7 -СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА «МЕХАНИКА» ТАРАУЫН ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ӘДІСТЕРІ
Ергенбай Алтынгүл Еркінқызы
Ш.Уалиханов атындағы КУ Физика информатика кафедра студенті,
Көкшетау қ, Қазақстан
Аннотация: Бұл мақаладағы оқытудың жаңа әдістері оқушыларға тақырыппен белсенді қарым-қатынас жасауға, бақылау, логикалық ойлау және тақырыпты толық түсінуге мүмкіндік береді. 7 сынып «механика» тарауын тереңірек меңгеруге және оны іс жүзінде қолдануға ықпалын тигізеді.
Тірек сөздер: механика, әдіс, педогика, оқушы, физика,.оқыту
Аннотация: Новые методы обучения, представленные в этой статье, позволяют учащимся активно взаимодействовать с темой, наблюдать, логически мыслить и полностью понимать тему. 7 класс способствует более глубокому изучению главы «Механика» и ее практическому применению.
Ключевые слова: механика, метод, педагогика, физика, ученик , обучение
Abstract: The new teaching methods presented in this article allow students to actively interact with the topic, observe, think logically, and fully understand the topic. Grade 7 promotes a deeper study of the Mechanics chapter and its practical application.
Keywords: mechanics, method, pedagogy, physics, children, teaching
Егеменді елдің ертеңі оқу-білімінің тереңдігімен өлшенеді. Толассыз, үздіксіз өзгеріп тұрған әлем жеке тұлғалардан қабілет пен қажеттіліктерді үнемі дамытуды талап етеді. Қазіргі педагогика ғылымының алдында тұрған міндет, оқушыларға белгілі бір білім жүйесін беріп қоймай, олардың әрқайсысының шығармашылық қабілетін айтарлықтай дамыту болып табылады.
Қазіргі физиканы оқыту әдістемесі оқушының танымдық қызметі мен ойлау жүйесінің ара қатынасын айқындай түсуде. Ол оқушының дербестігін, танымдық қажеттілігімен, интелектуалдық ойлау мүмкіндіктерін қалыптастырады. Мектеп физика курсында оқытудың әдістерін, оның ішінде жаңа технологияларды орынды қолдану оқушылардың пәнге деген ынтасын арттырып қана қоймайды, сонымен қатар оқушылардың білім деңгейінің сапасын арттырары сөзсіз. Бұл мақалада физика пәнін оқытудың жаңа технологиялары мен әдістерін қарастырылады.
Физиканы оқыту әдістемесі ғылым ретінде ғылыми білімнің барлық негізгі функцияларын орындайды: оқытудың нәтижелерін болжайды, оқу процесін басқарудың әдістемелік жобаларын жасайды, оқу процесінің әртүрлі аспектілері туралы білімді жүйелейді.
Физиканы оқытудың негізгі міндеттері:
-
мектепте физикадағы оқу мақсаттарын негіздеу, пәнді оқу кезінде оқушыларды тәрбиелеу және дамыту;
-
физика пәнінің құрылымы мен мазмұнын жүйелі жетілдіру;
-
оқушыларды оқытудың, тәрбиелеудің және дамытудың ең тиімді әдістері мен тәсілдерін әзірлеу және тәжірибелік сынақтан өткізу; [1]
Оқытудың жаңа инновациялық әдістерін пайдалана отырып, оқушылардың пәнге деген ынтасын, қызығушылығын арттыру болып табылады.
Мектепте оқылатын физиканың алдында тұрған күрделі және жауапты міндетті орындау және физиканың дидактикалық принциптерін жүзеге асыру үшін, физиканы оқытудағы сан алуан әдістерді пайдалану керек. Физика курсын оқыту жоспарлы түрде жүргізуді қаматамасыз ететін арнайы формаларды қолдану керек.
Механика – денелердің қозғалысын, оның заңдылығын, пайда болу себебін және оның өзгерісін зерттейтін физиканың бөлімі[2]. Жалпы осы механика бөлімі физикада ең ерекше және өте ауқымды бөлім. Бұл ауқымды тақырыпты оқу 7 сыныптан басталады. Яғни физикада физикалық жүйелерді модельдеу механикалық бейнелерді жасаумен байланысты. Бұл жалпы білім беретін физика курсындағы механиканың орнын анықтайды және мұғалімнен оқушылардың материалды толық меңгеруіне назар аударуды талап етеді.
Механиканың міндеттері ең алдымен, білімнің «құралы» болып табылатын негізгі ұғымдарды (масса, күш, дене импульсі, энергия ) енгізуімен анықталады. Бұл тұрғыда механика физиканың негізі болып саналады. Механика пәнінде оқушылар физикалық теориямен - Ньютонның классикалық механикасымен және бүкіләлемдік тартылыс заңы, импульс пен энергияның сақталу заңдары, механикалық жүйелердің жалпы тепе-теңдік шарттарымен танысады.
Зертханалық жұмыс кезінде олар өлшеу құралдарымен жұмыс істеудің кейбір практикалық дағдыларын меңгереді.. Физикалық жұмыстарды компьютерде лаборториялық дайын бағдарламаларды пайдаланып жасап, тәжірибелік зерттеулер жүргізуге қол жеткізуге болады. Мектепте лабораториялық жұмыстарды орындап болғаннан кейін, олардың есептеулерін алу міндетті. Сондай-ақ тәжірибе физикалық құрал-жабдықтар көмегімен орындалған жағдайдың өзінде, оның алынған нәтижелерін өңдеуге оқушы немесе зерттеуші көп уақыт жұмсайды.
7-сыныпта механиканы оқытуда оқушыларға физика негіздерін жақсы түсінуге әртүрлі әдістер қолданылуы қажет. Кейбір жаңа әдістерге интерактивті модельдеу, компьютерлік модельдеу және виртуалды эксперименттер жатады. Бұл әдістер оқушыларға физикалық заңдар мен құбылыстарды елестетуге, эксперименттер жүргізуге және нәтижелерді іс жүзінде талдауға көмектеседі. Сондай-ақ соңғы жылдары интерактивті тапсырмаларды, жаттығуларды және механика сынақтарын ұсынатын онлайн платформалар мен қолданбалар пайда болды. Олар көбінесе ойын мен оқу элементтерін біріктіреді, бұл оқу процесін оқушылар үшін қызықты әрі ынталандырады.
Сонымен қатар, кейбір мектептерде топтық жобалар, пікірталастар және практикалық тапсырмалар сияқты белсенді оқыту әдістері қолданылады. Оқушылар физикалық заңдарды қолданудың нақты мысалдарын көрсету үшін зертханалық жұмыстарды немесе модельдерді жобалауды қолдануға болады.Оқытудың жаңа әдістері оқушыларға тақырыппен белсенді қарым-қатынас жасауға, бақылау, логикалық ойлау және тақырыпты толық түсінуге мүмкіндік береді. Олар оқушыларға материалды жақсы меңгеруге және оны іс жүзінде қолдануға көмектеседі, бұл 7-сыныпта механиканы тереңірек түсінуге ықпалын тигізеді .
Механика бөлімін оқытуда дамыта оқыту міндеттерін шешу оқушылардың логикалық, теориялық, ғылыми-техникалық ойлауын дамытуға, яғни, олардың интеллектісі мен шығармашылық қабілеттерін шыңдауға бағытталған.
Кейбір педагогтар мен психологтар «Мектеп жасындағы балалар ойын жасынан өтіп кетті»-деуі бекер. Ойындағы оқиғалар сабақты қызық етеді, оған эмоциялық бояу береді. Мектепте балалар сабақ үстінде бір-бірімен сөйлеспейді. Балалар сойлескен жағдайда, ол тәртіпті бұзған болып есептеледі, мұғалімнен ескерту алады. Ойын жағдайын балалар сабақ барысында бір-бірімен ақпараттармен алмасатындай, ақылдасатындай, бір-біріне дәлелдей алатындай бір бірін бағалайтындай етіп ұйымдастыру керек. Ойындар колданылған сабақтарда оқушылар белсенділік көрсетеді. Балалар бір-бірінің ойларымен, пікірлерімен дәлелдейді, қателеседі, өз ойларын ортаға салады, негіздейді, есеп жауаптарын бірге шешеді, тексереді, қателерін түзейді. Ойын барысындағы пікірлер алмасу нәтижесінде, оқу материалдарын жылдам және жақсырақ игереді, қиындықтарды бірге шешеді. Мұндай жағдайда барлық балалар алға жылжиды, білімдері терең балалардың тежелмеуіне, білімі төмен балалардың алға ұмтылуына мүмкіндік береді. Физика сабақтарында ойынды ұйымдастырғанда оқушылар бір-біріне көмектесетіндей, бір-бірімен бірігетіндей жағдай жасау керек. Сонда сабақ тек білім беру қызметін ғана емес, тәрбиелеу қызметін де атқарады. Мұндай сабақтардың өтілуі нәтижесінде оқушыларда бір-бірімен сөйлесе білу мәдениеті, тәртіптілік, топ және бір-біріне жауапкершілік сезімінің болуы, менмендік және жалқаулықтан безу касиеттері қалыптасады.
Физика әдістемесінің пәніне анықтама бере отырып, оның негізін салушылардың бірі П.А.Знаменский: «Предметом методики преподавания физики являются теория и практика обучения основам физики». [3]
Физика пәнінің әр тарауында біреуі екіншісінен шығатын өзара байланысты түсініктер жүйесінен және арнайы құбылыстарды байланыстыратын заңдылықтардан тұрады.
Механикада жүйенің күйі денелердің орналасуымен және олардың жылдамдықтарымен анықталады. Сондықтан ондағы энергияның екі түрі бар: потенциалдық және кинетикалық. Осы тақырыпты баяндау барысында күнделікті өмірде кездесетін мысалдар негізінде түсіндіру оқушылардың білімді меңгеруін жеңілдетеді.
7 – сыныпта осы тақырыпқа сәйкес тыңдалым, көрсетілім, көрнекілік құралдар және есеп шығару арқылы оқушылардың назарын аударуға болады(1-сурет).
[4]
-
сурет. Механикалық энергияның сақталу заңы
Есеп. Серіппелі тапаншадағы серіппенің қатаңдығы 4000 Н/м. Оқтың массасы 5 г. Серіппені 2 сантиметрге сығып қысады. Оқ тапаншадан қандай жылдамдықпен ұшып шығады? Серіппенің серпімділік күші неге тең? (Ауаның кедергі күші және үйкеліс ескерілмейді.) [5]
|
Берілгені |
ХБЖ бойынша |
Есеп мазмұнын теориялық талдау |
|
m = 5 г k = 4000 H/м x = 2 см |
|
Серпімділік күші (F) серіппе х ұзындыққа созылғанда жұмыс жасайды. Бұл жұмыс А = F·х формуласымен өрнектеледі. Екіншіден, серпімділік күшінің жұмысы серіппенің потенциалдық энергиясының өзгерісіне тең:
Үшіншіден, ұшып шыққан оқтың
кинетикалық энергиясы серпімділік күшінің істеген жұмысының
есебінен өндіріледі: |
|
ν - ? F - ? |
Шешуі: Есеп мазмұнын талдауға сүйеніп, екі теңдік аламыз
және 
Бірінші теңдіктен оқтың жылдамдығын табамыз:

Ескерту: Барлық өлшем бірліктер ХБ жүйесіне аударылғандықтан, жылдамдық осы жүйедегі м/с бірлігінде беріледі.
Екінші теңдіктен серіппенің серпімділік күшін табамыз:

Жауабы: υ= 18 м/с;
F= 40H.
Қорытынды
Механика ойдың аналитикалық және логикалық негізін дамытатын ғылым, бірақ мұғалім тек логикалық ойын дамытуға талап етіп баланың эмоциясын, сезімін қозғамаса, алған білімі жетіңкіремей, дүниенің заңдарын түсіне алмайды.
Сабақта ойын элементтерін қолдануды, зертханалық жұмыс ұйымдастыруды, сапалық есептерді сабақта қолдануды, электрондық оқулықтарды сабақта қолдануды т.б. жүзеге асыратын болсақ, жақсы нәтижеге жетуге болады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Е.Н.Горячкин. «Методика преподавания физики в семилетней школе»,1948
2. https://itest.kz/kz/ent/fizika-2627/mehanika-kinematika-dinamika/lecture/kinematikanyng-negizi-uhymdary
3. Л. И. Губернаторова. «Методика обучения физике. Общие вопросы»,202.,8-б
4. https://youtu.be/28ngrrQkCBY?si=xPwmvi61opuXFZab
5.Башарұлы Р. Физика: Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқу- лық.- Алматы: Атамұра, 2017.146-147-б
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз