлемдері әр түрлі екі денелер, суы бар екі ыдыстар.

Жұмыстың барысы:

  1. Жүктерді таразы иіндеріне бекітіңдер, таразыны тепе теңдік қалпына келтіріңдер;

  2. Егер екі денені де суы бар ыдыстардың ішіне батырсақ, таразының тепе теңдігі бұзылады ма екен? Сұраққа жауап беріңдер. Жауаптарыңды тәжірибеде тексеріп көріндер.

Бағалау критериі

Дескрипторлар

Fы ығыстырушы күштің дене көлеміне байланысты екенін тексереді


  1. Жүктерді таразы иіндеріне бекітіп, таразыны тепе теңдік қалпына келтіреді

  2. Егер екі денені де суы бар ыдыстардың ішіне батырып таразының тепе теңдігі бұзылады ма деген сұраққа жауап береді.

















(G) (Е)

ІІІ топ

3-тапсырмаFыығыстырушы күштің ρс сұйық тығыздығына байланысты екенін тексеру

Құрал – жабдықтар: мектеп таразысы (табақшаларсыз), массалары мен көлемдері бірдей екі жүктер, суы бар және судан басқа кез келген сұйық құйылған ыдыстар

Жұмыстың барысы:

  1. Жүктерді таразы иіндеріне бекітіп, таразыны тепе теңдік қалпына келтіріңдер;

  2. Егер бір денені де суы бар ыдысқа, екіншісін басқа сұйық құйылған ыдысқа батырса, таразының тепе – теңдігі бұзыла ма? Сұраққа жауап беріңдер. Жауаптарыңызды тәжірибеде тексеріңдер.

Бағалау критериі

Дескрипторлар

Fы ығыстырушы күштің ρс сұйық тығыздығына байланысты екенін тексереді

  1. Жүктерді таразы иіндеріне бекітіп, таразыны тепе теңдік қалпына келтіреді;

  2. Егер бір денені де суы бар ыдысқа, екіншісін басқа сұйық құйылған ыдысқа батырса, таразының тепе – теңдігі бұзыла ма деген сұраққа жауап береді






(G) (F) Әр үш топ өздері тәжірибені қорытындылайды, тақтаға шығып нәтижесін түсіндіреді.

Үш топты тыңдаған соң, оқушылар Архимед күші қандай физикалық шамаларға тәуелді екенін, қандай шамаға тәуелді емес екенін өздері қорытынды жасайды.



Дұрыс қорытынды жасағандарды оқушылар өздері бағалайды


«Бутерброд» әдісі арқылы бағалау

Оқушылар екі мықты жағын айтады, бір ұсыныс айтады







(I) (F) Есептер шығару (Жеке жұмыс)

  1. Массасы 300 г альюминийден жасалған денені керосинге батырғанда оның салмағы қандай болады?

Критерий

Дескриптор

Архимед заңын есептер шығару кезінде қолданады


  • Берілгенін дұрыс жазады

  • Берілген сұйықтың тығыздығын кестеден алады

  • ХБЖ-не айналдырады

  • Архимед заңының формуласын қолданады

  • Архимед заңының формуласын түрлендіреді






  1. Бір ағаш білеушені сынап құйылған ыдысқа, сосын су құйылған ыдысқа, одан соң керосин құйылған ыдысқа салғандағы жағдайда білеушеге әрекет ететін Архимед күшін салыстыр. Дұрыс шығарған оқушыларға жетондар ұсынылады.

Критерии

Дескриптор

Архимед заңын әр түрлі жағдайларда қолданады


  • Берілгенін дұрыс жазады

  • Берілген сұйықтың тығыздығын кестеден алады

  • Архимед заңының формуласын қолданады






Бағалау жетондар арқылы жүргізіледі











Танысты

рылым

Интербелсенді тақта





































Р. Башарұлы.

У. Тоқбергенова,

Қазақбаева

«Физика»

7 сынып








































































































































































Интербелсенді тақта
































Интербелсенді тақта



Сабақтың соңы

3 минут


Үй тапсырмасы





(W)

Сабақ соңында алынған смайликтер санын есептеп оқушыларды бағалау.Смайликтері көп оқушылар оң бағаланады.

рефлексия: Сабақ бойы қарастырылған мәселелерді қаншалықты түсінгендіктерін өздері бағалайды : чемодан, ет тартқыш, себет суреті тұрады (оқушылар түсінген ұғымдарын стикерге жазып чемоданға салады, түсіндіруді қажет ететін ұғымдарды ет тартқышқа салады, түсінбегендерін себетке салады,)







Үй тапсырмасы: Мұздың кесегі бензинде,керосинде,глицеринде жүзіп жүре алады ма? Түсіндір.






Чемодан, ет

тартқыш,

қоқыс жәшігі

стикерлер


Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Сабақтың мақсаты бойынша, тапсырмалары және нәтижесі бойынша сараланады, топтық жұмыс бойынша сараланады.
























- «Миға шабуыл» стратегиясын пайдаланып сұрақ-жауап арқылы жетондармен бағалау;

- Өзара бағалау;

- Жеке жұмысты бағалау.


Оқушыны партада дұрыс және түзу отырыуын қамтамасыз ету

Көз ауруларының алдын алу үшін жарықпен қамтамасыз ету

Физика кабинетіндегі қауіпсіздік техника ережелерінің түсіндірме жұмыстарын жүргізу; Демонстрациялық тәжірибелер көрсету барысында құралдармен мұқият болу. Себебі, таразымен жұмыс жасау барысында кір тастарды құлатып алу қаупі бар.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

.




















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
27 ұстаз жүктеп алған
14 қараша
9181
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі