400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"7 саны"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп алды даярлық сыныбына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті. Тақырыбы: "7 саны". 7 саны туралы толық түсінік берілді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Күні: __ __ ____ж

Тобы:_________

Тақырыбы: 7 саны мен цифры

Мақсаты: 7 саны туралы ұғым беру, құрамы, цифр таңбасымен таныстыру.

1. Білімділік. 7 санының құрамы туралы түсінік беру .Сәйке теңдіктерді жазуды оқу,оларды пайдалануды қалыптастыру.

2. Дамытушылық. оқушылардың дүниетанымын ,ойлау қабілеттерін дамыта отырып ,пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ой-өрісін жетілдіру,зейінін қалыптастыру.

3. Тәрбиелік. партада дұрыс отыруға тындай білуге ,адам еңбегін құрметтеуге , кішіпейілділікке тәрбиелеу.


Оқу іс-

әрекетінің

кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

І

Қызығушылық (мотивация)

Шаттық шеңбері:

Оқу-білім аламыз.

Біздер зерек баламыз

Математика пәнінде

Тапқыр,алғыр, боламыз.


Қазір жылдың қай мезгілі?

Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?

Көктемде қандай мейрамдар бар?

Көктем айларын ата?

Бүгін аптаның қай күні?

Өткенді пысықтау:

1 ден 6 ға дейін тура, кері санау.








Көктем





Балалар сұрақтарға жауап береді.


Барлығы санайды.



ІІ

Ұйымдастыру. Ізденістік

Балалар мен сеңдерге жұмбақ есеп айтамын:

Асанда бес асық

Арманда екі асық

Қосқанда барлығы

Болады неше асық.

(7 асық)


Балалар бізге ертегілер елінен «Қызылтелпек» деген кішкентай қыз қонаққа келді. Ол орманда тұратын әжесіне алма теріп әкеле жатыр екен. Қызылтелпек сендерден көмек сұрай келіпті, ол себетіндегі алмалардың нешеу екенін санап берулеріңді сұрайды.


Санап береміз бе балалар?


Барлығы қанша екен?


Нешеуі көк, нешеуі қызыл?


Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы 7 саны. 7 саны 7 бірліктен тұрады.


Сандық қатарда 6-дан кейін 7 саны тұрады. 7саны қасиетті сан.

Қазақ халқында сандарға байланысты белгілі бір ұғымдар бар. Мысалы: жеті ата , жеті жұт, жеті қазына .

Балалар Қызылтелпектің бірнеше тапсырмасы бар екен соны орындап жіберейік.


1-тапсырма.

«Сандар қатарын құра» ойыны:

Қоян бытыраңқы сандарды сандар қатарына қалай орналастыру керектігін білмей тұр.

Енді мына суреттегі заттарды санына қарай орналастырамыз.

«Сандар қатарын құра» ойыны арқылы өз білімізді ортаға салайық. Қоянға көмектесіп сандар қатарын құрадық.


2- тапсырма.

1.Екі сиырдың мүйізі нешеу?

2.Адамда екі-екіден бар дене мүшелерін ата?

3.Екі мысықтың аяғы нешеу?

4.Оң қолда және сол қолда неше саусақ бар?

Сергіту сәті




3-тапсырма.

Қандай геометриялық фигураларды білесіңдер?

1.Төрт қабырғасы тең болса,

Төрт бұрышы тең болса,

Жауап берер балақай

Ой-өрісі кең болса.

Бұл не? (шаршы)

2 Бұрыштарын табамыз,

Бұған келер шамамыз.

Төбесінен сырғанап,

Құлап қалсақ күлеміз.

Бұл не? (Үшбұрыш)

3. Емес бұл төртбұрыш

Мұнда мүлде жоқ бұрыш. Бұл не? (дөңгелек)

4-тапсырма

«Алма жинау»ойыны.

Алманы қапшыққа кім тез жинайды.7саны шығатындайетіп стрелкамен қосамыз.

Балалар сеңдер Қызыл телпектің тапсырмаларын дұрыс орындадындар. Қызыл телпек сеңдерге рахмет айтты.


Дәптермен жұмыс:

7 санын ауада жазу.

7 санын дәптерге жазу

«Көршісін тап» ойыны:

Мен сендерге бір сан көрсетемін. Сол санның көршісін тауып айтыңдар.

1, ... , 3 , ... , 5, ..., 7.




















Ия


Балалардың жауаптары тыңдалды.

3 қызыл, 4 көк бар




















Тапсырма орындауға кіріседі


















Сұрақтарға жауап береді










Шаршы





Үшбұрыш



Дөңгелек






Балалар шапшаңдық танытады.



Қуанады



Дәптермен жұмыс жасайды





Балалар сандардың көршісін табады

ІІІ

Ревлекциялық түзетушілік.

Қандай санмен таныстық?

7 саны қандай сан?

Кімге көмектестік.

Сабақта ерекше белсенділік көрсеткен балаларды мадақтау .

7


«Қызылтелпек» деген қызбен

Күтілетін нәтиже:

Біледі: 7 саны мен цифрын

Меңгереді: санның құрамын, таңбалануын.

Игереді: алған білімдерін дамытып, іскерлікте пайдалана білу.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
472
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі