7 санын қосу және азайту

Тақырып бойынша 11 материал табылды

7 санын қосу және азайту

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал бастауыш сынып мұғалімдеріне қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі: Джумабекова М


Пәннің аты: Математика

Уақыты: 25.02.2018

Кабинет:112

Мұғалім:Таласова А

Сабақтың атауы

7 санын қосу және азайту

Мақсаты



1. Оқушыларға қосу және азайтуды тиімді әдістерін пайдалана отырып, есептер шығара білуге үйрету.
2. Оқушылардың логикалық қабілеттерін, есте сақтау, есептей білу дағдыларын дамыту.
3. Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, тапқырлыққа
тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

Қосу және азайтудың тиімді әдістерін пайдалана отырып есептер шығара білуге үйренеді.Есте сақтау логикалық қабілеттері дамиды.Ұқыптылыққа,шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиеленеді

Көрнекіліктер

Комьпютер, интерактивті тақта

Әдісі

Түсіндіру,сұрақ-жауап және көрсету,



Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

+Психологиялық ахуал

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

- Балалар бүгін біздің сабағымызда көптеген қонақтар келіп отыр. Сол кісілермен амандасып қояйық.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

- Санды немен белгілейміз ? (цифрмен)
- Цифрды біз не істейміз? (көреміз, жазамыз)
- Кесіндіні немен өлшейміз? (см)
-Жұп сандарды ата?
- Тақ сандарды ата?
- Қосудың компоненттерін ата?
- Азайтудың компоненттерін ата?
- Қосудың ауыстырымдылық қасиеті жайлы не білесің?

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

-Маратта бар 5 іні,Мұратта бар 5 іні қоссақ 5 пен 2 –ні неше болды шешуі?7

-Олай, болса бүгінгі жаңа сабағымыз «7 санын қосу,азайту»

-Балалар сендер қазір неше жастасыңдар?7

7 артына 0 санын қойсақ қандай сан шығады?Ұлы Жеңіске 70 жыл.

Өткен сабақтарда алған білімдерімізді пысықтаймыз.

Ертезамандардан бері Жер бетін мекендеп келе жатқан халықтардың көпшілігі жеті санында сиқырлы күш бар деп санаған. Оны кие тұтып, қастерлеген небір ұлттар да болды. Соның бірі – қазақ халқы. Біздің ата-бабаларымыз да жеті санын қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелерін жеті санымен атап, ата заңдарына, салт-дәстүріне арқау етіп келген.

Онда «Сиқырлы сандыққа» назар аударайық.

Әже туралы айту. 1-сандық

Қазақ халқында және де басқа мұсылман халықтарында жұма күні ”Қасиетті күн” болып есептелінеді. Бұл күні әр отбасындағы әжелер, аналарымыз “жеті шелпек” пісіріп таратады. Шелпек алған адам “ қабыл болсын!”деп тілегін айтады. Шелпек таратқан адам “Әумин!” деп тілегін қабыл алады. Жұма күні қайтыс болған туыстарына арнап құран бағыштайды

7+1=8 7+2=9 7+3=10

1+7=8 2+7=9 3+7=10

6-слайд

7-1=6 7-2=5 7-3=4 7-4=3

7-5=2 7-6=1 7-7=0 7-0=7

2- сандық

  1. Жеті атаБұл – қазақ халқының дәстүрлі салт-санасында адамның ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі. Әрбір қазақ баласы өзінен бастап жеті атасының аты-жөнін білуге міндетті.. Олайболсажетіата: 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Арғыата. 5. Баба. 6. Түпата. 7. Тек ата.

Кесінділерді өлшеп, қосындыларын және айырмаларын табамыз.
- Балалар көк кесіндіні өлшейміз 9 см. Қызыл кесінді 7 см. Екеуінің айырмасы неше. 9 - 7=2 - ге. Қызыл кесінді 2 см кем.
- Енді балалар жасыл кесінді мен қызыл кесінділердің ұзындықтарының қосындысымен салыстырамыз. Ал қызыл кесінді 7 см жасыл кесінді 3 см. Екеуінің қосындысы 10 - ға тең. Олай болатын болса жазамыз.
9см - 7см=2см
7см+3см=10см
2см< 10cм
3- сандықҮлкен қасық-10 ↓? артық

Кіші қасық-7

4-сандық. Жеті қазына. Ол жөнінде пікір талас көп. Алайда қазақтар ертеде жеті қазынаға мыналарды жатқызған: 1. Ер жігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Ілім-білім. 4. Жүйрік ат. 5. Құмай тазы. 6. Қыранбүркіт. 7. Беренмылтық.

9-3 9-4

5-сандық

Салыстыру

10-6 <3+5 8-7 < 4+4 4+5 > 7-7

1+7 > 9-2 2+7 > 6-1 8-3 < 7+0

6- сандық.

Аптаның жеті күні. Олар: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

Шығармашылық тапсырма

7- сандық.

Кемпірқосақ аспанның бір жағында жаңбыр жауып, бір жағында жарқырап күн шығып тұрған кезде көрінеді. Негізі қызыл, сары, жасыл және көгілдір түстен тұрады. Кемпірқосақ жаңбыр тамшыларына байланысты өзгереді. Мысалы, тамшы үлкен болса, кемпірқосақ анық және үлкен болып көрінеді. 

«Кел,ойнайық» ойыны(Ғарышкерлер туралы түсініктер беру 12 сәуір)

2+5 10-7 7+1 2+7

9-4 6-1 6+2


Сергіту сәті

Кел балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек?

Көңілді болып жүрейік.

Кел балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік!

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

Қорытынды:-Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Қыс

-Қазір қандай ай? Ақпан.

-Санаулы күннен кейін қай мезгіл келеді?Көктем.Қандай ай? Наурыз

-Олай болса,бүгін откен7 санына 1 дің қосындысы 8 болады.

8 наурыз кандай мереке?т.б. 22 наурыз

Көктем мезгілі қай заманда да жаңалық пен тазалықтың жаршысы.

Әдетте, тазалық айында қала көшелері қыстағы күл-қоқыстан тазарып қана қоймай, жас терек­термен де толықтырылып жүр.

Олай болса бүгінгі сабағымыздың соңында ағаш отырғызуғ өз үлесімізді қосайық.

10 ағашты үш қатарға төрт-төрттен отырғызуға бола ма?

Не үйрендік?

Не білдік?

7 саны тақ сан,1 таңбалы сан,7 бірліктен тұрады.

Үйге тапсырма

Есептерді салыстыру

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Picture 1

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.10.2018
580
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі