6.«Жол-көлік оқиғаларының себептері» ЖЖЕ 2 Ұстазым - ұлағатым, үлгі өнегем!

Тақырып бойынша 11 материал табылды

6.«Жол-көлік оқиғаларының себептері» ЖЖЕ 2 Ұстазым - ұлағатым, үлгі өнегем!

Материал туралы қысқаша түсінік
6.«Жол-көлік оқиғаларының себептері» ЖЖЕ 2 Ұстазым - ұлағатым, үлгі өнегем!
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тәрбие сағаты:

«Жол-көлік оқиғаларының себептері»

Күні:

07.10.2024 .ж.

Сынып жетекші:

Муратбекова П.М.

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

6.«Жол-көлік оқиғаларының себептері» ЖЖЕ №2 / «Ұстазым - ұлағатым, үлгі өнегем!»

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

6-САБАҚ

6- сыныптар: «Кибербуллингтің рөлдік құрылымы. Егер сіз қатысушы болсаңыз не істеу керек. Өзіңізге алғашқы көмек»

Сабақтың мақсаты:

Ұстаздың адам өмірінде алатын орын зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін оқушылардың бойына дарыту.

Ұстаз  мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу.

Қауіпсіздік сабағының мақсаты:

Сабақтың мақсаты:кибербуллингінің не екенін, оның құрылымын және егер ол қатысушы болып шықса, қалай әрекет ету керектігін түсіну. Кибербуллингінің не екенін түсіндіріп, оның түрлерін түсіну

2-апта дәйексөзі:

Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас!

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал

Бір түрлі кәмпит алғандарды

1-топқа «», ал екіншісін таңдағандарды 2-топқа «» тобына бөлемін.


1) Жүргіншілер деген кімдер? (көшеде жаяу жүрген адамдар)

2) Қала көшелерінде жаяу адамдар қандай жолмен жүруге тиіс? (тротуармен)

3) Тротуар деген не? (жаяу адамдарға арналған жол)

4) Автобусқа қай есіктен мініп, қай есіктен түседі? (алдан түсіп, арттан мінеді)

5) Адамға машинаны жүргізуге қандай құжат керек? (жүргізуші куәлігі)

6) Жолаушылар таситын қоғамдық көлікті қай жерден күтіп, міну керек (аялдамалардан)

7) Көлік жүріп келе жатқанда жолаушыға жүргізушімен сөйлесуге бола ма? (болмайды)









Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді.

Психологиялық ахуал





Оқушылардың пікірі тыңдалады

Оқушылар сұраққа жауап береді


Бір біріне жол ережесі туралы сұрақ қояды



Оқушы жауабы

Қазіргі таңда автокөлік қоғамда өзіндік орны бар мүлікке айналып, жол қозғалысының ажырамас бір бөлігін құрайтыны сөзсіз. Бұл үдеріс біздің қаламызда да байқалады. Қазақстанда жол-көлік оқиғаларының басты себептерінің бірі жылдамдық талаптарын сақтамау болып табылады Жылдамдықты асыра пайдалану жол-көлік оқиғаларының негізгі себептерінің бірі болып табылады. Жолдардағы орташа жылдамдықты бақылау және автоматты айыппұл салу жүйелерін енгізу арқылы Қазақстанда жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында маңызды қадамдар жасалуда. Бұл шаралар жол-көлік оқиғаларын азайтып, жолдардағы тәртіпті жақсартуға ықпал етеді деп күтілуде.

Компьютер






















Сабақ басы (13 мин)













Ұстаз ... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық
нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз.
«Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған.«Ұстаздан тәрбие алған » немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер « ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.
Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің » дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз. Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім – тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруде еңбегі зор.
Шәкірттерге білім беруде ұстаздардың еңбегі ұшан теңіз.







Сондықтанда ұстаз әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.


Ассоцация құру

Shape1

Shape3 Shape2


Ұстаз

Shape4 Shape6 Shape5










суреттер











Ортасы (10 мин)


Ыбырай Алтынсарин қазақ жерінде тұңғыш мектеп ашқан ағартушы-педагог. «Мұғалім – мектептің жүрегі» деген Ыбырай Алтынсарин. Өйткені мұғалім оқушыға білім береді, тәрбиелейді, ақыл айтады. Мұғалім оқушыны жақсылыққа, ізгілікке, бақытқа жетелейді. Мұғалім жас ұрпаққа өз өнерін, тәжірибесін, білімін үйретеді. Мұғалімнің еңбегі зор. Ол адамның өмірге деген сенімін арттырады, өмірден өз жолын дұрыс таба білуге көмектеседі.

1-топ: ұстаз тақырыбындағы ақын-жазушылардң өлеңдерінен үзінді

2- топ: ұстаз тақырыбында мақал-мәтелдер, жұмбақтар айтады

Ұстазы жақсының ұстамы жақсы


Мектеп – білім тірегі,ұстаз – оның жүрегі.


Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла.


Ана баланың тәнін шынықтырса,

Ұстаз баланың жанын шынықтырады.


Шәкірті жоқ ұстаз – мылқау ұстаз.

 Ыбырай Жақаев

Әке мейірімінен ұстаз жәбірі жақсы.


Ұстаз талантты болса,
Шәкірті талапты болады.


Ұққаның жақсы болса —
Жақының көбейеді.
Ұстазың жақсы болса —
Ақылың көбейеді.


Өмірдің өзі — ұлы ұстаз.


Шәкірті зейінді келеді.
Ұстазы бейілді болса.


Оқушы:

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы –деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі – маржан, үні – ән  ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін.

Оқушы:

Күллі өмірін жеткіншекке арнаған

Мұғалімді ардақтайды барша жан

Ол мектептен шықпаса да қыс — жазы,

Жемісі оның жердің жүзін шарлаған

Оқушы:

Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!

Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.

Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,

Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

Оқушы:

Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,

Перне басқан оркестрдің үніндей

Әр баланың жүрегіне жол тауып,

Тұрасың сен, дирижер боп күлімдей.

Оқушы

Жалын атып, от боп, бірге жанасың,

Білім беріп, содан бақыт табасың

Бар өмірің өрнектеліп баламен,

Жасарып бір мәңгі жас боп қаласың







(10 мин)













































Соңы




(5 мин)


ҚАУІПСІЗДІК САБАҒЫ

6 САБАҚ. «КИБЕРБУЛЛИНГІНІҢРОЛЬДІК ҚҰРЫЛЫМЫ. ЕГЕРСІЗ ҚАТЫСУШЫ БОЛСАҢЫЗ НЕ ІСТЕУ КЕРЕК:ӨЗІҢІЗГЕ АЛҒАШҚЫ КӨМЕК»

Сабақтың барысы 1. Кіріспе (2 минутқа дейін) Кибербуллинг – бұл цифрлық технологияны қолдану арқылы қорқыту және бопсалау (қорқыту, хабарламалар, жағымсыз пікірлер жіберу, жалған ақпаратты тарату, қорлайтын пікірлер мен фотосуреттердіорналастыру). Түрлері: Ақпараттық технологиялардың белсенді дамуы басқа адамға агрессивті және құрметсіздік танытуға мүмкіндік береді. Кибербуллингінің бірнеше түрі бар: Қабырғадағы фотосуреттерге, бейнелерге немесе жазбаларға түсініктеме беру. Есептік жазбаны бұзу және басқа пайдаланушыларға ұятсыз мазмұндағы хабарламаларды жіберу. Жәбірленушінің фотосуреттерін ұрлап пайдаланып жалған парақшалар жасау. Мұндай профильдерден спам жіберу, өнімді сату немесе бір нәрсені насихаттау; Түсініктемелермен толықтырылған баланың парақшасынан жазбаларды тарату. 2. Негізгі бөлім (6 минутқа дейін) Қалай күресуге болады? Қазіргі балалар компьютерлерді, телефондарды және басқа гаджеттерді өте ерте игере бастайды, сондықтан ата-аналардың міндеті – жас ұрпақты күтпеген тосынсыйларға мүмкіндігінше ертерек дайындау. Кибербуллингіге қатысушылардың рольдерін қарастыру (бейнероликте): - Жәбірленуші: кибербуллингіге ұшыраған адам онлайн ортадағы басқа адамдардың агрессиясының немесе теріс әрекеттерінің нысанасына айналады. - Агрессор (буллер): кибербуллингіні бастайтын және жүзеге асыратын адам. - Куәгер: кибербуллингіге куә болған, бірақ белсенді қатыспайтын адамдар. Олар қорлайтын хабарламаларды, пікірлерді немесе әрекеттерді көре алады, бірақ араласпайды; - Қорғаушы: кибербуллинг құрбанын белсенді түрде қорғайтын адамдар агрессорларға қарсы шығып, кибербуллингінің алдын алуға немесе тоқтатуға тырысады. 3. Қорытынды - Сабақты қорытындылау. Қорытындылай келе, сіздердің әрқайсыларыңыз өз өмірлеріңіздегі теріс қылықтар үшін барлық жауапкершілікті білулеріңіз керек. «Басқалармен олар сізбен бірге жүруді қалайтындай әрекет етіңіз» деген қағида бойынша өмір сүріңіз. Виртуалды кеңістіктегі және шынайы өмірдегі қатыгездіктің басқа көріністері сияқты кибербуллингіні толығымен жою мүмкін емес. Сондықтан ересектерді (атааналарды) өз проблемалары жайлы хабардар ету керек.

Бүгін сендер өздеріңнің жол ережесі туралы білетін ойларыңызды көрсеттіңдер. Қай жерде жүрсеңдер де жолда жүру ережесін сақтап, басқаларды да соған шақырыңдар дегім келеді.

  • Мұғалім: Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. Осымен ұстаздарға арналған сабағымызды аяқтаймыз.



Презентация










































Пайдалы сілтеме: https://youtu.be/E_Q2rB3ltmY?si=CNja5zILw6x5AdM0


https://drive.google.com/file/d/1DluC3Fgtsn8XaN562n9SbCIbXgbu7qNJ/view




































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.03.2025
145
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі