жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
7 саны мен цифры
Ересектер « Қызғалдақ » тобы
Білім беру саласы : « Таным » ( Слайдпен )
Бөлімі : «Қарапайым математика ұғымдарын қалыптастыру»
Тақырыбы : « 7 саны мен цифры»
Мақсаты : 7 ге дейінгі сандарды тура және кері ретімен санай білуге , сандардың таңбаларын танып ажыратуды ойын арқылы жетілдіре түсу. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту,қосу,азайтуды меңгерту. Ойлау, көріп – тану ,зейін , есте сақтау қабілеттерін дамыту . Ұқыптылыққа , еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Ұйымдастыру кезеңі : Шаттық шеңбері : ( Слайд ) Біз бақшаға келгенде , Ақ пейілмен қарсы алған. Өлең айтып үйретіп , Би билеткен ән салған . Риза әжей , атайда , Риза ағай , апайда . Рахмет деп айтамыз , Тәрбиеші апайға . Өткен сабақты қайталау : ( Слайд ) -Қазір жылдың қай мезгілі ? -Қыс мезгілінде неше ай бар ? -Бір айда неше апта бар ? -Бір аптада неше күн бар ? -Балалар қазір бізде математика сабағы . -Өткен сабақта біздер қандай санмен таныстық ? 0,1,2,3,4,5,6. -Балалар , біз 0 ден 6 ға дейінгі сандарды санайда аламыз , жаза да аламыз .Олай болса « Көршісін тап» ойынын ойнайық . ? 3 ? , ? 5 ? . Жаңа сабақ : Ғажайып сәт : ( Слайд ) - Балалар бүгін біздің топта бір ғажайып сандық пайда болыпты , қане ашып көрейік . -Бұл не екен балалар ? -Бауырсақ . -Бұл қай ертегіден ? -Бауырсақ ертегісінен . -Дұрыс айтасыңдар балалар , бауырсақ сендерден көмек сұрай келіпті . Атасы мен әжесінен қашып жолға шыққан екен , алдынан кенет қоян кездеседі .Балалар қоян аш екен , бауырсақты жемекші .Егер біз қоянның шартын орындасақ бауырсақты босатады екен , жемей қоя бере саламын дейді.Көмектесеміз бе ? -Иә , көмектесіп қоянды босатамыз. -Жарайсыңдар балалар ! Қоянның тапсырмасы : -Бүгін біз 7 санымен танысамыз , 7 саны және 7 санының құрамы. 6 көбелекке 1 көбелекті қосқанда қанша болады.
-Балалар қоянның тапсырмасын жақсы орындадыңдар .Ол сендерге риза болып бауырсақты босатты . Бауырсақ ары қарай жүре бергенде алдынан аю кездесті . Ол да аш екен бауырсақты жемекші.Аюдың да бізге қояр шарты бар екен. Аюдың шартын орындасақ бауырсақты жібереді екен . Не істейміз , көмектесеміз бе ? -Иә , көмектесеміз ! Аюдың тапсырмасы : -Балалар аю сан білмейді екен .Маған санды , санауды үйретіңдерші дейді . -Үйретеміз бе ? -Иә, үйретеміз ! а) Дидактикалық ойын « Кім жылдам?» Сандарды тура және кері санау . 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 . 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1, 0 . -Аю нені жақсы көреді екен ? -Балықты . -Дұрыс айтасыңдар , балалар аю балықты жақсы көреді екен, судан балық аулау үшін есептерді шығара алмай отыр , ендеше аюға көмектесіп жіберейік. ә) Логикалық ойын : «Балық аулау» Шарты : 1-7 санның құрамына байланысты есептер шығару. 1+2 , 3-1, 5-2 , 4+1, 4+3 . Аюдың тапсырмасын өте жақсы орындадық .Аю бауырсаққа тиіспеді.Алдынан қасқыр шығады . Ол да бауырсақты жемекші .Балалар қасқырдың бізге қояр шарты бар екен , бірге орындап жіберейік . Балалар біз шаршадық қасқырдың тапсырмасын орындамас бұрын серігіп алайық . Сергіту сәті : (Слайд) Аяқпенен топ-топ-топ , Алақанмен хлоп,хлоп,хлоп . Бір оңға ,бір солға , Айналайық кел мында .
Қолымызды бір сермеп , Мойнымызды бұрамыз . Бір оңға ,бір солға , Ойнайықшы кел мұнда . Қасқырдың тапсырмасы : Дидактикалық ойын : « Пішіндерді толтыру» Шарты : Түрлі түсті асықтар мен қақпақтарды пішіндерге толтыру . -Жақсы балалар , біз қасқырдың да тапсырмасын орындап тастадық.Бауырсақ әрмен қарай жүріп келе жатып түлкіге кезігіп қалыпты.Ендеше түлкінің тапсырмасын орындап бауырсақты түлкіден құтқарып алайық . Түлкінің тапсырмасы: Үлкен , кіші таңбасын қою. Шарты : Жемістерді санап үстіне асықтарды қою арқылы санамақ таяқшаларымен үлкен , кіші таңбасын қою . -Балалар біз түлкінің тапсырмасын орындасақ та қу түлкі қулығын асырып бауырсақты жібермей тұр. Мен 7 саны туралы көп білгім кеп тұр дейді.Олай болса 7 саны қандай сан екенін, бұл санның қасиетін келген қонақтарға да айта кетейік. -7 саны бұрынғы замманнан бері құпияға толы қасиетті сан. ( Слайд) -Жеті ата , Жеті қазына , Жеті апта , тіпті Кемпірқосақ та неліктен деп ойлайсыңдар , себебі Кемпірқосақта жеті түс бар екен қане бәріміз атап айтайықшы.
-Міне балалар қу түлкі де 7 саны туралы көп білгенсоң бауырсаққа тиіспеді. Ал бауырсақ болса келген ізімен кері домалап орманды аралап ата – әжесімен аман есен қауышады . -Балалар тапсырмаларды орындау барысында қай санды көбірек естідік? - 7 санын 7 саны сандық қатарда 6 дан кейін тұрады . 7 саны 7 бірліктен тұрады . 1+1+1+1+1+1+1 Сандар туралы санамақ айтқызу . Қорытындылау : --Кемпірқосақта неше түс бар? -Бір аптада неше күн бар ? -Мысықта неше аяқ бар ? -Бір қолымызда неше саусақ бар ? -Аю үлкен бе қоян үлкен бе ? Балалар біз сандарды көп білетіндігіміздің , мейірімділігіміздің арқасында бауырсақты да құтқардық.Бауырсаққа ақылды бол дейміз.Назарларыңызға рахмет!
Күтілетін нәтиже : Білуі : Тура және кері санауды,пішіндерді ажырата білуді,сұраққа толық және нақты жауап бере біледі . Жеті санының қасиетін ұғынып ,тереңірек меңгереді .Есептер шығарып , үлкен кіші таңбасын орналастыра алады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген