Материалдар / 6сыныпқа арналған тест жұмысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

6сыныпқа арналған тест жұмысы

Материал туралы қысқаша түсінік
6сыныптарға арналған тест жұмысы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Желтоқсан 2017
529
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақ тілінен 6-сыныпқа арналған 2-тоқсандық тест (№1)

Мақсаты:оқылым әрекеті арқылы берілген мәтіннің негізгі ойын,мазмұнын түсініп,сұрақтарға жауап беру;

1 мәтін.Сыйлық.

Сәуле мен Сәлім сегізінші наурызға апасына не сыйлайтынын кеңесті.Сөзді Сәлім бастады:

-Сәуле,сен апама не сыйлайсың?

-Әкем дүкеннен иісмай сатып әкеп беремін деді,соны сыйлаймын.Апам иісмайды жақсы көреді.

-Ол сенің сыйлығың болмайды ғой.Әкемнің сыйлығы болады.Сен ақша таппайсың.

-Сен не сыйлайсың?-деді Сәуле.

-Мен өзім еңбек етіп,қолымнан келгенін сыйлаймын,-деді Сәлім.

Екі бала сегізінші наурызға апасына сыйлық дайындады.Сәлім қағазға сурет салды.Оған құттықтау жазды.Сәуле әкесіне иісмай алғызды.

Мереке күні дастарқан жайылды.Екеуі апаларын құттықтады.Апасы Сәлімнің суретін алып:

-Сәлімнің суреті қандай жақсы!Өзің суретшісің ғой!-деді.

Сәуле төмен қарап ,ұялып қалды. (75сөз)

1.Мәтінде өз қолымен сыйлық жасаған кім?

А)әкесі В)Сәуле С)Сәлім Д)суретші Е)апасы

2.Мәтінде кездеспейтін ақпарат

А)апасын құттықтады В)сыйлық туралы кеңесті С)әкесі иісмай сатып әкелді

Д)қонақтар өте көп болды Е)апасы Сәлімнің суретін мақтады

3.Мәтіннің негізгі ойы қандай?

А)сыйлықты әр адам өзі таңдап,өз қолымен жасаған дұрыс В)қымбат сыйлық сыйлау керек С)мерекеде дастарқан жаю керек Д)әкесінің сыйлығы ұнамады Е)ақша сыйлау керек

4.Сыйлық сөзінің синонимі

А)құттықтау В)сый-сияпат С)сурет Д)ақша Е)мереке

5.Мәтінде сын есімнің қандай түрлері кездеседі?

А)бөлшектік В)есептік,реттік С)реттік,жинақтық,есептік Д)болжалдық Е)есептік,жинақтық

2 мәтін.Оқымысты бала

Бір бала қалада оқып,жазғытұры ауылына келеді.Әкесі:

-Балам,енді шөп шабатын мезгіл жақындады.Қолыңа тырнауыш ал,мен шапқан шөпті жинап,көмегіңді тигіз,-деді.Баланың жұмыс істегісі келмей:

-Мен әр түрлі ғылымдар оқып келдім,қара қазақтың сөздерін ұмыттым,тырнауыш деген не нәрсе?-деді.Осы сөзді айтқаны сол еді,жатқан тырнауыштың басын байқамай аяғымен басып кетеді.Тырнауыштың сабы тақ етіп маңдайына тиеді.Сонда тырнауыштың не екені есіне түсіп,маңдайын сипап:

-Тырнауышты аяқ астына тастаған қандай ақымақ?- деп ашуланады.

(М.Дулатов) (71сөз)

1.Әкесі баласынан қандай көмек сұрады?

А)шөпті шабу В)шөпті жинау С)шөпті тасу Д)тырнауышты әкелу Е)ауылға келу

2.Мәтінде баланың қандай теріс қасиетін байқауға болады?

А)еңбекқор,еріншек В)жалқау,өркөкірек С)ақылды Д)ақымақ Е)қол ұшын беруге дайын

3.Мәтіндегі оқиға жылдың қай мезгілінде болған?

А)жазда В)күзде С)қыста Д)суықта Е)көктемде

4.Әңгіме неге тәрбиелейді?

А)көп оқуға В)жақсы демалуға С)ата-анаға көмектесуге,еңбектенуге

Д)қалада білім алуға Е)көп тіл білуге

5.Мәтінге сай мақал-мәтелді анықта

А)Оқу мен еңбек –егіз В)Ел іші - алтын бесік С)Күш- білімде

Д)Көп біл,аз сөйле Е)Сөз асылы - мақал



Лексика-грамматикалық тест

1.Бата дегеніміз не?

А)Мақал-мәтел В)Ертегінің бір түрі С)Игі тілек,алғыс Д)Атаның әңгімесі Е)Ереже

2. Екінші мүшел жас А) 13 В)37 С)25 Д)49 Е)12

3.Кезекшінің міндеті А)Сабақ жүргізу В)Тәртіпті,тазалықты бақылау С)Мәтін оқу

Д)Сабаққа кешігу Е)Қоңырау соғу

4.Ы.Алтынсарин қайда тұңғыш мектептер ашты?

А)Алматыда В)Торғай обылысында С)Петербургте Д)Қазанда Е)басқа елде

5.Ыбырайдың оқу-білімге шақырған өлеңдері

А) «Таза бұлақ» В) «Әке мен бала» С) «Қыс» Д) «Өнер-білім бар жұрттар», «Кел,балалар,оқылық»

Е) «Мен жастарға сенемін», «Үш бақытым»

6.Тұрлаусыз мүшелерді көрсет

А)Бастауыш,толықтауыш В)Пысықтауыш,баяндауыш С)Пысықтауыш,анықтауыш Д)Толықтауыш,баяндауыш Е)Анықтауыш,бастауыш

7.Келер шақтағы сөйлем А)Кезекші өз міндетін жақсы білді В)Қазақ мектептері ашылып жатыр С)Ыбырай әңгімелерін оқыдым Д)Досымның туған күніне барамын Е)Айжан мектеп формасын киді

8.Кімнің?Ненің?Қандай? сұрақтарына жауап беретін сөйлем мүшесі А)Бастауыш В)Анықтауыш С)Пысықтауыш Д)Баяндауыш Е)Толықтауыш

9.Қатыстық сын есімді анықта А)Білім В)Білімді С)Қымбат Д)Сыпайы Е)Оқушы

10.Болымсыз етістікті тіркес А)Сабаққа келді В)Кезекші болды С)Тапсырманы білмеді Д)Анасын құттықтады Е)Оқу-білім бұлағы



Жауап кілті

1 мәтін №2 мәтін

1с 1в

2д 2в

3а 3е

4в 4с

5с 5а

Лексика-грамматикалық тапсырма

1с 6с

2с 7д

3в 8в

4в 9в

5д 10с































































3. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар а/ тың, тің в/гер,паз с/ лар, лер д/ ны,ні

4. ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары а/ Ш.Қалдаяқов, Ш.Ниязбеков

в/ Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев с/ М.Әлімбаев, Т.Молдағалиев д/ Ж.Мәлібеков, Ш. Уәлиханов

5. Сыпайы болу дегеніміз а/ қасиет в/ әдеп сақтау, мәдениеттілікті көрсету

с/ қарапайым болу д/ мейірімсіз болу

6. Ең алғашқы теңге қайда басылды? а/ Қазақстанда в/ Алматыда с/ Англияда

д/ Астанада

7. Синонимдер а/ жаман-нашар в/ үлкен – кіші с/ биік – аласа д/ ерте- кеш

8. Реттік сан есімнің жұрнақтары а/ ау,еу в/ ыншы, інші с/ даған,деген д/ нан, нен

9. « Добы» деген сөзде қандай ықпал а/ ілгерінді в/ тоғыспалы с/ кейінді д/ үндестік заңы

10. Тұйық буынды сөз а/ ұлт в/ қайық с/ елім д/ оқу

11. Сөз түрлендіруші жұрнақ а/ лық, лік в/ шы, ші, с/ ырақ, ірек д/ сыз,сіз

12. Туынды етістік а/ жүр в/ көмектес с/ бар д/ аз

13. Тәуелденген зат есімдерге қосымшасы өзгеріп жалғанатын септіктер а/ ілік, атау, барыс в/ ілік,жатыс, шығыс с/ барыс,табыс, жатыс д/ табыс, жатыс, шығыс

14.»Қоян» сөзінде а/5 дыбыс,4 әріп в/5 дыбыс,5 әріп с/4 дыбыс,4 әріп

д/ 4 дыбыс, 5әріп

15. Септеулік шылау а/ кейін в/ бірақ с/ әрі д/ өйткені

16. Тасымалдауға келмейтін а/ сабақ в/ ыдыс с/ қонақ д/ дыбыс

17. Туынды сын есім а/ қара в/ көк с/ биік д/ ашық

18. ІІ-жақта жіктеліп тұрған сөз а/ баламын в/ жиенсің с/ баласын д/ келгенбіз

19. Күрделі етістік а/ оқып отыр в/ он бес с/ ақылды дос д/ оның қолы

20. «Ы» дыбыс а/ жіңішке, еріндік,қысаң в/ жуан,езулік,қысаң с/ жуан,езулік,ашық

д/ жуан,еріндік, ашық





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!