400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

7 сабаққа жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы



Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

МектепАмангелді орта мектебі

Мерзiмі:

Тақырып:Әсемдік - өмір жарасымы

Құндылық:сүйіспеншілік

Қасиеттер:мейірім, қуаныш, достық.

Мұғалiм:Нурахметова Д.М

Сынып 9


Сабақ мақсаты: Оқушылардың сұлулық, табиғат, өнер туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеті:Білімділік Табиғат, өнер, өмір әсемдігінің адам үшін маңыздылығын жан-жақты ашу;

дамытушылық Сұлулықты, әсемдікті сезіну және қолдану іскерліктерін дамыту;

Тәрбиелік Әсемдікке тәрбиелеу.

Ресурстар:үнтаспа,

суреттер,нақыл сөздер

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. 2 мин.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

5 Т ережесін еске салу.

2.Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену.

3.Үй тапсырмасын тексеру. 5 мин.

Оқулықта «Оқып үйренейік» айдарымен берілген Ә.Кекілбаевтың «Әлди» әңгімесін оқып, талдауда мұғалім оқушыларға ананың әлдиі бөлеген әсем сезімдердің өмірде қандай орны бар екенін түсіндіру мақсатын қояды. Өмірдегі әсемдіктің өзі ананың махаббаты деген асыл сезімнен басталатынына көңіл аудартады.

Әлди

Ә.Кекілбаев

Осы мәтінде әлди мен әсемдіктің байланысы қандай?

Әлди бөлеген әсем сезімдерді атап бере аласыздар ма?

Тағы басқа қандай өнер түрлері сізді әсемдікке бөлей алады?

Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз.Мұғалім оқушылардың шығармашылық жұмыстан алған әсерлерін қорытындылап, оқулықта берілген А.П.Чеховтың «Адам бойындағының бәрі де – бет сұлу болуға тиіс» - деген дәйексөздің мағынасына мән береді.

балалардың сабақтан алған білімін дәйексөздің мәнін түсіндірумен түйіндейді.


5.Әңгiмелеу (сұхбат). 3мин.

Оқулықтағы жаңа ақпарат оқушылардың сұлулық, әсемдік туралы білімдерін бекіту мақсатында берілген. Олар жаңа ақпаратты оқи отырып, өз бойларындағы сұлулықты, әсемдікті, әдемілікті аңғартады. Адам жаны әрқашан сұлулыққа құштар, ол әдемілікті аңсайды. Адам жұлдызды аспанды тамашалайды, музыканың сазына елтиді, бидің ырғағына тербеледі, қолөнер туындыларының кереметтілігіне тамсанады. Нәтижесінде айналасын, мекендейтін тұрағын әдемілеп, сәндейді, өзінің келбетіне көңіл бөледі, әрбір ісі мен әрекетін сұлуландыруға ұмтылады...

Адам сұлулықты табиғат арқылы, өнер арқылы сезіне отырып, өз өмірін сұлуландыру өз қолында екендігіне шүбә келтірмейді.


6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 12 мин.

Оқулықта «жаңа ақпарат» айдарында төмендегідей ақпарат берілген:

Оқушылар әңгімелесу арқылы өз қорытындыларын жасаған соң мұғалім оқулықтағы жаңа ақпаратқа назар аудартады. Оқушы берілген ақпаратты тек қана оқып, түсініп қана қоймай, сонымен қатар әңгімелесу әдісіндегі өз шешімі мен ойының дұрыстығын, тіпті болмағанда оның басқа нұсқлардың ішіндегі артықшылығын түсінеді. Жаңа ақпараттағы мәтінге қарап оқушы өз жауабын тереңірек және жан – жақты қарастыруды ойластырады. Оқулықты берілген ақпаратты мұғалім беріп, өнер арқылы да қалыптасатынын түсіндіреді.

7.Дәптермен жұмыс

Дәптердегі 2,3-тапсырманы орындау.


8.Топпен ән айту. 3 мин Сұлулық

Ә. Нілібаев


9.Үй тапсырмасы. 2 мин. Мәтінді оқу.


10.Қорытындылау,соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
26 қаңтар
449
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі