400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

7 санына көбейту және бөлу кестесі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдері үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сабақтың тақырыбы: 7 санына көбейту және бөлу кестесі.

Пәні: математика.

Мектеп: Талғар ауданы Ақтас ауылы №36 жалпы білім беретін орта мектеп Мұғалімнің аты-жөні: Кемелбекова Роза Мелисбековна



Қатысқан оқушылар: 26

Қатыспаған оқушылар саны:


Оқу мақсаты:

3.1.2.4. 7 сандарына көбейту және бөлу кестесін құру, білу және қолдану.



Сабақ мақсаты:


Барлық оқушылар:

7 санына көбейту мен бөлу кестесін құра біледі және қолдана алады

Бірқатар оқушылар:

Көбейту мен бөлу амалдарына өрнектер құрастыра алады.

Кейбір оқушылар:

Көбейту,бөлу амалдарын қолдану арқылы есептер шығарады.




Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану, талдау,жинақтау


Бағалау критерилері

1. 7 санына негізделген көбейту және бөлу кестесін құра алады .

2.Санды өрнектердің мәнін тауып, салыстыра алады, есептер шығарады.


Тілдік мақсат

Өрнектерді оқу мен жазу барысында көбейту мен бөлу компоненттерін атау.


Құндылықтар

Өзара түсіністік, сыйластық және ынтымақтастық құндылықтарын

сіңіру


Пәнаралық байланыс

дүниетану


АКТ

Интербелсенді тақта, бейнекөрсетілім


Сабақтың жоспары

Интербелсенді тақта, бейнекөрсетілім, қима қағаздар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар


Сабақтың жоспарланған кезеңдері










Білу және түсіну

кезеңі:




Әдістер: пәнаралық байланыс, белсенді оқу,СТО














Саралау:

диалог және қолдау көрсету










Дағды:

айтылым, жазылым














Психологиялық ахуал:

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын орнату.Зейіндерін сабаққа аудару.

Топқа бөлу


Критерий: 1. 7 санына негізделген көбейту және бөлу кестесін құра алады.

Тапсырма: 7-ге көбейту және бөлу кестесін құрастырып,4 бағанға жаз.

7-ні көбейту,бөлуге байланысты тапсырмаларды орындауда оқушылар ламинатталған параққа кестені сызады және апталардағы күндерді санап,кестені толтырады.



Апта

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Күн

7

14

21

28

35

42

49

56

63


Кестені толтыру барысында апта күндері мен ай аттарын ретімен атау арқылы дүниетану пәнімен пәнаралық байланыс әдісі жүзеге асады. Есептеулердің қалай орындалғанын түсіндіруде оқушылардың өздеріне мүмкіндік беріледі.Осы кезеңде олар не көріп тұрғанын,оның қалай орындалып тұрғанын сын тұрғысынан ойлана отырып мәнін ұғынады. Сонымен бірге осы тапсырмада оқушылардың өз тәжірибесі негізінде үйрену іске асқандықтан белсенді оқу әдісі қолданылады.

Тапсырманы орындауда дұрыс жауаптарға қол жеткізу үшін ,оқушыларға қолдау көрсетіп отыру мақсатында саралаудың диалог және қолдау көрсету әдісі қолданылады.

Оқушыларды ойландыра отырып бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтар қойылады.

- Кестені толтыру барысында не байқадыңдар?

- Әрбір сан алдыңғы саннан нешеге артық?

Әр мысал сайын қосылғыштардың саны артып отырғанын,яғни қосындыға 7-ге тең қосылғыш қосылатынын түсінуге көмектесемін.

.Осы әдістер арқылы оқушылар жаңа материалмен танысып,түсінуге қадам жасайды.


Бұл тапсырманы орындау барысында түсіндіру арқылы-айтылым, тапсырманы жазу арқылы-жазылым дағдылары жүзеге асады.


Қалыптастырушы бағалау үшін тапсырмаларға сәйкес дескриптор құрылды. Оқушыларды ынталандыру мақсатында жұлдызшалар тарату арқылы мадақтап отырамын.


Дескриптор:

1. Апта күндеріне сай кесте құра алады.

2. 7 санына негізделген көбейту және бөлу кестесін құра алды.


Қалыптастырушы бағалау:


Интербелсенді тақта















Ламинаттал

ған парақтар, маркерлер





































жұлдызшалар



Қолдану кезеңі:










Әдістер: оқушылардың танымдық қажеттіліктерін қағаттандыру, оқу әңгімелері


Саралау: қарқын














Дағды:

оқылым, тыңдалым,жазылым



Талдау кезеңі:













Әдістер:

СТО, бірлескен оқу ,жіктеу





Саралау:

жіктеу тәсілі


Дағды:

айтылым,оқылым ,жазылым

Критерий: Санды өрнектердің мәнін тауып, салыстыра алады, есептер шығарады.

Тапсырма:

Санды өрнектердің мәнін тап және салыстыр.

Есептеуге және салыстыруға арналған өрнек тапсырмасы беріледі.

3*7 = 7*3 ; 3*7+24 < 7*3+73; 7*(3+6) > 7*3+6

7*7 < 8*7 ; 7 *7+20 <7*8+20; (7+2)*3 > 7+2*3

Бұл тапсырманы орындаудағы мақсат- оқушының өзі тиімді деп таңдаған тәсілі негізінде есептеуді жүргізуі.Материалды ұғыну үдерісіне бет алу және өзінің сенімділігін арттыру үшін, барынша тиімді оқу жолдарын өздері түсінуіне көмектесу үшін оқушылардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыру әдісі және тапсырманы жұптаса отырып орындау кезінде өз жұмысын жақсартуына мүмкіндік беріледі.Сондықтан оқу әңгімелері әдісі жүзеге асады.


Саралаудың қарқын тәсілін қосымша тапсырмаларды көп күш жұмсауды талап ететін оқушылар үшін қолданамын.Сондықтан оқушылардың қабілеттеріне қарай саралау тапсырмалары беріледі.


1.Көмекті қажет ететін оқушыларға: Бір таңбалы сандарды көбейту,бөлуге берілген тапсырмаларды орындайды

4*7=28 5*7=35 6*7=42

2.Көмекті орташа қажет ететін оқушыларға:

100 көлеміндегі сандармен берілген өрнектерді орындайды.

(60+40)*4=400 ; (7+3)*70=700

3.Көмекті қажет етпейтін оқушыларға:

1000 көлеміндегі сандармен жақша арқылы берілген өрнектерді орындайды.

(200+ 800)*3= 3000; ( 500+500)*6= 6000

Санды өрнектер тапсырмасын оқу арқылы -оқылым, түсіндіру арқылы- тыңдалым, жазу арқылы - жазылым дағдылары жүзеге асады.


Сергіту сәті (көңілді музыка ырғағымен билету.)


Тапсырыма: Мәтіндік есептерді топтасып орындауға тапсырма беремін.

5 дәптер үшін 35 теңге төленді.Осындай 8 дәптер қанша тұрады?

Шарты: Дәптер саны-5

Бағасы -?

Құны - 35 теңге

Шешуі: 35: 5=7

Жауабы: бір дәптердің бағасы 7 теңге


Шарты: Дәптер саны-8

Бағасы - 7 теңге

Құны- ?

Шешуі: 8*7=56

Жауабы: барлығы 8 дәптер 56 теңге

Бұл тапсырмаларды орындауда құрылымдалған топтық жұмыс іске асады.Оқушылар мәтіндік есептерді шығару үшін ойлау дағдыларын жетілдіреді,бір-бірімен пікір алмаса отырып,тапсырманы орындайды.Осылайша бірлескен оқу әдісі және сын тұрғысынан ойлау әдісі жүзеге асады.


Оқушылар топта ұйымшылдықпен тапсырманы орындай отырып, келесі топтың жұмысын көріп талқылайды, кемшіл тұстарын анықтайды. Осылайша саралаудың жіктеу тәсілі іске асырылады


Тапсырманы түсіндіріп айту арқылы-айтылым, тапсырманы оқу арқылы- оқылым, тапсырманы жазу арқылы- жазылым дағдылары жүзеге асырылады.







оқулық, топтамалар

































бейнекөрініс



оқулық














Ламинаттал

ған парақтар,маркерлер


Жинақтау кезеңі:


Әдістер:СТО бірлескен оқу әдісі,










Саралау: қорытынды тәсілі.


Дағды:

оқылым

жазылым









Тапсырма: "Бірге ойлаймыз" стратегиясы.

Бүгінгі сабақты қорытындылау мақсатында текшелерде берілген көбейтулердің мәніне сәйкес келетін сандарды сандықшадан табуға тапсырма беремін.

7*7

8*7

7*9

6*7

4*7

7*2

5*7

6*7

7*0

1*7


Тапсырмаларды орындау барысында оқушылар өз қажеттіліктерін қанағаттандырып,сыни тұрғыдан ойлану арқылы сыни ойлау, бірлесіп топпен жасай отырып бірлескен оқу әдісі жүзеге асады.Себебі, мен бұл тапсырмаларды орындату барысында "Бірге ойлаймыз" стратегиясын пайдаланамын.


Барлық оқушыларға бірдей тапсырма бере отырып,бүгінгі тақырыпты олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін, түсінгендеріне көз жеткізу мақсатында саралау әдісінің қорытынды тәсілін қолданамын.

Тапсырманы орындау барсында оқушылар өрнекті түсініп оқи отырып - оқылым дағдысы, өрнектің мәнін тауып жазу арқылы жазылым дағдысы жүзеге асады.

Қалыптастырушы бағалау үшін тапсырмаларға сәйкес дескриптор құрылады.

Дескриптор:

1. Өрнектердің мәнін таба білді, салыстыра алды.

2. Есептерді талдай отырып шығара алды.


.





























Кері байланыс:

Кері байланыс жүзеге асады.Оқушылар баспалдақтардағы жазуларға сәйкес өздерінің сабақты қалай түсінгендіктерін көрсетеді.





Саралау- Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?




Бағалау- оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?


Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы байланыс





Білу және түсіну кезеңінде тапсырманы орындауда дұрыс жауаптарға қол жеткізу үшін ,оқушыларға қолдау көрсетіп отыру мақсатында саралаудан диалог және қолдау көрсету тәсілін қолдандым.

Қолдану кезеңінде саралаудан қарқын тәсілін қосымша тапсырмаларды көп күш жұмсауды талап ететін оқушылар үшін қолдандым.

Талдау кезеңінде оқушылар келесі топтың жұмысын көріп,талқылап,кемшіл тұстарын анықтау үшін саралаудың жіктеу тәсілін қолдандым.

Жинақтау кезеңінде барлық оқушыларға бірдей тапсырма бере отырып, олардың түсінгендеріне көз жеткізу мақсатында саралау әдісінің қорытынды тәсілін қолдандым Бұл тәсілдерді қолдану барысында оқушылардың тапсырмаларды орындауда нәтижеге қол жеткізуіне болатынын білдім.




Қалыптастырушы бағалау кезеңінде нәтижеге қол жеткізу үшін тапсырмаларға дескриптор құрдым.Тапсырмаға байланысты құрылған дескрипторларға сүйене отырып әр кезеңде оқушыларды ынталандырып отыру үшін қалыптастырушы бағалауда "түрлі-түсті стикерлер"," бас бармақ"әдістерін қолдандым.



Сабақта денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау шараларымен таныстыру.Партада дұрыс отыруын қадағалау.Денсаулыққа пайдалы сергіту сәтін жасау

Сабақтың оқу мақсаттары және сабақ мақсаттары дұрыс қойылған.

Оқушылардың барлығы оқу мақсаттарына қол жеткізді.


Оқушылар сабаққа белсене қатысып, өз білімдерін қабілеттеріне қарай көрсете алды.


Сабақ барысында саралау әдістері дұрыс жүргізілді.


Сабақ жоспарында уақыттық кезеңдері сақталып, жоспарға сай өткізілді


Сабақтың мақсаттарын дұрыс қолдана отырып, тиімді оқытудың әдістері мен саралау тәсілдерін пайдаланып, мақсатқа жеттім.



Рефлексия

Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы оқу мақсатына қол жеткізді ме?

Сабақта саралау әдістері дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?



.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды?

Оқытуда:

1. Сабақта қолданылған әдістер мен тәсілдер тиімді болды.

2. Тапсырмалар оқушылардың қабілетіне қарай берілуі тиімді болды.

Оқуда:

1.Берілген тапсырмаларды белсенділікпен орындады

2.Жұмыс істеу барысында сын тұрғысынан ойлау жүзеге асты.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады?

Оқытуда:

1.Уақытты тиімді пайдалану.

2.Таңдалған әдіске сәйкес стратегияларды қолдану

Оқуда:

1.Оқушылардың топ ережесі бойынша жұмыс істеуі (тыңдау, уақытында орындау, т.б)

2.Өз бетінше жұмысты жетілдіру

Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?

Оқытуда:

1.математикалық тілде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру әдістерін түрлендіру

2.Топпен жұмыс кезінде бір-бірін тыңдауға,сыйлауға үйрету

Оқуда:

1.Топтық тапсырмалардағы жұмыстың нәтижесіне қарай әрекет ету

2.Оқушылардың бір-бірін шынайы бағалауы.









































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 сәуір
710
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі