Армысыздар ардақты азаматтар,
Отбасының тірегі елді бастар
Құтты болып мереке баршаңызға
Бақ-береке әкелсін отбасыңа!
Халқымызда «Ер-елінің қорғаны» деген аталы сөз бар.Біз осындай жандардың ержүрек істеріне сай сый-құрмет көрсете отырып отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, еңбекте жеміс пен шығармашылық табыстар тілейміз.Бүгінгі 7 Мамыр Отан қорғаушылар күні мерекелеріңіз құтты болсын!Сіздердің құрметтеріңізге арналған мерекелік дастархан басына хош келдіңіздер!
Ағалар біздің кең арқау асқарымыз,
Жолын қуған солардың жастарымыз.
Абзал жанды ақылгөй ағаларға
Ілтипатпен иілген бастарымыз!
Еңбектеріңіз жемісті қиыр шың боп,
Шапағатты шуақ-нұр құйылсын кеп
Шын журектен құттықтап біз тілейміз
Бар жақсылық, бар бақыт бұйырсын деп!
Ән. «Біздің ағай тамаша!» М.Исаева
Бүгінгі мерекелік кештің алғашқы құттықтау кезегін әдемі сөздерімен жүрекке нұр, көңілге гүл сыйлап шуақ шашатын біздің көшбасшымыз Аманова М.К ханымға береміз
Бүгінгі кешіміз 5 топқа бөлінген қыз-келіншектеріміздің ерекше сипатқа ие игі тілектері мен өнерлерін көрсетумен жалғасын табады.
Меңгеретін бейімдеп мамандыққа
Үйрететін жақсылық пен адалдыққа.
Балғын жасты баулитын болашаққа
Зор құрмет Ұстаз ер азаматқа!
Бүгінгі сый-құрмет тек сіздерге арналады!
Сондықтан 1 - стол басындағы қыз-келіншектеріміздің дайындаған мерекелік тартуын қабыл алыңыздар!
1.Ерекше тілек
2.Өз өнерін көрсету
3.Ойын ұйымдастыру
Бүгінгі мерекеде жар салады
Құрметтеп замандасын қарсы алады
Қуаныш жырға бөлеп жүректерін
Билейді,ойнап-күліп ән салады.
Ән. Еркексің сен. Шепетова М., Исаева Г.
Ер-азаматтардың орны қашанда бөлек. Олардың күш-жігеріне,ақыл-парасатына бүкіл әлем бағынған, бағынады да! Сондықтан халқымыз «Жердің қорғаны, елдің тұтқасы» деп сіздерді ерекше ардақтаған.
2- стол басындағы қыз-келіншектердің өнері.
Жердің амакн тұрғандығы,
Сол намысқой еркектердің арқасы.
Қайғы келсе жеңілмейтін,
Бақыт келсе семірмейтін
Ер мінезін қадірлейтін
Еркектердің даңқы арта берсін! М.Шаханов.
Ән. Жасасын өмір. Мейрбекова М.
3- стол басындағы қыз-келіншектеріміздің өнерін тамашалайық.
Арыстан келбетті, Жолбарыс журекті.
Қырандай қырағы, Намысқой ер мінезді
Азаматтарымызға жігерлеріңіз мұқалмасын, асқақ шыңдарды бағындырып, қонар тұғырларыңыз биіктей берсін дейміз!
Келесі кезекте 4- стол басындағы апайлардың дайындаған өнері.
Ұлағатты ұстаз әрі айбынды азаматтар!
Сіздерге әрбір адам баласы бас иеді!
Жігіттерді мақтаймыз да даттаймыз,
Жүректегі жалын отын сақтаймыз
Олар қате істер істеп жатса да,
Бетке шауып онысын да айтпаймыз!
Сүйіп қалсақ солар жайлы ойлаймыз
Қасты түзеп көз бен шашты бояймыз
Түн ауғанша дала кезіп келсе де
Тамақ беріп кірін жуып баптаймыз!
Осы біздер неге олай жасаймыз?
Көбін олар, азын біздер асаймыз
Ұл туылса той жасаймыз дүркіреп
Ал қыз болса шағымдана бастаймыз!
Жұмысына кедергі де болмаймыз
Телефонмен іздеп маза алмаймыз
Шаршап келсе алдынан шығып тағы да
Есі жоқтай өтірік күліп алдаймыз!
Азаматтар, сендер аман болыңдар!
Біз сүюден ешқашан да талмаймыз!
Келесі кезекте 5- стол басындағы апайларымыздың өнері.
Әйелді қадірлеп түсіне білетін, сүйе білетін, азғана қателік-кемшіліктерін кешіре білетін , жүрегі кең, жаны жомарт ер –азаматтар аман болсын!Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын!Сіздер – өмірдің мәні, көңілдің жыры, әр отбасының алтын қазығысыздар!
Біздің тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!
Ән. Катюша. Айтуреева С.
Жете бер аңсап күткен тілегіңе
Қылаудай дақ түспесін жүрегіңе
Мақтаны бол Отанның бұл өмірде! - деп ағайларымызға қошемет қол соғып қояйықшы!
Келесі кезекте Ер- азамат ұстаздарымызға деген сый-құрмет марапаттауларды тапсыруға рұқсат етіңіздер!
Мінезінің міні жоқ, майда-қоңыр
Бір жымиса кетеді жайнап өңір.
Ризамыз пейіліңе дархан аға!
Айырмасын шаттықтан қайран өмір! Уалиев Б.
Күндеріңіз толсын гулге желекке
Отбасында болсын ырыс-береке
Құттықтаймыз шын жүректен сізді де
Өмір думан бақ әкелсін мереке! Көшкінбаев Т.
Өзіңізге қонар бақтың баяндысын
Бітер дәулеттің аяулысын
Келер ырыстың ысырап болмауын
Жүрек гүлінің мәңгі солмауын,
Шаңырағыңызға шаттық орнауын
Тәңәрдің шексіз қолдауын тілейміз! Омарбеков Е.
Шал Құлекеұлы былай деген екен: жігіт сыны: бір жігіт болады, құр жан,бір жігіт болады, тірі жан, бір жігіт болады, жігіт жан.Құр жан дейтін жігіт- кеудесінде жаны бар, бірақ ешнәрсе бітірмейді.Тірі жан дейтін жігіт- бар тапқанын киім мен асқа салар,қызыл белбеу, шоңқима етік,үкі тағып, әркімді бір сықақ қылар.Жігіт жан дейтін жігіт -
Сегіз қырлы, бір сырлы болар! Молдагулов С.
Б.Момышұлы жасы үлкен қарттарды: Шал, Қария,Ақсақал, Абыз деп төртке бөлген.
Отбасы ошақ қасынан ұзап шыға алмай,түтін аңдып,үй аралап,саяси өсек айтатын қарт - Шал.
Өз әулетін шашау шығармай уысында ұстап, билік жүргізген қартты - Қария деген.
Тұтас бір ауылдың жыртығын бүтіндеп, жақсысын асырып, жаманын жасырып отырған қартты – Ақсақал деп атаған.
Ал елдің дау-дамайын шешіп, арғы-бкргі тарихтан әңгіме қозғап,тұла бойына ұлттық рух пен ізгі қасиеттерді молынан сіңірген қартты - Абыз деп атап кеткен. Шынтореев Б.
Тілейміз бақытты өмір, ашық аспан,
Жалғанда тілек бар ма одан асқан.
Аман боп жанұяң мен бауырларың
Жалғансын ақ таңдарың нұрын шашқан! Бердышев Ұ.
Өз өмірін болашаққа арнаған
Күмәнді іске, жамандыққа бармаған
Жүрегінің жылылығын аямай
Білім берген Бақыт ағайдай бар ма адам? Момбеков Б.
Жақсылықты жағалап жүр әрдайым
Бұл ағайға шын жүректен жыр дайын
Мектебіміздің бас спортшысы бұл ағайға
Шын жүректен бақ тілеп мадақтайын! Балтағараев Е.
Жан-дүниесі аспандай мөлдіреген
Балаға ет - жүрегі елжіреген
Тарихшы ағай жап-жас едің кеше ғана
Жүгіріп тұлымшағы желбіреген! Пердебаев Н.
Өмір сізге жылы сезім арнасын,
Қайғы-мұңға жүректе орын болмасын!
Жанарыңнан күн күлімдеп әрқашан,
Ай мен жұлдыз кеудеңе кеп орнасын! Қалдыбеков У.
Ақыл-ойы дарияның саласындай
Ағайдың болса шіркін бәрі осындай!
Ақкөңіл жайма-шуақ мінезбенен-
Ұжымда өзің тұрсың дара шыңдай! Түймебаев Е.
Өмірден қызық болсын көргеніңіз!
Бала үшін еңбек етіп терледіңіз.
Мектептің мақтанышгы, асыл ұлы-
Жарқырап жана берсін еңбегіңіз! Сүлейменов Ә.
Жастықтың оттан ыстық жалынымен
Арғымақ асау аттай арынымен
Жастарды алға бастап қарыштады
Іскерлік жетекшілік дарынымен! Пулатов А.
Тілейміз таудай тілек ағамызға
Еліңіз жете берсін бағаңызға!
Ағажан отбасыңмен аман болып
Жүре бер ұзақ жасап арамызда! Картанов Ә.
Көрген мен көрмегенде көп парық бар
Болмайды жігіт жақсы сыннан өтпей
Үлкенге де кішіге ілтипат қып
Жатырқап еш адамды сыртқа теппей! Жамединов Ж.
Дариға-ай, жігіт қайда өнер тапқан!
Жан қиып, қызмет қылып, елге жаққан! Усманов М.
Барлық жан жақсы сөзді тыңдасын да
Ерлік бар бұл жігіттің тұлғасында!
Шәкірттері бокстан жүлде алды
Ғұмырың жете берсін бір ғасырға! Қойгелдиев Н.
Барлық ер мұғалімдер марапатталады. Кеш жаппай көңілді бимен жалғасады.
Біздің елдің жігіттері- жігіттердің төресі
Солар жайлы ағайын-жұрт, не білесің сен осы?
Олар жайлы айтылмайды биік-биік мінбеден
Өйткені олар ақиқат пен шындық сөздің жебесі.
Біздің елдің жігіттері- жігіттердің сырттаны
Кешегі өткен ақындар мен батырлардың ұрпағы.
Ерте туып еш заманның маңдайына сыймаған
Өз елінің ұлтаны мен өз елінің сұлтаны.
Біздің елдің жігіттері- жігіттердің төресі
Біздің елдің жігіттері- алып мұхит кемесі
Осы жұрттан бақ пен Қызыр қашпаса екен деп тілеп
Осал жерін түзеп жүрген біздің елдің шегесі.
Олар жайлы білгің келсе ортасына кіріп көр
Солар жүрген жолдарменен дәтің болса жүріп көр
Ерте туып еш заманның маңдайына сыймаған,
Қайран біздің қасиетті қара нардай жігіттер!
О.Бапышев атындағы ЖОМ КММ
7 Мамыр – Отан қорғаушылар
Мерекесі
Бағдарламасы
Дайындаған: Мейрбекова М.А. 8 Мамыр,2018 ж.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
7 Мамыр - Отан қорғаушылар күніне мерекелік іс-шара сценарийі.

шағым қалдыра аласыз