Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
6–сынып оқушыларына арналған аралық аттестаттау тапсырмалары Қазақ тілі 8-нұсқа бар емтихан
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Отан отбасынан басталады»бөлімі бойынша 6–сынып оқушыларына арналған аралық аттестаттау тапсырмалары
Білім алушы__________________________ сыныбы____ мерзімі_________
І нұсқа
Оқу мақсаттары:
6.1.6.1тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде шынайы өмірмен байланыстырып жауап беру
6.2.5.1 коммуникативтік жағдаят бойынша диалогке қатысушылар өзара түсінісіп ойларын толықтырып отыру
6.3.3.1 орта көлемді шығармаларды түсіну, тақырыбы мен негізгі ойды анықтау;
6.4.2.1 эссе тақырыбының желісінен шықпай, әрбір абзацты жүйелі құрастырып, қажетті мазмұнын ашып жазу;
6.5.1.1 мәтіндерден деректі және дерексіз зат,көптік мәнді есімдерді ажырата білу,жазбаша, ауызша жұмыстарда қолдану.
Бағалау критерийлері:
- тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде шынайы өмірмен байланыстырып жауап беру
-коммуникативтік жағдаят бойынша диалогке қатысушылар өзара түсінісіп ойларын
-орта көлемді шығармаларды түсіну, тақырыбы мен негізгі ойды анықтау;
толықтырып отыру
-эссе тақырыбының желісінен шықпайды; әрбір абзацты жүйелі құрастырады, қажетті мазмұнын ашып жазады;
- мәтіндерден деректі және дерексіз зат,көптік мәнді есімдерді ажырата білу,жазбаша, ауызша жұмыстарда қолдану.
Тапсырмаларды орындау уақыты -90 минут
Тыңдалым мәтінді мұқият тыңдап, сұраққа жауап бер
Отбасы –сыйластық, түсіністік орнаған орта, кішкентай Отан, табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Отбасы –мемлекеттің дұрыс қалыптасуының ең басты тірегі, бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Жеке адамның бойындағы ар –ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы- алғашқы қадам. «Отан - отбасынан басталады» деген нақыл сөзді дәлел ретінде алсақ болады. Отбасында құндылықтар мол болуы керек. Сонда ғана әр отбасында тәрбиеленіп жатқан ұрпақ отбасылық махаббатқа, ата-ана мейіріміне бөленіп, болашақта Отанымыздың дамуына айтарлықтай үлес қоса алатын азамат болып шығады. Бұл қасиеттер тек тәрбие арқылы келетінін ұмытпауымыз керек. Қазіргі жаһандану кезеңінде өмір сүріп жатқан жастар осы құндылықты бағалай алмайтын сияқты. Себебі отбасындағы бала тәрбиесін түрлі гаджеттер мен планшеттер алмастыруда. Осы кезде дана Әл-Фарабидің мына сөзі ойға келеді: «Білім алмас бұрын, мықты тәрбиені қалыптастыру керек, тәрбиесіз алған білім қоғамға өте қауіпті». Кез келген адамның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның санасында көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді
Отбасындағы өзара сыйластықты қалай түсінесің?
Айтылым Берілген тақырыптардың біреуін таңдап,сол бойынша диалогті құрыңыздар. Ойларыңызды толықтырыңыздар.
1. Ең қымбат адамдар
2. Әкең –қамқоршың,анаң-ақылшың
3. Отбасы –өмір айнасы
Оқылым. Мәтінді мұқият оқып, тест сұрақтарына жауап беріңіз.
Отбасы кішкентай бір мемлекеттік ұя” деп
бекер айтылмаған. Әдетте жақсылықтың бәрі отбасынан басталады.
Отбасы - жұртты жақындастырушы, ұрпақ пен ұрпақты табыстырушы,
ұрпақаралық тұтастықтың отын жағушы ерекше ұя. Сондықтан да отбасы
- барша адамзатқа ең жақын, ең қасиетті ұғым. Әрбір отбасында
сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса, қоғамның діңгегі де берік
болады. Адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап
отбасының тәрбиесін
алады.
Ата – анам – өмірдегі ең қымбат адамдарым.
Олар мені жақсылыққа әдептілікке, адамгершілікке тәрбиелейді.
Сабақта да, үйде де ұқыпты, тәртіпті, саналы бала болса екен деп
тілейді. Әсіресе,”Түп қазығың - Отаның, ар - намысың - тілің,
кәусар бұлағың - ұстазың, қамқоршың - әкең, ақылшың – анаң” деген
сөздері қөңілімде жатталып қалыпты. Ата - анамның тілегін орындауға
бар күшімді саламын. Отбасы – адамның өте маңызды, өте жауапты жан
ұясы, себебі отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс - тіршілік
әкеледі. Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең
алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп,
отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса
қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі. Отбасының адамзат ұрпағына
деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен
салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата - ананың балаға деген
тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар
емес.
1.Сөйлемдерді мәтін мазмұны бойынша рет-ретімен орналастырыңыз (1,2,3)
Мәтіндегі ақпараттар |
Реті |
Ата – анам – өмірдегі ең қымбат адамдарым. |
|
Отбасы – адам баласының алтын діңгегі |
|
Ата - анамның тілегін орындауға бар күшімді саламын |
|
2.Мәтіннің тақырыбын анықтаңыз.
А.Отбасы кішкентай мемлекет
В.Олиммпиада жеңімпаздары
СҚазақстан мақтаныштарым
Д.Жібек жолы бойындағы қалалар
Жазылым. Берілген тақырыптардың бірін таңдап, эссе жазыңыз. (90-100сөз) Жазба жұмысында деректі және дерексіз зат есімдерді, көптік мәнді есімдерді қолданыңыз.
1.Отбасы –бақыт мекені
2.Менің отбасым
3.Бақытты отбасы
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Әдеби тіл нормаларды Эссе мәтінен деректі және дерексіз зат есімдерді ,көптік мәнді есімдерді ажырату.
Деректі зат есім |
Дерексіз зат есім |
Көптік мәнді есім |
|
|
|
«Отан отбасынан басталады» бөлімі бойынша 6–сынып оқушыларына арналған аралық аттестаттау тапсырмалары
Білім алушы__________________________ сыныбы____ мерзімі_________
ІІІ нұсқа
Оқу мақсаттары:
6.1.6.1тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде шынайы өмірмен байланыстырып жауап беру
6.2.5.1 коммуникативтік жағдаят бойынша диалогке қатысушылар өзара түсінісіп ойларын толықтырып отыру
6.3.3.1 орта көлемді шығармаларды түсіну, тақырыбы мен негізгі ойды анықтау
6.4.2.1 эссе тақырыбының желісінен шықпай, әрбір абзацты жүйелі құрастырып, қажетті мазмұнын ашып жазу;
6.5.1.6.сын-қимыл және мөлшер үстеулерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.
Бағалау критерийлері:
-
Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді, негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды;
-
коммуникативтік жағдаят бойынша диалогке қатысушылар өзара түсінісіп ойларын толықтырып отыру
-
орта көлемді шығармаларды түсіну, тақырыбы мен негізгі ойды анықтау
эссе тақырыбының желісінен шықпайды; әрбір абзацты жүйелі құрастырады, қажетті мазмұнын ашып жазады;
сын-қимыл және мөлшер үстеулерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.
Тапсырмаларды орындау уақыты -90 минут
Тыңдалым
Аудиомәтінді тыңдап, сұрақтарға жауап беріңіздер.
Серік Жұманғалиұлы Сәпиев (16 қараша, 1983 жыл, Абай қаласы, Қарағанды облысы) - боксшы, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері, Парасат орденінің кавалері (2008 жыл), Отан орденінің иегері (2012)[1], спорт бойынша ЮНЕСКО чемпионы атанған әлемдегі 13-ші спортшы[2], қазақстандық ең танымал боксшылардың бірі, 2014 жылдың қарашасынан бастап Astana Arlans командасының бас директоры.[3]
Жартылай орташа салмақ пен бірінші жартылай орташа салмақта әуесқой бокстан Олимпиада ойындарының чемпионы (2012), Баркер кубогының иегері (2012), әлемнің екі дүркін чемпионы (2005, 2007), күміс (2011) және қола (2009) медальдарының иегері, Бейжің және Лондон Олимпиадасында бокстан құрама команданың капитаны.
Спортшы болу үшін қандай қасиет болу керек?
Айтылым
Берілген тақырыптардың біреуін таңдап,сол бойынша диалогті құрыңыздар. Ойларыңызды толықтырыңыздар.
1.Қай спортшыны үлгі тұтасын? Неге?
2.Олимпиада чемпионы болу үшін не істеу керек?
3.Сүйікті спорт түрі қандай?
Оқылым.
Мәтінді мұқият оқып, тест сұрақтарына жауап беріңіз.
Олимпиада
Пьер де Кубертеннің ұсынысы бойынша. Олимпаданың эмблемасы бір-бірімен өріле қосылған бес сақинадан тұрады. Олар көгілдір, кара, кызыл (жоғарғы катары), сары және жасыл (төменгі катары) түстен құралады. Бұл бес құрлық спортшыларынын «Олимпиадалық козғалысқа бір женнен кол, бір жағадан бас шығарып күш жұмсайық!» деген ниетін аңғартады. Мұнда сонымен бірге «Читиус». «Альтнус», «Фортиус» (жылдамырақ, биігірек, күштірек) ұраны да бар. Сондай-ақ мұнда 5 сақинамен бірге, олимпиаданын өткен жылы және оны ұйымдастырушы қаланың символикалық белгісі болады.
Бірінші олимпиада жалауы 1914 жылы Парижде көтерілді. Олимпнада алауы ертедегі олимпнадалық ойындар өткен Грекиядағы Олимп тауында күн нұрынан тұтатылады. Содан кейін факелді эстафеталық алып жүру рәсімі басталады. Олимпиадалық ойындар басталатын орталық стадиондағы үлкен табаққа алаудан от тұтатылады. Осы от ойындар аякталған- ша жанып тұрады. Мұндай дәстүр 1936 жылдан бері жалғасып келеді.
1.Берілген тұжырымдардан бір «жалған» ақпаратты анықтаңыз.
№ |
Тұжырым |
Шын |
Жалған
|
1. |
Олимпиада эмблемасы 5 сақинадан тұрады |
|
|
2. |
Алғашқы олимпиада 1800 жылы өтті |
|
|
3. |
Олимпиадада от тұтату дәстүрі 1936 жылдан бері бар |
|
|
2.Сөйлемдерді мәтін мазмұны бойынша рет-ретімен ораластырыңыз (1,2,3)
Мәтіндегі ақпараттар |
Реті |
Олимпаданың эмблемасы бір-бірімен өріле қосылған бес сақинадан тұрады. |
|
Олимпиадалық ойындар басталатын орталық стадиондағы үлкен табаққа алаудан от тұта- тылады |
|
Мұнда сонымен бірге «Читиус». «Альтнус», «Фортиус» ұраны да бар |
|
Жазылым.
Берілген тақырыптардың бірін таңдап, эссе жазыңыз.(90-100сөз)Жазба жұмысында сын –қимыл және мөлшер үстеулерді қолданыңыз.
1.Сүйікті спорт түріңіз қандай?
2.Спорт-денсаулық кепілі!
3.Қазақстанның жеңімпаз спортшылары.
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Әдеби тіл нормаларды Эссе мәтінен сын-қимыл үстеуі және мөлшер үстеуін табу.
Сын-қимыл үстеу |
Мөлшер үстеу |
|
|
ІІ нұсқа
Оқу мақсаттары:
6.1.2.1 тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпараттарды анықтау;
6.4.2.1 эссе тақырыбының желісінен шықпай, әрбір абзацты жүйелі құрастырып, қажетті мазмұнын ашып жазу;
6.3.3.1 орта көлемді шығармаларды түсіну, тақырыбы мен негізгі ойды анықтау;
6.2.6.1 тірек сөздерге сүйеніп, сюжетті суретердің желісі бойынша әңгіме құрастыру
6.5.1.5.Етістіктің шақтарының (нақ осы шақ)қызметін білу,ауызша жән жазба жұмыстарында қолдану.
Бағалау критерийлері:
-
Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді, негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды
-
эссе тақырыбының желісінен шықпайды; әрбір абзацты жүйелі құрастырады, қажетті мазмұнын ашып жазу.
-
орта көлемді шығармаларды түсіну, тақырыбы мен негізгі ойды анықтау;
-
тірек сөздерге сүйеніп, сюжетті суретердің желісі бойынша әңгіме құрастыру
-
Етістіктің шақтарының (нақ осы шақ)қызметін білу,ауызша және жазба жұмыстарында қолдану.