Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

7 саны мен цифры

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Маңғыстау облысы

Ақтау қаласы

27 Өмірзақ орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Кошанова А.К.

Қысқа мерзімді жоспар

Мектеп: №27 Өмірзақ орта мектебі

Сабақ тақырыбы: 7 саны мен цифры


Күні:21.09.2018ж.

Мұғалімнің есімі: Кошанова Акслу Кадыевна


Сынып: 1 «А»

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны


Бөлім

1.1.Сандар және цифрлар

Бөлімше

1.1 Натурал сандар жəне 0 саны.

Сабаққа негізделген оқу мақсаты


1.1.1.1 натурал сандар жəне нөл санының құрылу жолын түсіну; 10/11-20 көлемінде тура жəне кері санау; натурал сандар қатарындағы орнын анықтау

1.1.1.2. Бір таңбалы сандарды/ 11-ден 20-ға дейінгі сандарды оқу,жазу жəне

салыстыру

1.1.1.3. Бір таңбалы сандардың құрамын анықтау


Ортақ тақырып

«Өзім туралы»,

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Натурал сандар жəне нөл санының құрылу жолын

түсінеді; 10/11-20 көлемінде тура жəне кері санау; натурал сандар қатарындағы

орнын анықтайды.Бір таңбалы сандарды/ 11-ден 20-ға дейінгі сандарды оқиды,

жазады жəне салыстырады.

Оқушылардың басым бөлігі: 1-7-ге дейінгі сандардың құрамын анықтайды

Кейбір оқушылар: 7 санымен қосу және азайту амалдарын орындайды.


Бағалау критерийлері:

(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)

-7 санының құрылу жолын түсінеді.

-7 санымен байланысты қосу мен азайтуды орындайды


Тілдік мақсаттар

Тілдік дағдылар: Сандарды оқу, жазу және салыстыру барысында «сан», «цифр», «теңдік», «қосу», «азайту» сияқты математикалық терминологияны; амалдардың атауын, «=», «>», «<» белгілерін, қарапайым математикалық өрнектерді қолдану; өз ойын және ұсынылатын амал әдістерін айту

Терминология:

7-санының алдында, 7санынан кейін

Сөз тіркестері: Жеті ата, жеті күн, жетіқарақшы, жеті қазына, жеті шелпек


Құндылықтарды дарыту

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік:

жеті ата, жеті қазына, жеті күн, жеті шелпек ұғымдары арқылы ұлттық құндылықтарды дарыту

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, сауат ашу, көркем еңбек

АКТ қолдану дағдылары

Ресурстар


Интертақта, бағдаршам, доп, кемпірқосақ суреті

Алдыңғы оқу/

Бастапқы білім

6-ға дейінгі сандардың құрамы, олармен амалдар орындау, басқа сандармен салыстыру

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

Ынтымақтастық атмосферасын құру

Айтылым.« Санамақ» айту» код:1.1.1.2.

Бір дегенім-білім

Білім жарық күнің

Екі дегенім-елім

Тауым, көлім, белім.

Үш дегенім-үміт

Үміт артар жігіт

---------------------

«Кім жылдам?» Мұғалім допты лақтырып бір санды

айтады, білім алушы сол санның құрамын айтады.


Ортасы








































Тыңдалым. Айтылым. «Ой-қозғау» Жұмбақ жасыру.

Қызыл, сары, жасылды,

Көкте бір зат асылды (кемпіпқосақ)

Ашық сұрақтар қою.

-Кемпірқосақты көргендерің бар ма?

-Кемпірқосақтың түстерін атайық

-Кемпірқосақта қанша түс бар, санап көрейікші.

-Олай болса, бүгін біз 7 санымен танысамыз/.

-7 саны неге ұқсайды екен?/шалғы/ 7 санын көрсетемін

-7 саны орысша қалай аталады? /семь/

-7 саны ағылшынша қалай аталады? /seben/


1-тапсырма:Тыңдалым. Айтылым. Оқулықпен жұмыс. Код: 1.1.1.1.

Ашық сұрақтар қою

7 –санымен таныстыру.

-Сандық сәуледе 7 саны қай саннан кейін тұр?

-7-нің алдындағы сандар 7-ден артық па,кем бе?

-7-ден кейінгі сандар ше?

Дескриптор: 7 санымен танысады. Сандық сәуледен 7 санының

орнын табады. 7-нің алдындағы сандар 7-ден кем болатынын,

7-ден кейін тұрған сандар артық болатынын түсінеді.


2-тапсырма.Айтылым: Жазылым: код 1.1.1.1. 1.1.1.2.

«Сандарды салыстыр» Ұжымдық жұмыс.

-Сандарды салыстыру үшін бояу жағылып кеткен жерге

қандай таңбалар қоямыз?

7*1 7*5 4*7 7*7 6*7 7*2 3*1 6*4

Қ.б. «Жарайсың», «Өте жақсы», «Тамаша»

Дескриптор:

Сандық сәуледегі 7 санының орнын

анықтау арқылы 7 санын басқа сандармен салыстырады.


Тыңдалым. Сергіту: «Сандар достығы» ойыны арқылы сергіту және сол бойынша топ құру

-1 деп айтқанда бір-бірден жүреміз

-2 дегенде екі-екіден тұрамыз

-3 дегенде 3-еуден тұрамыз

-----------------------------------------

-7 дегенде 7-еу болып тұрамыз

Балалар 7-еуден топ құрады.

Дескриптор: Балалар 7 санының құрылымын меңгереді.


3-тапсырма. Жазылым. Айтылым. Топтық жұмыс. Код: 1.1.1.3.


1-топ: «Көршісін тап»7 санының құрамын жазу

2-топ: «Суретті мысал»Суреттер бойынша мысалдар құрастыру

3-топ: 7 – киелі сан


Қ.б.

Дескриптор: 1. 7 санының құрамын жазады.

2. 7 санының құрамын пайдалана отырып,

мысалдар құрастырады.

3. 7 санына байланысты білетін ұғымдарын

айтады.


Аяқталуы


Кері байланыс

Ең төменгі күлгін түстен ең жоғары орналасқан қызыл түске өз есімдері жазылған стикерді жабыстыру арқылы өздерінің сабақты қаншалықты түсінгендерін немесе көңіл-күйлерінің деңгейін білдіреді.


Қосымша ақпарат


Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?

Оқушылар бірлескен топтарда жұмыс істейді және бірін-бірі

қолдайды. Егер қажет болса, қосымша көмек көрсетіледі.

Қабілеті жоғары оқушыларға арнайы тапсырмалар беріледі.


Бағалау - Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз?

Қалыптастырушы бағалауды іске асыруда ашық сұрақтар

қою арқылы балалардың білімдерін бағалаймын.

«Бағдаршам» әдісі арқылы 7 санының құрамын қалай

меңгергендерін бағалаймын


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Топтық жұмыс барысында суреттер бойынша мысалдар

құрастырғанда азайтуға мысал құрастырудан балалар

қателесті. Сондықтан қосу мен азайтудың кері амалдар

екеніне жете мән беріп қосымша тапсырмалар

арқылы түсіндіремін



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
11.11.2018
656
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12