400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

7 мамырға тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
7 мамырға арналған дайын тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Айбынды-Ұландар»

Мақсаты:  Балаларға 7 – мамыр Отан қорғаушылар күні мерекесін сезіндіру. Елін, жерін жаудан қорғай білуге, елінің потриоты болуға тәрбиелеу. 

Топтың іші мерекеге сай әдемі,әсем безендірілген.Көңілді әуенмен 
қолдарына әдемі гүл шоқтарын,әсем шарларын ұстаған балалар
көтеріңкі көңіл-күймен залға кіреді.
Жүргізуші:     Құрметті асқар таудай әкелер,арқа сүйер аталар
              және де біздің кішкентай ұландар!
Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Баршаңызға мықты денсаулық,ұзақ өмір,отбасытарыңызға бақыт,
бірлік,береке тілейміз.
            Отан қорғаушылар
күніне арнап біздің балалар тақпақтарын айтады.

Жүргізуші:   Мейрамдарыңыз құтты болсын Отан қорғаушылар!

Оқушы:        Арыстан батыр – атымыз,
            Қыран құс құмай – затымыз.
            Жауынгер жалын жасақтың,
            Арқалы азаматымыз.

Оқушы:        Асу бермес шын,құздармыз,
            Жауларға қаһар,ызғармыз.
            Қатер кеп төнсе халқыма,
            Қалқаны болар біз бармыз.

Оқушы:        Отаным,кең далам орманды,
            Болаттан соғылған қорғанды.
            Бақыттың,шаттықтың мекені
            Қолдаймын,қорғаймын ордамды.

Оқушы:        Нұр шашады алтын күн
            Отанымда мереке!
            Қона берсін еліме,
            Бақыт,шаттық береке!

Оқушы:        Қызмет етіп Отанға
            Бола білсең нағыз ер.
            Мақтан тұтар ерлерді,
            Туған елің,туған жер.

Оқушы:               Отаным анамдай көремін.
Озасың бәрінен сенемін
Желбіреп әрқашан көк туым
Гүлденіп көркейіп өсемін.

Оқушы:               Отан -біздің үйіміз
Отан біздің жырымыз,
Отан біздің бақшамыз,
Құлпыртатын  гүліміз.

Оқушы:                  Отан – көкшіл туымыз.
Отан біздің еліміз,
Отанды қорғап жүреміз
Туып өскен жеріміз.
Барлығы:        Біз Отанның ұланымыз,
            Біз Отанның қыранымыз.

   Ән:     «Армиямыз айбынды»  балалардың орындауында.
І-шумақ:        Аспанды бұлт жаппасын,
            Бүркемесін Ай,Күнді.
            Жаулар оғын атпасын-
            Армиямыз айбынды.

ІІ-шумақ:    Аққу,қаздар тойлауда,
            Мекен етіп айдынды.
            Тыныштықты қорғауда-
            Армиямыз айбынды.

Би:    «Моряктар биі»  ұлдардың орындауында.
Оқушы:Бізді өсірген аялап,
            Отан-қамқор,сая бақ.
            Отан-ортақ үйіміз.
            Көңілді ән мен күйіміз.

Оқушы:        Отан деген атамекен,
            Отан деген туған жер.
            Отан-Ана,Отан-үлкен,
            Қазақстан туған ел.
 Оқушы:  Туған жер-алтын таң,
            Кең далам,таулы орман.
            Ұл мен қыз қорғаймыз,
            Бақытты ұлы Отан.
Жүргізуші:  Табаны жерге тимейді,
             Біздің қыздар ғажап билейді.
             Би сұлулық,әсемдік
             Сымбаттылық бұл дейді,- дей отырып енді кезекті 
биге береміз.
Жүргізуші:  Қазір көктем мезгілі,көктем мезгілінде даланың бәрі
әсем,әдемі гүлге толы,ағаштардың бұтақтары бүршік атып,ауа-райы күрт өзгеріп,адамдардың көңіл-күйіде жайнай түседі.
    Би:    «Гүлдер вальсі»  балалардың орындауында.
Ойын:    «Күш сынаспақ»

Жүргізуші:    Асқақ ән көңілді тербесін,
            Тұтпасын күн қара пердесін.
            Бақытпен көз ашқан балалар,
            Бүлікшіл соғысты көрмесін,- де
Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік ертеңгілігімізді аяқтаймыз. (сыйлық беру,мақтау қағаздарымен мараппаттау)        













































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
03.05.2024
212
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі