жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
7 модуль бүгінгі сабақта.
№ 42 «Толағай» бөбекжай балабақшасы.
Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеті.
Шымкент қаласы
Тақырыбы:
Әріптер сөйлейді.
МАД «Жасұлан» тобы.
Тәрбиеші: Анламасова А.О.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: «Сауат ашу және жазу»
Мақсаты: Әуенді кесте арқылы балалардың дыбыстарды дұрыс айта білуіне және кестеден өз есімдерін жаза білуге үйрету.Қоршаған ортадағы дыбыстардың түрлілігін айтылған сөз арқылы таныстыру. Түрлі тапсырмаларды орындау арқылы логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру. Өтілген әріптерден сөздерді буынға бөліп, қосып оқуға үйрету.
Балалардың ой-өрісін дамыту.
Көрнекіліктер: әуенді кесте, мазмұнды суреттер, қима әріптер мен текшелер, тарқатпа материялдар.
Әрекет кезеңі |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушы |
Балалар бүгін бізде ерекше күн, бізге көптеген қонақтар келіпті, оқу іс-әрекетін бастамас бұрын қонақтармен сәлемдесіп алайықшы. Білер қазақ баласы Сәлем сөздің анасы Тобымызды толтырған Апайларға қарашы Бәріне біз ізетпен Иіліп сәлем береміз. Балалар орнымызға отырайық . Балалар көңіл күйлерің қалай? Ауа райы қалай? Магнитафоннан дыбыстар естіледі.Балалар ненің дыбыстарын естідік? Қане кім айтады нелердің дыбыстары естілді? -Йя, балалар,ал табиғатқа нелер жатады екен? Балалар қане осы дыбыстарды мына сыйқырлы кестеде кім аққонжықтың көмегімен оқып береді?Ал енді аққонжық сол дыбыстардың буындарын оқып береді. |
Шаттық шеңберіне тұрып, балалар қонақтармен сәлемдеседі.
Балалар орындарына отырып,көңіл-күйлерін айтады. -Балалар сұрақтарға жауап береді Табиғат дыбыстарын. Желдің,масаның,жылан. Балалар су,ауа,тас күн деп жауап береді. Балалар аққонжықпен бірге дыбыстарды тауып оқйды. Балалар тыңдайды. |
Ізденіс-ұйымдастырушы |
Енді балалар сол табиғат атауларын мына сиқырлы кестеден кім маған оқып береді.Сонымен балалар дыбыс және әріп дегеніміз не екен?Дыбыстар өз ішінде нешеге бөлінеді? Өткен оқу іс-әрекетімізде балалар қандай әріптермен таныс болдық?А дыбысынан басталатын тақпақ кім біледі.Және өтілген әріптерге байланысты тағы кім айтады. Осы әріптерден балалар әрбіріміздің есімдерімізді жазуға болады.Кім мына сыйқырлы кестеден есімдерін оқып береді? -Ал енді балалар мына сыйқырлы кестеге қарайықшы мұнда сары алтын құрақ түсі,сұр темір құрақ түсі,қоңыр ағаш құрақ түстерін көріп тұрмыз.Бұл сыйқырлы кестедегі сары түсте дауысты жуан,жіңішке әріптер орналасқан,ал сұр және қоңыр түстерде дауыссыз қатаң мен ұя әріптер орналасқан.Біз бұл кестенің әріп,буындарымен таныс болдық,енді барлығымыз орындарымызға барып,алдарыңда тұрған текшелер арқылы өтілген әріптер ден сөздер жазып шығамыз. Балалардың жазған сөздері сұралады.Енді балалар сол орнымызда тұрып және бір тапсырманы орындап кетеміз.Сендердің алдарыңда қима қағаздарда суреттермен буындар берілген,сол буындардан сөздер құрастырып шығамыз. Енді балалар бойымызды бір сергітіп алайық. Монтессори.Д/о.Тақтаға бірнеше суреттер ілінеді,сол суреттердің астына мына қима қағаздардағы тиесілі сөздерді жабыстырып сөздерді талдап шығу қажет. Ал, енді балалар «сөз ойла-тез ойла»аттты ойын ойнаймыз.Ол үшін әрбіріңнің отырған орындықтарыңның жанында конверт бар,сол конверттің ішінде әртүрлі көріністе берілген суреттер бар.Сол суреттерге қарап тез сөйлем құрауларың керек. Жоғалған дыбысты тап.Д/о. Тақтаға ілінген плакаттағы ертегі суреттеріндегі жоғалған дыбысты табу қажет. Енді балалар орындарыңа барып, таяқшалардан өтілген әріптерден сөздер жазып шығамыз.Шыққан сөздерді талқылаймыз. |
-Балалар кестеден табиғат,ауа,күн сөздерін аққонжықтың көмегімен оқып береді. Балалар дыбыс жане әріптің ережелерін айтып береді.
-Балалар әріптерді айтып шығады. Балалар тақпақтар айтып шығады. Балалар есімдерін аққонжықтың көмегімен сыйқырлы кестеден оқып береді
-Балалар орындарында отырып текшелерден сөздер жазып оқып шығады.
Балалар қима қағаздардағы буындардан сөздер құрастырады.
Балалар сергіту жаттығуларын бірге орындайды.
Балалар суреттердің астына тиесілі сөздерді жабыстырып оларды талдап шығады.
Әрбір бала өз суреттеріне қарай сөйлем құрастырып береді.
Ертегі кейіпкерлерін естеріне түсіріп,жазылған сөздің ішіндегі қай әріп жоқтығын тауып жеке-жеке шығып жазады. Балалар таяқшалардан сөздер жазып шығады және оқып береді. |
Рефлексивті-түзетуші |
Қорыту: Сұрақ-жауап әдісі арқылы балалардан қай оқу іс-әрекеті ұнағанын сұрау.Балаларды мадақтау,және келген қонақтармен қоштасу. |
|
Күтілетін нәтиже
Жасайды: Әрбір бала дыбыстарды,табиғат атауларын және өз есімдерін сыйқырлы кесте арқылы жазады.
Түсінеді: Әуенді кесте арқылы дауысты, дауыссыз,жуан,жіңішке, қатаң, ұяң, сыйқырлы кестенің ерекшелігін.
Қолданылуы: Буындар арқылы сөздер жазып, сөздер арқылы сөйлем құрайды.Текшелерден, таяқшалардан сөздер жазады.Жоғалған дыбысты тауып, сюжеттік суреттер арқылы сөйлем құрайды.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген