Тәрбие сағатына қысқа мерзімді жоспар
|
Тәрбие сағатының тақырыбы |
«7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» |
|
Күні |
|
|
Сынып жетекшісі |
|
|
Сынып |
|
|
Оқу мақсаты |
Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің
құрылуы , оның Отанымыздың бейбітшілігін сақтаудағы маңызы жайлы ,
әскери өнердің өзіндік ерекшелігі туралы , егемендігімізді күзетуде
олардың маңызы жайлы терең
мағлұмат беру: |
|
Құндылықты дамыту |
Ұлттық мүдде , ар-ұят , талап |
|
Әдіс-тәсілдер |
Баяндау , сұрақ-жауап |
|
Өткізілу формасы |
Әдеби монтаж |
|
Күтілетін нәтиже |
ҚР Қарулы күштерінің
қызметімен танысады.Әскери өнердің ерекшеліктері туралы мағлұмат
алады. Оқушылардың туған еліне,
жеріне , Отанына , тіліне , мәдениетіне құрметі артады , тарихты
терең бағалай отырып , патриоттық сезімі оянады; патриоттық сезімі
оянады; |
|
Көрнекілігі |
«7
мамыр Отан қорғаушылар күні» банер ,слайд шоу , гүлдер ,
шарлар |
|
Өтілетін орны |
Тәрбие сағатына сай безендірілген сынып |
Тәрбие сағатының барысы:
|
Тәрбие сағатының жоспарлы кезеңдері |
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті |
Ресурс |
|
Ұйымдастыру бөлімі 5 мин |
Сәлемдесу , тәрбие сағатының мақсатымен және күтілетін нәтижесімен таныстыру. Тренинг : «Мен үшін ОТАНЫМ ...» |
Амандасады, мақсатымен таныс болады. Тренинг шарты бойынша өз Отаны туралы жүрекжарды лебізін білдіреді. |
Слайд |
|
Негізгі бөлім 30 мин |
Армысыздар қымбатты ұстаздар , аяулы оқушылар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып келген, 7 мамыр Отан қорғаушылар күні мерекесімен кұттыктаймыз Гимн орындалады. Бүгін еліміздің қорғаныс қабілетінің кемелденгенін білдіретін мереке. 1991 жылы 25 қазанда Қазақстан Президентінің Жарлығымен Қазақ КСР-ң мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды. Кейін республиканың қорғаныс мәселелерін толық түрде жеке шешуге көшуіне байланысты қорғаныс комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. 1992 жылдың 7 мамырында тәуелсіз елдің заңдық құқықтарының негіздеріне және тәуелсіз мемлекеттер достығына қатысушы мемлекеттер арасындағы қол жеткен келісімдерге байланысты Жарлық шықты. Бұл Жарлық бойынша, Қазақстан аумағына орналасқан Қарулы Күштер өздерінің мүліктерімен қоса, республиканың қарауына өтті. Жоғарғы Бас Қолбасшы ретінде Қарулы Күштерді басқаруды Президент өз мойнына алды. Елбасынан басқа қорғаныс ісімен тікелей шұғылданатын алғашқы Қорғаныс министрі болып генерал-полковник С.Нұрмағанбетов тағайындалды. Бұл күн Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылған күні болып құрылғандықтан «7 мамыр Отан қорғаушылар күні» деп жарияланды. Бүгінгі күні Қазақстан өз азаматтарының әскери қызмет атқаруының жағдайы мен тәртібін дербес анықтайды, өз аумағында әскерлердің, қару–жарақтың және техниканың орналасу мәселесін шешеді. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне жалпы мақсаттағы күштер, әуе-қорғаныс күштері, мемлекеттік шекараны қорғау күштері және де ұлттық гвардия мен ішкі әскерлер кіреді. Өз кезегіне қарай, қарулы күштер түрлі бөлімдерден және әр түрлі құрамалар мен арнайы әскерлерден тұрады. Бейне фильм көрсетіледі. Көптеген жылдар қалыптасу кезеңінде ұлттық әскер күштері азаматтардың еңсесін тіктеп, еркіндігін кеңейтіп, аянбай еңбек етуде. Әскеріміз жаңарып, оның күш-қуаты жылдан жылға нығаюда. Бұл күн - қайсар мінезді ата-бабамыздың жауынгерлік дәстүрінің заңды жалғас тапқан күні.
Дәстүр бойынша, Отан
қорғаушылар күнінде кезекті әскери атақтар тағайындап, көзге түскен
әскери қызметкерлерді марапаттайды. Мереке күні құттықтау рәсімдері
өткізіледі.Бұл күн – казақстандықтардың ерлікке толы шежіресін және
Отанға қызмет ету дәстүрінің сабақтастығын сипаттайды. Ел — халқына шат-шадыман күлкі мен тыныш өмір сыйлауда әскеріміздің атқарып жатқан қызметтері ұшан-теңіз. Әскеріміздің айбынын асқақтататын сардарлар мен сарбаздарымызға қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Жігіттерімізге амандық, денсаулық тілейміз. Еңселеріңіз биік, мерейлеріңіз үстем болсын! -Ендеше , оқушылардың дайындаған әдеби сазды монтажына назар аударайық. |
Сынып жетекшісінің алғы сөзін тыңдайды. Оқушылар өнерлерін ортаға салады. |
Слайд Бейне фильм |
|
Тәрбие сағатының соңы 10 мин |
Рефлексия: «Мен бейбіт өмірді қалаймын» Ән:«Әрқашан күн сөнбесін» |
Оқушылар эссе жазады. Оқушылар әнді үш тілде орындайды. |
Жалаушалар . шарлар , гүлдер |
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
""7 мамыр - Отан қорғаушылар күні"" тәрбие сағатының қысқа мерзімді жоспары

шағым қалдыра аласыз