Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

№74 Барыс септігі 46-50- жаттығу ҚМЖ 4 сын

Материал туралы қысқаша түсінік
№74 Барыс септігі 46-50- жаттығу ҚМЖ 4 сын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру ұйымының атауы


Пәні:

Қазақ тілі

Бөлім:

Табиғат құбылыстары

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сынып: 4 « »

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

74 Барыс септігі 46-50- жаттығу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

4.1.2.1* мәтіннің тақырыбы мен берілген диаграмма, сызба, кесте бойынша мәтіннің мазмұнын болжау және өз ойын дәлелдеу

4.2.6.1 белгілі бір тақырыпта берілген мәтіннің түрлерін, жанрын, стилін салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау

4.3.5.1 стилистикалық қателерді мұғалімінің көмегімен анықтап түзету,

жазба жұмысын қазақ тілінің пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық нормаларға сәйкес өз бетінше редакциялау

4.4.2.3 зат есімді септеу, тәуелденген сөздердің септелуін білу

Сабақтың мақсаты:

- мәтіннің тақырыбы мен берілген сызба бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды және өз ойын дәлелдей алады;

-белгілі бір тақырыпта берілген мәтіннің түрлерін, жанрын, стилін салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтай алады;

- стилистикалық қателерді мұғалімінің көмегімен анықтап түзету,жазба жұмысын қазақ тілінің пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық нормаларға сәйкес өз бетінше редакциялай алады;

- зат есімді септейді, тәуелденген сөздердің септелуін біліп, барыс септіктегі сөздерді табады.

Құндылықты дарыту.

Ынтымақтастық, құрмет

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері:

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

10 мин

І.Психологиялық дайындық

-Қайырлы күн, көздерім!

-Ояндыңдар ма? (қабақтарын сипайды).
Қайырлы күн, құлақтарым!

- Ояндыңдар ма? (құлақтарын сипайды).
Қайырлы күн, қолдарым!

-Ояндыңдар ма? (қолдарымен шапалақтайды).
Қайырлы күн, аяқтарым!

-Ояндыңдар ма? (аяқпен жерді тебу).
Қайырлы күн, мұғалім!

- Біз ояндық!. (Күлімсіреп, мұғалімге қолдарын созады)

Көркем жазу минуты. «Кім тапқыр?» ойыны. Себебін түсіндіреді. Каллиграфияны сақтай отырып, әдемі жазып шығады. Асты сызылған сөздердің жазылуына назар аударады (біріккен сөздер- күрделі сөздер). Жазылуын тақтадан тескеруге болады немесе сынып қабырғасының әр жеріне бір-бір сөзден жазып қоюға болады.

Кіржуғыш, үтік, найзағай, сіріңке (шырпы), шашкептіргіш, майшам, отшашу.

Дабылға тез жететін,

Жалынға сүңгіп кететін.

Қақалса да түтінге,

Тайсалмайтын батыл кім?

Жасқанбайтын батыр кім? (өртсөндіруші)

Бүгінгі сабақ тақырыбы мен мақсаты хабарланады.




Жаттығу жасап, психологиялық дайындық жасайды.




Өрт туғызу қаупі бар суреттің атын жазады.










Оқушыларға жұмбақтың шешуін табады.


Оқушылар сабақ тақырыбы мен мақсатымен танысады.




«Ауызша мадақтау» әдісі:

Жарайсың!

Тамаша!

Жақсы!

Оқушылар жауабын толықтырып, әр қайсысына тиімді кері байланыс беріп отыру.

суреттер






АКТ





Слайд 1



Ортасы

25 мин

Жаңа сабақ

1-тапсырма.

46 – жаттығу. Мәтіндерді оқып, өзара салыстыр.

1-ші мәтін көркем мәтін. 2-ші мәтін ғылыми-танымдық мәтін.

«Зерттеушілік конференция» әдісі арқылы жүргізіледі.

1-қадам. Зертеуге алынған оқулықтағы екі мәтінді оқиды.

2-қадам. Топтарға бөлініп, тапсырмаларды анықтайды.


1-мәтін

2-мәтін

Мәтіннің түрі



Мәтіннің жанры



Мәтіннің стилі



3-қадам. Анықталған мәліметті оқиды. Себебеін түсіндіреді.

4-қадам. Топтар бірі-бірінің жұмыстарын бағалайды. Пікірлері мен ұсыныстарын айтады.

Өрт қауіпсіздігі туралы ереже құрастыру беріледі. Алдымен оқушыларға сурет ұсынылады.

1 2 3 4

5 6 7 8

1. Өрт сөндірушілерді 101 телефонымен шақыру;

2. Өрттен тығылып, шкафтарға кірмеу;

3. Терезені ашпау;

4. Электрқұрылғыларды сөндіру, жанып жатса, сумен өшірмеу;

5. Лифтіні пайдаланбау;

6. Түтінді болса, дымқыл шүберекпен мұрын мен ауызды жабу;

7. Өрт кезінде жер бауырлап тыныс алу;

8. Көршілерге хабар беру, көмекке шақыру.

ЕБҚ тапсырмасы

Сурет бойынша қауіпсіздік ережелерін құрастырады

2-тапсырма.

47-жаттығу. Тиісті тыныс белгісін қойып, көшіріп жаз.

Адамның киімі өртенсе, суға(неге?) түскені дұрыс. Су болмаса, топыраққа(неге?) аунатып, үстіне құм шашу керек.

-Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой. Бұл сөздерді сөз құрамына талдап, олардың жалғауына назар аудар.


Септіктер

Сұрақтары

Жалғаулары

1

Атау септік

Кім? Не?

Кімдер? Нелер?

-

2

Ілік септік

Кімнің?Ненің? Кімдердің? Нелердің?

-ның, -нің,

-дың, -дің,

-тың, -тің

3

Барыс септік

Кімге?Неге?

Кімдерге?Нелерге? Қайда?

-ға,-ге,

-қа,-ке

-Барыс септігі нешінші орында тұр?

-Сұрақтары қандай?

-Жалғаулары ше?

-Сөйлемде қандай сөйлем мүшесі болады?

-Неліктен қайда деген сұрақ қойылады?

Ережені оқыту, талдау

3-тапсырма.

48 – жаттығу. Жұмбақтың шешуін тап.Барыс септііндегі сөздерді тап. Сызбаны пайдаланып, пікіріңді дәлеледей білуге үйрен

Дабылға(б.с) тез жететін,

Жалынға(б.с) сүңгіп кететін.

Тұншықса да түтінге(б.с),

Тайсалмайтын батыл кім?

Жасқанбайтын батыр кім? (Өрт сөндіруші).

ЕБҚ тапсырмасы

Жұмбақты көшіріп жазады.









Оқылған екі мәтінді салыстырады. Кестені толтырады.










Өз қалаулары бойынша өрт қауіпсіздігі туралы

Ереже құрастырып жазады.










Тиісті тыныс белгісін қойып, көшіріп жазады.










Ержені оқып, талдайды.









Жұмбақты шешуін табады.






Дескриптор:

-мәтінді оқиды-1б

-мәтіндердің түрін, жанрын, стилін анықтайды-1б

-мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын сипаттайды-1б


























Дескриптор:

- Тиісті тыныс белгісін қойып, көшіріп жазады-1б

- Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қояды-1б

-барыс септігіндегі сөзге сұрақ қояды-1б

-жалғауын анықтайды.1б






Дескриптор:

-Жұмбақтың шешуін табады-1б

-Барыс септііндегі сөздерді табады-1б

-Сызбаны пайдаланып, пікірін дәлелдейді-1б


Слайд 2

















Слайд 3





















Слайд 4

















Слайд 5

Соңы

10 мин

Сабақты бекіту

«Еркін микрофон» әдісі

Бүгінгі сабақ бойынша сұрақтарға жауап беру.

Үй тапсырма. 49 – жаттығу

Күнге(неге?), Айға(неге?) қолыңды шошайтпа. Отқа(неге?) түкірме. Суға(неге?) қоқыс тастама.



Рефлексия

Оқушыларды пайыз бойынша өздеріне рефлексия жасап, кері байланыс береді.




Бүгінгі сабақта алған білімдері бойынша рефлексия жасайды.




Оқушылар 1-10 балдық жүйемен бағаланады.


Слайд 6









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.01.2025
247
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12