жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
7.3.1.1.Литосфераның заттық құрамы
|
Сабақ тақырыбы: 7.3.1.1.Литосфераның заттық құрамы |
Мектеп: №10 жалпы білім беретін орта мектеп |
||||
|
Күні: .2017 ж. |
Мұғалімнің аты – жөні : Аймакова А.С. |
||||
|
Класс: 7 «А», «Ә» |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспағандар: |
|||
|
Сабақтың мақсаты: |
7.3.1.1.Литосфераның заттық құрамын анықтайды |
||||
|
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Білу және түсіну; Қолдану |
||||
|
Бағалау критерийлері |
Литосфера, оның құрылымы, құрамы туралы түсінік бере алады. |
||||
|
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар: литосфераның құрылысы мен заттық құрамын анықтау үшін топпен жұмыс істейді (айтылым, тыңдалым, жазылым дағдылары) дамытады. Пән бойынша сөздер мен терминдер: Литосфера, магмалық, шөгінді, метаморфтық қима (профиль), материктік, мұхиттық, жер қыртысы. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер (айтылым және жазылым дағдылары) Қандай өзгерістер пайда болды? Осы өзгерістер неден пайда болды? |
||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Барлығына тең құқықтар мен мүмкіндіктер туғызу, үздіксіз білім алу. Оқушының бойына құрмет, ынтымақтастық, ашықтық, еңбек және шығармашылық, өмір бойы білім алу құндылықтарын дарыту |
||||
|
Пәнаралық байланыстар |
Химия, биология |
||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Интербелсенді тақта, интернеттен бейнефильм, Smart технологиясының 3D әдісі, «Кілтті сөздер», «Галерея» әдістері |
||||
|
Алдыңғы білім |
Оқушылар «литосфера», «мұхиттық және материктік жер қыртысы», «геохронологиялық кесте» түсініктерін білу қажет. |
||||
|
Жоспар |
|||||
|
Сабақ кезеңдері |
Жоспарланған іс - әрекеттер |
Деректер |
|||
|
Сабақтың басы |
І.Психологиялық ахуал тудыру: А. Амандасу арқылы бір-біріне сәттілік тілеу. Б. Тау жыныстары бойынша ыдыстарға жасырылған тау жыныстары (ас тұзы, бор, құм) арқылы 3 топқа бөліну /органикалық, химиялық, кесек/
Үй тапсырмасында «Лүпіл» жинау арқылы бағаланады. |
«Мозайка», Smart технологиясының 3D әдісі |
|||
|
Сабақтың ортасы |
ІІ.Тақырыпқа шығу. Мұғалім жаңа сабақты оқушыларға бастау үшін бейнеролик көрсетеді. Бейнероликті көріп болған соң бұл арқылы не ойлайтындығы сұралады: Сіз бейнеролик арқылы не байқадыңыз? Жердің құрылымы қандай қабаттардан тұрады? Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтайды. Жұппенен өз ойларын бөліседі. Мұғалім оқушыларға сұрақтар қою арқылы, оқу мақсаттарын анықтауға жетелейді ІІІ. Оқушылардың іс-әрекеті. Топтық жұмыс. Қалыптастырушы жұмыс «Органикалық шөгінді жыныстар» тобының тапсырмасы «Кілттік сөздер» : Магмалық, органикалық шөгінді, фосфорит, мәрмәр, базальт, гранит, гипс, метаморфтық .
*Магмалық тірек сөзінің мағынасын ашады * Органикалық шөгіндіге анықтама береді *Фосфорит, мәрмәр, базальт, гранит тау жыныстарының түрлерін ажыратады «Кесек шөгінді тау жыныстары» тобының тапсырмасы – «Галерея» әдісі
*Берілген суреттердегі тау жыныстарын түрін ажыратады *Тау жыныстарына анықтама береді *Түрін танып біледі «Кесек шөгінді тау жыныстары» тобының тапсырмасы- “Картамен жұмыс” : Мұнай, газ, тас көмір, ас тұзы, фосфорит
*Берілген тау жыныстарының орналасқан жерін анықтайды *Шартты белгілерін ажыратады *Кен орындарын картадан көрсетеді
«Бор» «Күміс» «Алтын» Кері байланыс топ мүшелерін пайдалы қазбалармен бағалау ІV. Жеке жұмыс. Деңгейлік тапсырма. С деңгейі 1.Тау жынысын құрайтын заттар А) Ядро В) Мантия С) Минералдар D) Жер қыртысы 2. Тау жыныстары тегшіне қарай неше топқа бөлінеді? А) 3 В) 4 С) 2 D) бөлінбейді 3. Тау жыныстарының неше түрі бар? А) 2000 В) 3000 С) 500 D) 1000 4. Мұхит астындағы жер қыртысы неше қабаттан тұрады? А) 1 В) 2 С) 3 D) 4 5. Мұхиттық жер қыртысының қалыңдығы А) 5-10 км В) 20-30 км С) 30-40 км D) 70-80 км В деңгейі 1. Гранит қандай мағынаны білдіреді? А) Жамылғы В) Дән С) Былғама D) Темірі бар тас 2. Базальт қандай мағынаны білдіреді? А) Жамылғы В) Дән С) Былғама D) Темірі бар тас 3. Жер қыртысының қалыптасуының екі типін көрсет А) материктік, құрлықтық В) мантия, материктік С) метаморфтық , магмалық D) материктік, мұхиттық 4. Базальт жыныстарының үстінде орналасқан жыныс А) гранит В) шөгінді С) метаморфтық D)магмалық 5. Материктік жер қыртысы неше қабаттан тұрады? А) 1 В) 2 С) 3 D) 4
А деңгейі 1. Жазықтық жердегі жер қыртысының қалыңдығы А) 5-10 км В) 70-80 км С) 30-40 км D) 20-30 км 2. Таулы аудандардағы жер қыртысының қалыңдығы А) 30-40 км В) 70-80 км С) 5-10 км D) 20-30 км 3. Тау жыныстары 70% құрайды, оның 25%-ы қай тау жыныс үлесіне тиесілі А) шөгінді В) шөгінді, магмалық С) магмалық, метаморфтық D) метаморфтық 4. Метаморфозаның әсерінен әктас қандай тау жынысына айналады? А) Кристалға В) кварцке С) гранитке D) мәрмәрға 5. Шөгінді тау жынысының пайда болуына әсер ететін фактор А) қысым В) сыртқы күш С) жанартау D) температура Бағалау: Оқушылар жұппен парақтарын ауыстырып, бірін бірі, «+»және «-» таңбаларын көрсету арқылы бағалайды. Мұғалім оқушылардың біліміне қолдау жасап, өзектендіріп отырады.
Толық «5» сұраққа жауап береді -
«4» сұраққа жауап береді –
«3» сұраққа жауа береді - Жұптық жұмыс.Қалыптастырушы жұмыс Венн диаграммасы арқылы мұхиттық және материктік жер қыртысының айырмашылығын анықтаңыз. Мұхиттық жер Ұқсастықтары Материктік жер қыртысы қыртысы
Бұл жұмыста оқушылар мұхиттық жер қыртысы мен материктік жер қыртысының ортақ ұқсастықтарын анықтайды. Алдыңғы топпен жұмыс жасаған білімдерін қолдана алады. Жазылым дағдысын қалыптастырады. Бағалау: Оқушылар бірін бірі «Бас бармақ» тәсілі арқылы бағалайды. Сергіту сәті. “Анограмма” А, Ә, Б, Ф, Г, О, М, С, Р, К, Т, И, Ұ, Й, З, Н, П, Ү, Ь, Қ, Ы, Ө, Д, Ц, І Берілген әріптерді пайдаланып тау жыныстарының атын құрастырады. Бағалау: Оқушылар бірін бірі «Бас бармақ» тәсілі арқылы бағалайды. |
Жердің құрылымы https://www.youtube.com/watch?v=VGjBpUobsCc /3 минуттық көрсетілім/ Презентация |
|||
|
Соңы |
IV. Рефлексия Оқушыларға стикер таратылады. Стикерге бүгінгі сабақта шеңбердің ішіне түсінгенін, жартылай түсінгенін немесе түсінбегені туралы және сабақтан алған әсерін жазады.
Жартылайтүсіндім Түсіндім
Түсінбедім
|
Стикер |
|||
|
Үйге тапсырма: 7.3.1.1. Литосфераның заттық құрамы Кескін картаға пайдалы қазбалы кен орындарын түсіру. |
|
||||










Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген