400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

7-8 сыныптар Өлкетану жұмыстары

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге, сынып жетекшілерге, ғылыми қызметкерлерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Келісемін» «Бекітемін»

ДТІЖ орынбасары: Мектеп директоры:

Қ. Амирова Қ. Ө. Қойжигитова

«___» _____ 2019 ж. «___» _____ 2019 ж.




Ш. Бектасов атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

«Жас өлкетанушылар» жобасы









Жоба жетекшісі: тарих пәнінің мұғалімі Акбар Бауыржан Базаралыұлы

























2019 – 2020 оқу жылы

«Жас өлкетанушылар» жобасы туралы жалпы түсініктеме.


«Жас өлкетанушылар» жобасында берілетін тәрбие, білім ол заман талабынан шықұан жоба болып есептелінеді. Оңтүстік Қазақстан және Мақтарал өңірінің тарихынан материалдар аз берілгендіктен оқушы өз өлкесінің тарихи жағдайын толық білу үшінде ұйымдастырылып отырған жобамыз болып есептелінеді.

Өлкеміздің тарихы өңірімізге үлес қосқан таңдаулы тұлғалар есімімен тығыз байланысты. Өлкетану өз өлкесіне қызығушылық танытатын әр адамның ажырамас серіктесі. Бүгінде өлкетануға байланысты бар ақпаратты жедел де, мазмұнды жеткізуде өлкетану қорының ақпараттық орталығы болып табылады. Біздің өлкеміз туралы ақпараттар қашықтан пайдаланатын пайдаланушылар үшін де өзекті. Сондықтан да өз өлкеміз туралы ақпараттарды кітапхана қорынан және басқа мекемелермен байланыс жасай отырып жинақтап, оқушыларға патриоттық тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылды. Алдында тұрған басты міндеттердің бірі және бірегейіде жас ұрпақты елге, жерге, өзотанымызға адал қызмет жасауға баулу болып табылады.


Жобаның негізгі мақсаты: Белгілі бір ауданды, аймақты, елді мекенді зерттеу. Оқушылар алған білімі мен тәрбиесін өмірмен байланыстыру болып табылады.


 Жобаның міндеттері

  • жергілікті ғалымдармен, өлкетанушылармен, тарихшылармен байланысу арқылы өңірдің географиялық, экономикалық, этнографиялық, демографиялық мәселелері туралы ақпараттарды жинақтау,

  • мәліметтер мен ақпараттар қорын бір орталыққа жинақтау: электрондық, тақырыптық, аудио-бейне, фильм, т.б. жазбалар қоры.

  • мектептер, мұражайлар, ескерткіштер, көше туралы ақпараттарды жинақтау;

  • өлкетану оқуларын қызықты өткізудің жолдарын қарастыру арқылы оқушылардың тарихи біліктері мен дағдыларын жетілдіру.

  • Оқушыларды өз өлкесінің патриоты ретінде тәрбиелеу;


Атқарылатын жұмыс түрлері:

  1. Жалын ауылын зерттеуді ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу

  2. Тарихи-өлкетану қоғамын құру

  3. Ауылға саяхаттар ұйымдастыру

  4. Ауылдағы ескерткіштерді зерттеу

  5. Ауыл туралы материалдар жинақтау

  6. Ауыл туралы мұражайлар ұйымдастыру

  7. Ауыл туралы тарихи кештерін ұйымдастыру

  8. Өлкетану тақырыбында конференция, пікір-талас ұйымдастыру

  9. Қабырға газеттерін шығару, стендтер дайындау

«Жас өлкетанушылар» жобасы аясында өтілетін іс-шаралар жоспары:



№

Тақырыптар

Оқыту түрі

Мерзімі

Жауапты

1

«Ауылымның тарихы — тұнған шежіре»

Дәріс, деректер жинау, өзіндік жұмыс

23.09.2019 ж

Акбар Б. Б.

2

«Шежірелер сыр шерткенде» және «Менің әулетімнің тарихы»

Дәріс, өз әулетінің шежіресін жинау, білу

21.10.2019 ж

Акбар Б. Б.


3


«Жер-су аттарына шолу»

Әңгіме, іздестіру, тарихи таным

11.11.2019 ж

Акбар Б. Б

4

«Тарихы терең Ұтырлы»

Түсіндіру, презинтация, видио, дәріс

20.12.2019 ж

Акбар Б. Б

5

«Киров каналының салыну тарихы»

Дәріс, деректер жинау, өзіндік жұмыс

23.01.2020 ж

Акбар Б. Б

6

«Мақтарал ауданының құрылу тарихы»

Дәріс, кездесу, іздену сабағы

24.02.2020 ж

Акбар Б. Б

7

«Жамбыл ауылдық әкімшілігі тарихы»

Кездесу, сұқбаттасу, пікір алмасу

28.03.2020 ж

Акбар Б. Б

8

«Ауыл болашағы ақталады»

Дебат, пікір сайыс ұйымдастыру

28.04.2020 ж

Акбар Б. Б

9

«Ауылдағы әлеуметтік нысандар», «Мектеп тарихы», Қортынды

Саяхат, пікір алмасу, қортындылау

19.05.2020 ж

Акбар Б. Б









Жоба жетекшісі: Акбар Б.Б.



Ш. Бектасов атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Жас өлкетанушылар» жобасына қатысатын оқушылар тізімі



№

Оқушының аты-жөні

Сыныбы

1

Әбдіқадір Жібек Досанқызы

7"А"

2

Әсіл Ералы Маратұлы

7"А"

3

Мұзаппар Бекзат Балтабайұлы

7"А"

4

Әбсамат Айғаным Әуесханқызы

7 "Ә"

5

Сламқұл Сырымбек Талғатұлы

7 "Ә"

6

Бабақұл Ақниет Сапаралықызы

7 "Ә"

7

Шорахан Бидос Орынбасарұлы

7 "Ә"

8

Тұңғатар Ринат Сәбитұлы

7 "Ә"

9

Ораз Оспан Нұрғалиұлы

7"А"









Мектеп директоры : Қ. Қойжигитова





















23.09.2019 ж

«Ауылымның тарихы — тұнған шежіре»


«Ауылымның тарихы - тұнған шежіре». Оқушылар туып-өскен ауылдары туралы не білетіндері жайлы ой толғау және ауылын бейнелейтін суреттер салып, жеке жұмыстар атқарады. Бұл тақырып аясында оқушылармен өзіндік пікірін қалыптастырамыз.


Ауыл тарихы - ел тарихы

Мақтарал өңірі тұнған шежіре. Сырдария өзенін жағалай орын тепкен біздің елді Мырзашөл елі деп атайды. Ауылым деп соққан балалық балғын жүрегім мені ауылымның тарихын білу үшін алдымен өзімнің туған жерімнің тарихын білуім керек деп ойладым. Бұл менің үлкен өмірге аяқ басқан алғашқы қадамым.

Ауыл –ата-бабамыздың өмірге келіп, кіндік қаны тамған, маңдай тері төгілген киелі мекен. Ананың әлдиі, аялы алақаны қандай қымбат болса, ауыл соның негізгі ұясы. Ал біздің туып өскен ауылымыз алтын ұя Жалын ауылы болып есептелінеді.

Ауыл - қазақтың алтын бесігі. Сұлу сөз өрнектеген ақын, ән тербеген сазгер, қызыл тілді шешен, ел қорғаған қарапайым ауылдың қара шаңырағынан шыққан. Біз үшін туған ауылдың ұлтарақтай жерінің өзі қымбат қазына. Ауыл – сол жерде өмір сүрген барша халықтың шежіресін жазып беретін мәңгілік кітабы. Өзінің туған жерін жан жүрегімен сүйіп, сырын ұғып өскен ұрпақ қана ұлттық пердесін сақтай алады деп ойлаймын. 

Ақиық  ақын Мұқағали Мақатаев:

Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы,

Бұдан артық рахат табылмайды. – деп туған жерге деген ыстық сезімін жырға қосады. 

21.10.2017 ж

2. «Шежірелер сыр шерткенде» және «Менің әулетімнің тарихы»

«Менің әулетімнің тарихы». Өз отбасы, әулетінің тарихы туралы мәліметтер жинақтау. «Отан – отбасынан басталады» деген қағидаға сүйене отырып, отбасы тарихын жазу.


Шежіре


Шежіре, (арабша шаджарат — бұтақ, тармақ) — тарих ғылымының халықтың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы. Ру, тайпалардың тарихын ұрпақтан ұрпаққа жеткізген, қалыптасқан ресми Шежіре барлық халықтарда кездеседі. Ресей, Германия, Англия, Франция және көптеген шығыс елдерінде Шежіренің көп томдық жинақтары шыққан. Башқұрт, өзбек, түрікмен, қырғыз, Сібір халықтарында Шежіре дерек көздері ретінде молынан кездеседі. Шежірені шежіреші қарттар ауызша таратып отырған. Сондықтан оны кейбір ғалымдар далалық ауызша тарихнама (ДАТ) деп те әспеттейді. Кеңес өкіметі заманында Қазақстанда Шежірені зерттеу, оны тарихи дерек ретінде пайдалану идеологиялық саясат әсерінен көп қолға алына қойған жоқ. Дегенмен, Х.Арғынбаев, М.Мұқанов, В.Востров, т.б. этнолог ғалымдар еңбектері тарапынан ішінара көрініс тапты. Жалпы Шежірені жинақтаған көнекөз қариялардың көмегімен қазақтың ру-тайпаларының өткені туралы біршама мәліметтер алуға болатындығы 18 ғасырда белгілі болды. 18 — 19 ғасырларда мұндай Шежірелердің біразын Н.Аристов, А.Левшин, В.Григорьев, Л.Мейер, П.Рычков, М.Тевкелев, Н.Гродеков, И.Андреев, Ш.Уәлиханов, Г.Н. Потанин, Ә.Диваев, т.б. зерттеушілер жазып алып, ғылыми айналымға енгізді. Алынған жинақтар Шежіре деректері орта ғасырлардан бастау алатындығын, тіпті жекелеген нұсқалары Адам атадан басталатындығын айқындады. Кейбір Шежіре нұсқалары ортағасырлық деректемелермен де ұштасып жатты. Рашид әд-Дин, Ұлықбек, Әбілғазы, Бейбарыс, ибн Халдун, т.б. көптеген ортағасырлық авторлардың еңбектерінде белгілі бір тұлғалардың, ру-тайпалардың, халықтардың шығу тегі таратылып, бірнеше ұрпақтар алмастығы өрбітіліп отырды.


Түркі, соның ішінде қазақ ойшылдары топтаған Шежірелердің ең бағалылары — Мұхаммед Хайдар Дулат пен Қыдырғали Жалайыридың еңбектері болып саналады. Сондай-ақ “Көшен-Қарауыл шежіресі“ (18 ғасыр), “Жәңгір хан шежіресі“ (1835), Уәлиханов жазып алған “Ұлы жүз шежіресі“, А.Ниязовтың “Үш жүздің шежіресі“, А.Жантөриннің Шежіресі, Потанин жазып алған Мұса Шорманұлы Шежіресі, Ө.Бөжейұлының “Қазақ жұртының шежіресі“, Қ.Бірімжанұлының бастауымен жинақталған “Орта жүз және Кіші

Қазақ халқы балаға 7-9 жасында әкесінен бастап ағайын-туысын, нағашы жұртын, алыс-жақынды таныстыруға, ататегін, руын, ел-жұртын білдіруге ерекше көңіл бөлінген, «Жеті атасын білу» заң болған. Әкесі, атасы балаға тек жеті атасына дейінгі бабаларының атын жаттатып қана қоймай, олардың қандай адам болғанын, ел-жұрты үшін жасаған ерлігі, өнегелі істері жайында әңгіме еткен. Сол арқылы бала ата дәстүрін жалғастырса екен деген мақсат көздеген. «Жеті атасын білген ұл жеті жұртқа жен айтар» деген аталы сөзді арқау етіп, баласына ата тарихын жастайынан жаттатқан. Ел-жұрт тарихын білу ер-азаматты ерлікке, елдікке, Отан сүюшілікке баулитынын білген.
























11.11.2017 ж

«Жер-су аттарына шолу» барысында Сырдария өзенінің бастауы, елді мекеніміздің бастау көзі ол өзенде екені ақиқат. Жер-су атауларын анықтап, сұрастыру. Жергілікті ауыл тұрғындарымен кездесу.Өлкеміздегі жер-су аттарының ерекшелігі, әрбір тарихи кезеңдегі жер-су аттарының өзгеруі. Ауылдың картасын құрастырып, жер-су аттарын анықтап, картаға түсіру. Саяхаттау бағдарын құрастыру болып табылады.

Сырдария өзені

Сырдария — Орталық Азиядағы өзен. Ол кейде көне грек тіліндегі ὁ Ιαξάρτης деген аты бойынша Яксарт деп аталады. Өзеннің грекше аты көне парсы тіліндегі Yakhsha Arta («Үлкен маржан») деген сөз тіркесінен бастау алады, бұл өзеннің суының түсінен пайда болған. Ортағасырлық мұсылман жазбаларында өзен жұмақтағы төрт өзеннің бірінің атымен «Сейхун» (سيحون) деп аталған. Әмудария өзені болса «Жейхун» деп аталған, бұл жұмақтағы төрт өзеннің тағы бірінің аты. Қазақстанда жергілікті тұрғындар оны күнделікті тілде «Дария» деп атайды.

Парсы тілінен келген Сырдария атауы ежелден бері қолданылып келеді. Батыс елдеріндегілер болса 20-шы ғасырға дейін бұл өзенді Яксарт атауымен атап келді. Ескендір Зұлқарнайынның жаулап алған жерлерінің солтүстік шекарасы Сырдария өзені арқылы өтті. Грек тарихшыларының айтуы бойынша, Ескендір б.з.д 329 жылы Александрия Эсхата («Ең алыстағы Александрия») деген қаланың негізін қалаған. Ол қала қазір Худжанд деп аталады.

Өзен Қырғызстан мен шығыс Өзбекстандағы Тянь-Шань тауларындағы екі өзеннің: Нарын және Қарадария өзендерінің қосылуынан бастау алады да, 2,212 км қашықтықта орналасқан Арал теңізіне барып құяды. Сырдария өзенінің алабы 800 000 шаршы километрді құрайды, бірақ су іс жүзенде соның тек 200 000-ынан ғана жиналады. Оның біржылдық теңізге құюы — 28 км³ ғана, бұл Әмударияның теңізге құятын суының жартысына тең.[1]

Сырдария өзенінің суы Орталық Азиядағы ең құнарлы мақта өсіретін аймақтарды суғаруға және оның бойындағы Қоқан, Худжант, Түркістан және Қызылорда қалаларын сумен қамтамасыз етуге қолданылады.


Сырдария өзенінің атаулары

Гай Лэ Стрэнждің «The Lands of the Eastren Caliphate» (Шығыс Халифат елдері) атты кітабы Сырдария өзені жайлы мәліметтер келген. Сырдарияның Шаш деп аталғандығын жазған. Жергілікті халық Шаш өзені десе әл-Мустауфа 14 ғасырда Моңғолдар оны Гүлзариян деп атайтын еді дейді. Арабтар Сейхун деп атаған . Ал түріктер Сырдария немесе Сырсу деп атаған. Бартольдтің «Орта Азиядағы Түріктердің тарихы» атты кітабының 53 бетінде Сырдария өзені жайлы мәліметтер келген . Абу әл-Ғазида осылай атаған. Ибн Хауқал Сейхун өзені түрік елдерінен шығып ағады деп айтқан. Ибн Хауқалдың айтуынша таудан аққан бұл өзен Арал теңізіне барып құяды. Араб саяхатшылары Сейхун Жейхун өзені секілді, онда кемемен жүзуге болады дейді. Қыс мезгілдерінде ұзақ уақытқа өзеннің бетінде мұз қатады. Осы себепті өзеннің үстінен арбалар жүре беретін .

Сырдария мен Әмудария Сейхун, Жейхун болмас бұрын Жаксартекс және Оксис деп аталған. Арабтар Сейхун, Жейхун атауларын яһудилерден алуы мүмкін деген болжам айтылады. Яһудилердің жазбаларында Писон және Гихон деген өзендер жайлы айтылады. Сейхун мен Жейхун осы сөздерге жақын болуы мүмкін, бірақ мағыналары белгісіз . Моңғол шапқыншылығы заманында Сейхун атауы қолданыста шығып, Сырдария деп атала бастаған.

Сергіту сәтінде ұйымдастырамыз!!!

20.12.2017 ж

«Тарихы терең Ұтырлы» Өзіміздің тарихы терең Ұтырлы қаласының тарихы жайлы мол деректер айтылады, видио көрсетіледі. Оқушылардың білімін, тарихқа, туып өскен өлкемізге деген қызығушылығын, патриоттық сезімде тәрбиелеу болып табылады. Тарихымыздың бастау әлбетте ол Ұтырлы қаласында екенінде дау жоқ.

Ұтырлы тарихы

Үтіртөбе қаласы нақты қай уақытта өмір сүрген және ол қай елге, немесе қандай тайпаға тиесілі деген мәселеге келсек. Бұл қала шамамен VIII-XII ғасырларда өмір сүрген яғни осы жылдар аралығында адамдар мекендеген. Ал ол оғыздар дәуірінде өмір сүрген қала екенін көрсетеді. Бұл оғыздар қаласы екендігі ақиқат. Олай дейтін себебіміз: Сырдың орта ағысы бойында ондаған тарихи қалалармен құрылысы, өмір сүрген жылдары бірдей келеді. Оны біркезде бір халық салғандығын көрсетеді. Екіншіден, сол дәуірдегі тайпалар мен мемлекеттердің геосаяси орналасуы да сөзімізге дәлел.

Ұтырлы қаласы дамыған орта ғасырларда сырдың орта ағысында, халықтардың, Ұлы жібек жолының бойында орналасқан тарихи қала екендігіне көзіміз жетіп отыр. Ортағасырлық Үтіртөбе қаласы Сырдарияның сол жағасын жағалап жүрген ежелгі керуен жолдың Сырға Шыршық өзенінің құйған жеріндегі өткел мен Сүткенттің аралығындағы негізгі өткелдердің бірінің басында орналасқан. Қаладан солтүстік-шығысқа қарай керуен жолы Сырдан өтіп, Шыназ, одан әрі Орталық Азияның ірі орталығы Шашқа барған. Ал Сырдың сол жағалауымен Ходжентке жеткен. Сырдың төменіне қарай болса Сүткент арқылы, Оқсызға барған. Ал қаланың оңтүстігі арқылы Мырзаның шөлін басып өтіп, Жыззаққа, одан әрі Самарханға, Бұхараға керуен жолы тартқан. Бұл Ұтырлы тоғыз жолдың торабында орналасқандығына дәлел екендігі даусыз.

1. Аңыз: «Ежелгі заманда қала гүлденген, мәдениеті мен атағы шартарапқа жеткен, тоғыз жолдың торабында қала болған екен. Қалада атақты бай адам тұрған. Ол бір перзентке зар болып өткен. Қартайғанда әйелі ұл туып , ұлан асыр той жасайды. Мыңдаған қой мен ірі қара сойылып қанын судай ағызады. Қанның көптігі сонша ол өзен болып ағып, Сырдария өзеніне қосылып, өзеннің суы қаннан қып-қызыл болып тасып, қаланы басып қиратқан. Қала жер астына көміліп төбе болып қалан » - дейді аңызда.

2. Аңыз:Осыдан жүздеген жыл бұрын Үтіртөбе Сырдың бойындағы үлкен қалалардың бірі болыпты, оның базарларында жер-жерден әкелінген бағалы дүние, неше түрлі көздің жауын алатын тастар сатылады екен. Тіпті күнделікті сатылатын малда есеп болмапты. Сырдарияға құятын шағын өзектің жағасында тұрған қаланың зәуләм үйлерін, сарайларын қоршаған қамалы биік, қақпасы берік екен. Қала маңындағы сансыз арықтардың жағасында жайқалған бау-бақша, егістіктерге көз сүйсінерлік болыпты. Бір жылы ерте көктемде жеті күн, жеті түн алапат нөсер жаңбыр жауып қаланы бір түнде су басыпты. Қаланың қамалын шайып аққан топан су зәулім үйлерді жермен-жексен етіп, қала маңындағы бау-бақша, егістіктер судың астында қалыпты. Топан су қайтқанда қаланың жанынан аққан шағын өзектің орнында арнасы кең, жарқабағы биік, әрі терең өзек пайда болыпты, халық оны «Сорөзек» деп атапты.

3. Аңыз. Бір жылы Асықатадан келген елге белгілі мұрап ханға барып : « Хан қаланың жанынан терең, әрі үлкен канал қазғыз, тоғандарды биіктет, жақында топан су келеді » - депті. Хан мұраптың айтқанына құлақ аспапты. Келесі жылы көктемде Үтіртөбені топан су басып, оның халқы апат болыпты.

















23.01.2018 ж

«Киров каналының салыну тарихы» - на тоқталамыз. Оқушылар сіздер біздің өңіріміздің бастау көзі ол өзен екенін жақсы білесіздер. Кездесулер ұйымдастырамын. Суреттер салдырамын, өзіндік пікірді қалыптастырамыз.





24.02.2018 ж

«Мақтарал ауданының құрылу тарихы» - әр адамға өзінің туып өскен өлкесі қымбат. Ал біздің ауданымызда өзіміздің асыл туып өскен өлкеміз екенінде дау жоқ. Аудан тарихына байланысты тарихи материалдар, Мақтаарал ауданымыздың 90 жылдығына газет қабырғаларын ұйымдастырамын. Оқушыларға видио, ауданның көрікті, тарихы мәліметтерді көрсетіліп, зерттеледі.

Мақтаарал

Мақтаарал ауданы — Оңтүстік Қазақстан облысының қиыр оңтүстік бөлігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. Жерінің аумағы 1,8 мың км (облыс аумағының 1,5%-ы). Тұрғыны 268,7 мың адам. Аудан жеріндегі 176 елді мекен 1 қалалық, 3 кенттік және 21 ауылдық округке біріктірілген. Орталығы - Жетісай қаласы.

Бұрынғы Сырдария губерниясы, Ташқазақ уезінің Иіржар болысы таратылып, соның негізінде 1928 жылы 3 қыркүйекте Иіржар ауданы болып қайта құрылды. 1930 жылдан Мақтаарал ауданы. 1997 жылы 24 сәуірде мақталы үш аудан (Асықата, Жетісай, Мақтаарал) таратылып, олардың аумағында әкімшілік орталығы - Жетісай қаласы болатын Мақтаарал ауданы құрылды. Мақтаарал ауданы Мырзашөл құмды жазығының солтүстігіңде, Сырдария өзінінің сол жағалауында, абсолюттік биіктігі 150-250 метр төбелі, белесті жазықта орналасқан. Ауданның батысы, шығысы мен оңтүстігі Өзбекстанмен шекаралас. Солтүстігін түгелдей алып жатқан Шардара бөгені (1974) арқылы Сарыағаш, Шардара ауданымен шектеседі. Ауданның жер қойнауынан минералды су, құрылыс материалдары барланған. Климаты континенттік, қысы қысқа, біршама жұмсақ, жазы ыстық, аңызақты. Қаңтардың жылдық орташа температурасы -3-4°С, шілдеде 28-29°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200-250 мм. "Достық" (бұрынғы С.И.Киров атындағы) каналы - ауданның басты су көзі. Жер асты суының мол қоры бар. Ауданның жерінде эфемерлі өсімдіктер, жусан, баялыш, жантақ, қараған, жыңғыл, жиде өседі. Жануарлардан түлкі, саршұнақ, бауырымен жорғалаушылар кездеседі. Кезінде ақбөкендер болған. Аудаңда 60-тан астам ұлт бар. Қазақтар, тәжіктер, өзбектер, орыстар, тағы басқа ұлт өкілдері тұрады. Облыстағы халқы ең тығыз қоныстанған аудан. Ірі елді мекендері: Жетісай қаласы, Атакент, Асықата, Мырзакент кенттері және Минералды сулар, Алғабас, Жалын, Бескетік, Қызылқұм, Сәтбаев тағы басқа ауылдары.

Ауыл шаруашылық өндірісінің негізгі бағыты - шитті мақта өндіру. Оның үлесіне ауданның ауыл шаруашылық жалпы өнімінің 70,8% тиесілі, егіс аумағының 80%-ын алып жатыр. Ірі кәсіпорындарына "НИМЭКС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мақта өңдеу, "ЮТЕКС"-мақта тазарту зауыттары, "Ақ алтын", "Мақтаарал", "Мақташы", "Ынтымақ", "Мырзакент" ашық акционерлік қоғамдықдары, "Жұлдыз", "Жалын" шаруа қожалықтары, "Ақ май", "Жетісаймай" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері жатады. Олар аудан экономикасының дамуына тікелей үлес қосуда. Мақтаарал ауданы республикадағы шитті мақтаның 80%-ын береді. "Молчанов және К" спирт, шарап өндіруші кәсіпорын, "Мақтаарал тәжірибе стансасы", "Оңтүстік су шаруашылығы" мемлекеттік кәсіпорындары, 2 минералды су цехы, 1 бетон зауыты, Қазақ-Қытай жіп иіру-тоқыма кәсіпорындары сияқты 37 өнеркәсіп орындары жұмыс істейді. Өнеркәсіп өнімдерінін 83%-ы тоқыма және тігін өндірісі кәсіпорындарының үлесіне тиеді. Білім беру мекемелерінен "Сырдария" университеті, гуманитарлық-медициналық, гуманитарлық-экономикалық, агробизнес колледждері, 117 мектеп, 2 кәсіптік-техникалық мектеп, 1 оқу-өндірістік комбинат, 2 музыкалық, 2 спорт мектептері, 1 көмекші мектеп-интернат, 13 балалар бақшасы бар. Денсаулык сақтау мекемелерінен "Диагностикалық орталық", 6 аурухана, 31 отбасылық дәрігерлік емхана, 87 фельдшер-акушерлік пункт бар. 2001 жылдың 1 қарашасында Сырдария өзенінің үстінен халықтарға маңызы бар, ұзындығы 400 метрлік "Тәуелсіздік" көпірі және ұсақ 5 көпір пайдалануға берілді. Ауданның орталығы - Жетісай қаласынан Шымкентке дейінгі қашықтық - 232 км.









28.03.2018 ж

«Жамбыл ауылдық әкімшілігі тарихы»

Жамбыл ауылдық округі Жамбыл (Октябрь) ауылы туралы жалпы мәліметтер

  1. 1.Жалпы тұрғындар саны –1561

Оның ішінде:

  1. 2.Еркектер –765

  2. 3.Әйелдер –796

  3. 4.Ұлт өкілдері:

Қазақ --------1561

Орыс --------

Өзбек --------

Тәжіктер ----

Тағы басқалар –

  1. 5.Балалар және жасөспірімдер –585

  2. 6.Жұмысқа жарамдылар –745

  3. 7.Жұмыспен қамтылғандар –52

  4. 8.Оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтылғандар –617

  5. 9.Жұмыссыздар –2

Оқушылар саны:224 (1-9 сынып), Жастар саны: 311(16-29 жас аралығы), Зейнеткерлер: 89Мүгедектер:26 (І-ІІ-ІІІ топ)

  1. 10.Әкімшілік орталыққа дейінгі қашықтық –2 шқ

  2. 11.Тұрғын үйлер және басқа да әлеуметтік обьектілер саны - 221(тұрғын үйлер – 216,мектеп -1     , Фап  -  1 ,   бала бақша -2, )

  3. 12.Үй салуға берілетін жердің бар / жоқтығы, жер ауқымы : жоқ

Экономикалық жағдайы :

Шағын кәсіпорындар саны : 4 (жұмысшылар саны 50-ден аспайтын), Орта кәсіпорындар (50-250 жұмысшылар), Ірі кәсіпорындар (250+)

Орташа айлық жалақы:38000

Жұмыспен қамтылғандардың ішінде - 2 (барлығы -)

  1. 1.Мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейтіндер саны - 44    , (әкімшілікте, мектепте -26     , бала бақшада  -32      , медпункте  - 3,     

  2. 2.Жек кәсіпкерлікпен айналысатындар саны –2

  3. 3.Шаруа қожалықтар жұмыс істейтіндер саны -   695    .(230-адам)

Мемлекеттік қызметпен байланысты емес жұмыспен қамту деңгейі :

  1. 1.Шаруа қожалықтардың саны –161

Елді мекеннің жалпы жер көлемі- 624

Оның ішінде :

Үй іргелік жер көлемі ---------56,6

Ауылшаруашылығымен айналысу үшін егістік жер көлемі -   520        :

Жайылымдық жер ауқымы -------жоқ

Мал басының саны:      ірі қара мал-634,       жылқылар саны-171,       қойлар саны- 542,

 

Жамбылауылдық округі Андреевка ауылының қазіргі кездегі тарихына тоқталайық..


1.         Жалпы тұрғындар саны–1434

Оның ішінде:

2.         Еркектер–699

3.         Әйелдер–735

4.         Ұлт өкілдері:

Қазақ --------1415

Орыс --------

Өзбек --------19

Тәжіктер ----

Тағыбасқалар–

5.         Балалар және жасөспірімдер–552

6.         Жұмысқа жарамдылар–730

7.         Жұмыспен қамтылғандар–47

8.         Оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтылғандар–602

9.         Жұмыссыздар–2

Оқушылар саны: 189  (1-9 сынып), Жастар саны:  308   (16-29 жасар алығы), Зейнеткерлер: 84Мүгедектер: 24 (І-ІІ-ІІІтоп)

10.       Әкімшілік орталыққа дейінгі қашықтық –1шқ

11.       Тұрғын үйлер және басқада әлеуметтік обьектілер саны -202  (тұрғын үйлер–198, ауылдық клуб:        ,мектеп -     , фап -1, , балабақша -2,

12.       Үй салуға берілетін жердің бар / жоқтығы, жерауқымы : жоқ

Экономикалық жағдайы :

Шағын кәсіпорындарсаны :жоқ  (жұмысшыларсаны 50-денаспайтын), Ортакәсіпорындар (50-250 жұмысшылар), Ірікәсіпорындар (250+)

Орташа айлық жалақы:38000

Жұмыспен қамтылғандардың ішінде (барлығы -)

            Мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейтіндер саны - 25    , (әкімшілікте 1    , мектепте -17     , балабақшада  - 30,  фап  - 4 , 

  1. 1.Жеке кәсіпкерлікпен айналысатындар саны–2

  2. 2.Шаруа қожалықтар жұмыс істейтіндер саны -   478    .(230-адам)

Мемлекеттік қызметпен байланысты емес жұмыспен қамту деңгейі :

1.Жеке кәсіпкерліктерде жұмыс істейтіндер саны - 6    ,(14-адам)

2.Шаруа қожалықтардың саны–120

Елдімекеннің жалпы жер көлемі- 713 га

Оның ішінде :

Үй іргелік жер көлемі ---------54,9

Ауыл шаруашылығымен айналысу үшіне гістік жер көлемі -   612       :

Жайылымдық жер ауқымы -------жоқ

Мал басының саны:  ірі қара мал-642,       жылқылар саны- 168,           қойлар саны-548.

 

 

Жамбыл ауылдық округі Кеңесшіл ауылының төлқұжаты

 

1.         Жалпы тұрғындар саны–1560

Оның ішінде:

2.         Еркектер–790

3.         Әйелдер–770

4.         Ұлт өкілдері:

Қазақ --------1557

Орыс --------1

Өзбек --------2

Тәжіктер ----

Тағыбасқалар–2

5.         Балаларжәнежасөспірімдер–561

6.         Жұмысқажарамдылар–751

7.         Жұмыспен қамтылғандар–52

8.         Оның ішінде өзін-өзіжұмыспен қамтылғандар–603

9.         Жұмыссыздар–

Оқушыларсаны: 600  (1-9 сынып), Жастарсаны:  361  (16-29 жасаралығы), Зейнеткерлер: 85Мүгедектер: 24 (І-ІІ-ІІІтоп)

10.       Әкімшілікорталыққадейінгі қашықтық –0шқ

11.       Тұрғын үйлержәнебасқада әлеуметтікобьектілерсаны -332  (тұрғын үйлер–227, мәдените үйі 1, мектеп -1    , медпункт -1,кітапхана1,

балабақша -2,

12.       Үйсалуғаберілетінжердің бар / жоқтығы, жерауқымы : жоқ

Экономикалық жағдайы :

Шағынкәсіпорындарсаны -1  (жұмысшыларсаны 50-денаспайтын), Ортакәсіпорындар (50-250 жұмысшылар), Ірікәсіпорындар (250+)

Орташаайлық жалақы:38000

Жұмыспен қамтылғандардың ішінде (барлығы -)

1.         Мемлекеттікмекемелердежұмысістейтіндерсаны - 139, (әкімшілікте -2 , мектепте -114     , балабақшада  -45 ,  фап  -11,  кітапханада – 2,

2.         Жеккәсіпкерлікпенайналысатындарсаны–4

3.          Шаруа қожалықтаржұмысістейтіндерсаны -   531   .(230-адам)

Мемлекеттік қызметпенбайланыстыемесжұмыспен қамтудеңгейі :

1.         Жекекәсіпкерліктердежұмысістейтіндерсаны - 15    ,(14-адам)

2.         Шаруа қожалықтардың саны–170

Елдімекеннің жалпыжеркөлемі- 1080га

Оның ішінде :

Үйіргелікжеркөлемі ---------67,5

Ауылшаруашылығыменайналысу үшінегістікжеркөлемі -    975       :

Жайылымдық жерауқымы -------жоқ

Мал басының саны:      ірі қара мал- 569,        жылқылар саны- 129,         қойлар саны- 322.

 

 Жамбыл ауылдық округі Жалын (Тегістік) ауылы жайлы мәлімет

 

1.         Жалпытұрғындарсаны–2007

Оның ішінде:

2.         Еркектер–953

3.         Әйелдер–1054

4.         Ұлт өкілдері:

Қазақ --------2007

Орыс --------

Өзбек --------

Тәжіктер ----

Тағыбасқалар–2

5.         Балаларжәнежасөспірімдер–617

6.         Жұмысқажарамдылар–764

7.         Жұмыспен қамтылғандар–56

8.         Оның ішінде өзін-өзіжұмыспен қамтылғандар–648

9.         Жұмыссыздар–5

Оқушыларсаны: 411  (1-9 сынып), Жастарсаны:  463   (16-29 жасаралығы), Зейнеткерлер: 115Мүгедектер: 52 (І-ІІ-ІІІтоп)

10.       Әкімшілікорталыққадейінгі қашықтық –3шқ

11.       Тұрғын үйлержәнебасқада әлеуметтікобьектілерсаны - 285  (тұрғын үйлер–284, ауылдық клуб:        ,мектеп -1     , медпункт -1

12.       Үйсалуғаберілетінжердің бар / жоқтығы, жерауқымы : жоқ

Экономикалық жағдайы :

Шағынкәсіпорындарсаны : 2 (жұмысшыларсаны 50-денаспайтын), Ортакәсіпорындар (50-250 жұмысшылар), Ірікәсіпорындар (250+)

Орташаайлық жалақы:38000

Жұмыспен қамтылғандардың ішінде (барлығы -)

1.         Мемлекеттікмекемелердежұмысістейтіндерсаны - 56    , (әкімшілікте -6    , мектепте -43     , балабақшада  -5      , медпункте  - 2     ,  кітапханада:        жәнет.б.):

2.         Жеккәсіпкерлікпенайналысатындарсаны–16

Шаруа қожалықтаржұмысістейтіндерсаны -   669    .(230-адам)

Мемлекеттік қызметпенбайланыстыемесжұмыспен қамтудеңгейі :

1.         Жекекәсіпкерліктердежұмысістейтіндерсаны - 6    ,(14-адам)

2.         Шаруа қожалықтардың саны–165

Елдімекеннің жалпыжеркөлемі- 765,4

Оның ішінде :

Үйіргелікжеркөлемі ---------70,8

Ауылшаруашылығыменайналысу үшінегістікжеркөлемі -   628        :

Жайылымдық жерауқымы -------жоқ

Мал басының саны:     ірі қара мал-659,         жылқылар саны- 145,        қойлар саны- 685

 

 

Жамбыл ауылдық округі Жалын (Абай) ауылының төлқұжаты

 

1.         Жалпытұрғындарсаны–2327

Оның ішінде:

2.         Еркектер–1178

3.         Әйелдер–1149

4.         Ұлт өкілдері:

Қазақ --------2327

Орыс --------

Өзбек --------

Тәжіктер ----

Тағыбасқалар–12

5.         Балаларжәнежасөспірімдер–622

6.         Жұмысқажарамдылар–772

7.         Жұмыспен қамтылғандар–58

8.         Оның ішінде өзін-өзіжұмыспен қамтылғандар–685

9.         Жұмыссыздар–

Оқушылар саны: 624  (1-9 сынып), Жастар саны:  521   (16-29 жасаралығы), Зейнеткерлер: 126Мүгедектер: 39 (І-ІІ-ІІІтоп)

10.       Әкімшілікорталыққадейінгі қашықтық –4шқ

11.       Тұрғын үйлержәнебасқада әлеуметтікобьектілерсаны - 351  (тұрғын үйлер–346, мектеп -1, фап -1, кітапхана1 , балабақша -2,

12.       Үй салуға берілетін жердің бар / жоқтығы, жерауқымы : жоқ

Экономикалық жағдайы :

Шағынкәсіпорындарсаны :2  (жұмысшыларсаны 50-денаспайтын), Ортакәсіпорындар (50-250 жұмысшылар), Ірікәсіпорындар (250+)

Орташаайлық жалақы:38000

Жұмыспен қамтылғандардың ішінде (барлығы -)

1.         Мемлекеттікмекемелердежұмысістейтіндерсаны - 142    , (әкімшілікте -2    , мектепте -105     , балабақшада  -35, фап - 12,  кітапханада: 1            Жекекәсіпкерлікпенайналысатындарсаны–5

2.          Шаруа қожалықтаржұмысістейтіндерсаны -   794    .(230-адам)

Мемлекеттік қызметпенбайланыстыемесжұмыспен қамтудеңгейі :

1.         Жекекәсіпкерліктердежұмысістейтіндерсаны - 5    ,(14-адам)

2.         Шаруа қожалықтардың саны–310

Елдімекеннің жалпыжеркөлемі- 1119,5

Оның ішінде :

Үйіргелікжеркөлемі ---------75,4

Ауылшаруашылығыменайналысу үшінегістікжеркөлемі -   980        :

Жайылымдық жерауқымы -------жоқ

Мал басының саны:   ірі қара мал- 655,       жылқылар саны- 148,       қойлар саны- 683

 

 Жамбыл ауылдық округі Көкпарсай ауылының төлқұжаты

 

1.         Жалпытұрғындарсаны–1432

Оның ішінде:

2.         Еркектер–713

3.         Әйелдер–719

4.         Ұлт өкілдері:

Қазақ --------1273

Орыс --------3

Кәріс  2

Әзербайжан 154

Тағыбасқалар–

5.         Балаларжәнежасөспірімдер–552

6.         Жұмысқажарамдылар–741

7.         Жұмыспен қамтылғандар–42

8.         Оның ішінде өзін-өзіжұмыспен қамтылғандар–653

9.         Жұмыссыздар–2

Оқушыларсаны: 275  (1-9 сынып), Жастарсаны:  328   (16-29 жасаралығы), Зейнеткерлер: 56Мүгедектер: 35 (І-ІІ-ІІІтоп)

10.       Әкімшілікорталыққадейінгі қашықтық –8шқ

11.       Тұрғын үйлержәнебасқада әлеуметтікобьектілерсаны - 201  (тұрғын үйлер–198, мектеп -1, медпункт–1,балабақша -1,

12.       Үйсалуғаберілетінжердің бар / жоқтығы, жерауқымы : жоқ

Экономикалық жағдайы :

Шағынкәсіпорындарсаны :жоқ  (жұмысшыларсаны 50-денаспайтын), Ортакәсіпорындар (50-250 жұмысшылар), Ірікәсіпорындар (250+)

Жұмыспен қамтылғандардың ішінде

1.Мемлекеттікмекемелердежұмысістейтіндерсаны - 65, (әкімшілікте -1, мектепте -54, балабақшада  -22 , медпункте  - 2,

2.Жеккәсіпкерлікпенайналысатындарсаны–11

3.Шаруа қожалықтардың саны–150

.Шаруа қожалықтаржұмысістейтіндерсаны -   511    .(230-адам

Мемлекеттік қызметпенбайланыстыемесжұмыспен қамтудеңгейі :

1.Жекекәсіпкерліктердежұмысістейтіндерсаны - 4    ,(14-адам)

2.Шаруа қожалықтардың саны–150

Елдімекеннің жалпыжеркөлемі- 992

Оның ішінде :

Үйіргелікжеркөлемі ---------58,8

Ауылшаруашылығыменайналысу үшінегістікжеркөлемі -   890        :

Жайылымдық жерауқымы -------жоқ

Мал басының саны-:        ірі қара мал-1185,         жылқылар саны- 48,         қойлар саны-855

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
5 желтоқсан
907
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі