400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

7 саны мен цифры

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: математика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Сандар және цифрлар Мұғалімнің аты-жөні: Г.З.Аманкулова
Мектеп: К.Мендалиев атындағы ОЖББМ
Күні: Қатысқандар саны:
Сынып: 1 «а» Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

7 саны және цифры

Осы сабақта қол жеткізілетін
оқу мақсаттары (оқу
бағдарламасына сілтеме)

1.5.2.3 сандарды қосуды, алуды, салыстыруды (артық/кем), көрші сандарды, сандық аралықтарды, сандар тізбегін көрсету үшін сандық түзуді қолдану

Сабақ мақсаттары

Барлығы: 7-ге дейін санай алады. Натурал сандар қатарын анықтайды.

Көбі; бір таңбалы сандарды сандық сәуледе әртүрлі тәсілдермен түсіндіреді және сандық сәуледе белгілейді, 7- санын көрсетіп жаза алады.

Кейбірі: 7-санының құрамын айтып, өрнек құрастыра алады, мәнін таба алады.

Бағалау критерийлері

1. 7 санының жазылуын, аталуын айтады.

2.Сурет бойынша мысалдар құрастырады.

3.7 санының құрамын анықтайды.

Тілдік мақсаттар

1.Натурал сандар жайлы түсінік.

2.Қосудың компонентері (қосылғыш, қосындының мәні) жайлы түсініктерін дамыту.


Құндылықтарды дарыту

Қарым-қатынас жасау қабілеті ,жауапкершілік

Пәнаралық байланыстар

Музыка ,дене шынықтыру, сауат ашу

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Бастапқы білім

Оқушылар 1-ден 6-ға дейінгі сандарды біледі, сандардың құрамын айта алады..

Сабақтың
жоспарланған
кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру


Оқушылармен сәлемдесу, олардың назарын сабаққа аудару.

Жеті бірдей өрнекпіз

Жеті түрлі өлеңбіз

Жеті түрлі бояумыз

Жеті түрлі әуенбіз

Үлкендерді құрметтеп

Баршаға сәлем береміз.

«Сұрақтар қорабы» арқылы өткен тапсырмасын пысықтаймын.

-6 саны сандық сәуледе қай саннан кейін келеді?

-6санының көршілерін атаңдар?

-6 санының құрамын атаңыз?

7 саны — натурал сан және сандық сәуледе 6 санынан кейін тұрады. 7 санының құрамы: 1 мен 6, 2 мен 5, 3 пен 4. 7 саны күнделікті өмірде кездеседі: аптаның жеті күні, белгілі ретпен орналасқан кемпірқосақтың жеті түсі. Осы сабақта 7 санының натурал сандар қатарындағы орны туралы білімді қалыптастырамын, 7 санын басқа сандармен салыстыруды үйретемін, 7 санының құрамымен таныстырамын,тура және кері ретпен 10-ға дейін санатамын;

2-ден 5-ке дейін, 6-дан 3-ке дейін, 4-тен 9-ға дейін, 9-дан 5-ке дейін санау;














Суреттер

қорапшасы

Сабақтың ортасы

Қызықты тапсырма


«Ой шақыру»

Бүгінгі тақырыпты ашу мақсатында “Жаңғырық” ойыны: гонгіні бірнеше рет соғыңыз және оқушылардан сіз неше рет соқсаңыз, сонша рет қол соғуын сұраңыз; басқа нұсқасы: қарындашпен үстелді бірнеше рет тықылдатыңыз және оқушылардан сіз неше рет тықылдатсаңыз, содан бір соққыға азырақ соғуын сұраймын т.с.с.

Жұмбақ жасыру

Қызыл, сары, жасылды,

Көкте бір зат асылды (кемпірқосақ)

-Кемпірқосақты көргендерің бар ма?

Жарқылдаған соң жаңағыСуға бөкті бар алап

Көкте түрлі жолақты

Өрнек тұрды ғаламат. (кемпірқосақ) Кемпірқосақта неше түс бар? Оқушылар түс-тердің аттарын атап, кемпірқосақ түстерінің санын санап шығады.7 түс (1 — қызыл, 2 — қызыл сары, 3 — сары, 4 — жасыл, 5 — көгілдір, 6 — көк, 7 — күлгін).



Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

Біртаңбалы сандарды таниды және атайды

-кемпірқосақта жеті түрлі түсті ажыратады.

-жеті санымен танысады.

 Жеке жұмыс ұйымдастырамын. Кемпірқосақтың қиылған жолақтарын таратып, оларды қажетті ретімен орналастыруды сұраймын.“Кім кемпірқосақты тез әрі дұрыс жинап бітіреді?” жарысын өткіземін.

Өзін-өзі смайликтер арқылы бағалау.

«Жалғастырып сана» ойыны бойынша

7-санымен танысып болғаннан кейін әр топтан оқушылар шығып тақтаға сызылған сандық сәуледен

7-санының орнын анықтайды.

Тура және кері санайды, оқиды.

Дәптермен жұмыс

7 санының элементтерін көрсету, ауада көрсету. Үлгі бойынша даптерге жазу.

Жұптық жұмыс «Кім тапқыр» әдісі арқылы сандарды салыстырады, құрамын анықтайды.

«˃» табады

«˂» табады

«=» табады


Оқушыларды көңілді смайликтермен бағалау


Оқулықпен жұмыс Топпен жұмыс «Ойлан тап» әдісі

Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін білу үшін сұрақтар қойып, жауаптарын тыңдаңыз:

— 7 саны сандық сәуледе қай жерде орналасқан?

 — 7 санын қалай алуға болады?

Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

Біртаңбалы сандарды таниды және атайды

1.Сандарды оқиды.

2.-сурет бойынша мысалдар құрастырады, құрамын анықтайды.

-1-ге 6-ны қосады.6-ға 1-ді қосады

-5-ке 2-ні қосады. 2-ге 5-ті қосады.

-3-ке 4-ті қосады. 4-ке 3-ті қосады.

— 7 санына байланысты қандай мақалдар біле-сіңдер?


Оқушыларды көңілді смайликтермен бағалау

Сергіту сәті

Жеті күн бар білгенге

Жеті зат бар сөмкеде

Қарындаш, пенал, оқулық

Өшіргіш берер тазалық

Қаламсап керек жазуға

Дәптер менен әліппе

Үйретер бізді әріпке

Бәрін қайта атап шық

Саусақ бүгіп, санап шық.

(қарындаш, пенал, оқулық, өшіргіш, қаламсап, дәптер, әліппе.)

Топпен жұмыс «Орындап көр» әдісі ойыны арқылы

сұрақ-жауап алып, сабақты қорытындылау.

1.Музыкалық ноталарды ата?

2.Олардың саны қанша?












Суреттер













Смайликтер



Қима қағаздар



















Оқулық,

Дәптерлер


























































видеоролик


Сабақтың соңы

Оқушыларға стикерлер таратып кері байланыс жасауын сұраймын.

Кемпірқосақ суретіне - бүгінгі сабақта не білді? Не қызықты болды? Стикерлерге жазып іледі.


Саралау – оқушыларға қалай
көбірек қолдау көрсетуді
жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет
қоюды жоспарлап отырсыз?

Қабілетті оқушыларға 7 санының құрамына  байланысты бос торкөздерге сурет бойынша өрнектер құрастыруды тапсырамын.

Денсаулық және қауіпсіздік
техникасының сақталуы

















































Сабақ бойынша
рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу
мақсаттары дұрыс
қойылған ба?
Оқушылардың барлығы
ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс
жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық
кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан
қандай ауытқулар
болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз
сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап
беріңіз.

Топтық,жұптық жұмыс барысында сұрақтарға жауап беру.Смайлик,жұлдызшалар арқылы бағалаймын.

Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары
туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 қыркүйек
550
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі