жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
7-8 сыныптарда физика сабағындағы шағын-жобалар
Солтүстік Қазақстан обласы
Акққайың ауданы
«Қайырбек Оразов атындағы Аралағаш орта мектебі» КММ
Мейрманова Ғ.М.
«7-8 сыныптарда физика сабағындағы
шағын-жобалар»
2016 жыл
«7-8 сыныптарда физика сабағындағы
шағын-жобалар»
Петропавл қаласы
2016 жыл
Шағын- жобалар оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептерде физика сабағында топтық, жұптық жұмыс жүргізу үшін арналған
Петропавлов қаласы, 2016 жыл. –31 б.
Құрастырушы: Мейрманова Ғ.М., Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданындағы Қайырбек Оразов атындағы Аралағаш орта мектібінің физика және математика пәні
Қазақ тіліндегі жалпы білім беретін орта мектептердің физика пәні мұғалімдерінің және 7-8-сынып оқушыларының назарына ұсынылып отырылған бұл әдістемелік құралды, пәннің «Механика», «Жылулық құбылыстар», «Тұрақты электр тоғы» бөлімдерінен сабақта қолдануға болатын шағын-жобалар енгізілген.
Пікір жазғандар: Аширбекова Жұмабике Бейсембековна
Полтавка орта мектебінің жоғары санатты
физика пәні мұғалімі
Әлімтаева Айман Темірханқызы
Қайырбек Оразов атындағыАралағаш орта мектебінің
оқу ісінің меңгерушісі
Алғы сөз
Қазақ тіліндегі жалпы білім беретін орта мектептердің физика пәні мұғалімдеріне және 7-8-сынып оқушыларына арналған бұл әдістемелік құралда пәннің «Механика», «Жылулық құбылыстар», «Тұрақты электр тоғы» бөлімдері бойынша сабақта қолдануға болатын 23 шағын-жобалар енгізілген.
Шағын- жобалар Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі бекіткен физика пәнінің бағдарламасына сәйкес жасалған. Құралдағы тапсырмаларды 7- 8-сынып оқушыларының физика пәнін оқыту процесінде оқушылардың білімдерін жүйелеп, зерттеушілік қабілеттерін дамыту үшін, есеп шығару біліктіліктерін шыңдау үшін қолдануға болады.
Автор
Кіріспе
«Физика» пәнін оқытудың мақсаты – функционалды сауаттылықты дамыту негізінде оқушылардың ғылыми дүниетаным негіздерін, танымдық қызығушылығын, сын тұрғысынан ойлауын, зияткерлің және шығармашылық қабілетін қалыптастыру: білім, білік және дағдыларды меңгеру негізінде әлемнің жаратылыстанымдылық бейнесін біртұтасқабылдай алуды қалыптастыру. Функционалдық сауаттылықты жобалық және іздену, зерттеушілік іс-әрекетті ұйымдастыру арқылы қалыптастыру ұсынылады [1].
Зерттеушілік тәсілі «мұғалім – білім алушы» өзара қарым –қатынасы сипатының ынтымақтастық жағдайына қарай өзгеруіне, сондай –ақ танымдық қызығушылығына тәрбиелеуге, білім алу мен оқуға деген оң уәждеме құруға, терең, сапалы білім алуды қалыптастыруға ықпал етеді.
Зерттеушілік тәсілді қолдану жеке тұлғаның интеллектуалдық дамуына, өзіндік білім алу дағдыларын, белсенді танымдық іс – әрекетін қалыптастыруға мүмкіндік береді [2].
Педагогикалық тәсілдің бұл түрін сабақта жобалар орындау арқылы жүзеге асыруға болады. Әлемдік педагогикалық тәжірибеде жобалық әдіс көпжылдардан бері қолданысқа ие. Жобалық әдіс, басқа әдістермен қатар, жеке тұлғаға бағытталған әдісінің ұстанымдарына негізделген. Жобалық әдіс - проблеманың шешуін іздеуге бағытталған, білім алушылармен оқытушының бірлескен әрекеті.
Жобалық әдіс нақты проблемаларды шешуде теориялық білімдерді практикада қолдануға , оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерінің қалыптастыруға, білім алушыға жеке, жұппен, топпен жұмыс істей отыра, проблеманы анықтауға және оны шешуге мүмкіндік береді. Жобалық әдісті қолдану барысында оқушыларда жоғары мотивация пайда болады, өздігінен жаңа білім алуға құштарлығы артады. Сонымен қатар, жобаны орындау кезінде оқушылардың функционалды сауатылығы қалыптасып, жаңартылған білім беру жүйесі көздеген мақсаты да орындалмақ.
Жоба жұмыстарының түрлері: зеттеушілік жоба, ақпараттық жоба, шығармашылық жоба, рөлдік ойын жобасы, т.с.с. ұзақтығына байланысты қысқа мерзімді шағын (бір сабақ, бір немесе бірнеше апта көлемінде), орта мерзімді (бір немесе бірнеше ай көлемінде), ұзақ мерзімді жоба (жыл бойы) болуы мүмкін. [3].
Орта мерзімді және ұзақ мерзімді жобалар - көп уақытты талап етеді немесе сабақтан тыс уақытта орындаған тиімді. Сондықтан, бір сабақ көлемінде оқушылардың зерттеушілік әрекеттерін қалыптастыру мақсатында шағын- жобалар әдісін қолданған тиімді.
Шағын - жобалар орындау үшін жұмыстың тиімді түрі– топтық жұмыс. Жұмыстың бұл түрі оқушылардың өзара оқытуын қамтамасыз етеді, өзара дамытуына, заман талабына сай ақпараттық, коммуникативтік құзіреттіліктерінің қалыптасуына септігін тигізеді.
Жобалар тақырыбын таңдау кезеңінде оқушылардың жас ерекшеліктерін, физика курсының пәндік мазмұнын және жобалық іс-әрекетінің нәтижелілігін ескерген жөн.
Төменде келтірілген кестеде, жоба орындау барысында білім алушымен оқытушының іс-әрекеттері көрсетілген:
Кесте 1.
Шағын – жоба кезеңі |
Білім алушылардың іс-әрекеті |
Оқытушының іс-әрекеті |
1. Жобаның негізгі идеясын, гипотезасын тұжырымдау. Мақсатын анықтау |
Жобаның негізгі идеясын, гипотезасын талқылайды, мақсатын тұжырымдайды. |
Идеяны талқылауға бағыттайды. Мақсатын тұжырымдауға көмектеседі. |
2.Мақсатына жету үшін жобаның идеясын жүзеге асыруды жоспарлау. |
Жобаны орындауды жоспарлайды. Әрекет түрлерін өзара бөліседі: эскпериментті орындау, нәтижелерін өңдеу, ақпарат іздестіру т.б. |
Оқушыларға кеңес береді, бірлескен жұмысты үйлестіруге көмектеседі.
|
3. Жобаны орындау |
Жобаны орындайды |
Оқушылар әрекеттерін түзетеді |
4. Жобалық әрекеттерінің нәтижелерін тексеру, бағалау
|
Алған нәтижелерін жұмыс мақсатымен сәйкестендіреді, әр қатысушының үлесін бағалайды. |
Оқушылармен бірге жобалық әрекет нәтижесін бағалау критерийлерін құрастырады. |
5. Рефлексия |
Рефлексия парағы бойынша өз әрекеттеріне рефлексия жасайды. |
Рефлексия парағын ұсынады |
6. Шағын – жобаны қорғау, бағалау |
Жобаны қорғау үшін өкілін , сұрақтарға жауап беруші оқушыны, басқа топтардың жұмысын бағалау үшін экспертті ұсынады |
Эксперттермен бірлесіп жобалық әрекеттерін бағалайды.
|
Рефлексия парағы:
Сабақтағы өз әрекетіме (көңілім толды/ көңілім толмады)
Сабақ материалы мен үшін (пайдалы/ пайдасыз)
(қызықты/ қызықсыз)
3. Менің көңіл-күйім (жақсарды/ нашарлады)
4. Бүгінгі сабақта алған білімдеріңіз өмірдің қай саласында қажет болады?
5. Сіз сабақта қандай жаңа дағдыларға үйрендіңіз?
Жинақта ұсынылған шағын –жобалар бір оқу сағаты көлеміне есептелген. Жобаларды орындау барысында оқушылар өз бетінше физикалық шамалардың арасындағы тәуелділігін анықтайды, демек сындарлы оқытудың негізгі принципіне сәйкес оқушылар теориялық білімдерін практика жүзінде табысты қолданады.
7-сыныпта орындалатын арналған шағын- жобаларда оқушыларға дайын жоба гипотезасы мен мақсаты ұсынылады, ал 8-сынып оқушыларына жұмыс гипотезасы мен мақсатын тұжырымдау, сонымен қатар, гипотезаны дәлелдеу үшін жобаның орындау жоспарын құру өздеріне тапсыруға болады.
Алайда, жобалар тақырыбына сәйкес тұжырымдалған гипотезалардың барлығы ақиқат болу шарт еместігін де оқушыларға ескерткен жөн.
7-сынып
Шағын-жоба №1
Тақырыбы: жеміс – жидектердің тығыздықтары
Мақсаты:экперимент жүзінде жеміс – жидектер тығыздықтарын өлшеу
Құрал-жабдықтар:таразы, мензурка, жеміс – жидектер: ірі емес картоп, мандарин, апельсин, алма, сәбіз, қызылша, қызанақ, т.б.
Жұмысты орындау:
Әр жемістің көлемін өлшеуіш аспап көмегімен өлшеңдер. Менузакаға сыймайтын жемістердің көлемін қалай табуға болатынын өздерің табыңдар.
Әр жемістің массасын таразыға салып өлшеңдер.
Өлшеу нәтижелерін пайдаланып, формула бойынша жемістердің тығыздықтарын есептеңдер.
Жемістер тығыздықтары кестесін құрыңдар.
-
Реттік
номері
Жемістің
атауы
Көлемі ,
V(м3)
Массасы ,
m ( кг)
Тығыздығы
ρ (кг/м3)
Интернет желісін пайдаланып, осы жемістердің тығыздарын табыңдар. Өз нәтижелерімен салыстырыңдар. Айырмашылығы бар ма?
Эскперимент нәтижелері дәл болу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?
7-сынып
Шағын – жоба №2
Тақырыбы:Ауырлық күшінің дененің массасына тәуелділігі
Мақсаты: Ауырлық күшінің дененің массасына тәуелділігін зерттеу
Құрал жабдықтар: Динамометр, массалары 100 г жүктер.
Гипотеза: дененің массасын арттырса , сол денеге әрекет ететін ауырлық күші артады , кемиді (керегінің астын сызу)
Жұмысты орындау :
Динамометрге кезекпен массалары 100 г, 200 г, 300 г денелерді іліп отырып, әр жағдай үшін ауырлық күшін өлшеңдер.
Жұмыс нәтижелерін кестеге енгізіңдер.
Тәжірибе реті |
Дененің массасы, m (кг) |
Ауырлық күші, Ға (Н) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Кестедегі шамаларды пайдаланып ауырлық күшінің дене массасына тәуелдік графигін салыңдар:
Ғ
а,
Н
m
,
кг
График бойынша тәуелділік түрін анықтаңдар . Тірек сөздер : тура пропорционал, кері пропорционал.Жоба гипотезасы бойынша қорытынды жасаңдар. Гипотеза расталды ма?
7-сынып
Шағын-жоба №3
Тақырыбы:Еркін құлаған дене салмағының өзгеруі
Мақсаты:Еркін құлаған дене салмағының өзгеруін зерттеу
Құрал жабдықтар: Таразы, кірлер, жіп, жаңғақ жаруға арналған қысқыш, сіріңке.
Гипотеза: егер дене еркін құласа, онда оның салмағы артады, кемиді (керегінің астын сызу)
Жұмысты орындау :
Таразының бір табақшасына бір тұтқасын таразы иініне байлап, екінші тұтқасы табақшада тыныштықта болатындай етіп қысқышты орналастырыңдар.
Таразының екінші табақшасына кірлерді қойып, таразыны теңестіріңдер.
Жанған сіріңке көмегімен жіпті күйдіріңдер.
Таразымен не болатынын байқаңдар.
Таразы тепе-теңдігі бұзылама?
Кейін не болатынын байқап жұмыс гипотезасына сәйкес қорытынды жасаңдар.
Гипотеза расталды ма?
7-сынып
Шағын-жоба №4
Тақырыбы:Серпімділік күшінің серіппенің ұзаруына тәуелділігі
Мақсаты:Серпімділік күшінің серіппенің ұзаруына тәуелділігін зерттеу
Құрал жабдықтар: Серіппе, тұғыр, массалары 100 г жүктер, сызғыш.
Гипотеза: егер серіппенің созылуын арттырса, онда серпімділік күші артады, кемиді (керегінің астын сызу)
Жұмысты орындау :
Серіппені тұғырға іліп бастапқы ұзындығын өлшеңдер.
С
еріппеге
массасы 100 г денені іліп, серіппенің
ұзындығын өлшеңдер.Серіппенің ұзаруын табыңдар.
Дененің массасы бойынша серпімділік күшін есептеңдер: Ғс=mg
Тәжірибені массалары 200 г, 300 г денелермен қайталаңдар.
Жұмыс нәтижелерін кестеге енгізіңдер.
Тәжірибе реті |
Дененің массасы, m (кг) |
Серпімділік күші, Ғ (Н) |
Серіппенің бастапқы ұзындығы, l0,м |
Серіппенің соңғы ұзындығы, l,м |
Серппенің созылуы, ∆ l,м |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Кестедегі шамаларды пайдаланып серпімділік күшінің серіппенің ұзыруына тәуелдік графигін салыңдар:
Ғ
с,
Н
∆ l,м
График бойынша тәуелділік түрін анықтаңдар . Тірек сөздер : тура пропорционал, кері пропорционал.Жоба гипотезасы бойынша қорытынды жасаңдар. Гипотеза расталды ма?
7-сынып
Шағын-жоба №5
Тақырыбы:Сырғанау үйкеліс күшінің нормаль қысым күшіне тәуелділігі
Мақсаты:сырғанау үйкеліс күшінің нормаль қысым күшіне тәуелділігін зерттеу
Құрал жабдықтар:Динамометр, ағаш тақтайша, ағаш білеуше, массалары 100 г жүктер.
Гипотеза: егер нормаль қысым күші өзгерсе, онда сырғанау үйкеліс күші өзгереді, өзгермейді (керегінің астын сызу)
Жұмысты орындау :
Динамометр көмегімен ағаш білеушенің салмағын өлшеңдер.m = Р/gформуласы бойынша білеушенің массасын есептеңдер. g=10Н/кгдеп алыңдар.
Білеушені ағаш тақтайшаның үстіне қойыңдар, оны динамометрге бекітіп сүйреңдер. Сырғанау үйкеліс күшін жазып алыңдар.
Б
ілеушенің
үстіне массалары 100 г, 200 г, 300 г денені
қойып, тәжірибені қайталаңдар.
Жұмыс нәтижелерін кестеге енгізіңдер.
Тәжірибе реті |
Жүктер саны |
Ағаш білеушенің (жүктермен қосқанда) нормаль қысым күші, N (Н) |
Сырғанау үйкеліс күші, Ғ (Н) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Кестедегі шамаларды пайдаланып сырғанау үйкеліснормаль қысым күшіне тәуелдік графигін салыңдар:
График бойынша тәуелділік түрін анықтаңдар. Тірек сөздер : тура пропорционал, кері пропорционал.Жоба гипотезасы бойынша қорытынды жасаңдар. Гипотеза расталды ма?
Жоба нәтижелерін өмірде қолдану мысалдарын келтіріңдер.
7-сынып
Шағын-жоба №6
Тақырыбы: Үйкеліс күшінің жанасқан беттердің бет-бедеріне тәуелділігі
Мақсаты: Үйкеліс күшінің жанасқан беттердің бет-бедеріне тәуелділігін зерттеу
Гипотеза: жанасқан беттердің бет-бедері өзгергенде үйкеліс күшінің мәні өзгереді ,өзгермейді (керегінің астын сызу)
Құрал-жабдықтар: динамометр, ағаш білеуше, жүктер, беті тегіс тақтайша, зімпаралы қағаз жолағы
Жұмысты орындау:
Динамометр көмегімен сүретте көрсетілгендей екі жүгі бар ағаш білеушені сүйреп, үйкеліс күшінің мәнін өлшеңдер:
а) тегіс тақтайшаның үстімен;
б) зімпаралық қағаз жолағы үстімен.
2. Өлшеу нәтижелерін кестеге енгізіңдер:
Тәжірибе реті |
Өлшеу шарты |
Сырғанау үйкеліс күші, Ғ (Н) |
|
Тегіс тақтайша үстімен |
|
|
Зімпаралық қағаз үстімен |
|
Эксперимент нәтижелері бойынша сұраққа жауап беріңдер.
а) Сырғанау үйкеліс күші жанасқан беттердің тегіне тәуелді ме?
Гипотезаның дұрыс , бұрыстығы туралы қорытынды жасаңдар.
Жоба нәтижелерін өмірде қолдануға бола ма? Егер болса, мысалдар келтіріңдер.
7-сынып
Шағын-жоба №7
Тақырыбы: Сырғанау, домалау үйкеліс күштерін салыстыру
Мақсаты: Сырғанау, домалау үйкеліс күштерінің айырмашылығы бар екендігін дәлелдеу
Гипотеза: сырғанау үйкеліс күші домалау үйкеліс күшінен кем, артық (керегінің астын сызу)
Құрал-жабдықтар: динамометр, ағаш білеуше, жүктер, беті тегіс тақтайша, пішіні дөңгелек қарындаштар.
Жұмысты орындау:
Динамометр көмегімен бірінші сүретте көрсетілгендей екі жүгі бар ағаш білеушені сүйреп,сырғану үйкеліс күшінің мәнін өлшеңдер.
Ағаш білеушенің астына қарындаштарды орналастырып, домалау үйкеліс күшін өлшеңдер.
Өлшеу нәтижелерін кестеге енгізіңдер:
Тәжірибе реті |
Өлшеу шарты |
Үйкеліс күші, Ғ (Н) |
|
|
|
|
|
|
Эксперимент нәтижелері бойынша жобаның гипотезасынасәйкес қорытынды жасаңдар. Гипотеза расталды ма?
Өмірде қолдану мысалдарын келтіріңдер.
7-сынып
Шағын-жоба №8
Тақырыбы:Архимед күшінің дене тығыздығына тәуелділігі
Мақсаты:Архимед күшінің дене тығыздығына тәуелділігін зерттеу
Құрал жабдықтар:көлемдері бірдей алюминий, мыс және темір денелер, динамометр, суы бар ыдыс
Гипотеза: егер сұйыққа батырылған дененің тығыздығы өзгерсе, онда сол денеге әсер ететін архмед күші өзгереді, өзгермейді (керегінің астын сызыңдар)
Жұмысты орындау :
Динамометр көмегімен әр дененің ауадағы салмағын өлшеңдер.
Денелерді суға батырып , судағы салмағын өлшеңдер.
Салмақтары бойынша Архимед күшін табыңдар.
Жұмыс нәтижелерін кестеге енгізіңдер.
Дене |
Тығыздығы |
Дененің ауадағы салмағы, Р1 (Н) |
Дененің судағы салмағы Р2 (Н) |
Архимед күші, ҒА, (Н) |
Алюминий |
|
|
|
|
Темір |
|
|
|
|
Кестедегі шамаларды пайдаланып жобаның гипотезасы бойынша қорытынды жасаңдар. Гипотеза расталды ма?
7-сынып
Шағын-жоба №9
Тақырыбы:Архимед күшінің сұйық тығыздығына тәуелділігі
Мақсаты:Архимед күшінің сұйық тығыздығына тәуелділігін зерттеу
Құрал жабдықтар:алюминий цилиндр, динамометр, тығыздықтары әртүрлі сүйықтары бар ыдыстар (таза су, тұзды су, май)
Гипотеза:Архимед күші сұйықтың тығыздығына тәуелді , тәуелді емес (керегінің астын сызыңдар)
Жұмысты орындау :
Динамометр көмегімен цилиндрдің ауадағы салмағын өлшеңдер.
Цилиндрді таза суға батырып , салмағын өлшеңдер.
Цилиндрді тұзды суға, майға батырып, салмағын өлшеңдер.
Салмақтары бойынша әр сұйықтың Архимед күшін табыңдар.
Жұмыс нәтижелерін кестеге енгізіңдер.
Тәжірибе реті |
Сұйықтың тығыздығы |
Дененің ауадағы салмағы, Р1 (Н) |
Дененің судағы салмағы Р2 (Н) |
Архимед күші, ҒА, (Н) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Кестедегі шамаларды пайдаланып жобаның гипотезасы бойынша қорытынды жасаңдар. Гипотеза расталды ма?
7-сынып
Шағын- жоба №10
Тақырыбы: Архимед күшінің дене пішініне тәуелділігі
Мақсаты: Архимед күшінің дене пішініне тәуелділігін зерттеу
Гипотеза: Сұйыққа батырылған дененің пішіні өзгерсе, онда Архимед күші өзгереді , өзгермейді (керегін астын сызыңдар)
Құрал-жабдықтар: ермексаз кесегі, динамометр, жіп, суы бар ыдыс
Жұмысты орындау:
Ермексаздан шар тәрізді дене жасап, оған жіп байлаңдар.
Динамометр көмегімен дененің ауадағы салмағын өлшеңдер.
Дененің суға бытырып, судағы салмағын өлшеңдер.
Өлшеулер нәтижесі бойынша сұйыққа бытырылған денеге әрекет ететін Архимед күшін табыңдар.
Ермексаздың пішінін бірнеше рет өзгертіңдер. Тәжірибені қайталаңдар. Өлшеулер нәтижелерін кестеге енгізіңдер.
-
Тәжірибе реті
Дененің ауадағы салмағы Р1 (Н)
Дененің судағы салмағы Р2 (Н)
Архимед күші
ҒА (Н)
Жобаның гипотезасына сәйкес қорытынды жасаңдар. Гипотеза расталды ма?
7-сынып
Шағын- жоба №11
Тақырыбы: Архимед күшінің дене көлеміне тәуелділігі
Мақсаты: Архимед күшінің дене көлеміне тәуелділігін зерттеу
Гипотеза: Сұйыққа батырылған дененің көлемі артса, онда Архимед күші артады, кемиді (керегін астын сызыңдар)
Құрал-жабдықтар: көлемдері әртүрлі денелер, динамометр, жіп, суы бар ыдыс
Жұмысты орындау:
Динамометр көмегімен денелердің ауадағы салмақтарын өлшеңдер.
Дененің суға батырып, судағы салмақтарын өлшеңдер.
Өлшеулер нәтижесі бойынша сұйыққа бытырылған денелерге әрекет ететін Архимед күшін табыңдар.
Өлшеулер нәтижелерін кестеге енгізіңдер.
Тәжірибе реті |
Дененің көлемі (улкен, орташа, кіші) |
Дененің ауадағы салмағы, Р1 (Н) |
Дененің судағы салмағы, Р2 (Н) |
Архимед күші, ҒА (Н) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жобаның гипотезасына сәйкес қорытынды жасаңдар. Гипотеза расталды ма?
7-сынып
Шағын – жоба №12
Тақырыбы: Дененің кинетикалық энергиясының жылдамдығына тәуелдігі
Мақсаты: Дененің кинетикалық энергиясының жылдамдығына тәуелдігін зерттеу
Гипотеза: Дененің жылдамдығы артқан сайын, оның кинетикалық энергиясы артады, кемиді (керегінің астын сызыңдар)
Құрал жабдықтар: арбаша, ағаш білеуше, сызғыш
Теориялық кіріспе
Дененің кинетикалық энергиясының өзгеруі оның жұмыс істеу қабілеттілігі бойынша анықталады. Яғни, дене неғұрлым көп жұмыс атқара алатын болса, соғұрлым оның кинетикалық энергиясы артық.
Жұмысты орындау :
Арбашаны үстел үстіне орналатырып, орнын белгілеңдер.
Арбашаның алдына ағаш білеушені орналастырыңдар. Білеушенің тұрған орнын белгілеңдер.
Арбашаны қозғалтып білеушемен соқтығыстырыңдар.
Білеушенің жылжыған қашықтығын өлшеңдер. Кестеге нәтижесін жазыңдар.
Арбашамен білеушені орнына қойыңдар.
Арбашаның жылдамдығын арттырып, экспериментті қайталаңдар.
Кестеде білеушенің жылжыған қашықтығын көрсетіңдер.
Тәжірибе реті |
Қашықтығы |
|
|
|
|
|
|
Жылдамдықпен қашықтығы арасындағы тәуелдігін анықтап, дененің кинетикалық энергиясының оның жылдамдығына тәуелділігі туралы қорытынды жасаңдар.Тірек – сөздер: тура пропорционал, кері пропорционал.
7-сынып
Шағын – жоба №13
Тақырыбы: Кинетикалық энергияның дененің массасына тәуелдігі
Мақсаты:Кинетикалық энергия дененің массасына тәуелдігін зерттеу
Гипотеза:Дененің массасы артқан сайын, оның кинетикалық энергиясы артады, кемиді (керегінің астын сызыңдар)
Құрал жабдықтар: арбаша, жүктер, ағаш білеуше, сызғыш
Теориялық кіріспе
Дененің кинетикалық энергиясының өзгеруі оның жұмыс істеу қабілеттілігі бойынша анықталады. Яғни, дене неғұрлым көп жұмыс атқара алатын болса, соғұрлым оның кинетикалық энергиясы артық.
Жұмысты орындау :
Арбашаны үстел үстіне орналатырып, орнын белгілеңдер.
Арбашаның алдына ағаш білеушені орналастырыңдар. Білеушенің тұрған орнын белгілеңдер.
Арбашаны қозғалтып білеушемен соқтығыстырыңдар.
Білеушенің жылжыған қашықтығын өлшеңдер. Кестеге нәтижесін жазыңдар.
Арбашамен білеушені орнына қойыңдар.
Арбашаның үстіне жүкті қойып , жылдамдығын мүмкіндігінше өзгертпей, экспериментті қайталаңдар.
Кестеде білеушенің жылжыған қашықтығын өлшеңдер.Кестеге нәтижесін жазыңдар.
Тәжірибе реті |
Қашықтығы |
|
|
|
|
|
|
Дененің массасы мен қашықтығы арасындағы тәуелдігін анықтап, дененің кинетикалық энергиясының оның массасы арасындағы тәуелділік туралы қорытынды жасаңдар.
Эксперименттің дәлділігін арттыру үшін не істеуге болады?
8-сынып
Шағын – жоба №1
Тақырыбы:Сұйықтың булану жылдамдығының сұйық тегіне, еркін бетінің ауданына тәуелділігі
Мақсаты:Сұйықтың булану жылдамдығының сұйық тегіне, еркін бетінің ауданына, температурасына және будың ұшыру жылдамдығына тәуелділігін зерттеу
Гипотеза:а) егер сұйық бетінің ауданын арттырса, онда сұйықтың булану жылдамдығы артады , кемиді (керегінің астын сызыңдар)
в) сұйықтың булану жылдамдығы оның тегіне тәуелді, тәуелді емес (керегінің астын сызыңдар)
Құрал жабдықтар:суы бар ыдыс, спирті бар тамызғыш, тамызғыш, екі парақ қағаз
Жұмысты орындау :
Парақ қағазға тамызғышпен бір тамшы спирпен бір тамшы суды тамызыңдар. Олардың булануын бақылаңдар. Сұйықтың қайсысы жылдам буланады?
Екі парақ қағаздың әрқайсысына бір тамшы спирттен тамызыңдар.
Біреуінің еркін бетін жылдам улкейтіңдер. Ол үшін спирт тамшысы тамызылған парақтың біреуін тез арада тігінен орналастырыңдар. Тамшы жайылғанына көз жеткізіңдер.
Тамшылардың булануын бақылаңдар.
Тамшының қайсысы жылдам буланады?
Жоба гипотезасына сәйкес қорытынды жасаңдар.
Гипотезаларың расталды ма?
8-сынып
Шағын – жоба №2
Тақырыбы:Сұйықтың булану жылдамдығыныңсұйық температурасына және сұйық бетіндегі будың ұшыру жылдамдығына тәуелділігі
Мақсаты: Сұйықтың булану жылдамдығының сұйық температурасына және будың ұшыру жылдамдығына тәуелділігін зерттеу
Гипотеза: а) егер сұйық температурасын арттырса, онда сұйықтың булану жылдамдығы артады , кемиді (керегінің астын сызыңдар)
в) егер сұйықтың сұйық бетіндегі будың ұшыру жылдамдығын арттырса, оның булану жылдамдығы артады, кемиді (керегінің астын сызыңдар)
Құрал жабдықтар:суық және жылы суы бар екі ыдыс, спирті бар тамызғыш, тамызғыш, екі парақ қағаз, қағаздан жасалған желпілдеуіш
Жұмысты орындау :
Бір парақ қағазға екі тамшы суды тамызыңдар: біреуі суық екіншісі жылы судан.
Екеуінің де үстінен тамшылар кепкенше дейін қағаз желпілдеуішпен былғап тұрыңдар.
Тамшының қайсысы тез буланады?
Екі парақ қағаздың әрқайсысына бір тамшы спирттен тамызыңдар.
Біреуін бөлек алып қойыңдар, ал екіншінің үстінен тамшы кепкенше дейін қағаз желпілдеуішпен былғап тұрыңдар.
Тамшының қайсысы тез буланады?
Жоба гипотезасына сәйкес қорытынды жасаңдар.
Гипотезаларың расталды ма?
8-сынып
Шағын – жоба №3
Тақырыбы:Тұрақты қысымда берілген газ көлемінің температураға тәуелдігі
Мақсаты:Тұрақты қысымда берілген газ көлемінің температураға тәуелдігін зерттеу
Гипотеза:газ температурасы ________________, оның көлемі ________________. (өздерінің гипотезаларын жазады)
Құрал жабдықтар: шыны түтікшесі бар тығынмен жабылған диаметрі 4-5 мм химиялық құты 150-200 мм, суы бар тапал ыдыс
Жұмысты орындау :
Эскпериментке қажет құралды дайындап алыңыздар: тығыны бар түтікті 3-4 см тереңдігіне суы бар ыдысқа салыңдар.
Түтіктің үстінгі жағын саусақпен жауып отырып судан алып шығыңдар.
Суретте көрсетілгендей түтікті ішіндегі суы төгілмейтіндей көлденеңінен ораналастырып химиялық құтыны жабыңдар.
Құтыдағы ауаны жылыту үшін қолдарыңмен құтыны бірнеше секунд ұсытаңдар. Түтіктегі су бағанасының орналасуын бақылаңдар.
Ауаны жылытуды тоқтатып тағы бірнеше секунд бойы су бағанасының деңгейінің өзгеруін бақылаңдар.
Қандай шамалар арасындағы тәуелдігін зерттедіңдер?
Бақылау кезінде құты ішіндегі ауа массасы мен қысымы өзгерді ме?
Тұрақты қысымда берілген газ көлемінің температураға тәуелдігі туралы не айтуға болады?
Өздерің тұжырымдаған гипотезаларың расталды ма?
8-сынып
Шағын – жоба №4
Тақырыбы:Өткізгіш кедергісінің оның ұзындығына тәуелділігі
Мақсаты: Өткізгіш кедергісінің оның ұзындығына тәуелдігін зерттеу
Гипотеза: өткізгіш ұзындығы артқан сайын, оның кедергісі артады, кемиді (керегінің астын сыз)
Құрал жабдықтар: ток көзі, қима аудандары бірдей ұзындықтары әртүрлі бірнеше өткізгіш (3), жалғағыш сымдар, кілт, мультиметр .
.
Жұмысты орындау :
Суретте көрсетілген сұлбаны бойынша тізбекті жинаңдар.
АВ – өткізгіштің ұзындығын өлшеңдер.
Тізбектегі ток күшін өлшеңдер.
АВ өткізгіштің орнына ұзындығы басқа өткізгішті жалғап, оның ұзындығы мен тізбектегі ток күшін өлшеңдер.
Үшінші өткізгішпен экспериментті қайталаңдар
Өлшеу нәтижелерін кестеге енгізіңдер.
-
Эксперимент реті
Өткізгіш ұзындығы
l, м
Ток күші
I, A
Эксперимент нәтижелері бойынша Ом заңына негізделіп, тізбектегі ток күшінің өзгеруіне байланысты, өткізгіштің кедергісінің оның ұзындығына тәуелділігі турады қорытынды жасаңдар:
Қорытынды: өткізгіш ұзындығы артқан сайын тізбектегі ток күші ............................., себебі оның кедергісі ...............................
Жоба гипотезасы расталды ма?
8-сынып
Шағын – жоба №5
Тақырыбы:Өткізгіш кедергісінің оның қимасының ауданына тәуелділігі
Мақсаты: Өткізгіш кедергісінің оның қимасының ауданына тәуелдігін зерттеу
Гипотеза: өткізгіш қимасының ауданы артқан сайын, оның кедергісі артады, кемиді (керегінің астын сыз)
Құрал жабдықтар: ток көзі, ұзындықтары бірдей қима аудандары әртүрлі бірнеше өткізгіш (3), жалғағыш сымдар, кілт, штангенциркуль, мультиметр .
.
Жұмысты орындау :
Суретте көрсетілген сұлбаны бойынша тізбекті жинаңдар.
АВ – өткізгіштің қимасының ауданын штангенциркуль көмегімен өлшеңдер.
Тізбектегі ток күшін өлшеңдер.
АВ өткізгіштің орнына қимасының ауданы басқа өткізгішті жалғап, оның қимасының ауданы мен тізбектегі ток күшін өлшеңдер.
Үшінші өткізгішпен экспериментті қайталаңдар
Өлшеу нәтижелерін кестеге енгізіңдер.
-
Эксперимент реті
Өткізгіш қимасының ауданы
S, мм2
Ток күші
I, A
Эксперимент нәтижелері бойынша Ом заңына негізделіп, тізбектегі ток күшінің өзгеруіне байланысты, өткізгіштің кедергісінің оның қимасының ауданына тәуелділігі турады қорытынды жасаңдар:
Қорытынды: өткізгіш қимасының ауданы артқан сайын тізбектегі ток күші ............................., себебі оның кедергісі ...............................
Жоба гипотезасы расталды ма?
8-сынып
Шағын – жоба №6
Тақырыбы:Өткізгіш кедергісінің оның материал тегіне тәуелділігі
Мақсаты: Өткізгіш кедергісінің оның материал тегіне тәуелдігін зерттеу
Гипотеза:ұзындықтары және қималар ауданы бірдей әртүрлі материалдан жаасалған өткізгіштердің кедергісі әртүрлі, бірдей (керегін астын сызыңдар)
Құрал жабдықтар: ток көзі, ұзындықтары мен қима аудандары бірдей әртүрлі заттан (мыс, алюминий болат) жасалған бірнеше өткізгіш (3), жалғағыш сымдар, кілт, мультиметр .
Жұмысты орындау :
Суретте көрсетілген сұлбаны бойынша тізбекті жинаңдар.
АВ – өткізгіштің затын анықтап, кестеге оның меншікті кедергісін жазып алыңдар.
Тізбектегі ток күшін өлшеңдер.
АВ өткізгіштің орнына басқа өткізгішті жалғап, оның меншікті кедерегісін жазып алып, тізбектегі ток күшін өлшеңдер.
Үшінші өткізгішпен экспериментті қайталаңдар
Өлшеу нәтижелерін кестеге енгізіңдер.
-
Эксперимент реті
Өткізгіштің меншікті кедергісі,
ρ, Ом*мм2 /м
Ток күші
I, A
Эксперимент нәтижелері бойынша Ом заңына негізделіп, тізбектегі ток күшінің өзгеруіне байланысты, өткізгіштің кедергісінің оның жасалған затына тәуелділігі турады қорытынды жасаңдар:
Қорытынды: өткізгіш меншікті кедергісі артқан сайын тізбектегі ток күші ............................., себебі оның кедергісі ...............................
Жоба гипотезасы расталды ма?
8-сынып
Шағын – жоба №7
Тақырыбы:Өткізгіш бойындағы электр тоғыәсерінен бөлінетін жылу мөлшерінің ток күшіне тәуелділігі
Мақсаты:Өткізгіш бойындағы электр тоғы әсерінен бөлінетін жылу мөлшерінің ток күшіне тәуелділігін зерттеу
Гипотеза:Өткізгіш бойымен өтетін ток күші артқан сайын, өткізгіште бөлінетін жылу мөлшері артады, кемиді (керегінің астын сыз)
Құрал жабдықтар: ток көзі, амперметр, вольтметр, электр шам, реостат, жалғағыш сымдар, кілт.
Жұмысты орындау :
Суретте көрсетілген сұлбаны бойынша тізбекті жинаңдар.
Реостатты ең үлкен кедергіге қойып тізбекті тұйықтаңдар.
Реостат кедергісін азайта отырыпөлшеуіш құралдардың көрсетулері мен шамның жарықтылығын бақылаңдар.
Электр тоғының арттыруына байланысты шамның қылсымынан бөлінетін жылу мөлшері қалай өзгереді?
Шамның жарықтылығы бойынша бөлінетін жылу мөлшері туралы айтуға бола ма?
Жоба гипотезасына сәйкес қорытынды жасаңдар.
Гипотезаларың расталды ма?
8-сынып
Шағын – жоба №8
Тақырыбы:Темірдің магнителу дәрежесінің температуға тәуелділігі
Мақсаты: Темірдің магнителу дәрежесінің температуға тәуелділігін зерттеу
Гипотеза: темірдің температурасы артқан сайын, оның магнителі дәрежесі артады, кемиді (керегінің астын сыз)
Құрал жабдықтар:доға тәрізді магнит, ұзындығы 30-35 мм болат түйреуіш, лабораториялық спиртовка, сіріңке.
Жұмысты орындау :
Доға тәрізді магнитті полюстері үстел шетінен аз ғана шығып тұратындай етіп орналастырыңдар.
Полюстерінің біріне түйреушті бекітіңдер. Оның қалай орналасатынын бақылаңдар.
Түйреуішті сіріңкемен жаққан спиртовканың жалымен қыздыңдар.
Түйреуіштің орналасуын бақылаңдар.
Түйреуіштің қыздыруын тоқтатып оның ендігі жағдайын бақылаңдар.
Жұмыс гипотезасына сәйкес қорытынды жасаңдар.
Гипотезаларың расталды ма?
Пайдаланған әдебиеттер:
2015-2016 оқу жылында Қазақстан республикасының жалпы орты білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы. Әдістемелік нұсқау хат. – Астана. Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015. -235 б.
2017-2018 оқу жылында Қазақстан республикасының жалпы орты білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы. Әдістемелік нұсқау хат. – Астана. Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2017. -300б.
Қазақстан Республикасының орта білім мазмұнын жаңарту аясында «Физика» пәнін бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсарына арнап әзірленген үлестірмелі материалдар. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ. Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016. – 87 б.
Я.И. Перельман Занимательная физика: в 2-хкнигах. Кн.2/Под ред. А.В.Митрофанова. 22-е изд., стер. –М.:Наука. Гл. ред.физ.-мат.лит., 1986. -272с.
Фронтальные экспериментальные задания по физике в 6-7 классах средней школы: Пособие для учителей/ Под ред. В.А. Бурова, С.Ф. Кабанова, В.И. Свиридова. – М.: Просвещение, 1981. - 112 с .
Фронтальные экспериментальные задания по физике: 9 кл. Дидакт. Материал. Пособие для учителя/ В.А. Буров, А.И.Иванов, В.И. Свиридов; Под ред. В.А. Бурова – М.: Просвещение, 1981. - 112 с .
Мазмұны
Алғы сөз..........................................................................................................3
Кіріспе ............................................................................................................5
7-сынып.Шағын-жоба №1«Жеміс – жидектер
тығыздықтары» .............................................................................................8
7-сынып. Шағын-жоба №2 «Ауырлық күшінің дененің массасына тәуелділігі».....................................................................................................9
7-сынып. Шағын-жоба №3 «Еркін құлаған дене салмағының өзгеруі».10
7-сынып. Шағын-жоба №4 «Серпімділік күшінің серіппенің ұзаруына тәуелділігі» ..................................................................................................11
7-сынып. Шағын-жоба №5 «Сырғанау үйкеліс күшінің нормаль қысым күшіне тәуелділігі» .....................................................................................12
7-сынып. Шағын-жоба №6 «Үйкеліс күшінің жанасқан беттердің бет-бедеріне тәуелділігі» ..................................................................................13
7-сынып. Шағын-жоба №7 «Сырғанау, домалау үйкеліс күштерін салыстыру» ..................................................................................................14
7-сынып. Шағын-жоба №8 «Архимед күшінің дене тығыздығына
тәуелділігі» ..................................................................................................15
7-сынып. Шағын-жоба №9 «Архимед күшінің сұйық
тығыздығына тәуелділігі» ..........................................................................16
7-сынып.Шағын-жоба №10 «Архимед күшінің дене пішініне тәуелділігі»...................................................................................................17
7-сынып.Шағын-жоба №11 «Архимед күшінің дене көлеміне тәуелділігі» ..................................................................................................18
7-сынып.Шағын-жоба №12 «Дененің кинетикалық энергиясының жылдамдығына тәуелдігі»..........................................................................19
7-сынып.Шағын-жоба №13 «Кинетикалық энергияның дененің массасына тәуелдігі» ..................................................................................20
8-сынып.Шағын-жоба №1 «Сұйықтың булану жылдамдығының сұйық тегіне, еркін бетінің ауданына тәуелділігі» .............................................21
8-сынып.Шағын-жоба №2 «Сұйықтың булану жылдамдығыныңсұйық температурасына және сұйық бетіндегі будың ұшыру жылдамдығына тәуелділігі» ..................................................................................................22
8-сынып.Шағын-жоба №3 «Тұрақты қысымда берілген газ көлемінің температураға тәуелдігі» ...........................................................................23
8-сынып.Шағын-жоба №4 «Өткізгіш кедергісінің оның ұзындығына тәуелділігі» ..................................................................................................24
8-сынып.Шағын-жоба №5 «Өткізгіш кедергісінің оның қимасының ауданына тәуелділігі» ................................................................................25
8-сынып.Шағын-жоба №6 «Өткізгіш кедергісінің оның материал
тегіне тәуелділігі».......................................................................................26
8-сынып.Шағын-жоба №7 «Өткізгіш бойындағы электр тоғы әсерінен бөлінетін жылу мөлшерінің ток күшіне тәуелділігі»..............................27
8-сынып.Шағын-жоба №8 «Темірдің магнителу дәрежесінің температуға тәуелділігі».............................................................................28
Пайдаланған әдебиеттер.............................................................................29
Мазмұны .................................................................................................30-31

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген