жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
№72 Ілік септік 36-40- жаттығу ҚМЖ 4 сынып
|
Білім беру ұйымының атауы |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Пәні: |
Қазақ тілі |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Бөлім: |
Табиғат құбылыстары |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Педагогтің аты-жөні: |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Күні: |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сынып: 4 « » |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
№72 Ілік септік 36-40- жаттығу |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: |
4.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру 4.3.4.1* мәтінді құруда (жаңалық, репортаж, жарнама) сызба, график, кесте, фото және диаграмманы қолмен сызу/компьютерде теру 4.4.2.3 зат есімді септеу, тәуелденген сөздердің септелуін білу |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың мақсаты: |
-мәтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтар құрастырады және жауап бере алады; -мәтінді құруда сызбаны пайдаланып, пікірін дәлелдей алады; - зат есімді септейді, тәуелденген сөздердің септелуін біліп, сөйлем құрайды. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Құндылықты дарыту |
Ынтымақтастық, құрмет |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың барысы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың кезеңдері: |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||||||||||
|
Басы 10 мин |
І.Психологиялық ахуал орнату. «Көңіл күйім» жаттығуы орындалады.. Оқушылардың сабаққа дейінгі көңіл күйін білу. ІІ.Өткен сабақты бекіту 35-жаттығу «Көбелектерді өз гүліне қондыр» ойыны Атау – кім? не? Ілік – кімнің? ненің? Барыс – кімге? неге? Табыс – кімді? нені? Жатыс – кімде? неде? Шығыс – кімнен? неден? Көмектес – кіммен? немен? ІІІ.«Кім тапқыр?» ойыны. Бұл ойынның ерекшелігі барлық сөздер С әрпінен басталады және үш әріптен тұрады.
2.Таза балшық 3. Өте қырағы 4.Судың апаты 5. Мен және ... 6. Қозғалған мұз 7. Түр-түстің атауы -Осы сөздердің ішінде қай сөздер табиғат құбылысна жатады? Сабақ тақырыбы мен оқу мақсаттарын таныстыру. |
Оқушылар ақ қағазға өздерінің көңіл күйлерін суреттеп салады Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен танысады. |
«Ауызша мадақтау» әдісі: Жарайсың! Тамаша! Жақсы! Оқушылар жауабын толықтырып, әр қайсысына тиімді кері байланыс беріп отыру. |
суреттер АКТ Слайд 1
Слайд 2 |
||||||||||||||||||||||||||||||
|
Ортасы 25 мин |
Жаңа сабақ 1-тапсырма. 36-жаттығу. Мәтінді оқы. Мәтін мазмұны бойынша бір-біріңе сұрақ қойыңдар.
Тапсырма «Балық қаңқасы» әдісі арқылы жүргізіледі. Себептері Мәселе Дәлелдер Балық қаңқасының басында мәтінде қарастырылатын мәселе жазылады (селдің қаупі), қабырғаларына проблеманың себептері белгіленеді, төменгі сүйекшелерінде себепті нақтылайтын дәйектер жазылады. Құйрығында қорытынды жазылады (селден қорғану). Жұптық жұмыс. Шешім табуға бағытталған сұрақтар дайындалады. Сұрақтарды келесі топқа ұсынады. 1.Сел қалай пайда болды? 2.Тасқынның жылдамдығы секундына неше метрге дейін жетеді? 3.Сел апатынан қорғану үшін нелер салынады? 4.Арнайы сел тасқынын бақылау стансысы қай қалада жұмыс істейді? Мұздықтардың, тасқынның, селдің. Бұл сөздердегі қосымша ілік септіктің жалғауы. 2-тапсырма. 37-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз.Ілік септігіндегі сөздерді тап. Олардың сөйлемде қандай мүше болып тұрғанын айт. 1.Теңіздің суы ащы. 2.Селдің қаупі жөнінде хабеар беретін жүйелер жасалды. 3.Көмекке ауылдың адамдары келді. 4.Күннің ыстығынан қатты шөлдедім. Ілік септігіндегі сөздер сөйлемде тұрлаусыз мүше болып тұр. ЕБҚ тапсырмасы «Суреттер сөйлейді» әдісі бойынша беріледі.Берілген суреттерді қатыстырып, ілік септігі бар сөйлем құрап жаз.
Үлгі Өзеннің суы мөп-мөлдір. Жайынның басы жалпақ. Альпинистер таудың басына шықты. Анамның телефонынан билетке тапсырыс жасадық. 3-тапсырма. Ойлан, салыстыр, талда. 38 – жаттығу. Берілген сөздер ілік септігінде тұратындай етіп үш сөйлем құрап жаз. Нөсерлетіп жауған жаңбырдың(і.с) артынан күн шығып, кемпірқосақ пайда болды. Тасқынның(і.с) күшті болғаны сонша, биік ағаштарды тамырымен жұлып әкетті. Селдің(і.с) апатынан қорғану үшін, су бөгендері салынады. -Сызбаны пайдаланып, пікіріңді дәлелде -Кімнің? Ненің? сұрақтарына жауап беретін сөздер қай септікте орналасқан? -Жалғаулары қандай? -Неліктен ілік септігі дейді? -Септікте ілік септігі нешінші орында тұр? -Сөйлемде қай сөйлем мүшесі болады? Ілік септіктегі зат есімдер кімнің? ненің? кімдердің? нелердің? деген сұрақтарға жауап береді. Жалғаулары –ның, -нің, -дың, -дің. Ілік септіктегі сөздер сөйлемде тұрлаусыз мүше (анықтауыш) болады. 4-тапсырма. Жұптық жұмыс 39 – жаттығу Сөздерге жалғауларды қосу арқылы ілік септігіндегі сөз жаса Еменнің бұтағы, сауысқанның қанаты, құндыздың терісі, шебердің қолы, аттың тұяғы, сүттің қаймағы. ЕБҚ тапсырмасы Жұбының көмегімен орындайды |
Тақтадан сең мен селдің суреті бойынша әңгімелейді.
Кестені толтырады.
Оқушылар оқулықтағы сел апаты туралы мәтінді оқиды.
Оқушылар шешім табуға бағытталған сұрақтар дайындайды, сұрақтарға жауап береді. Сөйлемдерді көшіріп жазады. Ілік септігіндегі сөздерді тауып, морфологиялық талдау жасайды. Берілген сөздер ілік септігінде тұратындай етіп үш сөйлем құрап жазады. Сөздерге сұрақ қояды. Зат есімнің септелуіндегі кесте бойынша түсінік береді. Сөздерге жалғауларды қосу арқылы ілік септігіндегі сөз жасайды. |
Дескриптор: -Мәтінді оқиды-1б -мәтін бойынша шешім табуға бағытталған сұрақ құрастырады-1б -сұраққа дәлелді жауап береді-1б Дескриптор - Сөйлемдерді көшіріп жазып, ілік септігін анықтайды-1б -берілген сөздің ерекшелігін түсіндіреді-1б Дескриптор - Берілген сөздер ілік септігінде тұратындай етіп өзгертеді-1б - үш сөйлем құрап жазады-1б Дескриптор -Сызбаны пайдаланып, пікірін дәлелдейді-1б Дескриптор -Сөздерге жалғауларды қосады-1б -ілік септігіндегі сөз жасайды-1б |
Слайд 3 Слайд 4 Слайд 5 Слайд 6 Слайд 7 |
||||||||||||||||||||||||||||||
|
Соңы 10 мин |
Сабақты бекіту. «Допты қағып ал» ойыны арқылы сабақты бекіту. Бағалау Рефлексия
Үйге тапсырма: 40 – жаттығу
Ақ найза жерге сарт етті. (Найзағай). Бағалау |
Сұрақтарға жауап береді.
Бүгінгі сабақта алған білімдері бойынша рефлексия жасайды. |
Оқушылар 1-10 балдық жүйемен бағаланады. |
Слайд 8 |
||||||||||||||||||||||||||||||
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген