400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

7 сынып алгебра 19 сабақ Абсолютті жиілік және салыстырмалы жиілік. Жиілік кестесі

Материал туралы қысқаша түсінік
7.3.3.4 таңдаманы жиілік кестесі түрінде көрсету 7.3.3.5 кестедегі деректердің дұрыстығын тексеру;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:


Бөлім:

Статистика элементтері

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сынып: 7

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Абсолютті жиілік және салыстырмалы жиілік. Жиілік кестесі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

7.3.3.4 таңдаманы жиілік кестесі түрінде көрсету

7.3.3.5 кестедегі деректердің дұрыстығын тексеру;

Сабақтың мақсаты:

-нұсқалықтың абсолютті және салыстырмалы жиіліктерін есептеу;

-статистикалық деректерді жинау және оны кесте түрінде көрсету;

- таңдаманы жиілік кестесі түрінде көрсету;

- кестедегі деректердің дұрыстығын тексеру;

Құндылықтар:

Бірлік және ынтымақ

- Командада жұмыс істей білу ;

-Өзгелерге мейірімділік, жанашырлық таныта білу ;

- Айналасындағыларға көмек көрсету;

Әділдік және жауапкершілік

- Басқалар үшін маңызды тапсырмаларды орындаудың қажеттілігі мен маңыздылығын түсіну.

- Бастаған ісін соңына дейін жеткізе білу

Уақыты/

кезеңдері

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдас-

тыру кезеңі


5мин

Сәлемдесу;

Сыныптағы оқушылардың көңіл күйлерін сұрап, жағымды ахуал туындату;

Оқушыларды түгелдеу;

Сабақтың мақсатымен таныстыру

Мұғаліммен сәлемдесу;

Сыныпта жағымды ахуал туындату, бір-біріне жақсы тілектерін білдіру;

Сабақтың мақсатын мұғаліммен бірге ашу, сұрақтар туындаса мұғалімнің көмегіне жүгіну

Ауызша бағалауды қоданамын

«Өте жақсы»

«Жарайсың»

Тақта;

Оқулық;


Сабақтың

басы


10 минут

Жаңа сабақты түсіндіру

§29

Нұсқалықтың қанша рет бақыланғанын көрсететін сан нұсқалықтың абсолютті жиілігі деп аталады. Барлық абсолютті жиілік қосындысы таңдама көлеміне тең болады.

Нұсқалықтың абсолютті жиілігін таңдама көлеміне бөлгенде шығатын санды осы нұсқалықтың салыстырмалы жиілігі деп атайды. Барлық салыстырмалы жиілік қосындысы 1-ге тең. Кейде нұсқалықтың салыстырмалы жиілігі пайыз арқылы жазылады.

Мысал. Ауа температурасы (Цельсий бойынша) 10 күн бойы өлшенді және келесі мәліметтер алынды: 28; 29; 28; 25; 25; 28; 23; 23; 19; 22.

Абсолютті жиілікті пайдаланып, келесі кесте құрастырылды. Оны вариациялық қатардың абсолютті жиіліктер кестесі деп аталады:


Мақтау, мадақтау арқылы бағалау:

Жарайсың!

Өте жақсы!

Жақсы!

Керемет!

Тақта;

Слайд;

Оқулық

7-сынып, Алгебра, авторы АЕ Әбілқасымова..-Алматы,Мектеп 2017

Сабақтың

ортасы


25минут

1-тапсырма.

Ахмет Байтұрсыновтың «Анама Хат» өлеңінен үзінді.

Қарағым, дұғагөйім қамқор анам,

Арнап хат жазайын деп алдым қалам.

Сені онда, мені мұнда аман сақтап,

Көруге жазғай еді хақ тағалам.

Берілген өлең шумағынан дауысты дыбыстардың кездесуін статистикалық кесте түрінде көрсетіңіз

Әріп

Абсолют

Жиілік

Салыстырмалы жиілік

І

4

=

А



Ы




2-тапсырма. Сендер әр қайсы топ бір  бас киім тігу атьлесі болып табыласыңдар, олай болса жиіліктерді анықтап,бір бас киім тігу үшін орта есеппен қанша материал кететінін анықтағыларың келеме? Олай болса бір күнде мынадай өлшемде баскиім тігіледі: 35,54,55,56,54,59,54,54,56,56,5856,55,56,54,56,55,56,55,56

55,56,55,56,55,57,55,5654,55,55,56,54,55,56


Өлшем,х

Абсолют

жиілік

Салыстыр малы жиілік

Өлшемнің жиілікке көбейтіндісі

53

54

55

56

57

58

59

1

7

10

12

1

1

1

1/33

7/33

10/33

12/33

1/33

1/33

1/33

53

378

550

672

57

58

59

қосынды

33

33/231

1827


3-тапсырма. Мұғалім 7 «Ә» сынып. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:та оқитын 40 оқушыға математика сабағынан 9 есептен тұратын тест жұмысын өткізді және тексерген кезде әр оқушының неше есепті дұрыс орындағанын белгілеп отырды, сонда мынадай тізбек шыққан. Бұл кездейсоқ шамалар:

6, 5, 4, 0, 4, 5, 7, 9, 1, 6,

8, 2, 9, 5, 8, 6, 7, 2, 5, 7,

6, 3, 4, 4, 5, 6, 8, 6, 2, 7,

4, 3, 5, 9, 6, 7, 8, 6, 9, 8.

Бос орындарды толтырыңыз:

Дұрыс шығарылған есептер саны

0

1


3






9

Абсолютті жиілік

1





6



5


Салыстырмалы жиілік










Дескриптор: - Абсолют жиілікті анықтайды

-Салыстырмалы жиілікті жаза алады

-Арифметика лық ортасын таба алады

-Өлшемнің жиілік кестесін табады




Мәліметтерді кестеге толтырады.

- Абсолюттік, салыстырмалы жиілікті есептейді




ҚБ:«Бас бармақ» 

әдісі


Тақта;

Слайд;

Оқулық

7-сынып, Алгебра, авторы АЕ Әбілқасымова..-Алматы,Мектеп 2017

Жұппен жұмыс

а) Вариантаның абсолюттік жиілік кестесін құрыңыз

в)Вариантаның салыстырмалы жиілік кестесін құрыңыз

б) Ең жоғарғы темпратураны көрсетіңіз /3 балл/


7. Оқушының екі аптада сабақта жинаған баллдары келесідей болды.7,2,7,4,5,5,10,6,7,7.

а) Вариациялық қатар құрыңыз

б) Модасын көрсетіңіз

в) Медианасын табыңыз

г) Өзгеріс ауқымын табыңыз

д) Орта мәнін табыңыз

ҚБ: Жұпта өзара бағалау «+», « - », қызықты

Слайд

Тақта

Бор


Кітап

Дәптер



Сабақтың

соңы

5

минут

Қорытындылау.

Рефлексия.

Тіркесті толықтырыңыз:

«Бүгін мен сабақта ... білдім»

«Бүгін мен сабақта ... үйрендім»

«Бүгін мен сабақта ... таныстым»

«Бүгін мен сабақта ... қайталадым»

«Бүгін мен сабақта ... бекіттім»

Үй тапсырмасын беремін

Сабақты қорытындылау:

Өтілген мақсат бойынша сұрақтар қою арқылы сабақты қорытындылаймын.

1.Сабақтың мақсаты қандай болды?

2.Сабақтың мақсатына жету үшін нені білу керек?

3.Нені түсінбедіңдер?

Сабақ соңында оқушылардан рефлексия алу:

- тақырып бойынша не білемін?

- тағы не білгім келеді?

- не істей аламын?

Үйге тапсырма:№

Ынталандыру сөздерін қолдану «жақсы», «жарайсың», «өте жақсы»

1-10 баллдық жүйеде бағаланады.


Бағалау парақтары;

оқулық;







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
7 желтоқсан
381
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі